ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
✈️ Вьетнамнан Чехияға жаңа әуе бағыты ашылады
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жаңа бағыттар ашу және қолданыстағы әуе бағыттары бойынша рейстер санын көбейту жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

11 шілдеден бастап вьетнамдық «VietJet Air» әуе компаниясы әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі құқығын пайдалана отырып, Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отыр. Бұл рейстер аптасына екі рет «Airbus A330» әуе кемесімен орындалады.

Аталған рейстер Қазақстандағы «ашық аспан» режимі аясында жүзеге асады. Бұл режим халықаралық әуе қатынасын дамытуға және шетелдік әуе тасымалдаушыларды тартуға көбірек мүмкіндік береді.

Рейстердің қосылуы туристік, іскерлік және гуманитарлық байланыстардың дамуына, сондай-ақ Қазақстанның Вьетнам және Чехиямен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, бұл бағыт Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік ел ретіндегі рөлін күшейтіп, халықаралық әуе маршруттары желісінің одан әрі дамуына ықпал етеді.
 
***

✈️Открывается новый авиамаршрут из Вьетнама в Чехию
 
Министерство транспорта РК на постоянной основе ведется работа по расширению географии полетов и увеличению количества рейсов по действующим авиамаршрутам.

Так, с 11 июля текущего года вьетнамская авиакомпания «VietJet Air» планирует открытие нового авиамаршрута по направлению Ханой – Алматы – Прага с использованием прав пятой степени свободы воздуха. Рейсы будут выполняться с частотой 2 раза в неделю на воздушных судах типа «Airbus A330».

Данный  авиамаршрут  будет  осуществляться  в  рамках  режима «открытого неба», действующего в Республике Казахстан, который открывает новые возможности для развития международного авиасообщения и привлечения иностранных авиаперевозчиков.

Запуск рейса будет способствовать развитию туристических, деловых и гуманитарных связей, а также укреплению сотрудничества Республики Казахстан с Вьетнамом и Чехией.

Открытие данного авиамаршрута усиливает позицию Казахстана как транзитного моста между Азией и Европой и способствует дальнейшему развитию международной авиамаршрутной сети.
❤2❤‍🔥1
🚛Қазақстанда жүк көліктерінің қозғалысына көктемгі шектеулер енгізіледі

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер қойылады. Бұл шаралар жыл сайын көктем мезгілінде, яғни қар еріп, су тасыған кезде жол негізінің босап, осал болуына байланысты қабылданады. Шектеулер жол жабындысының бұзылуын болдырмауға бағытталған.

23 наурыздан бастап Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарындағы автожолдарда қозғалыс шектеледі. Бұл ереже жалғыз оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктеріне қатысты болып табылады және 1 мамырға дейін жалғасады.

Сонымен қатар, еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде осыған ұқсас көктемгі шектеулер қазірдің өзінде енгізіліп қойған. Олар Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында 1 сәуірге дейін күшінде болады.

Айта кетейік, бұл шектеулер халықаралық тасымалдарға, жолаушылар көлігіне, сондай-ақ азық-түлік, дәрі-дәрмек және төтенше жағдайлардың жүктеріне қолданылмайды. Жол төсемі ылғалданып, негізі жұмсаратын кезеңде жолдардың сапасын сақтау үшін мұндай шаралар жыл сайын жүзеге асырылып тұрады.

➖➖➖

🚛 В Казахстане вводятся весенние ограничения движения для грузового транспорта

В ряде регионов Казахстана с 23 марта по 1 мая вводятся временные ограничения движения для тяжеловесных грузовых автомобилей. Меры принимаются ежегодно в весенний период , в период весенней распутицы дорожное основание становится наиболее уязвимым. Ограничения направлены на предотвращение разрушения дорожного покрытия.

С 23 марта ограничения будут действовать на автомобильных дорогах Акмолинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской, Западно-Казахстанской, Карагандинской, Костанайской, Северо-Казахстанской, Павлодарской областей и области Абай. Они распространяются на грузовые автомобили с нагрузкой на одиночную ось свыше 8 тонн и продлятся до 1 мая.

В то же время аналогичные ограничения в ряде южных и западных регионов страны весенние ограничения уже введены и будут действовать до 1 апреля. Они действуют в Алматинской, Атырауской, Жамбылской, Кызылординской, Мангистауской, Туркестанской областях, а также в областях Жетісу и Ұлытау.

