ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
Құрметті отандастар!

Сіздерді жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа жылда еліміз үлкен жетістіктерге жетіп, болашағымыз баянды болғай. Әрдайым аспанымыз ашық, жолдарымыз тегіс, сапарларымыз сәтті болсын.

Жылқы жылы тек жарқын сәттермен қуантып, мерейіміз арта берсін. Әр шаңыраққа амандық, ырыс-береке, мол табыс тілейміз!
Жаңа жыл жақсылығымен келсін!
👍3
Forwarded from UKIMET
Президенттің әуе хабтарын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру: 2026 жылы елімізде қандай жаңа әуежайлар мен рейстер пайда болады

📌 Үкімет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, оны ішінде Көлік министрлігі 2026 жылы азаматтық авиация саласында авиациялық хабтарды дамыту және Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту бағытындағы жұмысын жалғастырады. ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева жұмыстың негізгі бағыттары туралы баяндады.

💬Осы ретте еліміздің ірі авиациялық тораптарында инфрақұрылымдық жобалар кешенін іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Астана және Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарының құрылысы басталады, Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалы қайта жаңғыртылады, сондай-ақ Ақтау әуежайының перронына күрделі жөндеу жүргізіледі💬,

— деп атап өтті ол.

Сонымен қатар өңірлік жобалар да жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде:
🟦Атырау әуежайының жаңа терминалын салу,
🟦Павлодар әуежайын реконструкциялау,
🟦Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы әуежайлар құрылысын аяқтау,
🟦Арқалық әуежайын қалпына келтіру.

🛢 Инфрақұрылымды жаңғырту шеңберінде әуежайларда JetA-1 авиаотын сақтау және құю жүйелері жаңартылады. Бұл авиакомпанияларды отынмен қамтамасыз ету мен қызмет көрсету сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

💬Бұдан бөлек, 2026 жылдың соңына дейін әуе компаниялары 9 жаңа әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл әуе паркін шамамен 118 бірлікке дейін ұлғайтып, әуе тасымалдарының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Өңірлердің көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету және туризмді дамыту мақсатында әлеуметтік маңызы бар 23 әуе бағыты бойынша субсидиялау бағдарламасы жалғасын табады💬,

— деп түсіндірді Салтанат Томпиева.

✈️ Сонымен қатар 2026 жылы халықаралық әуе қатынасын дамыту жұмыстары жалғасады. Халықаралық жаңа әуе бағыттарын ашу және бұрын тоқтатылған рейстерді жандандыру, сондай-ақ қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру жоспарланып отыр.

🌍 Бағыттар желісін Орталық Азия мен ТМД елдеріне, сондай-ақ Таяу Шығыс, Еуропа және Азия мемлекеттеріне кеңейту көзделген. Атап айтқанда, Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Әр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Сиань, Шанхай, Үрімші, Қашғар, Варшава және басқа да бағыттар бойынша рейстер ашу жоспарлануда.

⚙️ Сала кадрларын даярлау жүйесін реформалау жұмыстары жалғасады, жаңа авиациялық оқу орталығын құру мәселесі пысықталады, сондай-ақ азаматтық авиацияда цифрлық шешімдерді енгізу, паспорттық бақылау, e-Freight жүйесі және басқа да жүйелер автоматтандырылады.

💬Сонымен қатар 2026 жылы ICAO-мен бірлесе азаматтық авиацияның Бас жоспары әзірленіп, саланы 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы дайындалады. Жалпы алғанда, аталған міндеттер кешенді және жүйелі сипатқа ие болып, қазіргі инфрақұрылымдық және реттеуші мәселелерді шешуге, сондай-ақ саланың ұзақ мерзімді дамуы үшін тұрақты жағдай қалыптастыруға бағытталған. Олардың жүзеге асуы әуе тасымалдарының сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, ұшу қауіпсіздігін күшейтуге және Қазақстанның аймақтық және халықаралық авиациялық жүйедегі рөлін нығайтуға мүмкіндік береді💬,

— деп қорытындылады сөзін ААК төрағасы.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Реализация поручений Президента по развитию авиахабов: какие новые аэропорты и рейсы появятся в Казахстане в 2026 году

📌 По поручению Президента Касым-Жомарта Токаева Правительство в лице Министерства транспорта работа по развитию авиационных хабов и укреплению транзитного потенциала Казахстана в сфере гражданской авиации в 2026 году будет продолжена. Об основных направлениях доложила председатель Комитета гражданской авиации ведомства РК Салтанат Томпиева.

