ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: 2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол салынады және жөнделеді

📌 Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған автожол инфрақұрылымын жүйелі дамыту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылға арналған жоспарлар туралы ҚР көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров баяндады.

🔹 2026 жылы бұл жұмыс жол-құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін қамти отырып, шамамен 11 мың шақырым автомобиль жолында жүзеге асырылатын болады.

Жалпы көлемнің 2,3 мың шақырымы құрылыс және реконструкциялау жұмыстарына, 5 мың шақырымы күрделі және орташа жөндеуге, ал тағы 4 мың шақырымы жергілікті маңызы бар жол желісін дамыту жобаларына бағытталады.

📍 2026 жылы құрылыс пен реконструкциялау бойынша негізгі жобалардың қатарында Ұлытау облысы аумағындағы ұзындығы 208 шақырым болатын Қызылорда – Жезқазған автожолындағы жұмыстарды жалғастыру, жалпы ұзындығы 896 шақырымды құрайтын «Орталық – Батыс» жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ 232 шақырымды құрайтын Ақтөбе – Ұлғайсын, 572 шақырымдық Қарағанды – Жезқазған және өзге де бағыттар бойынша жобалар бар.

«2026 жылы Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Бұл біздің транзиттік-көліктік әлеуетімізді дамытуға қатысты. Үлкен жобалардың қатарында: Ақтөбе – Ұлғайсын, Қарағанды – Жезқазған, Бейнеу – Сексеуіл және өте маңызды басты жоба – "Орталық-Батыс".

Бүгінгі күні барлық жоспарланған іс-шаралар мен қажетті техникалық-экономикалық негіздемелер алынды, жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде, қажетті қаржы көзделген»,

— деп атап өтті Мақсат Қалиақпаров.

🚧 Ірі елді мекендерді айналып өтетін жолдарды салу мен реконструкциялауға ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл және Рудный қалаларының айналма жолдары бойынша жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

🛤 Сонымен қатар Рахман қайнарларына апаратын жолды, сондай-ақ Петропавл – Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы учаскесін қоса алғанда, туристік және шекаралық бағыттарды дамыту жұмыстары жалғасады.

🟦 Күрделі және орташа жөндеу жобаларын жүзеге асыру шеңберінде 2026 жылы Жезқазған – Петропавл, Атырау – Орал, Жаңаөзен – Кендірлі, Мұқыр – Құлсары, Макинск – Ақсу – Торғай және тағыда басқа бағыттарда жол жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

🔸 Жергілікті жол желісі бойынша Ақтау – Форт-Шевченко, Түркістан – Шәуілдір, Чапай – Сайқын жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ Семей қаласында автогужевтік көпір құрылысын жалғастыру көзделуде.

⚙️ Сонымен қатар автожол саласында заманауи цифрлық және технологиялық шешімдерді енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта автомобиль жолдарында 71 автоматтандырылған өлшеу стансасы орнатылған, оның ішінде 38-і республикалық маңызы бар жолдарда, 33-і жергілікті жол желісінде орналасқан.

🔹 Алдағы кезеңде олардың санын 220 бірлікке дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Автоматтандырылған өлшеу стансаларын орнату және пайдалану бойынша бірыңғай техникалық талаптар бекітіліп, олар «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» (ӘӨБТ) процессингтік орталығымен интеграцияланды. Соның нәтижесінде автоматтандырылған стансалар тіркеген салмақ параметрлерінің бұзылуына қатысты нұсқамалар автоматты режимде қалыптастырылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
«Жүзеге асыру бөлігінде бізде автомобиль өткізу пункттері бойынша жаңғырту жүріп жатыр. Ауқымды жұмыс басталды. 2026-2027 жылдар ішінде біз 33 өткізу пунктін толық жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. 2030 жылға қарай олардың өткізу қабілетін 35 млн тоннаға дейін ұлғайту мүмкіндігімен реконструкцияны толығымен аяқтаймыз»,

— деді вице-министр.

🔍 2026 жылы автожол саласындағы e-Joldar бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосу жоспарлануда. Аталған жүйенің негізгі мақсаты — эталондық деректерді шоғырландыру және олардың қоғамдық бақылау үшін ашықтығын қамтамасыз ету.

