ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.25K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.44K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
🏭Қазақстанның ірі мұнай-газ химиясы жобасы — полиэтилен өндіретін зауыты құрылысының қазіргі жағдайы

Болашақ Силлено зауытының құрылыс алаңында екі негізгі қондырғы бойынша жұмыстар жалғасуда.

⚡️Пиролиз қондырғысындағы жұмыстардың жалпы орындалу көлемі 34% жетті. Құрылыс алаңында қада қағу және іргетас құю жұмыстары жүргізілуде: жоба бойынша көзделген 13 736 қаданың 11 297 қағылды, жоспарланған 7 944 текше метрдің орнына 9 638 текше метр іргетас құйылды.

🏗️Полимерлеу қондырғылары мен жалпызауыттық шаруашылық нысандар бойынша жұмыстардың орындалуы 6% құрайды. Биыл қазан айының соңында басталған жер қазу жұмыстары жалғасып жатыр: жоспар бойынша 73 342 текше метр топырақ шығару қарастырылса, бұл жұмыстың нақты 89 632 текше метрі орындалды. 2025 жылдың қараша айынан бері 471 қада қағылды.

✔️Құрылыс алаңына барлығы 812 адам және 177 техника бірлігі жұмылдырылды.

✔️Жұмыстар бекітілген кестеге сай, қауіпсіздік пен сапа талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізілуде.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥3❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏭Текущий статус строительства крупного нефтегазохимического завода по производству полиэтилена в Казахстане

На строительной площадке будущего завода Силлено продолжаются работы по двум ключевым установкам.

⚡️Общий прогресс работ по установке пиролиза достиг 34%. На площадке ведутся работы по погружению свай и устройству фундаментов: забито 11 297 свай из 13 736 проектных, выполнено устройство 9 638 кубометров фундаментов при плане 7 944.

🏗️Общий прогресс работ по установкам полимеризации и общезаводского хозяйства составляет 6%. На площадке продолжаются земляные работы, начавшиеся в конце октября текущего года: при плане выемки 73 342 кубометров грунта фактически выполнена выемка 89 632 кубометров, начиная с ноября 2025 года забита 471 свая.

✔️Всего на строительной площадке задействованы 812 человек и 177 единиц техники.

✔️Работы ведутся в соответствии с графиком, с особым вниманием к вопросам безопасности и качества.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🔥4❤1
ҚМГ зауыттарының мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлемі ең жоғары тарихи межеге жетті

🗣Шымкент қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов ҚМГ-ның негізгі мұнай өңдеу және мұнай-химия активтерінің өндірістік қызметіне қатысты жиналыс өткізді. 2025 жылдың алдын ала қорытындысы шығарылып, 2030 жылға дейінгі жоспарлар қаралды.

Жиын барысында Асхат Хасенов ҚМГ-ның мұнай өңдеу зауыттарының жоғары көрсеткіштерін атап өтті.

— Биылғы 11 айда зауыттарымыз ең жоғары межеге жетті — 16,6 млн тонна мұнай өңделді. МӨЗ ұжымдарының жұмыла жұмыс істеуінің арқасында өңдеу көлемін ұлғайтып қана қоймай, жеңіл мұнай өнімдерінің шығару деңгейін едәуір арттырдық. Нәтижесінде елімізді қажетті отын көлемімен қамтамасыз еттік, — деді ҚМГ басшысы.


📊2024 жылы өңдеу көлемі 17,45 млн тонна болса, 2025 жылы 18,16 млн тоннаны құрайды деп күтіледі. Негізгі жетістік – дизель отыны рекордтық деңгейде өндірілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6,1 млн тонна дизель отынын шығарылады деп жоспарлануда — бұл өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артық. Автомобиль бензині бойынша да оң динамика тіркелді, өсім 400 мың тоннаны құрады. Бұл ішкі нарықтағы тапшылықтың алдын алуға мүмкіндік берді.

↗️Жеңіл мұнай өнімдерінің барлық түрі бойынша едәуір өсім тіркелді, олардың көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 13,6 млн тоннаға дейін өседі (2024 жылмен салыстырғанда 1,2 млн тоннаға көп). Операциялық тиімділіктің артуына байланысты Қазақстандағы ҚМГ тобы бойынша жеңіл мұнай өнімдерін шығарудың жалпы көрсеткіші 2025 жылы 78%, ал мұнай өңдеу тереңдігі 90% деңгейінде күтіледі.

🟦Жиын барысында әр кәсіпорынның жұмыс нәтижелері қаралды. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС сапа көрсеткіштері бойынша көш бастап келеді: 2025 жылы өңдеу 6,23 млн тоннаны құрап, жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 81,5% жетеді. Зауыт өндірістік қуатты 12 млн тоннаға кеңейту жөніндегі стратегиялық жобаға қатысты жұмысын жалғастыруда, бұл еліміздегі энергетикалық қауіпсіздіктің негізгі факторына айналмақ.

🟦Өз кезегінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) 2025 жылдың қорытындысы бойынша 5,47 млн тоннаны өңдейді. Кәсіпорын жеңіл мұнай өнімдерін шығару көрсеткішін 77% деңгейіне жеткізуді көздеп отыр. АМӨЗ жоспарлы алдын алу жұмыстарын сәтті аяқтап, өндіріс процесіне цифрлық шешімдерді жан-жақты енгізіп келеді.

🟦«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) жоспарлы алдын алу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, нарықты қосымша отын көлемімен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта кәсіпорын пайдаланудың жөндеуаралық кезеңін ұлғайту жөніндегі жобаны белсенді іске асыруда. Бұл шаралар кешені өндірістің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Ол жабдықтар мен негізгі тораптарды техникалық тұрғыдан жаңартуды, шикізат ағындарының конфигурациясын өзгертуді, сондай-ақ заманауи автоматтандырылған басқару жүйелерімен жабдықтауды қамтиды. Биылғы жұмыстың қорытындысы бойынша ПМХЗ 5,76 млн тоннаны өңдеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 74% деңгейінде болады деп күтілуде.

🟦Жол-құрылыс саласын дамытуға «CASPI Bitum» БК» ЖШС елеулі үлес қосып келеді. Ауқымды жаңғыртудан кейін зауыт жылына 750 мың тонна битум шығаруға қауқарлы болды. Бүгінде кәсіпорын отандық компанияларды сапалы өніммен қамтамасыз етуде.

🟦Жиынға қатысушылар мұнай-газ химиясындағы жетістіктерге ерекше назар аударды. «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) газ-химия кешені өндіріс көрсеткіштерін арттырып келеді: 2024 жылы 245,4 мың тонна өнім шығарылса, 2025 жылдың 11 айында ғана полипропилен өндіру көлемі 336,8 мың тоннаға жетті.

⚙️Жалпы, KPI іске қосылғалы нарықтағы жағдай түбегейлі өзгерді: Қазақстанның полипропилен бойынша импортқа тәуелділігі 2022 жылғы 63%-дан жыл соңына қарай болжамды 5% дейін төмендеді. Отандық зауыттың ішкі нарықтағы үлесі 70% асты, ал полипропилен түрлері 15 маркаға дейін кеңейді, соның ішінде премиум сұрыптары бар.

📌Жиын соңында Асхат Хасенов кәсіпорындарға үздіксіз әрі тұрақты жұмысты қамтамасыз ету және стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыруды күшейту бойынша нақты міндеттер жүктеді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1🔥32👍1💯1