💬Так, запланирована реализация комплекса инфраструктурных проектов в крупнейших авиаузлах страны. В частности, начнется строительство вторых взлетно-посадочных полос в аэропортах Астаны и Шымкента, будет проведена реконструкция терминала внутренних рейсов аэропорта Алматы, а также капитальный ремонт перрона аэропорта Актау💬,

— отметила она.

Одновременно реализуются региональные проекты, включая:
🟦строительство нового терминала аэропорта Атырау,
🟦реконструкцию аэродрома Павлодара,
🟦завершение строительства аэропортов в курортных зонах Катон-Карагай, Зайсан и Кендерли,
🟦восстановление аэропорта Аркалык.

🛢 В рамках модернизации инфраструктуры будет обновлена система хранения и заправки авиационного топлива Jet A-1 в аэропортах, что позволит повысить надежность топливного обеспечения и обслуживания авиаперевозчиков.

💬Кроме того, до конца 2026 года авиакомпаниями планируется приобретение 9 новых самолетов, что позволит увеличить общий парк до порядка 118 единиц и расширит провозную емкость воздушных авиаперевозок. В целях обеспечения транспортной доступности регионов и развития туризма будет продолжена программа субсидирования по 23 социально значимым авиамаршрутам💬,

— пояснила Салтанат Томпиева.

✈️ Вместе с тем, в 2026 году будет продолжена работа по развитию международного авиасообщения. Планируется возобновление и открытие новых международных авиамаршрутов, а также увеличение частоты рейсов по действующим направлениям.

🌍 Предусматривается расширение маршрутной сети в страны Центральной Азии и СНГ, а также в государства Ближнего Востока, Европы и Азии, в том числе по направлениям в Вену, Токио, Рим, Абу-Даби, Эр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Сиань, Шанхай, Урумчи, Кашгар, Варшаву и другим направлениям.

⚙️ Продолжится реформирование системы подготовки кадров для отрасли, проработка создания нового авиационного учебного центра, а также внедрения цифровых решений в гражданской авиации, автоматизации систем паспортного контроля, системы e-Freight и других.

💬Также в 2026 году будет завершена разработка Мастер-плана гражданской авиации совместно с ICAO по стратегии развития отрасли до 2050 года. В целом обозначенные задачи носят комплексный и системный характер и направлены на решение как текущих инфраструктурных и регуляторных вопросов, так и на формирование устойчивых условий для долгосрочного развития отрасли. Их реализация позволит повысить качество и доступность авиаперевозок, укрепить безопасность полетов и усилить роль Казахстана в региональной и международной авиационной системе💬,

— заключила председатель КГА.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Жоба аясында облыс орталықтары мен өңірлерде 124 вокзал жаңартылып, қауіпсіздік деңгейі мен қызмет көрсету сапасы артады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы 24KZ телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасында ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Елдос Нестай баяндады.

🎥:24KZ
👍2❤1
Forwarded from UKIMET
1,6 мың шақырым жол және 2 мыңға жуық жаңа вагон: теміржол саласында не өзгереді

📌 Көлік инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту жөніндегі Президент тапсырмаларын жүзеге асыру іс жүзінде орындаудың белсенді кезеңіне өтті. Бұл туралы ҚР көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов мәлімдеді.

🚉 2025 жылдың қорытындысы бойынша теміржол саласы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді: тасымалдау көлемі шамамен 318 млн тоннаға жетті, бұл саланың тұрақты өсіп келе жатқанын растайды. 2026 жылы тасымал көлемі 327 млн тоннаны құрайды деп болжанып отыр. Бұл ретте транзиттік тасымал жыл сайынғы тұрақты өсімді 20% деңгейінде көрсетеді.

💬Еліміздің толыққанды теміржол қаңқасын қалыптастыру жұмыстары жалғасуда.

Биыл "Достық – Мойынты" және "Алматы айнаалма жолы" сияқты ірі жобалар аяқталды, олардың жалпы ұзындығы – 911 шақырым. Бұл желінің өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға және транзиттік тасымалдарды жеделдетуге мүмкіндік берді.

