ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
РЕКОНСТРУКЦИЯ ВОКЗАЛОВ: ЧТО ИЗМЕНИТСЯ ДЛЯ ПАССАЖИРОВ

🎥:24KZ
❤2
🔹2026 ЖЫЛҒА РҰҚСАТ БЛАНКІЛЕРІН АЛМАСУ КВОТАСЫ КЕЛІСІЛДІ
 
Бүгінгі күні отандық тасымалдаушылар әлемнің 42 елімен жасалған автомобиль көлігі туралы үкіметаралық келісімдер аясында жүк тасымалдарын жүзеге асырып келеді.

Аталған келісімдердің 33-і жүк тасымалына толық рұқсат беру жүйесін көздейді, 8-і тек үшінші елдерге және үшінші елдерден жүк тасымалдау үшін рұқсат беру жүйесін қарастырады (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Армения, Румыния, Сербия, Иран (келісімге қол қойылған)), ал 2-і көлік құралдарының толық рұқсатсыз өтуін көздейді (Тәжікстан, Түрікменстан (келісімге қол қойылған)).

Осыған байланысты жыл сайын халықаралық автомобиль тасымалдары нарығындағы отандық мүдделерді ескере отырып, шетелдік уәкілетті органдармен рұқсат бланкілерін алмасу жүзеге асырылады. Бұл бланкілер автоматтандырылған жүйе арқылы бөлініп, өтінімдер негізінде отандық тасымалдаушыларға беріледі.

2025 жылы шетел мемлекеттерімен жалпы саны 506 мың дана рұқсат бланкісімен алмасу жүргізілді.

Осылайша, 2026 жылға 40 мемлекетпен шамамен 150 мың рұқсат бланкісін алмасу жөнінде алдын ала квота келісілді.

Бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы да жалғасын табатын болады.

➖

🔹НА 2026 ГОД СОГЛАСОВАНА КВОТА ОБМЕНА БЛАНКАМИ РАЗРЕШЕНИЙ
 
 
На сегодняшний день отечественные перевозчики осуществляют перевозки грузов в рамках межправительственных соглашений об автомобильном транспорте, заключенных с 42 государствами.

Из указанных соглашений 33 предусматривают полностью разрешительную систему для перевозок грузов, 8 предусматривают разрешительную систему только для перевозок в\из третьих стран (РФ, РБ, РУ, КР, Армения, Румыния, Сербия, Иран (соглашение подписано) и 2 предусматривают полностью безразрешительную систему проезда (Таджикистан, Туркменистан (соглашение подписано)).

В этой связи, ежегодно с учетом интересов отечественного рынка международных автомобильных перевозок, осуществляется обмен бланками разрешений с иностранными уполномоченными органами, которые распределяются в автоматизированной системе и по заявкам выдаются отечественным перевозчикам.

В 2025 году произведен обмен 506 тыс. единиц бланков разрешений с иностранными государствами.

Так, на 2026 год с 40 государствами согласована предварительная квота обмена бланками разрешений в количестве порядка 150 тыс. единиц.

Работа в данном направлении будет продолжена в течение следующего года.
👍2
🔹Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев ИКАО аудитінің қорытындысы бойынша марапатталды
 
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік және формальдылықты оңайлату бойынша жүргізілген аудитінің нәтижесінде Қазақстан ИКАО-ның халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7%-ды көрсетті. Бұл нәтиже 2017 жылғы 83% көрсеткіштен едәуір жоғары болып, Қазақстанға авиациялық қауіпсіздік бойынша халықаралық талаптарға сәйкестік деңгейі ең жоғары әлемнің үздік 20 елінің қатарына енуге мүмкіндік берді.

Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі және аудитті дайындау мен өткізу жұмыстарын үйлестірудегі еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің атынан Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевқа алғыс хатты Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев табыс етті.

➖

🔹Вице-министр транспорта РК Талгат Ластаев награждён по итогам аудита ИКАО по авиационной безопасности
 
По итогам аудита Международной организации гражданской авиации (ИКАО) по авиационной безопасности и упрощению формальностейКазахстан достиг уровня соответствия международным стандартам ИКАО на 95,7%. Этот результат значительно превысил показатель 83% 2017 года, и позволил Казахстану войти в топ-20 стран мира по уровню соответствия международным требованиям авиационной безопасности.

За значительный вклад в обеспечение авиационной безопасности и координацию работ по подготовке и проведению аудита благодарственное письмо от имени Премьер-Министра Республики Казахстан Олжаса Бектенова Вице-министру транспорта Республики Казахстан Талгат Ластаев вручил Министр транспорта Республики Казахстан Нурлан Сауранбаев.
⚠️Алдағы күндері ел аумағында ауа райының тұрақсыз болуы күтіледі

Жаңа жыл мерекелері кезеңінде, 30 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының аумағында ауа райының тұрақсыз болуы күтіледі.

