ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.93K subscribers
14.6K photos
1.89K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
🔹Қазақстан мен Қытай автожол құрылысына арналған жаңа дрон технологияларын қолдану мәселесін талқылады

Қазақстан мен Азия даму банкінің өкілдерімен көлік министрлігінде жол инфрақұрылымын жаңғырту үшін заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылауға бағытталған семинар өтті.

Кездесу барысында негізгі назар –автожолдарды жобалау, мониторинг және құрылыс процесінде пилотсыз дрондарды пайдалану мәселесі болды. Келіссөз барысында тараптар дрондарды қолданудың құрылыс үдерісін тиімді әрі ашық жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Аэрофототүсірілім мен лазерлік сканерлеу технологиялары геодезиялық зерттеулерді жылдам жүргізуге, материалдардың сапасын қадағалауға, құрылыс қарқынын бақылауға және жобалық шешімдерден ауытқуларды уақтылы анықтауға жағдай жасайды.

Қазақстан тарапы бұл жаңашылдық жол инфрақұрылымын цифрландыру және объектілердегі қауіпсіздікті арттыру стратегиясының бір бөлігі екенін атап өтті. Өз кезегінде банк өкілдері ірі көлік дәліздерін салуда пилотсыз жүйелерді қолдану тәжірибесімен бөлісіп, технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.

Тараптар инновациялық шешімдермен алмасуды жалғастыруға және Қазақстанның автожол саласындағы нысандарында бірлескен пилоттық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.

Келіссөздер жол инфрақұрылымын дамыту, озық технологияларды енгізу, құрылыс тиімділігін арттыру және серіктестікті жалғастыруға арналған келісіммен қорытындыланды.

➖

🔹Казахстан и Китай обсудили применение новых дрон-технологий в строительстве автодорог

В Министерстве транспорта Казахстана прошел семинар с участием представителей Азиатского банка развития, посвященный вопросам внедрения современных технологий для модернизации дорожной инфраструктуры.

Во время встречи основное внимание было уделено использованию беспилотных дронов при проектировании автодорог, мониторинге и строительстве. В ходе переговоров стороны отметили, что применение дронов позволяет проводить строительный процесс более эффективно и прозрачно. Технологии аэрофотосъемки и лазерного сканирования обеспечивают возможность быстрого проведения геодезических исследований, контроля качества материалов, отслеживания темпов строительства и своевременного выявления отклонений от проектных решений.

Казахстанская сторона подчеркнула, что внедрение этих инноваций является частью стратегии цифровизации дорожной инфраструктуры и повышения безопасности на объектах. В свою очередь, представители банка поделились опытом применения беспилотных систем при строительстве крупных транспортных коридоров и подтвердили готовность к расширению технологического сотрудничества.

Стороны договорились продолжать обмен инновационными решениями, а также рассмотреть возможность реализации совместных пилотных проектов на объектах автодорожной отрасли Казахстана.

Переговоры завершились заключением соглашения, направленного на развитие дорожной инфраструктуры, внедрение передовых технологий, повышение эффективности строительства и продолжение партнерства.
🔹Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады.

Кездесу барысында өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту және көлік қолжетімділігін арттыруға қатысты кең ауқымды мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, тараздықтар әуе бағыттарының желісін кеңейту қажеттігін жеткізді. Олар Орал, Ақтау, Павлодар, Қостанай және Семей қалаларына әуе қатынасын ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Тұрғындар сондай-ақ Түрксіб станциясындағы теміржол өткелінде жиі туындайтын көлік кептелістерін атап өтіп, автомобиль көлігіне арналған көпір салу қажеттігін жеткізді. Сонымен бірге теміржолға тиесілі электр желілерін жергілікті атқарушы органдардың қарауына беру, Шу станциясында пойыздардың тоқтау мүмкіндігін қарастыру, Жанатас–Қаратау–Тараз бағытындағы пойыз маршрутын Алматыға дейін ұзарту және оның жыл бойғы тұрақты кестесін бекіту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Бұдан бөлек, аудан орталықтарында шағын әуежайларды ашу перспективасы және Құйық асуындағы автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын аяқтау мәселелері талқыланды.

Кездесуден кейін вице-министр азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында жолаушылар тасымалына қатысты мәселелер, соның ішінде автобустар сатып алуға арналған лизинг шарттарын қайта қарау, автовокзалдар мен қоғамдық көлікті дамыту, сондай-ақ көлік қозғалысы қарқынды аймақтарда жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату мәселелері қаралды.

Кездесу және жеке қабылдау қорытындысы бойынша вице-министр барлық көтерілген мәселелерге қатысты түсініктеме беріп, ұсыныстар министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелерінде қаралып, хаттамаға енгізілетінін атап өтті.
🔹Вице-министр транспорта Жанибек Тайжанов встретился с жителями Жамбылской области

Вице-министр транспорта Жанибек Тайжанов провёл встречу и приём граждан по личным вопросам с жителями Жамбылской области.

Во время встречи жители подняли широкий круг вопросов, связанных с развитием транспортной инфраструктуры региона и повышением транспортной доступности. В частности, была обозначена необходимость расширения маршрутной сети авиаперевозок из Тараза. Горожане предложили рассмотреть возможность открытия рейсов в города Орал, Актау, Павлодар, Костанай и Семей.

Жители также сообщили о транспортных заторах на железнодорожном переезде станции Турксиб и подчеркнули необходимость строительства автомобильного моста. Были озвучены вопросы передачи электросетей от железной дороги в ведение местных исполнительных органов, возможности остановки поездов на станции Шу, продления маршрута поезда Жанатас–Каратау–Тараз до Алматы и закрепления его круглогодичного графика.

Кроме того, обсуждались перспективы открытия малых аэропортов в районных центрах и завершение ремонта автомобильной дороги на перевале Құйық.

После встречи вице-министр провёл личный приём граждан. В ходе приёма были рассмотрены вопросы пассажирских перевозок, в том числе пересмотр условий лизинга для приобретения автобусов, развитие автовокзалов и общественного транспорта, а также установка пешеходных переходов в местах интенсивного движения.

По итогам встречи и личного приёма вице-министр дал разъяснения по всем озвученным вопросам и отметил, что поступившие предложения будут включены в дальнейшую работу и рассмотрены профильными подразделениями Министерства.
Көлік министрлігі Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіби бағдар беру жұмысын жалғастыруда

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжановтың Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Тараз қаласындағы №67 орта мектептің 9–11 сынып оқушыларымен «Көлік әлемі: болашақ өз қолыңда» тақырыбында кездесу өтті.

Вице-министр өз сөзінде:
«2030 жылға дейін көлік саласында авиация, теміржол, автомобиль жолдары және логистика бағыттары бойынша ондаған мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгіннен бастап ертең сұранысқа ие болатын мамандықты таңдауға мүмкіндік бар: инженер, әуе диспетчері, цифрландыру саласының маманы, тасымалдау менеджері немесе көлік қосымшаларын әзірлеуші» атап өтті.

Кездесуге ведомствоға қарасты ұйымдардың өкілдері де қатысып, жол саласы, авиация және теміржол көлігі бойынша мамандықтардың ерекшеліктері жөнінде ақпарат берді.

Оқушылар көлік саласына жасанды интеллекттіні енгізу және болашағы зор мамандықтар туралы сұрақтарға ерекше қызығушылық танытты.