Келесі жылы "Қызылжар – Мойынты" және "Дарбаза – Мақтаарал" учаскелерінде стратегиялық құрылыс жобалары, сондай-ақ "Алтынкөл – Жетіген" және "Бейнеу – Маңғыстау" бағыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталады💬,

— деп атап өтті вице-министр.

⚙️ Бұған қосымша пойыздарды реттеудің заманауи жүйелері енгізілуде, бұл теміржолдардың қозғалыс қауіпсіздігі мен өткізу қабілетін тікелей арттырады.

🛠 Теміржолдарды күрделі жөндеу жалғасуда, 2025 жылы 1,5 мың шақырым жол жөнделді, ал 2026 жылы 1,6 мың шақырым жөндеу жоспарланған.

🚆 Одан бөлек 236 локомотив, 1,4 мыңнан астам жүк және заманауи 191 жолаушылар вагонын жеткізу жоспарлануда. Бұл көлік қызметтерінің сенімділігі мен сапасын айтарлықтай жақсартады.

🛤 Халықаралық көлік дәліздері де қарқынды дамып келеді. Олар – Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) және Солтүстік – Оңтүстік бағыттары.

🔺 ТХКБ-ның өткізу қабілетін арттыру шеңберінде порттар инфрақұрылымын жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда, мәселен, отандық сауда флоты 4 пароммен толықтырылады. 2026 жылы контейнерлер тасымалы көлемін 90 мың ЖПЭ-ге дейін жеткізу жоспарлануда.

🔹 Келесі жылы Солтүстік – Оңтүстік дәлізі бойынша елдің батыс өңіріндегі теміржол учаскелерін жаңғырту аяқталады.

🔹 Президент тапсырмалары аясында елімізде вокзалдарды жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде және 2026 жылы аяқталады.

💬Осылайша, 2026 жыл Қазақстанның заманауи әрі орнықты, бәсекеге қабілетті көлік жүйесін қалыптастыратын негізгі инфрақұрылымдық жобаларының аяқталып, іс жүзінде жемісін бере бастаған кезеңі болады💬,

— деп атап өтті Жәнібек Тайжанов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from UKIMET
1,6 тыс. км путей и почти 2 тыс. новых вагонов: что изменится на железных дорогах

📌 Реализация поручений Главы государства по развитию транспортной инфраструктуры и укреплению транзитного потенциала Казахстана перешла в активную фазу практического исполнения. Об этом сообщил вице-министр транспорта РК Жанибек Тайжанов.

🚉 По итогам 2025 года железнодорожная отрасль показала рекордные показатели: объем перевозок достиг порядка 318 млн тонн, что подтверждает устойчивый рост отрасли. В 2026 году прогнозируемый объем перевозок составит 327 млн тонн. Транзитные перевозки при этом показывают стабильный ежегодный рост на уровне 20%.

💬Продолжается работа по формированию полноценного железнодорожного каркаса страны.

В текущем году, завершили крупные проекты такие как Достык – Мойынты и обводная Алматы, общей протяженностью – 911 км, что позволило увеличить пропускную способность сети в 5 раз и ускорению транзитных перевозок.

В следующем году будут завершены стратегические проекты строительства на участках "Кызылжар – Мойынты" и "Дарбаза – Мактаарал", а также модернизация направлений "Алтынколь – Жетыген" и "Бейнеу – Мангыстау"💬,

— отметил вице-министр.

⚙️ Дополнительно внедряются современные системы регулирования поездов, что напрямую повысит безопасность движения и пропускную способность железных дорог.

🛠 Продолжается капитальный ремонт железнодорожных путей, в 2025 году отремонтировано 1,5 тыс. км, а в 2026 году планируется 1,6 тыс. км.

🚆 Планируется поставка 236 локомотивов, свыше 1,4 тыс. грузовых и 191 современных пассажирских вагонов.
Это существенно улучшит надежность и качество транспортных услуг.

🛤 Активно развиваются и международные транспортные коридоры: Транскаспийский международный транспортный маршрут (ТМТМ) и Север-Юг.

🔺 В рамках наращивания пропускной способности ТМТМ реализуются проекты по модернизации портовой инфраструктуры, отечественный торговый флот пополнится 4 паромами. На 2026 год планируется довести объем контейнеропотока до 90 тыс. ДФЭ.