«Сондай-ақ бізде автомобиль жолдары бөлігінде саланы цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біз қазір толық қалыптастырған "E-Joldar" ақпараттық жүйесін жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз: барлық қажетті техникалық тапсырмалар, шарттар алынды. Келесі жылдан бастап толтыру басталады, бұл қажетті құжаттарға, төлқұжаттарға, жөндеуаралық мерзімдерге жалпы қол жетімділіктің толық болуына, қоғамдық бақылауға, барлығына қол жеткізуге мүмкіндік береді»,

— деп атап өтті ол.

💬 Вице-министрдің айтуынша, 2026 жыл ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды, қолданыстағы жол желісін жаңғыртуды және заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді үйлестіретін автожол саласын дамытудың маңызды кезеңіне айналады. Жол салу, жөндеу және басқару салаларындағы кешенді тәсіл автомобиль жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, өңірлердің тұрақты дамуына және еліміздің көлік инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Келесі жылға ауқымды жұмыс жоспарланған, Мемлекет басшысы қойған барлық міндеттер мен мақсаттар мерзімінде және толық орындалатын болады»,

— деп қорытындылады Мақсат Қалиақпаров.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from UKIMET
Реализация поручений Президента: более 11 тыс. км дорог построят и отремонтируют в Казахстане в 2026 году

📌 В рамках реализации поручений Главы государства в Казахстане продолжается системное развитие автодорожной инфраструктуры, направленное на повышение транспортной связанности регионов, безопасности движения и качества жизни населения. О планах на 2026 год доложил вице-министр транспорта РК Максат Калиакпаров.

🔹 В 2026 году всеми видами дорожных работ планируется охватить порядка 11 тыс. километров автомобильных дорог.

Из них:
🟦2,3 тыс. км - строительство и реконструкция;
🟦5 тыс. км - капитальный и средний ремонт;
🟦около 4 тыс. км - развитие местной дорожной сети.

📍В числе приоритетных проектов на 2026 год – продолжение строительства и реконструкции крупных автодорожных направлений. В частности, работы будут продолжены на автодороге Кызылорда – Жезказган протяженностью 208 км на территории области Улытау.

🔹 Также запланирована реализация проекта «Центр – Запад» общей протяженностью 896 км, а также проектов по направлениям Актобе – Улгайсын (232 км) и Караганда – Жезказган (572 км) и др.

«В 2026 году в рамках поручений Главы государства запланирована реализации ряда крупных проектов. Это касается развития нашего транзитно-транспортного потенциала. Большие проекты: Актобе – Улгайсын, Караганда – Жезказган , Бейнеу-Сексеул и очень важный главный проект – «Центр-Запад».

На сегодняшний день все запланированные мероприятия и необходимые технико-экономическое обоснования получены , работы ведется в штатном режиме, необходимые финансовые средства предусмотрены»,

— отметил Максат Калиакпаров.

🚧 Отдельное внимание будет уделено строительству и реконструкции обходов крупных населенных пунктов. В частности, планируется реализация проектов обходов городов Сарыгаш, Кызылорда, Петропавловск и Рудный.

🛤 Наряду с этим продолжится развитие туристических и приграничных маршрутов, включая дорогу к Рахмановским ключам, а также участок Петропавловск – граница Российской Федерации.

В рамках реализации проектов капитального и среднего ремонта в 2026 году запланированы работы на автодорогах:
🟦Жезказган – Петропавловск,
🟦Атырау – Уральск,
🟦Жанаозен – Кендирли,
🟦Мукур – Кульсары,
🟦Макинск – Аксу – Торгай, и др.

🔸 По местной дорожной сети предусматривается реализация проектов Актау – Форт-Шевченко, Туркестан – Шаульдер, Чапай – Сайхин, а также продолжение строительства автогужевого моста в городе Семей.

⚙️ Параллельно ведется работа по внедрению современных цифровых и технологических решений.

В настоящее время на автомобильных дорогах установлена 71 автоматизированная станция измерения, в том числе:
🟦38 - на дорогах республиканского значения;
🟦33 - на местной сети.

🔹 В перспективе планируется масштабировать их количество до 220 единиц. Утверждены единые технические требования к их установке и эксплуатации, а также проведена интеграция с Процессинговым центром «Единый реестр административных производств» (ЕРАП), что позволяет формировать предписания о нарушениях весовых параметров в автоматическом режиме.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Forwarded from UKIMET
✔️ Кроме того, ведется модернизация автомобильных пунктов пропуска.

