ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.25K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.44K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
🛖В КМГ отметили «Көрісу күні — Амал мерекесі»

В АО НК «КазМунайГаз» состоялось торжественное мероприятие, посвященное празднику Амал, который открывает декаду Наурызнама и символизирует обновление и единство народа.

⚜️Особую атмосферу создали сотрудники, пришедшие в национальных костюмах, что подчеркнуло уважение к казахским традициям и культуре.

💻Символично, что в объявленный Главой государства «Год цифровизации и искусственного интеллекта» уникальность мероприятию придал «Цифровой Наурыз» – современный формат, в котором элементы традиционного празднования были объединены с технологиями. С помощью искусственного интеллекта участники могли получить поздравления и бата в цифровом виде, а национальные угощения гостям раздавали роботы.

🎨В рамках празднования Наурызнама также открылась благотворительная ярмарка, где представлены изделия ручной работы, созданные детьми с особыми потребностями и сотрудниками группы компаний КМГ. Здесь посетители могут приобрести картины и различные декоративные изделия.

✔️Все средства, собранные в ходе ярмарки, будут перечислены в благотворительный фонд «Балам-ай», оказывающий поддержку особенным детям. Проведение такой ярмарки стало ежегодной традицией компании, объединяющей сотрудников вокруг идей добра и взаимопомощи.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤3🔥3
Қазақстан қор биржасы ҚазМұнайГазды үздік корпоративтік есептері үшін марапаттады

🗣«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жылдық есепте және тұрақты даму туралы есепте үздік ақпаратты ашып көрсетудің үздік тәжірибесі үшін Қазақстан қор биржасының (KASE) бірқатар номинациясына ие болды.

↗️2025 жылдың қорытындысы бойынша қор нарығында жоғары нәтижелерге қол жеткізген листинг компаниялары мен биржа мүшелерін 24-ші жыл сайынғы марапаттау салтанаты барысында ҚазМұнайГаз «Ашықтыққа ұмтылысы үшін» наградасының иегері атанды. Сондай-ақ осы номинация бойынша ҚМГ еншілес компаниясы — «ҚазТрансОйл» АҚ атап өтілді.

▪️Бұдан бөлек, ҚМГ 26 компания арасындағы жылдық есептер конкурсына қатысып, «Қаржы емес сектордағы 2024 жылғы үздік жылдық есеп» , «Қаржы емес сектордағы 2024 жылғы тұрақты даму туралы үздік есеп» номинациялары бойынша жүлдегер болды.

▪️Байқау аясында 150-ге жуық түрлі өлшемшартты қамтитын есептерді бағалаудың арнайы тәртібі әзірленді.

📌Айта кетсек, ҚМГ корпоративтік есептіліктің халықаралық озық тәжірибелеріне сай болуға ұмтыла отырып, өз қызметі жайында толық әрі сапалы ақпарат дайындауға ерекше назар аударады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤1🔥1
Казахстанская фондовая биржа наградила КазМунайГаз за лучшие корпоративные отчеты

🗣АО НК «КазМунайГаз» получило ряд номинаций от Казахстанской фондовой биржи (KASE) за лучшие практики раскрытия в годовом отчете и отчете об устойчивом развитии.

↗️В ходе 24-й ежегодной церемонии награждения листинговых компаний и членов Биржи, которые достигли наилучших результатов на фондовом рынке по итогам 2025 года, КазМунайГазу присуждена награда «За стремление к прозрачности». Также в данной номинации была отмечена дочерняя компания КМГ — АО «КазТрансОйл».

▪️Кроме того, КМГ принял участие в конкурсе годовых отчетов среди 26 компаний и получил признание в номинациях «Лучший годовой отчет за 2024 год в нефинансовом секторе», «Лучший отчет об устойчивом развитии за 2024 год в нефинансовом секторе».

▪️В рамках конкурса был разработан специальный порядок оценки отчетов, включающие порядка 150 различных критериев.

📌Отметим, что КМГ уделяет особое внимание подготовке развернутой и качественной информации о своей деятельности, стремясь соответствовать передовым международным практикам корпоративной отчетности.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤7🔥2🤝2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

t.me/aqorda_resmi
👍4❤1👏1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства Касым-Жомарт Токаев скрепил своей подписью Конституцию Республики Казахстан и подписал Указ «О мерах по реализации Конституции Республики Казахстан, принятой 15 марта 2026 года»

t.me/aqorda_resmi
👏3❤1👍1
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — Қазақойл Ақтөбе өз кен орындарында мұнай өндірісін қарқынды дамытуда

▪️Ресурстар қорын толықтыру және көмірсутек өндіру көлемін арттыру — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның негізгі басымдықтарының бірі. Осы міндеттерді іске асыру аясында Ақтөбе облысындағы Әлібекмола және Қожасай кен орындарында өндірісті дамытуға бағытталған кешенді бағдарлама жалғасуда.

📶2025 жылы ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «Қазақойл Ақтөбе» кен орындарында жаңа ұңғымалар құрылысы бойынша бірнеше жылға созылған үзілістен кейін бұрғылау бағдарламасы қайта жанданды. Жұмыстар басталмас бұрын кешенді дайындық зерттеулер жүргізіліп, геологиялық-геофизикалық деректер жаңартылды, сондай-ақ игерілуі қиын қорларды өндіріске тарту мүмкіндігі ескеріліп, гидродинамикалық модельдеу қайта қаралды.

⬇️ Бағдарлама аясында бес пайдалану ұңғымасы бұрғыланды: Әлібекмола кен орнында тереңдігі 3600 метр болатын екі ұңғыма және Қожасай кен орнында тереңдігі 3800 метр үш ұңғыма.

◾️Жобаны іске асыру нәтижесінде қосымша 18,2 мың тонна мұнай өндірілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақойл Ақтөбе» компаниясы 481 мың тонна мұнай өндірді.

▪️Барлық жұмыс бекітілген техникалық жобаларға сәйкес, сондай-ақ өнеркәсіптегі қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарын сақтай отырып орындалды.

↗️Бұрғылау кезінде заманауи технологиялық шешімдер қолданылды, соның ішінде бұрғылаудың аралас әдісі мен бұрғылау бағанасының төменгі бөлігінің құрастыру элементтерін оңтайлы таңдау тәсілі бар. Озық технологиялық шешімдерді кешенді енгізудің нәтижесінде 2020 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда бұрғылаудың механикалық жылдамдығы 15–20% артты, ал шегендеу бағаналарын цементтеу сапасы 70%-дан 85% дейін жақсарды. Бұл күрделі геологиялық жағдайларда ұңғымалар құрылысын жылдамдатып, жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

▪️Бір ұңғыма құрылысының орташа ұзақтығы жоспарланған 90 күннен 78 күнге қысқарды. Сапалы бұрғылау ерітінділерін қолданудың арқасында ұңғыма оқпанының тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, борпылдақ таужыныстарында шығынның алдын алуға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде нысандарды іске қосу мерзімін жеделдетті.

— Жаңа ұңғымаларды пайдалануға беру мұнай өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік бермек. Біз ресурстық базаны дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және кен орындарын тиімді игеруге жүйелі түрде инвестиция салып отырмыз. Бұл компанияның одан әрі өсуі мен тұрақты дамуы үшін берік негіз қалайды, — деді «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бас директоры Нұрсейіт Союнов.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍2🔥2