При этом ограничения не распространяются на международные перевозки, пассажирский транспорт, а также на перевозку продуктов питания, лекарственных средств и грузов, связанных с ликвидацией чрезвычайных ситуаций. Эти меры ежегодно принимаются для сохранения состояния автодорог в период сезонного переувлажнения дорожного полотна.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ҚР Көлік министрлігінде Наурыз мерекесіне орай жәрмеңке өтті

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жәрмеңке ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында отандық қолөнер шеберлері мен ұлттық киім дизайнерлері өз бұйымдарын ұсынды. Жәрмеңкеде ұсынылған барлық тауарлар ұлттық дәстүр мен заманауи стиль үйлесімін көрсетеді. Бұл бастама отандық өндірушілерді қолдауға және ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған.

Шара барысында министрлік қызметкерлері мен қонақтар ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылықтарын білдіріп, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсетті.

Сонымен қатар, мерекелік шара аясында министрлік қызметкерлерінің балалары салған суреттерден арнайы көрме ұйымдастырылды. Балалардың шығармашылық жұмыстары Наурыздың мәнін, көктемнің келуін және ұлттық дәстүрлерді ерекше бояумен бейнеледі.

Айта кету керек, мұндай іс-шаралар Наурыз мерекесінің мән-маңызын арттырып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға септігін тигізеді.
📌Сенат халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға енгізілетін түзетулерді мақұлдады
 
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында «Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 50 (а)-бабына өзгеріс енгізу жөніндегіхаттаманы және аталған Конвенцияның 56-бабына өзгеріс енгізуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Түзетулердің күшіне енуі үшін ИКАО-ға мүше мемлекеттердің кемінде үштен екісі (128 ел) оларды ратификациялауы қажет. Қазіргі таңда аталған хаттамаларды 121-ден астам мемлекет ратификациялаған.

Қазақстан Республикасы Парламентінің қолдауымен заң жобасы мақұлданып отыр. Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін Қазақстан өңірде және Орталық Азияда Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға енгізілген өзгерістерді ратификациялаған алғашқы ел болады.

Аталған түзетулерді ратификациялау Қазақстанға ИКАО Кеңесінің құрамына кіруге өтінім беруге мүмкіндік береді, сондай-ақ Чикаго конвенциясының мақсаттары мен қағидаттарына және халықаралық авиация саласындағы міндеттемелерге беріктігін растайды.
 
***

📌Сенат одобрил ратификацию поправок к Конвенции о международной гражданской авиации
 
На заседании Сената Парламента Республики Казахстан одобрен проект Закона «О ратификации Протокола, касающегося изменения статьи 50 (а) Конвенции о международной гражданской авиации, и Протокола, касающегося изменения статьи 56 Конвенции о международной гражданской авиации».

Для вступления поправок в силу необходимо, чтобы не менее чем 2/3 государство-членов ИКАО (128 стран) их ратифицировали. На сегодняшний день Протоколы ратифицированы более чем 121 государствами.

При поддержке Парламента Республики Казахстан проект Закона одобрен, после подписания закона Главой государства Казахстан станет первой страной в регионе и в Центральной Азии, кто ратифицировала изменений к Конвенции о международной гражданской авиации.

Ратификация данных изменений подтверждает приверженность Казахстана международным авиационным обязательствам, целям и принципам Чикагской конвенции.
🚊Ақмола облысында теміржол инфрақұрылымының су тасқынына дайындығы тексерілді
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Ақмола магистральдық желісі бөлімшесінде көпірлердің, су өткізгіш құбырлардың және теміржол инфрақұрылымының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді.

Тексеру барысында Астана – Жалтыр – Атбасар учаскесі зерттелді. Су өткізгіш құбырларды және тасқын сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін төрт ірі көпірді тазарту бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Бұл учаскеде су тасқыны қаупі бар 10 учаске зерттелді және олар еріген судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді. Жалпы, жол бөлімшесі бойынша су тасқынына қарсы 4 пойыз құрылды. Су тасқыны кезеңінде жедел әрекет ету үшін қажетті инертті және құрылыс материалдары, оның ішінде 150 текше метр бутты тастар, 700 темірбетон шпалдар, бір металл құрылғы және 4 инвентарлық рельс пакеттері дайындалды. Астана – Атбасар – Есіл учаскесіндегі көпірлер мен жасанды құрылыстарды тазарту жұмыстары 90%-ға орындалды. Қардан тазарту бойынша қалған жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда.

Қосымша 6 су оймасына тексеру жүргізілді, сәуір айының бірінші онкүндігіне Жабай өзенінде бұрғылау-жару жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ, Колутон өзенін тереңдету және Колутон ауылының айналасында қорғаныс бөгетін салу жұмыстарын күшейту қажеттілігі атап өтілді.

