ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.25K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.44K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
ҚМГ басшысы Қашағанда өндірістік жиын өткізді

🗣«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында Қашаған кен орнының операторы — NCOC компаниясының еңбек ұжымымен өндіріс мәселелеріне арналған жиналыс өткізді.

🏭ҚМГ басшысы кен орнының басты өндірістік нысандары — теңіз кешені мен «Болашақ» зауытын аралап көрді.

◾️2025 жылдың қорытындысы бойынша Қашағанда шамамен 18,2 млн тонна мұнай өндірілді, оның 3 млн тоннадан астамы ұлттық компанияның үлесіне тиесілі.

📌Жиын барысында биылғы өндірістік нысандарды күрделі жөндеу бойынша дайындық іс-шараларына, сондай-ақ пайдаланбай тұрған қордың тоқтап тұрған ұңғымаларын қайтару жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. А.Хасенов жоспарланған барлық іс-шараны тиімді жүзеге асырудың және белгіленген мерзімдерді сақтаудың маңызын атап өтті.

📌Бұдан бөлек, ҚМГ тарапынан оператор алдында ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келе жатқан Қашаған кен орнын одан әрі дамыту мәселелері көтерілді. Атап айтқанда, кен орнын толық көлемде игерудің ұзақ мерзімді моделімен байланысты игерілмеген учаскелерді дамыту жөніндегі жоспарлар.

▪️Елішілік құндылықтарды дамытуға қатысты елімізде өндірістерді локализациялау үшін «келісімшартты инвестицияға айырбастау» тәсілін тарату қажеттілігі айтылды.

▪️2025 жылы «келісімшартты инвестицияға айырбастау» механизмі аясында Brucke Energy компаниясымен жоғары қысымды сақтандыру клапандарының өндірісін жергілікті деңгейде ашуға, Global Energy Service-пен сақиналы үлгідегі төсемшелерді шығаруға, Hyundai Aktau-мен жедел жәрдем машиналарын жеткізуге келісімдер жасалды.

▪️Сонымен қатар отандық өндірушілерді ынталандыру мақсатында «жергілікті тендер» тетігі бойынша 10 келісімшартқа қол қойылды.

▪️Жалпы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша NCOC сатып алу көлеміндегі қазақстандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің үлесі 70% немесе $606 млн құрады.

🅰️ Мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында NCOC биыл өндірістік процестердің операциялық тиімділігін арттыру үшін жасанды интелектіні қолдана отырып, Digital Oil Field, Video Analytics және CogniteData Fusion технологияларын енгізуді жоспарлап отыр.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👍32❤1
Глава КМГ провел производственное совещание на Кашагане

🗣Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов в ходе рабочей поездки в Атыраускую область провёл производственное совещание с трудовым коллективом компании-оператора Кашаганского месторождения — NCOC.

🏭Глава КМГ посетил ключевые производственные объекты месторождения — морской комплекс и завод «Болашак».

◾️По итогам 2025 года на Кашагане добыто порядка 18,2 млн тонн нефти, из которых более 3 млн тонн приходится на долю национальной компании.

📌В ходе совещания особое внимание уделено подготовке к капитальному ремонту производственных объектов в текущем году и обеспечению качественной организации работ по возвращению простаивающих скважин из бездействующего фонда. А.Хасенов подчеркнул важность эффективной реализации всех запланированных мероприятий и соблюдения установленных сроков.

📌Кроме того, со стороны КМГ перед Оператором подняты вопросы дальнейшего развития месторождения Кашаган, которые не находят решения долгие годы. В частности, планы по вовлечению в разработку неосвоенных участков, связанные с долгосрочной моделью полномасштабного освоения месторождения.

▪️В части развития внутристрановой ценности отмечена необходимость масштабирования применения подхода «контракт в обмен на инвестиции» для локализации производств в стране.

▪️В 2025 году в рамках механизма «контракт в обмен на инвестиции» заключены соглашения с компаниями Brucke Energy на локализацию производства предохранительных клапанов высокого давления, Global Energy Service на выпуск прокладок кольцевого типа, HyundaiAktau на поставку машин скорой помощи.

▪️Кроме того, в целях стимулирования отечественных производителей по механизму «местный тендер» заключено 10 контрактов.

