ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
🚉Астана – Омбы пойызының жолаушылар вагондары жаңартылды
 
Мемлекет басшысының жолаушылар вагондары паркін кешенді жаңарту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жолаушылар тасымалы саласында жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.

Салтанатты іс-шара барысында «Астана – Омбы» халықаралық бағыты бойынша жолаушылар пойызының жаңартылған құрамы жолға шықты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов:
«Бағыттың жаңартылуы көршілес елдер арасындағы көлік байланысын нығайтуға және жолаушылар үшін қолжетімді әрі жайлы жағдай жасауға бағытталған»,

– деп атап өтті.

Пойыз құрамына RWS Wagon (холдинг RWS KZ) базасында жасалған купе және плацкарт үлгісіндегі 8 жаңа отандық вагон қосылды. Бір бағыттағы жалпы сыйымдылық 300-ден астам жолаушыны құрайды.

Бұған дейін халықаралық бағыттарда жылжымалы құрамды жаңарту жұмыстары «Алматы – Саратов», «Алматы – Новосибирск» және «Қарағанды – Мәскеу» бағыттарында жүргізілген болатын. Енді олардың қатарына «Астана – Омбы» бағыты қосылды.

Жалпы, жолаушылар вагондары паркін жаңарту жұмыстары жүйелі негізде жүргізіліп келеді. 2025 жылы 175 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды. 2026 жылы тағы 191 вагон сатып алу жоспарлануда. 2030 жылға дейін 800-ге жуық вагон жаңартылады, бұл қолданыстағы парктің 90%-ын ауыстыруға мүмкіндік береді.

Жаңа вагондар заманауи талаптарға толық сай келеді. Интерьері мерзімінен ерте тозуды болдырмайтын арнайы материалдардан жасалған, климат-бақылау және ауаны залалсыздандыру жүйелерімен, USB-порттармен және 220 В розеткаларымен, Wi-Fi желісімен, биодәретханалармен жабдықталған.
🚉Обновлены пассажирские вагоны поезда Астана – Омск
 
Во исполнение поручения Главы государства по комплексному обновлению парка пассажирских вагонов Министерство транспорта Республики Казахстан проводит поэтапную модернизацию подвижного состава в сфере пассажирских перевозок.

В рамках торжественного мероприятия состоялся запуск обновлённого состава пассажирского поезда по международному маршруту «Астана – Омск».

В ходе мероприятий председатель Комитета железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан Нуржан Кельбуганов отметил:
«Обновление маршрута направлено на укрепление транспортного сообщения между соседними странами и создание более доступных и комфортных условий для пассажиров».


В состав поезда включены 8 новых отечественных вагонов купейного и плацкартного типа, построенных на базе RWS Wagon (холдинг RWS KZ). Общая вместимость составляет более 300 пассажиров в одном направлении.

Ранее обновление подвижного состава на международных маршрутах было проведено по направлениям «Алматы – Саратов», «Алматы – Новосибирск» и «Караганда – Москва». Теперь к ним добавился маршрут «Астана – Омск».

В целом работа по обновлению пассажирского вагонного парка ведётся на системной основе. В 2025 году приобретено 175 новых пассажирских вагонов. В 2026 году планируется закупить ещё 191 вагон. До 2030 года будет обновлено порядка 800 вагонов, что позволит заменить до 90% действующего парка.

Новые вагоны соответствуют современным требованиям безопасности, энергоэффективности и комфорта. Интерьер выполнен из износостойких материалов, предусмотрены системы климат-контроля и обеззараживания воздуха, трансформируемые спальные места, USB-порты и розетки 220 В, Wi-Fi, биотуалеты и современная теплоизоляция.
🚉Қазақстанда теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы жалғасуда
 
Қазақстанда теміржол вокзалдарын қайта жаңарту және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарламаны іске асыру жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы еліміз бойынша 124 нысанды кешенді жаңарту басталды.

Бағдарлама жолаушыларға, оның ішінде жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға қолжетімділік пен жайлылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ навигацияны, қауіпсіздікті және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

Вокзалдардың шамамен 70 пайызы 30 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеусіз пайдаланылып келген. Бүгінде 121 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстар белсенді кезеңде: 36 вокзалда қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, оның ішінде 19 нысан 2025 жылы, 17 нысан 2026 жылдың бірінші тоқсанында аяқталды. Тағы 46 вокзалда жұмыстар аяқталу сатысында.

2025 жылы Жақсы, Курорт-Бурабай, Макинка, Шортанды, Ұзын-Ағаш, Шамалған, Сағыз, Мақат, Талдықорған, Ақши, Теміртау, Айса, Құшмұрын, Аманқарағай, Талап, Қазалы, Бозшакөл, Тайынша және Жаңаесіл станцияларында жұмыстар аяқталды.

2026 жылдың бірінші тоқсанында Семиглавый Мар, Мырза, Сарышаған, Көктұма, Ағадыр, Қарағанды-Сұрыптау, Жаңақорған, Шиелі, Жетісу, Қарасор, Тобыл, Қалқаман, Доссор, Қызылжар, Саумалкөл, Жалтыр және Аққыстау станцияларында қайта жаңарту аяқталды.

Қалған нысандардағы жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жаңғырту нәтижесінде жолаушылар заманауи күту залдарына, жаңартылған навигация және ақпараттандыру жүйелеріне, сондай-ақ жетілдірілген инженерлік шешімдерге қол жеткізеді. Бұл еліміздің теміржол инфрақұрылымын халықаралық стандарттарға сай келетін қауіпсіз әрі жайлы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.