ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.93K subscribers
14.7K photos
1.89K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
🔹Орталық Азия мемлекеттерінің Көлік министрлерінің үшінші кездесуі аясында Ташкент коммюникесі қабылданды
 
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Орталық Азия мемлекеттерінің Көлік министрлерінің үшінші кездесуіне қатысты.

Дәстүрлі түрде өтетін бұл іс-шара ОА мемлекеттері басшыларының консультациялық кездесулері аясында ұйымдастырылды.

Қазақстан делегациясы атынан сөйлеген вице-министр тұрақты транзитті қамтамасыз ету және көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларды атап өтті, соның ішінде ТКХБ және «Солтүстік–Оңтүстік» дәліздерін дамыту мәселелері қаралды.

Кездесуге қатысушылар өздерінің ұлттық көлік дәліздерін дамыту үшін күш біріктіру қажеттілігін қолдап, Орталық Азия елдерінің сенімді серіктес ретіндегі ұстанымы маңызды екенін атап өтті.
🔹Ташкентское коммюнике подписано по итогам Третьей встречи министров транспорта Центральной Азии
 
Вице-министр транспорта Республики Казахстан Талгат Ластаев принял участие в Третьей встрече министров транспорта государств Центральной Азии в качестве главы казахстанской делегации.

Мероприятие, ставшее традиционным, проводится в рамках Консультативных встреч Глав государств региона.

От имени казахстанской делегации, вице-министр отметил принимаемые меры по обеспечению стабильного транзита и увеличению мощности транспортной инфраструктуры, в том числе, развитие ТМТМ и Север-Юг.

Остальными участниками встречи также поддержаны усилия по развитию своих транспортных коридоров, что позволит укрепить позиции Центральной Азии как надежного партнера.
🔹Ташкентте ТМД мемлекеттерінің Көлік үйлестіру кеңесінің 45-ші отырысы өтті

2025 жылғы 12 қараша күні Ташкентте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мемлекеттерінің Көлік үйлестіру кеңесінің (КҮК) кезекті отырысы өтті.

45-ші рет өткізілген бұл шараға ТМД мемлекеттері басшылығының өкілдері және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері, соның ішінде КҮК Атқарушы комитетінің төрағасы Бессонов Г.И. қатысты.

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, қазақстандық делегацияның басшысы ретінде,ТМД мемлекеттерінің аумағындағы негізгі көлік артерияларын үйлестіру концепциясын қабылдаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Аталған құжат барлық көлік түрлерінің артықшылықтарын пайдалана отырып, көлік дәліздерінің кеңеюі мен синергиясын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясының басшысы теміржол көлігін, терминалдық инфрақұрылымды, авиация саласын, теңіз инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ автомобиль жолдарын салу және қайта құру бойынша қабылданып жатқан шараларды атап өтті.

Сөз соңында вице-министр ТМД елдеріндегі әріптестерін көлік бағыттарын белсенді дамытуға шақырып, бұл ұсыныс басқа мемлекеттердің көлік ведомстволарының өкілдері тарапынан толық қолдау тапты.
🔹В Ташкенте прошло 45-е заседание Координационного транспортного совещания стран СНГ

12 ноября 2025 года в Ташкенте состоялось очередное заседание Координационного транспортного совещания государств-участников Содружества Независимых Государств (КТС).

В мероприятии, ставшем 45-м по счету, приняли участие представители руководства стран СНГ и Исполнительного комитета СНГ, включая председателя Исполкома КТС Бессонова Г.И.

Вице-министр транспорта Республики Казахстан Талгат Ластаев, в качестве главы казахстанской делегации, подчеркнул стратегическую значимость принятия Концепции сопряжения главных транспортных артерий, проходящих по территориям государств-участников СНГ. Этот документ будет способствовать расширению и синергии транспортных коридоров за счет использования преимуществ всех видов транспорта.

Кроме того, глава казахстанской делегации отметил принимаемые меры по развитию железнодорожного транспорта, терминальной инфраструктуры, авиационной отрасли, морской инфраструктуры, а также строительству и реконструкции автомобильных дорог.