🔹 По коридору Север – Юг в следующем году будут завершены модернизация ж/д участков в западном регионе страны.

🔹 В рамках поручений Президента в стране реализуется масштабная программа модернизации вокзалов. Работы ведутся поэтапно, и будут завершены в 2026 году.

💬Таким образом, 2026 год станет этапом завершения и практической отдачи ключевых инфраструктурных проектов, формирующих современную, устойчивую и конкурентоспособную транспортную систему Казахстана💬,

— подчеркнул Жанибек Тайжанов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚊Солтүстік Қазақстан облысында үш вокзал қайта жаңартылуда

Солтүстік Қазақстан облысында Жаңаесіл, Саумалкөл және Тайынша станцияларындағы үш теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жобаның негізгі мақсаты – жолаушылар инфрақұрылымын жаңарту және қызмет көрсету сапасын арттыру.

Жоба аясында вокзал ғимараттарын кешенді түрде жаңғырту, ішкі бөлмелер мен инженерлік желілерді жаңалау, сондай-ақ жолаушылар ағынын ескере отырып күту залдарын қайта жоспарлау көзделген.

Жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ өрт, терроризмге қарсы және санитарлық қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады.

Жұмыстар облыс әкімдігі айқындаған мердігер ұйымдар тарапынан жүзеге асырылуда.

Жаңаесіл станциясындағы аумағы 570 шаршы метрді құрайтын вокзал ғимаратында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу сатысына жетті.

Саумалкөл және Тайынша станцияларында инженерлік желілерді орнату мен ішкі әрлеу бойынша соңғы жұмыстар жүргізілуде. Аумағы 442 шаршы метр болатын Тайынша вокзалының да дайындық деңгейі аяқталу кезеңінде.

Қайта жаңғырту жұмыстарының аяқталуы жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттырып, вокзал кешендерін теміржол саласының заманауи талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

➖

🚊В Северо-Казахстанской области реконструируют три вокзала

В Северо-Казахстанской области продолжается реконструкция трёх железнодорожных вокзалов на станциях Жанаесиль, Саумалколь и Тайынша. Работы направлены на обновление пассажирской инфраструктуры и повышение качества обслуживания.

Проект предусматривает комплексную модернизацию зданий, обновление внутренних помещений и инженерных сетей, а также перепланировку залов ожидания с учётом пассажиропотока. Особое внимание уделяется созданию комфортных условий для пассажиров, а также соблюдению требований пожарной, антитеррористической и санитарной безопасности.

Работы выполняются подрядными организациями, определёнными областным акиматом.

На станции Жанаесиль в здании вокзала площадью 570 квадратных метров строительно-монтажные работы находятся на завершающей стадии.

На станциях Саумалколь и Тайынша продолжаются завершающие работы по устройству инженерных сетей и внутренней отделке. Готовность вокзала в Тайынше, площадь которого составляет 442 квадратных метра, также находится на завершающем этапе.

Завершение реконструкции позволит повысить уровень комфорта и безопасности пассажиров, а также привести вокзальные комплексы в соответствие с современными требованиями железнодорожной отрасли.
👍2
Forwarded from UKIMET
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: 2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол салынады және жөнделеді

📌 Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған автожол инфрақұрылымын жүйелі дамыту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылға арналған жоспарлар туралы ҚР көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров баяндады.

🔹 2026 жылы бұл жұмыс жол-құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін қамти отырып, шамамен 11 мың шақырым автомобиль жолында жүзеге асырылатын болады.

Жалпы көлемнің 2,3 мың шақырымы құрылыс және реконструкциялау жұмыстарына, 5 мың шақырымы күрделі және орташа жөндеуге, ал тағы 4 мың шақырымы жергілікті маңызы бар жол желісін дамыту жобаларына бағытталады.

📍 2026 жылы құрылыс пен реконструкциялау бойынша негізгі жобалардың қатарында Ұлытау облысы аумағындағы ұзындығы 208 шақырым болатын Қызылорда – Жезқазған автожолындағы жұмыстарды жалғастыру, жалпы ұзындығы 896 шақырымды құрайтын «Орталық – Батыс» жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ 232 шақырымды құрайтын Ақтөбе – Ұлғайсын, 572 шақырымдық Қарағанды – Жезқазған және өзге де бағыттар бойынша жобалар бар.

