ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.93K subscribers
14.7K photos
1.89K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
🔺Астанада ауыр салмақты автокөліктерді бақылау кезінде бағынбау және заң бұзушылық фактілері анықталды

Астана қаласы аумағында ауыр салмақты автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау бойынша бірлескен іс-шаралар аясында көліктік бақылау инспекциясы мен полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау фактілері тіркелді.  

2026 жылғы 12 сәуірде Астана қаласының айналма жолында Shacman маркалы екі жүк самосвалының жүргізушілері салмақтық бақылаудан өтуден бас тартып, «АРЕ» ЖШС өкілінің нұсқауы бойынша жолдың жүру бөлігіне топырақты әдейі төгіп, инспекция және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына белсенді түрде қарсылық көрсетті. Оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде артық жүк тиегені үшін салынған айыппұлда бар.

2026 жылғы 14 сәуірде осындай іс-шаралар барысында «Shacman» маркалы үш самосвал көліктік бақылау инспекторларының талаптарына бағынбады. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде көлік құралдары тоқтатылып, өлшеу рәсіміне жіберілді. Тексеру барысында рұқсат етілген салмақ нормаларының асып кеткені анықталып, әкімшілік айыппұл салынды.

Сот шешімімен барлық 7 құқық бұзушы 15-тен 18 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынып, артық жүк тиегені үшін айыппұл салынды. Сондай-ақ көлік құралдары коммуналдық айып тұрағына қойылды.

Ауыр салмақты көлік құралдарына белгіленген нормаларды бұзуға жол бермеу бойынша бақылау іс-шаралары жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жүк самосвалдарының иелерін Қазақстан Республикасында белгіленген салмақ нормаларының талаптарын сақтауға шақырады.
🔺В Астане выявлены факты неповиновения и нарушений при контроле тяжеловесного автотранспорта

В рамках совместных мероприятий по контролю за проездом тяжеловесных автотранспортных средств на территории города Астана зафиксированы случаи неповиновения сотрудникам инспекции транспортного контроля и полиции.

12 апреля 2026 года на объездной дороге г. Астаны водители двух грузовых самосваловмарки Shacman отказавшись проходить весовой контроль и по указанию представителя ТОО «АРЕ» умышленно выгрузили грунт на проезжую часть, оказав активное сопротивление законным требованиям сотрудников инспекции иполиции. Все участники инцидента привлечены к административной ответственности в том числе за перегруз.

14 апреля 2026 года при аналогичных мероприятиях три самосвала Shacman не подчинились требованиям инспекторов транспортного контроля. В результате действенных мер сотрудников полиции, транспортные средства были остановлены и направлены на процедуру взвешивания. Проверка показала превышение допустимых весовых параметров за что наложен адм. штраф.

По решению суда все 7 правонарушителей арестованы от 15 до 18 суток и наложеныштрафы за перегруз, а также транспортные средства водворены на коммунальную штрафную стоянку.

Контрольные мероприятия по предотвращению движения тяжеловесных транспортных средств с нарушением установленных норм продолжаются.

Министерство транспорта Республики Казахстан призывает владельцев грузовых самосвалов не нарушать требования весовых норм установленных в Республике Казахстан.
👍3
🔸️Көлік министрлігінің қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке белсене қатысып, елордадағы Ботаникалық саябақ маңындағы бөлінген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында Министрлік ұжымы аумақты қураған шөптер мен жапырақтардан тазартты.
Осындай іс-шаралар қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға және қала тазалығын сақтауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

Ісшараға Министрлік басшылығы, орталық аппарат және комитет қызметкерлері қатысты.
 
***
 
🔸️Сотрудники Министерства транспорта приняли участие в общегородском субботнике
 
Сотрудники Министерства транспорта Республики Казахстан приняли активное участие в общегородском субботнике и провели работы по уборке на закрепленном участке в районе Ботанического сада столицы.

В ходе мероприятия коллектив Министерства очистил территорию от сухостоя и листьев.
Подобные мероприятия направлены на формирование культуры бережного отношения к окружающей среде и поддержание чистоты города.

В мероприятии участвовало руководство Министерства, сотрудники центрального аппарата и комитетов.
Көлік министрі Алматы әуежайын жаңғырту жұмыстарымен танысты

Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты әуежайдағы ауқымды жаңғырту жұмыстарының барысымен таныстырды.

Әуежайды тексеру барысында министр алдымен қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан ішкі рейстер терминалын (Т1) аралады. Мұнда жүк алу және жолаушыларды тіркеу аймақтарындағы жөндеу жұмыстары көрсетілді. Әуежай президенті Гокер Косенің айтуынша, терминалды жаңарту жұмыстары осы жылдың шілде айында аяқталуы жоспарланған.

Сонымен қатар, министрге әуежай инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобалар таныстырылды. Олардың қатарында автотұрақ аймағын кеңейту жоспары және әуежай аумағында салынатын жаңа қонақ үй кешенінің орны бар.

Одан кейін делегация халықаралық терминалдағы (Т2) төбе конструкцияларын жаңарту барысымен танысып, әуежай мұражайын және жерүсті қызметтерін үйлестіретін «Әуежайды жедел басқару орталығының» жұмысымен танысты.

Сапар соңында әуеайлақ аумағындағы жанармай құю кешені және мұздануға қарсы өңдеу жүргізілетін арнайы алаң көрсетілді.

Барлық жоба 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Бас жоспардың алғашқы кезеңі – Horizon бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл кезең 130-дан астам инфрақұрылымдық жобаны қамтиды. Оның ішінде:

• ұзындығы 4400 метр жаңа рулеждік жол салу;
• бетон жабыны бар ұшу-қону жолағын қайта жаңарту;
• VIP-перрон мен әуе кемелерінің тұрағын жаңарту;
• жаңа жүк перроны мен техникалық қызмет көрсету ангарын салу.