«В части реализации у нас идет модернизация по автомобильным пунктам пропуска. Масштабная работа начата. В течении 2026 – 2027 года мы планируем полностью модернизацию 33 пунктов пропуска. И полностью завершим реконструкцию с возможностью увеличения их пропускной способностью до 35 млн тонн к 2030 году»,

— указал вице-министр.

🔍 В 2026 году планируется ввести в эксплуатацию единую цифровую систему в сфере автодорог e-Joldar, основной целью которой является консолидация эталонных данных и обеспечение их открытости для общественного контроля.

«Также у нас ведется работа по цифровизации отрасли в части автомобильных дорог. У нас планируется реализация информационной системы «E-Joldar», которую мы сейчас полностью сформировали: все необходимые технические задания, условия получены. И со следующего года начнется наполнение, это полностью приведет к тому, что общий доступ необходимых документаций, паспортов, межремонтные сроки какие были – полностью будет доступ, общественный контроль, всем это будет предоставлено»,

— подчеркнул он.

💬 По словам вице-министра, 2026 год станет важным этапом в развитии автодорожной отрасли страны, объединив масштабные инфраструктурные проекты, модернизацию существующей сети и внедрение современных цифровых решений. Комплексный подход к строительству, ремонту и управлению автомобильными дорогами позволит не только повысить их качество и безопасность, но и обеспечить долгосрочный социально-экономический эффект, способствуя устойчивому развитию регионов и укреплению транспортного каркаса Казахстана

«На следующий год запланирована масштабная работа, все задачи и цели, поставленные Главой государства , будут выполнены в сроки и полностью»,

— заключил Максат Калиакпаров.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сегодня Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев в статье «Казахстан вступил в новый этап модернизации» отметил приоритеты инфраструктурного и транспортного развития страны.

Об инфраструктурных проектах в сфере железнодорожного транспорта рассказал Руководитель Управления межотраслевой координации Комитета железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта РК Муташев Максат Кайратович.

🎥:24KZ
❤2
🔹Көлік министрлігінде биылғы жылға арналған «ҚазжолҒЗИ» АҚ мен Жол активтері сапасының ұлттық орталығының жұмыс жоспарлары талқыланды

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасыТөлеген Абдуллин Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты мен Жол активтері сапасының ұлттық орталығының биылғы жылға межеленген жұмыс жоспарларымен танысты.

Автомобиль жолдарының сапасын арттыру мен жол-құрылыс саласын ілгерілетуге арналған ғылыми, нормативтік-құқықтық және практикалық шаралар топтамасы талқыланды.

Ұсынылған жоспарларға сәйкес, ғылыми-зерттеу институты бес ғылыми-зерттеу жұмысын әзірлеуді, сондай-ақ автомобиль жолдарын жобалау, салу, жөндеу және күтіп-ұстау мәселелерін қамтитын 15 стандарт пен нормативтік-техникалық құжатты дайындауды көздеп отыр. Жеке бағыт ретінде автожол саласының мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға көңіл бөлінеді.

ЖАСҰО бекітілген жоспарлар шеңберінде 20 мың шақырым автомобиль жолын диагностикадан өткізуді, сондай-ақ орындалған жұмыстар мен қолданылған материалдардың сапасын тексеру мақсатында шамамен 40 мың сараптама жүргізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ «E-Joldar» цифрлық платформасын одан әрі дамыту, оның функционалдығын кеңейту және салалық үдерістерде қолдану, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сонымен қатар ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Іс-шара аясында Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин саланың барлық қатысушыларының үйлесімді, әрі бірлесе жұмыс атқаруының маңыздылығын сөз етті.

«Қойылған міндеттерді орындау тек бірлескенжәне үйлесімді әрекет арқылы мүмкін. Жол саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды жүзегеасыру үшін жүйелі жұмыс қажет»,

- деді ТөлегенАбдуллин.

Талқылау нәтижесінде алдағы жұмыс бағыттары айқындалып, жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде жүзеге асыру қажеттілігі сөзге тиек етілді.
 
➖

🔹В Минтрансе обсудили планы работы КаздорНИИ и НЦКДА на текущий год

Председатель Комитета автомобильных дорог Толегена Абдуллин заслушал планы работы Казахстанского дорожного научно-исследовательского института и Национального центра качества дорожных активов на текущий год.

Были рассмотрены запланированные научные, нормативные и практические мероприятия, направленные на развитие дорожно-строительной отрасли и обеспечение качества автомобильных дорог.