▪️В целом, по итогам 2025 года доля казахстанских товаров, работ и услуг в закупках NCOC составила 70% или $606 млн.

🅰️ В рамках объявленного Главой государства «Года цифровизации и искусственного интеллекта» в 2026 году NCOC планирует внедрение технологий Digital Oil Field, VideoAnalytics и Cognite Data Fusion с применением ИИ для повышения операционной эффективности производственных процессов.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11👍75❤2
Румыниядағы Петромидия мұнай өңдеу зауыты полимердің жаңа премиум түрін шығара бастады

🏭KMG International-ға қарасты Петромидия МӨЗ-нің мұнай-химия кешені полимердің жаңа түрін — полипропиленнің сополимерін өндіре бастады. Жаңа өнім өндірісі қолданыстағы полипропилен қондырғысында жабдықты жаңғырту жөніндегі жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде іске қосылды.

⚙️2026 жылғы ақпан айында жүргізілген алғашқы өндірістік сынақтардың барысында қондырғыда 187 тоннаға жуық сополимер өндірілді, оның ішінде J730 лицензиялық маркасы және жаңадан игерілген RRCP25 маркасы бар. Сынақтар қондырғының тұрақты жұмысын және алынған өнімнің түпкілікті тұтынушылардың талаптарына сәйкес екенін растады.

↗️Сополимерді шығару кезінде қондырғының ең жоғары өнімділігі тәулігіне 140-144 тоннаға жетеді, бұл мұнай-химия кешенінің өнім желісін кеңейту және қосылған құны жоғары өнім үлесін ұлғайту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

✔️2026 жылғы сәуірге жоспарланып отырған мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы алдын алу жұмыстары аяқталып, қондырғы қайта іске қосылғаннан кейін кәсіпорын сополимердің тұрақты өндірісіне көшуді көздеп отыр. Бұл компанияның полимер өнімдері нарығының маржасы жоғары сегменттеріне шығуына және өңірлік нарықта осы материал түріне өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Анықтама:
Полипропиленнің сополимерлері — полимер өнімдерінің технологиялық тұрғыдан дамыған әрі нарықта сұранысқа ие түрлерінің бірі. Дәстүрлі полипропиленмен салыстырғанда олар соққыға төзімді, төмен температураға икемді және тұрақты болып келеді. Осы қасиеттеріне байланысты олар өнеркәсіптік қаптама, логистикалық контейнерлер, ірі габаритті пластик жәшіктер, сондай‑ақ автомобиль бөлшектерін жасау салаларында ерекше сұранысқа ие.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥21
НПЗ Петромидия в Румынии начал производство нового премиального вида полимера

🏭Нефтехимический комплекс НПЗ Петромидия KMG International начал производство нового вида полимера — сополимера полипропилена. Запуск выпуска новой продукции стал возможен благодаря реализации проекта по модернизации оборудования на действующей установке полипропилена.

⚙️В ходе первых производственных испытаний, проведённых в феврале 2026 года, на установке было произведено около 187 тонн сополимера, включая лицензионную марку J730 и новую разработанную марку RRCP25. Испытания подтвердили стабильную работу установки и соответствие полученной продукции требованиям конечных потребителей.

↗️Максимальная производительность установки при выпуске сополимера достигает 140–144 тонн в сутки, что открывает дополнительные возможности для расширения продуктовой линейки нефтехимического комплекса и увеличения доли продукции с более высокой добавленной стоимостью.

✔️После завершения текущих планово-предупредительных работ на НПЗ и перезапуска установки, запланированного на апрель 2026 года, предприятие планирует перейти к регулярному производству сополимера, что позволит компании выйти на более маржинальные сегменты рынка полимерной продукции и удовлетворить растущий спрос на данный вид материалов на региональном рынке.

Справочно:
Сополимеры полипропилена относятся к более технологичным и востребованным на рынке видам полимерной продукции. По сравнению с традиционным полипропиленом они обладают повышенной ударопрочностью, гибкостью и устойчивостью к низким температурам, что делает их особенно востребованными в производстве промышленной тары, логистических контейнеров, крупногабаритных пластиковых ящиков и автомобильных компонентов.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🔥2❤11