«2026 жылы Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Бұл біздің транзиттік-көліктік әлеуетімізді дамытуға қатысты. Үлкен жобалардың қатарында: Ақтөбе – Ұлғайсын, Қарағанды – Жезқазған, Бейнеу – Сексеуіл және өте маңызды басты жоба – "Орталық-Батыс".

Бүгінгі күні барлық жоспарланған іс-шаралар мен қажетті техникалық-экономикалық негіздемелер алынды, жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде, қажетті қаржы көзделген»,

— деп атап өтті Мақсат Қалиақпаров.

🚧 Ірі елді мекендерді айналып өтетін жолдарды салу мен реконструкциялауға ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл және Рудный қалаларының айналма жолдары бойынша жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

🛤 Сонымен қатар Рахман қайнарларына апаратын жолды, сондай-ақ Петропавл – Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы учаскесін қоса алғанда, туристік және шекаралық бағыттарды дамыту жұмыстары жалғасады.

🟦 Күрделі және орташа жөндеу жобаларын жүзеге асыру шеңберінде 2026 жылы Жезқазған – Петропавл, Атырау – Орал, Жаңаөзен – Кендірлі, Мұқыр – Құлсары, Макинск – Ақсу – Торғай және тағыда басқа бағыттарда жол жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

🔸 Жергілікті жол желісі бойынша Ақтау – Форт-Шевченко, Түркістан – Шәуілдір, Чапай – Сайқын жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ Семей қаласында автогужевтік көпір құрылысын жалғастыру көзделуде.

⚙️ Сонымен қатар автожол саласында заманауи цифрлық және технологиялық шешімдерді енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта автомобиль жолдарында 71 автоматтандырылған өлшеу стансасы орнатылған, оның ішінде 38-і республикалық маңызы бар жолдарда, 33-і жергілікті жол желісінде орналасқан.

🔹 Алдағы кезеңде олардың санын 220 бірлікке дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Автоматтандырылған өлшеу стансаларын орнату және пайдалану бойынша бірыңғай техникалық талаптар бекітіліп, олар «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» (ӘӨБТ) процессингтік орталығымен интеграцияланды. Соның нәтижесінде автоматтандырылған стансалар тіркеген салмақ параметрлерінің бұзылуына қатысты нұсқамалар автоматты режимде қалыптастырылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
«Жүзеге асыру бөлігінде бізде автомобиль өткізу пункттері бойынша жаңғырту жүріп жатыр. Ауқымды жұмыс басталды. 2026-2027 жылдар ішінде біз 33 өткізу пунктін толық жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. 2030 жылға қарай олардың өткізу қабілетін 35 млн тоннаға дейін ұлғайту мүмкіндігімен реконструкцияны толығымен аяқтаймыз»,

— деді вице-министр.

🔍 2026 жылы автожол саласындағы e-Joldar бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосу жоспарлануда. Аталған жүйенің негізгі мақсаты — эталондық деректерді шоғырландыру және олардың қоғамдық бақылау үшін ашықтығын қамтамасыз ету.

«Сондай-ақ бізде автомобиль жолдары бөлігінде саланы цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біз қазір толық қалыптастырған "E-Joldar" ақпараттық жүйесін жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз: барлық қажетті техникалық тапсырмалар, шарттар алынды. Келесі жылдан бастап толтыру басталады, бұл қажетті құжаттарға, төлқұжаттарға, жөндеуаралық мерзімдерге жалпы қол жетімділіктің толық болуына, қоғамдық бақылауға, барлығына қол жеткізуге мүмкіндік береді»,

— деп атап өтті ол.

💬 Вице-министрдің айтуынша, 2026 жыл ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды, қолданыстағы жол желісін жаңғыртуды және заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді үйлестіретін автожол саласын дамытудың маңызды кезеңіне айналады. Жол салу, жөндеу және басқару салаларындағы кешенді тәсіл автомобиль жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, өңірлердің тұрақты дамуына және еліміздің көлік инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Келесі жылға ауқымды жұмыс жоспарланған, Мемлекет басшысы қойған барлық міндеттер мен мақсаттар мерзімінде және толық орындалатын болады»,

— деп қорытындылады Мақсат Қалиақпаров.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1