Согласно представленным планам, Научно исследовательским институтом предусмотрена разработка пяти научно-исследовательских работ, а также 15 стандартов и нормативно-технических документов, охватывающих вопросы проектирования, строительства, ремонта и содержания автомобильных дорог. Отдельным направлением работы станет повышение квалификации специалистов автодорожной отрасли.

Национальный центр качества дорожных активов в рамках утвержденных планов намерен выполнить диагностику 20 тысячи километров автомобильных дорог, а также провести порядка 40тысяч экспертиз качества выполненных работ и применяемых материалов.

Также были рассмотрены вопросы дальнейшего развития цифровой платформы «E-Joldar», включая расширение ее функционала и использование в отраслевых процессах, совершенствования нормативно-правовой базы, а также организации межведомственного взаимодействия.

В ходе данного мероприятия, Председатель Комитета автомобильных дорог Толеген Абдуллин подчеркнул необходимость согласованных действий всех участников отрасли.

«Реализация поставленных задач требует взаимодействия. Только при системной и скоординированной работе можно обеспечить устойчивое развитие дорожной отрасли и выполнение задач, поставленных Главой государства»,

— отметил Толеген Абдуллин.

По итогам обсуждения были обозначены приоритетные направления дальнейшей работы и подтверждена необходимость выполнения запланированных мероприятий в установленные сроки.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді
жүзеге асырудың мерзiмi мен шарттары туралы хабарламаның мәтіні
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігігің бұйрығымен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Тәртібі) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді өткізеді.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу Тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2026жылғы 14 қантар мен 30 қантар аралығында (жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін) Астана қ., Қабанбай Батыр даңғылы, 32/1 мекен-жайы бойынша орналасқан «TRANSPORT TOWER» ӘТК Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кеңсесінде жүргізіледі. Анықтама үшін байланыс нөмірі: +7 (7172) 983-268.

➖

Текст объявления
о сроках и условиях осуществления аккредитации объединений субъектов частного предпринимательства
 
Министерство транспорта Республики Казахстан согласно пункту 4  Правил проведения аккредитации, в том числе форма свидетельства об аккредитации, основания и порядок отмены аккредитации объединений субъектов частного предпринимательства и иных некоммерческих организаций, утвержденных приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 127 (далее – Правила),проводит аккредитацию объединений субъектов частного предпринимательства.

Аккредитация объединений субъектов частного предпринимательства осуществляется в соответствии с Правилами.

Для получения аккредитации заявитель представляет следующие документы:
1) заявление для получения аккредитации субъектами частного предпринимательства и иных некоммерческих организаций по форме согласно приложению 2 к Правилам;
2) электронные копии учредительных документов и документов, подтверждающих государственную (учетную) регистрацию (перерегистрацию) юридического лица, филиала (представительства) на казахском и русском языках;
3) список членов объединения и/или организации с указанием бизнес-идентификационного номера.

Прием документов на аккредитацию производится канцелярией Министерства транспортаРеспублики Казахстан с 14 января по 30 января                 2026 года (в рабочие дни с 8.00 до 17.00 часов) по адресу: г. Астана, пр. Кабанбай батыра 32/1,  АТК «TRANSPORT TOWER», телефоны для справок +7 (7172) 983-268.
❤2
🚊Теміржол көлігімен жүк тасымалы көлемінің тұрақты өсімінің көрсеткіші

2025 жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау көлемі 320 млн тоннаға дейін жетті, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 5,5%-ға артық.

Республикаішілік қатынаста 2024 жылмен салыстырғанда 2,7% өсіммен 177 млн тонна жүк тасымалданды. Экспорттық қатынаста тасымалдау көлемі 89,2 млн тоннаға дейін ұлғайып, 2024 жылғы деңгейден 7,2%-ға асты, ал импорттық тасымалдар 20,7 млн тоннаға (+2,7%) жетті.

Ең үлкен өсім транзиттік қатынаста тіркелді. Жыл қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 33 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 19,9%-ға артық.

Сонымен қатар, астық тасымалының айтарлықтай өсімі байқалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен 14,3 млн тонна астық тасымалданды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 31%-ға артық (10,8 млн тонна).

Жалпы көлеммен экспортқа 11 млн тонна (+33%) жіберілді, республикаішілік қатынаста 3,3 млн тонна (+26%) тасымалданды.

Орталық Азия, Иран, Ауғанстан және Ресей елдерін қоса алғанда, экспорттың негізгі бағыттары бойынша тұрақты оң динамика байқалады.

