ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.25K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.44K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Дан старт строительству крупнейшей ветровой электростанции на юге Казахстана

💨В Жамбылской области состоялась церемония закладки капсулы на месте строительства ветровой электростанции (ВЭС) «Мирный».

▪️Проект реализуется совместно АО НК «КазМунайГаз», АО «Самрук-Энерго» и энергетической компанией «TotalEnergies» в рамках стратегического партнерства между Республикой Казахстан и Французской Республикой.

▪️ВЭС мощностью 1 ГВт будет расположена в Мойынкумском районе. Объект будет оснащён передовой системой накопления энергии. Общий объём инвестиций составит порядка $1,2 млрд, значительная часть которых фактически является иностранным капиталом. Ввод в эксплуатацию запланирован на IV квартал 2028 года.

— Новая ветровая электростанция имеет стратегическое значение для Казахстана. Проект ориентирован на повышение надёжности энергоснабжения южных регионов страны. Его реализация позволит укрепить энергосистему РК, увеличить долю возобновляемых источников энергии, создать новые рабочие места и придать дополнительный импульс социально-экономическому развитию Жамбылской области, — отметил заместитель председателя Правления КМГ Казбек Кусаинов.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤6🔥4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Еңбек адамы

Жарас Нұрбаев — «Қаражанбасмұнай» АҚ пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехының 6-дәрежелі темір жонушысы

🧰Ж.Нұрбаев Қаражанбастағы қызметін осыдан 37 жыл бұрын бастаған. Соңғы 30 жылға жуық уақыт көлемінде ол темір жонушы болып абыройлы еңбек етіп келеді. Темір жонушы — шыдамдылықты, ой жүйріктігі мен ептілікті талап ететін қиын да қызықты кәсіп. Өндірістегі негізгі цехта жұмыс істейтін әріптесіміз сүйікті ісімен айналысу арқылы еліміздің экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып жүргенін жауапкершілікпен сезінеді.

— Кәсіби білім мен мол тәжірибеден бөлек, табандылық пен өз ісіне адалдық — әр жұмысшыны мамандығының майталманы етеді. Бұл тұрғыда заман көшінен қалмай жаңа техника мен технологияларды меңгерудің де маңызы зор. Өндіріс — өте ауқымды сала. Сондықтан қауіпсіздік талаптарын сақтап, өнімді еңбек етсек, ортақ мақсаттарға бірге жетеміз,— дейді Ж.Нұрбаев.


Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥33❤1👍1👏1🤝1
⚜️Наурызнама онкүндігі аясында ҚазМұнайГаз компаниялары тобы қызметкерлері арасында ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті. Қатысушылар кір (гир) көтеру, садақ ату, ләңгі, асық ату, бес асық ойындарынан сыңға түсті.

***

⚜️В рамках декады Наурызнама среди сотрудников группы компаний КазМунайГаз прошли соревнования по национальным видам спорта: гиревому спорту, стрельбе из лука, асық ату, бес асық и лянга.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍2🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓Үммігүлсім Жолдасбек — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «Жарқын болашақ» білім беру бағдарламасының грант иегері.

🧶Қазіргі таңда ол компания қолдауымен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің 3-курс студенті, «Тоқыма өнері» мамандығы бойынша білім алуда.

⚜️Үммігүлсім болашақта этностильдегі киімдер мен әшекей бұйымдар жасап, ұлттық өнерді әлемге танытуды армандайды.

✅«Жарқын болашақ» бағдарламасы — Маңғыстау жастарына сапалы білім алып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік жоба. Бағдарлама аясында оқу ақысы мен жатақхана төлемі толық өтеліп, студенттерге жоғары мөлшерде шәкіртақы беріледі.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍2🔥21
🛖ҚМГ-да Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында Наурыз мерекесі кеңінен аталып, «Көрісу күні – Амал мерекесі», ұлттық киім байқауы, ұлттық спорт ойындарынан жарыс, тақырыптық квиз және басқа да мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

🗣ҚМГ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев өзінің құттықтау сөзінде Наурыз бірлікті дәріптейтін, мәдени дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды айшықтайтын мереке екенін атап өтті.

— Биыл Ұлыстың ұлы күні қасиетті Ораза айтымен тұспа-тұс келіп отыр. Баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақыт тілеймін. Ұжымдарымыздағы ауызбіршілік ұлттық компанияны жарқын жетістіктерге жетелеп, одан әрі дамуының негізі болып қала берсін, — деді Қ.Есқазиев.


🗣Сонымен қатар ол қайырымдылық іс-шараларына белсенді қатысқан барлық қызметкерге алғыс білдірді.

🟦Наурызнаманың онкүндігі аясында ҚМГ-да қайырымдылық жәрмеңкесі өтіп, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың қолөнер бұйымдары ұсынылды. Барлық қаражат ерекше балаларға қолдау көрсететін «Балам-ай» қайырымдылық қорына аударылды.

🟦Бұған қоса, салтанатты іс-шара барысында өткен байқаулардың қорытындысы бойынша жүлделі орын алған қызметкерлер ҚМГ-ның алғыс хаттарымен марапатталды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤4🔥22👏1