Бас жоспарды іске асыру әуежайдың өткізу қабілетін жылына 40 млн жолаушыға дейін арттыруға және 2300-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Кешенді жаңғырту Алматының Еуропа мен Азияны байланыстыратын негізгі авиациялық хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуға бағытталған.
Министр транспорта ознакомился с модернизацией аэропорта Алматы

Президент Международного аэропорта Алматы Гокер Косе ознакомил министра транспорта Республики Казахстан Нурлана Сауранбаева с ходом реализации масштабной модернизации воздушной гавани.

Визит начался с осмотра терминала внутренних рейсов (Т1), где в настоящее время ведётся комплексная реконструкция. Во внутреннем терминале министру продемонстрировали обновляемые зоны выдачи багажа и регистрации пассажиров. Как отметил президент аэропорта Гокер Косе, завершение реконструкции терминала запланировано на июль текущего года.

В ходе визита были также представлены планы по расширению парковочного пространства и площадка для строительства будущего гостиничного комплекса при аэропорте.

Далее делегация посетила международный терминал (Т2), где продолжаются работы по обновлению потолочных конструкций. Дополнительно в Т2 министр посетил музей аэропорта и ЦОУА (Центр оперативного управления аэропортом), обеспечивающий координацию наземных служб и бесперебойную работу аэропорта.

Завершился визит на перроне, где были представлены объекты аэродромной инфраструктуры, включая топливозаправочный комплекс и площадку для противообледенительной обработки воздушных судов.

Все проекты реализуются в рамках первого этапа долгосрочного Мастер-плана развития до 2050 года – Horizon, включающий более 130 инфраструктурных инициатив. Среди ключевых направлений:

• строительство новой рулёжной дорожки протяжённостью 4400 метров;
• реконструкция взлётно-посадочной полосы с бетонным покрытием;
• обновление VIP-перрона и стоянок для воздушных судов;
• создание нового грузового перрона и ангара технического обслуживания.

Реализация Мастер-плана позволит увеличить пропускную способность аэропорта до 40 млн пассажиров в год и создать более 2300 рабочих мест. Комплексная модернизация направлена на укрепление статуса Алматы как одного из ключевых авиационных хабов, соединяющих Европу и Азию.
Қазақстан транзиттік-логистикалық әлеуетті дамыту жұмыстарын күшейтуде

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің басшылығы Алматы қаласындағы негізгі транзиттік-логистикалық жобалардың іске асырылу барысын тексерді. Жұмыс сапары аясында елдің транзиттік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізілді. Ұлттық теміржол компаниясы мен мердігер ұйымдардың өкілдері «Алтынкөл – Жетіген» учаскесін жаңғырту және Алматы станциясын айналма теміржол желісін салу жобалары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Ұзындығы 293 км болатын «Алтынкөл – Жетіген» жобасы бойынша негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. 1,5 млн м³ көлемінде жер төсемі толық төселіп, көпірлер мен су өткізу құрылыстары салынды. Микропроцессорлық орталықтандыру жүйелерін енгізу нәтижесінде учаскенің өткізу қабілеті тәулігіне 18 жұп пойыздан 33 жұп пойызға дейін артты, сондай-ақ қозғалысты басқарудың қауіпсіздігі мен тиімділігі күшейтілді.

Алматы станциясын айналып өтетін ұзындығы 74,5 км айналма теміржол желісін салу аясында 2025 жылдың желтоқсан айында пойыздардың жұмыс қозғалысы іске қосылды. Іске қосылғаннан бері желі арқылы 150 мың тоннадан астам жүк тасымалданды. Жобаны іске асыру Алматы теміржол торабына түсетін жүктемені 40%-ға азайтып, жүк жеткізу мерзімін бір тәулікке дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда жер жұмыстары толық аяқталған, 113,1 км бас және станциялық жолдар төселген, 18 көпір орнатылған. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 306 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ «Zhetysu» терминалын тексеру барысында жобаның іске асырылу барысы туралы есептер тыңдалды. Терминал Kazakh-Chinese Trade and Logistics Company (Almaty) Ltd. бірлескен кәсіпорны арқылы АО «Кедентранссервис» және Xi’an Free Trade Port қатысуымен жүзеге асырылуда. Терминалдың қуаттылығы жылына 115 мың ДФЭ құрайды. Негізгі инфрақұрылым құрылысы аяқталып, TOS жүйесі енгізілді, жүк ауыстырып тиеу техникасы орнатылды және уақытша сақтау қоймасы мәртебесі берілді. Терминалды пайдалануға беру 2026 жылдың мамырына жоспарланған. Жоба Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, оны негізгі логистикалық хаб ретіндегі рөлін нығайтуға мүмкіндік береді.

Алматы-1 вокзалын қайта жаңарту жұмыстары барысында мердігер ұйымдар мен жауапты қызметтердің есептері тыңдалды. Жоба шеңберінде вокзал ғимаратын қолданыстағы 17 165,5 шаршы метр аумақты сақтай отырып жаңғырту көзделген. Нысан заманауи инженерлік жүйелермен, күту залдарымен, сервистік инфрақұрылыммен жабдықталып және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалады.

Қазіргі уақытта нысанда шатыр жабу, ғимарат қаңқасын күшейту, сыртқы инженерлік желілерді тарту және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Сапар қорытындысы бойынша жобалардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету және Үкіметтің транзиттік тасымал көлемін 55 млн тоннаға жеткізу жөніндегі тапсырмасын мүлтіксіз осы жылы орындау тапсырылды.