В завершение, вице-министр призвал партнеров по СНГ активно развивать транспортные направления, что получило полную поддержку остальных представителей транспортных ведомств стран Содружества.
❤3
🛣️Алматы мен Шымкентті байланыстыратын төрт жолақты күре жол толық іске қосылды: «Ұзынағаш – Отар» тасжолы пайдалануға берілді

Бүгін Алматы облысында 42 шақырымдық «Ұзынағаш – Отар» жолының ашылуы өтті. Аталған жолдың іске қосылуымен магистралді жаңарту толығымен аяқталды. Енді Алматыдан Шымкентке дейінгі жол толық төрт жолақты болып, жүріп-тұру әлдеқайда ыңғайлы болмақ.

Ашылу салтанатына ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев және өңір ақсақалдары қатысты. Рәсімде қозғалысты бастау батырмасы басылып, жаңа жол арқылы алғашқы болып 15 көліктен тұратын автоколонна жүріп өтті.

Биыл біз ел бойынша 13 мың шақырым жолда жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу арқылы рекордтық нәтижеге қол жеткіздік. Бұл – Мемлекет басшысының қолдауы мен жол саласының қызметкерлерінің күнделікті атқарып жүрген ерен еңбегінің арқасы. Олар азаматтар үшін қауіпсіз, әрі ыңғайлы жолдар салып, өңірлердің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда», – деді іс-шара барысында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.


Сонымен қатар жолды ашу салтанатының аясында жобаны іске асыруға ерекше үлес қосқан жұмысшылар марапатталды. Оларға ведомстволық медальдар, Алғыс хаттар және Көлік министрлігінің Құрмет грамоталары табысталды.

Айта кетейік, бүгін ашылған «Ұзынағаш – Отар» күре жолында негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылы басталып, небәрі екі жылда толық аяқталды. Жобаға 163 бірлік техника, 290 маман жұмылдырылып, екі асфальт-бетон зауыты мен төрт жол-құрылыс басқармасы жұмыс істеді.

42 шақырымдық «Ұзынағаш – Отар» тасжолының ашылуымен Алматы мен Шымкент арасындағы жол толық төрт жолақты болып, жүріп-тұру әлдеқайда ыңғайлы, әрі қауіпсіз болмақ. Бұл магистральдің өткізу қабілетін арттырып, жол жүру уақытын қысқартады, қозғалыс қауіпсіздігін жақсартады және өңірлер арасындағы көлік байланыстарын нығайтып, Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық қатынастарды одан әрі күшейтері сөзсіз.
 
➖
 
🛣️Алматы и Шымкент связала полностью четырехполосная трасса: открыт участок «Узынагаш – Отар»

Сегодня в Алматинской области состоялось открытие участка автомобильной дороги «Узынагаш – Отар» протяженностью 42 километра, ставшего заключительным звеном реконструкции всей магистрали. Теперь, между Алматы и Шымкентом теперь можно проехать по полностью четырехполосной автодороге.

В церемонии открытия приняли участие Вице-министр транспорта Республики Казахстан Максат Калиакпаров, заместитель акима Алматинской области Рустам Исатаев, а также аксакалы региона. Символическим моментом стало нажатие кнопки запуска движения, после чего по новому участку первой проехала автоколонна в составе 15 машин.

«В этом году мы достигли рекордного охвата реконструкцией и ремонтом 13 тысяч километров дорог по всей стране. Всё это стало возможным благодаря поддержке Главы государства и самоотверженному труду дорожников, которые день за днем создают безопасные и комфортные маршруты для граждан и открывают новые возможности для развития регионов», — отметил Вице-министр транспорта Максат Калиакпаров в ходе мероприятия.


Кроме того, в рамках открытия дороги состоялось награждение работников, внесших весомый вклад в реализацию проекта. Им были вручены ведомственные медали,  благодарственные письма и почетные грамоты от Министерства транспорта.

Отдельно необходимо отметить, что основные строительно-монтажные работы на открытом сегодня участке автодороги «Узынагаш - Отар» начались в прошлом году и были завершены всего за два года. В реализации проекта участвовали 163 единицы техники, 290 специалистов, мобилизованы два асфальтобетонных завода и четыре дорожно-строительных управления.

С вводом в эксплуатацию 42 километрового участка «Узынагаш – Отар» дорога Алматы – Шымкент стала полностью четырехполосной. Это повысит пропускную способность магистрали, сократит время в пути, улучшит безопасность движения и укрепит транспортные связи регионов страны и  укрепит прочные экономические связи с государствами Центральной Азии.
❤1
🔹Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Алматы облысына жұмыс сапары аясында жергілікті  тұрғындармен кездесу өткізіп,  азаматтарды жеке мәселелері  бойынша қабылдады.