Астықты қайта өңдеу өнімдерін тасымалдауды ұлғайту есебінен елеулі өсім қамтамасыз етілді: ҚХР-да азықтық ұнның көлемі 3,1 млн тоннаға жетіп, 3,8 есеге өсті, бұл қосылған құны жоғары өнім өндірісінің кеңеюін көрсетеді.

Сондай-ақ, 2025 жылы Африка, Вьетнам және Еуропалық одақ мемлекеттерін қоса алғанда, жаңа экспорттық нарықтар ашылды.

Жалпы, 2025 жылдың нәтижелері теміржол көлігінің тұрақты жұмыс істеуін және жүк тасымалы дамуының оң динамикасын көрсетеді.

➖

🚊Железнодорожный транспорт демонстрирует устойчивый рост грузоперевозок

По итогам 2025 года объем перевозок грузов железнодорожным транспортом достигдо 320 млн тонн, что на 5,5% превышает показатель 2024 года.

Во внутриреспубликанском сообщении перевезено 177 млн тонн грузов, с ростом на 2,7% по сравнению с 2024 годом. В экспортном сообщении объем перевозок увеличился до 89,2 млн тонн превысив уровень 2024 года на 7,2%, а импортные перевозки достигли 20,7 млн тонн (+2,7%).

Наибольший рост зафиксирован в транзитном сообщении. По итогам года объем транзитных перевозок составил 33 млн тонн, что на 19,9% больше по сравнению с 2024 годом.

Отдельно отмечается значительный рост перевозок зерна. По итогам 2025 года железнодорожным транспортом перевезено 14,3 млн тонн зерна, что на 31% больше по сравнению с 2024 годом (10,8 млн тонн).

Из общего объема на экспорт направлено 11 млн тонн (+33%), во внутриреспубликанском сообщении перевезено 3,3 млн тонн (+26%).

Наблюдается устойчивая положительная динамика по ключевым направлениям экспорта, включая страны Центральной Азии, Иран, Афганистан и Россию.

Существенный рост обеспечен за счет увеличения перевозок продукции переработки зерна: объем кормовой муки на КНР достиг 3,1 млн тонн, увеличившись в 3,8 раза, что свидетельствует о расширении производства продукции с высокой добавленной стоимостью.

В 2025 году также открыты новые экспортные рынки, включая страны Африки, Вьетнам и государства Европейского союза.

В целом, результаты 2025 года свидетельствуют о стабильном функционировании железнодорожного транспорта и положительной динамике развития грузовых перевозок.
Жол-көлік оқиғасы туралы ақпараттық хабарлама

2026 жылғы 16 қаңтар күні шамамен сағат 01:03-те KZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автомобиль жолының 383-ші шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Автобус 2025 жылдың 19 желтоқсанында техникалық байқаудан өткен және «CASPIAN TRANS CORPORATION» LLC компаниясында тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан автокөлік жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында төрт жолаушы қаза тауып, үш адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді. Автобуста барлығы 50 адам болған.

Аталған автожол учаскесі техникалық II санатқа жатады. Жол жамылғысы асфальтбетонды, жолдың ені 9 метрді құрайды, жол жамылғысында ақаулар анықталған жоқ. Жол белгілері бекітілген дислокацияға сәйкес толық көлемде орнатылған. Оқиға тәуліктің қараңғы уақытында орын алған.

Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралын 1985 жылы туған жүргізуші басқарған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы болған жерден шамамен 200 км бұрын екінші жүргізушіге ауысу жүзеге асырылған.

Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаменті барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу шараларын жүргізуде.

➖

Информационное сообщение о ДТП

16 января 2026 года примерно в 01:03 на 383-м километре автодороги KZ-11 «Доссор – Кульсары – Бейнеу – Сайотес – Шетпе – Жетыбай – Актау» произошло дорожно-транспортное происшествие с участием пассажирского автобуса марки Yutong. Автобус прошел технический осмотр 19 декабря 2025 года и зарегистрирован на ТОО «CASPIAN TRANS CORPORATION».

По предварительным данным, водитель автомашины, двигаясь из города Актау в сторону села Бейнеу, не справившись с рулевым управлением, допустил опрокидывание транспортного средства.

В результате ДТП на месте происшествия погибли четыре пассажира, три человека получили травмы различной степени тяжести и были доставлены в медицинские учреждения. Всего в салоне автобуса находилось 50 человек.