Көлік министрлігі инфрақұрылым нысандарын қардан тазарту бойынша барлық жұмыстардың тезірек аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Темір жолдың жанында орналасқан жеке су қоймаларының жай-күйін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тексеру қажеттігіне ерекше назар аударылды.
🚊Готовность железнодорожной инфраструктуры к паводкам проверена в Акмолинской области
 
Министерство транспорта совместно с АО «НК «КТЖ» и местными исполнительными органами проверило готовность мостов, водопропускных труб и железнодорожной инфраструктуры к паводковому периоду на Акмолинском отделении магистральной сети.

В ходе инспекции обследован участок Астана – Джалтырь – Атбасар. Отмечено, что работы по очистке водопропускных труб и четырех крупных мостов проводятся на надлежащем уровне, что обеспечит безопасный пропуск паводковых вод.

На данном участке было обследовано 10паводкоопасных участка, и которые обеспечивают безопасный пропуск талых вод. В целом по отделению дороги сформировано 4 противоразмывных поезда. Для оперативного реагирования в паводковый период заготовлены необходимые инертные и строительные материалы, включая 150 кубических метров бутового камня, 700 некондиционных железобетонных шпал, один металлический пролёт и 4 инвентарных рельсовых пакета. Работы по очистке мостов и искусственных сооружений на участке Астана – Атбасар – Есиль выполнены на 90%. Оставшиеся мероприятия по очистке от снега ведутся в плановом режиме.

Дополнительно проведена проверка 6 водоёмов, на первую декаду апреля запланированы буровзрывные работы на реке Жабай. Также, было отмечено о необходимости усилить работы по углублению реки Колутон и строительству защитной дамбы вокруг с.Колутон.

Министерством транспорта поручено обеспечить скорейшее завершение всех работ по очистке объектов инфраструктуры от снега. Особое внимание уделено необходимости качественного совместного обследования с местными исполнительными органами состояния частных водоёмов, расположенных вблизи железной дороги.
🛣️Көлік министрлігі 2028 жылға дейінгі басымдықтарды бекітті
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі 2026–2028 жылдарға арналған автожол саласын дамыту бағыттарын айқындап, инфрақұрылымды жаңғыртуға, жол сапасын арттыруға және елдің транзиттік әлеуетін күшейтуге бағытталған шешім бекітті.

Басымдықтар аясында жол жабыны түрлерін таңдау тәсілдері қайта қаралады. Көлік жүктемесі жоғары, әсіресе халықаралық бағыттарда цементбетон жабындарын қолдану кеңейтіледі. Ал, шағын елді мекендерге апаратын жолдарда қиыршық тас және шағал жабындарына басымдық беріледі. Бұл жабын түрі ұзақ мерзімділігімен және климаттық әсерлерге төзімділігімен ерекшеленеді.

Құжатта транзиттік дәліздерді дамытуға ерекше назар аударылған. Негізгі жобалардың қатарында «Бейнеу - Сексеуіл», «Қызылорда - Сексеуіл», «Сексеуіл - Ұлғайсын» және «Жаңаөзен – Кендірлі – Темірбаба» бағыттары бар. Сонымен қатар орташа жөндеу көлемі ұлғайтылады: 2028 жылға қарай республикалық маңызы бар жолдардың
10 мың шақырымы жөндеумен қамтылады.

Негізгі бағыттардың бірі ретінде ұлттық автожол операторының қызметін дамыту көзделген. Бұл оның қаржылық тұрақтылығын арттыруға, инвестициялық әлеуетін кеңейтуге және жол активтерін басқарудың заманауи модельдерін енгізуге мүмкіндік береді.

Саланың технологиялық жаңғыртылуына да басымдық беріліп отыр. Атап айтқанда, отандық өндірістегі полимермен модификацияланған битумдарға көшу, сондай-ақ жобалық шешімдерді алдын ала сараптау және жобаларды іске асыру кезеңінде ғылыми-техникалық сүйемелдеуді енгізу қарастырылған.

Аталған бастамаларды ғылыми-техникалық тұрғыда қамтамасыз етуде «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» (ҚазжолҒЗИ) маңызды рөл атқарады. «ҚазжолҒЗИ» техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуге, цементбетон жабындарын қолдану бойынша зерттеулер жүргізуге, көлік жүктемелері мен климаттық факторларды талдауға, сондай-ақ жаңа технологиялар мен материалдарды енгізуді сүйемелдеуге қатысады.

Сонымен қатар жол инфрақұрылымын цифрлық шешімдермен біріктіру жоспарланған. Негізгі бағыттар бойында талшықты-оптикалық байланыс желілері дамытылып, 5G технологиялары енгізіледі. Бұл интеллектуалды көлік жүйелерін дамытуға негіз болады. Бұдан бөлек, көп функционалды сервистік аймақтар құру және өткізу бекеттеріндегі инфрақұрылымды дамыту қарастырылған.

Жалпы, қабылданған шаралар жол желісінің сапасын арттыруға, Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтуге және көлік инфрақұрылымының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.