Бірқатар өңірлерде қар жаууы, боран, тұман, көктайғақ және ауа температурасының күрт өзгеруі болжануда. Бұл, әсіресе, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін.

Ең күрделі жол жағдайы елдің солтүстік, орталық және батыс өңірлерінде күтіледі. Аталған аймақтарда қар құрсауы, көріну қашықтығының төмендеуі және жолдарда мұз қабатының пайда болуы ықтимал.

Ал оңтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақыттарда көктайғақтың түзілуімен қатар жаңбыр мен сулы қар жаууы мүмкін.

Осыған байланысты жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Мереке күндері республикалық маңызы бар автожолдарда 1700-ден астам арнайы техника мен шамамен 2500 қызметкер жұмылдырылады. Жол жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіліп, жауапты кезекшілер бекітілген.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясында 1403 нөмірі арқылы тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық қызмет көрсетеді. Бұл нөмірге хабарласу арқылы азаматтар автожолдардың жай-күйі мен қозғалысқа енгізілген шектеулер туралы өзекті ақпарат алып, қажет болған жағдайда көмекке жүгіне алады.

Азаматтарға жолға шығар алдында бағытты алдын ала жоспарлап, ауа райы жағдайын ескеріп, жол ахуалын нақтылау ұсынылады.

Қолайсыз ауа райы кезінде балама қозғалыс түрлерін, оның ішінде теміржол көлігін пайдалану ұсынылады.

Жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін сақтауға, қауіпсіз арақашықтықты ұстануға және жолда барынша мұқият болуға шақырамыз. Азаматтардың қауіпсіздігі басты басымдық болып қала береді.

➖

⚠️В ближайшие дни на территории страны ожидается нестабильная погода

В период новогодних праздников, с 30 декабря по 4 января, на территории Республики Казахстан ожидается неустойчивая погода. В ряде регионов прогнозируются снегопады, метели, туманы, гололёд и резкие перепады температур, что может повлиять на безопасность движения, особенно на дорогах республиканского значения.

Наиболее сложная дорожная обстановка ожидается в северных, центральных и западных регионах страны где возможны снежные заносы, ухудшение видимости и образование ледяной корки на проезжей части. В южных областях возможны дожди и мокрый снег с образованием гололёда в ночные и утренние часы.

В связи с этим дорожные службы работают в усиленном режиме. В праздничные дни на республиканских автодорогах будет задействовано более 1700 единиц спецтехники и около 2500 сотрудников. Ведется круглосуточный мониторинг ситуации, назначены ответственные дежурные.

В компании «КазАвтоЖол» функционирует круглосуточный колл-центр 1403, где граждане могут получить актуальную информацию о состоянии дорог, ограничениях движения и при необходимости обратиться за помощью.

Гражданам рекомендуется заранее планировать маршруты, учитывать погодные условия и перед выездом уточнять дорожную обстановку. В неблагоприятную погоду также советуют рассмотреть альтернативные способы передвижения, в том числе железнодорожный транспорт.

Участников дорожного движения призывают соблюдать скоростной режим, дистанцию и быть предельно внимательными. Безопасность граждан остается главным приоритетом.
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Председатель Комитета железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта РК Кельбуганов Нуржан Амангельдинович принял участие в общественно-политическом ток-шоу «В контексте», где были обсуждены вопросы развития железнодорожной инфраструктуры, перевозки грузов и развития отрасли

🎥: JIBEK JOLY
👍2
🚊Ақтөбе – Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызының вагондары жаңартылды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің қамтамасыз етуімен №109/110 «Ақтөбе – Маңғыстау» бағыты бойынша жолаушылар теміржол қатынасы қайта жанданып, пойызға Ұлттық тасымалдаушы қызмет көрсетуде.

Аталған бағыт бойынша бұған дейін «Otpan Logistik» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсетіп келген. Вагондардың техникалық жай-күйіне қатысты халық тарапынан көптеген шағымдар түсуіне байланысты, сондай-ақ жылжымалы құрамды жаңарту жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына орай компаниямен жасалған келісімшарт бұзылды.

Қазіргі уақытта жолаушылар тасымалы Ұлттық тасымалдаушы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрамындағы пойыздармен жүзеге асырылуда. Пойыз отандық өндірісте шығарылған жаңа жолаушылар вагондарымен қамтамасыз етілген.
Пойыз құрамында 5 купе және 6 плацкарт вагоны бар. Бір бағыттағы жалпы сыйымдылығы 400-ден астам жолаушыны құрайды.

Вагондар қауіпсіздік және жайлылық бойынша заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Купе вагондары эргономикалық орындармен, жеке жарықдиодты шамдармен, USB-порттармен және электр розеткаларымен жабдықталған. Ерекше қажеттілігі бар жолаушылар үшін арнайы купелер, мүгедектер арбасын орналастыруға арналған орындар және жолсерікті шақыру түймесі қарастырылған.

Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушы жүзеге асыратын жолаушылар тасымалы клинингке, жылжымалы құрамның техникалық жай-күйіне және қызмет көрсету деңгейіне қойылатын бірыңғай сапа стандарттарына сәйкес атқарылады.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі әлеуметтік маңызы бар бағыттарда тұрақты жолаушылар қатынасын қамтамасыз ету және жолаушылар паркін кезең-кезеңімен жаңарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
🚊Обновлены вагоны пассажирского поезда Актобе – Мангистау

Министерством транспорта Республики Казахстан обеспечено возобновление пассажирского железнодорожного сообщения по маршруту №109/110 «Актобе – Мангистау» с обслуживанием поезда Национальным перевозчиком.

Ранее маршрут обслуживался частным перевозчиком ТОО «Otpan Logistik», на состояние вагонов которой были многочисленные жалобы со стороны населения. Договор с указанной компанией расторгнут в связи с неисполнением обязательств по обновлению пассажирского подвижного состава.

Перевозка пассажиров по маршруту осуществляется поездами формирования Национального перевозчика АО “Пассажирские перевозки” с использованием новых пассажирских вагонов отечественного производства.

В составе поезда предусмотрены 5 купейных и 6 плацкартных вагонов, общей вместимостью более 400 пассажиров в одном направлении.

Вагоны соответствуют современным требованиям по безопасности, надёжности и уровню комфорта. Купейные вагоны оснащены эргономичными спальными местами, индивидуальными светодиодными светильниками, USB-портами и электрическими розетками. Для пассажиров с ограниченными возможностями предусмотрены специальные купе, места для размещения инвалидных колясок и кнопка вызова проводника.

Отметим, что пассажирские перевозки Национального перевозчика осуществляются в соответствии с едиными стандартами качества, включающими требования к клинингу, техническому состоянию подвижного состава и уровню сервиса.

Министерство транспорта продолжает системную работу по обеспечению устойчивого пассажирского сообщения и поэтапному обновлению пассажирского парка на социально значимых маршрутах.
🚉Қазақстанда теміржол вокзалдарын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда
 
Қазақстанда теміржол вокзалдарын жаңғырту бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба аясында облыс орталықтарында, шағын қалалар мен елді мекендерде орналасқан 124 вокзал бір уақытта жаңартылуда.

Олардың көпшілігі кеңес дәуіріне дейін немесе кеңестік кезеңде салынған және соңғы 30–40 жылда күрделі жөндеуден өтпеген. Техникалық тексеру нәтижесінде кейбір вокзалдар апатты деп танылды. Мұндай ғимараттар бұзылып, олардың орнына заманауи жаңа вокзал кешендері салынуда.

Бағдарлама аясында вокзал аумақтары кеңейтіліп, инженерлік жүйелер жаңартылады. Сондай-ақ қасбеттер мен ішкі көрініс, күту залдары мен жолаушылар платформалары жөнделеді. Санитарлық жағдай мен қауіпсіздік деңгейі де жақсартылады.

Жобаны іске асыру вокзалдардың өткізу қабілетін арттырып, көлік қызметінің сапасын жақсартуға және қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жөндеу жұмыстарын облыстық әкімдіктер таңдаған мердігер ұйымдар жүргізеді. Қаржыландыру «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қайта жаңғырту аяқталғаннан кейін жолаушылар заманауи күту залдарын, жаңартылған ақпараттық және навигациялық жүйелерді, сондай-ақ барлық азаматтарға қолайлы жағдайларды пайдалана алады.

Бағдарламаның басты мақсаты — Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын қазіргі заманғы және халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сай ету.

➖

🚉В Казахстане продолжается реконструкция железнодорожных вокзалов
 
В Казахстане реализуется масштабная программа модернизации железнодорожных вокзалов. В рамках проекта одновременно по всей стране обновляются 124 вокзала, включая объекты в областных центрах, малых городах и населённых пунктах.

Часть вокзалов, построенных в досоветский и советский периоды и не проходивших капитальный ремонт на протяжении 30–40 лет, по итогам технического обследования признана аварийной. Такие здания демонтированы, на их месте возводятся новые вокзальные комплексы.

Программа предусматривает расширение площадей вокзалов, модернизацию инженерных систем, обновление фасадов, интерьеров, залов ожидания и пассажирских платформ, а также улучшение санитарно-технических условий и уровня безопасности.
Реализация проекта позволит увеличить пропускную способность вокзалов, повысить качество транспортного обслуживания и обеспечить доступность для маломобильных групп населения.

Работы выполняются подрядными организациями, отобранными областными акиматами. Финансирование осуществляется за счёт средств АО «НК «Казахстан темир жолы».

По завершении реконструкции пассажиры получат современные залы ожидания, обновлённые навигационные и информационные системы, улучшенные инженерные решения и комфортные условия для всех категорий граждан.

Реализация программы направлена на приведение железнодорожной инфраструктуры Казахстана к современным и международным стандартам качества и безопасности.