Участок автодороги относится ко II технической категории. Покрытие проезжей части асфальтобетонное, ширина проезжей части составляет 9 метров, дефекты дорожного покрытия отсутствуют. Дорожные знаки установлены в полном объеме в соответствии с утвержденной дислокацией. Происшествие произошло в темное время суток.

В момент ДТП за рулем находился водитель 1985 года рождения. Ориентировочно за 200 км до места ДТП произошла смена второго водителя.

По факту дорожно-транспортного происшествия Департаментом полиции Мангистауской области проводятся необходимые следственные мероприятия, направленные на установление всех обстоятельств произошедшего.
❤2
🛩️Қазақстан әуежайларында әуе керосин бағасы төмендеуде
 
Мемлекет басшысының халықаралық әуехабтарды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, әуе керосин жеткізілімдерінің ашықтығын, тұрақтылығын және қолжетімді бағасын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылы ұлттық компания «ҚазМұнайГаз – Аэро» Алматы және Астана қалаларындағы ірі әуежайларда әуе компанияларын тікелей, яғни «қанатқа құю» тәсілімен жанармаймен қамтамасыз етуді бастады.

Көлік министрлігі Энергетика министрлігімен бірлесіп, «ҚазМұнайГаз – Аэро» компаниясының әуежай инфрақұрылымына, оның ішінде өңірлік әуежайларға тікелей қолжетімділігін қамтамасыз етті.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан әуежайларында әуе керосинді өткізу бағасы тоннасына 1000 АҚШ долларынан аспайды. Жаңартылған баға бойынша Turkish Airlines, Fly Dubai, Air Cairo, Somon Air, AJet, Pegasus Airlines, Red Sea Airlines, One Air, HungaryAirlines, Fly Meta әуе компаниялары жанармаймен қамтамасыз етілді.

«ҚазМұнайГаз – Аэро» делдалдарсыз әуекомпанияларына тікелей жанармай құю көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты әуе керосин бағасының кезең-кезеңімен одан әрі төмендеуі күтіледі.

Қазіргі уақытта қазақстандық әуе компаниялары қызмет көрсететін көршілес мемлекеттерде әуе керосин бағасы бір тоннасына 1200–1300 АҚШ доллары аралығында.

Сонымен қатар, Қазақстанның 17 әуежайында рейстер саны мен бағыттарға қойылатын шектеулерді алып тастайтын «ашық аспан» режимі қолданылады. Бұл режим шетелдік әуекомпанияларына әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасына және оның аумағы арқылы ұшуларды орындау құқығын береді.

Аталған шаралар авиация саласында өңірлік көшбасшылықты нығайтуға және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

➖

🛩️Стоимость авиатоплива снижается в аэропортах Казахстана
 
В соответствии с поручением Главы Государства по развитию международных аэрохабов для обеспечения прозрачности, стабильных поставок и доступной стоимости авиатоплива   в   2026   году   национальная   компания «КазМунайГаз - Аэро» приступила к заправке авиакомпаний «в крыло» в крупнейших аэропортах гг. Алматы и Астаны.

Министерством транспорта совместно с министерством энергетики обеспечен прямой доступ «КазМунайГаз - Аэро» к инфраструктуре аэропортов, в том числе региональных.

В результате принятых мер стоимость реализации авиатоплива в казахстанских аэропортах снижена и не превышает 1 тыс. долларов США за тонну, и по обновленной цене уже заправлены авиакомпании Turkish Airlines, Fly Dubai, Air Cairo, Somon Air, AJet, Pegasus Airlines, Red Sea Airlines, One Air, Hungary Airlines, Fly Meta.

«КазМунайГаз – Аэро» планирует наращивать объемы заправок без посредников напрямую авиакомпаниям, в связи с чем ожидается дальнейшее поэтапное снижение стоимости авиатоплива.

На сегодня в сопредельных государствах, где оперируют казахстанские авиакомпании цены варьируются от 1200 до 1300 долларов США.

Вместе с тем, в 17 аэропортах Казахстана действует режим «открытое небо», предусматривающий снятие ограничений по количеству рейсов и пунктам направления. Также режим предоставляет право иностранным авиакомпаниям выполнять полёты в РК с использованием пятой степени свободы воздуха.

Указанные меры поспособствуют укреплению в авиационной отрасли лидирующих позиций в регионе и развитию транзитного потенциала страны.
❤2👍1