Кездесу барысында тұрғындар негізінен автомобиль жолдарына қатысты мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Алматы–Талғар жолын кеңейту, Ұзынағаш-Күрті жолының бірқатар учаскелерін жөндеу, Құлжа тасжолының 43-109 км аралығын және Түрген-Обсерватория жолын жөндеу, Северное кольцо - БАКАД жолының құрылысын аяқтау, Бесқайнар-Ойқарағай жолын қыс мезгілінде күтіп ұстау және оны Алматы қаласының теңгеріміне беру, Алматы–Астана жолының 27-46 км аралығында жолүсті көпірін салу қажеттілігі айтылды. Бұдан бөлек, Достық және Көктал ауылдарында жаяу жүргіншілер жолақтарын жасау мәселесі көтерілді.

Сонымен қатар, вице-министр тұрғындардың елді мекендердегі қоғамдық көлік мәселесі, автоматтандырылған өлшеу құралдарына байланысты шағымдары, жүк көліктерінің бұғатталуы және жолдарды салу немесе жөндеу кезінде жол жамылғысының сапасына қатысты сұрақтарына жауап берді.

Кездесуден кейін Мақсат Қалиақпаров азаматтарды жеке қабылдап «Алматы – Бішкек» автомобиль жолының 19-63 км аралығындағы және «Алматы – Жандосов – Прудки» жолының 23-43 км аралығындағы учаскелерін кеңейту, сондай-ақ «Көкпек – Кеген – Тюп» автомобиль жолында сервистік инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша түсініктеме берді.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық өтініштер бақылауға алынып, министрліктің жауапты қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берілді.

Бұдан бөлек, М. Қалиақпаров кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жалғастыру аясында Қонаев қаласының көпсалалы колледжінде  өңір оқушыларымен кездесіп, көлік саласындағы мамандықтардың ерекшелігі мен артықшылықтары, еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттарды түсіндірді. Сондай-ақ, «ҚТЖ» АҚ, «Қазаэронавигация» АҚ, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК және Ұзынағаш кәсіптік колледжінің өкілдері көлік саласындағы мамандықтарға түсу шарттары мен мамандық  таңдаудағы маңызды аспектілері туралы баяндады.
🔹Вице-министр транспорта Максат Калиакпаров встретился с жителями Алматинской области
 
Вице-министр транспорта Максат Калиакпаров в рамках рабочей поездки в Алматинскую область провёл встречу с местными жителями и приём граждан по личным вопросам.

В ходе встречи жители в основном поднимали вопросы, связанные с состоянием и развитием автомобильных дорог. В частности, обсуждалось расширение дороги Алматы–Талгар, ремонт отдельных участков трассы Узынагаш–Күрти, ремонт 43–109 км Кульжинской трассы и дороги Турген–Обсерватория, завершение строительства дороги Северное кольцо–БАКАД, зимнее содержание дороги Бескайнар–Ойкарагай и передача её на баланс города Алматы, а также строительство надземного пешеходного моста на 27–46 км автодороги Алматы–Астана. Также поднималась необходимость обустройства пешеходных переходов в сёлах Достык и Коктал.

Кроме того, вице-министр ответил на вопросы жителей, касающиеся общественного транспорта в населённых пунктах, жалобы на функционирования автоматизированных средств взвешивания, блокировки грузовых автомобилей, а также на качества дорожного покрытия при строительстве или ремонте дорог.

После встречи Максат Калиакпаров провёл личный приём граждан и дал разъяснения по вопросам расширения участков автомобильных дорог «Алматы – Бишкек» на 19–63 км и «Алматы – Жандосов – Прудки» на 23–43 км, а также по развитию сервисной инфраструктуры на дороге «Кокпек – Кеген – Тюп».
По итогам встречи все обращения были взяты на контроль и даны соответствующие поручения ответственным сотрудникам Министерства.

Кроме того, в рамках продолжения профориентационной работы М. Калиакпаров встретился с учащимися региона в многопрофильном колледже г. Кунаев, где рассказал о специфике и преимуществах транспортных специальностей, о востребованных направлениях на рынке труда.

Также, представители АО «КТЖ», АО «Казаэронавигация», РГП «Национальный центр качества дорожных активов» и Узынагашского профессионального колледжа рассказали об условиях поступления на специальности в сфере транспорта и ключевых аспектах выбора профессии.