ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
✈️Қазақстанның азаматтық авиациясы тұрақты өсім көрсетіп, халықаралық нарықтағы орнын нығайтуда
 
1 ақпанда Қазақстанда Азаматтық авиация қызметкерлері күні және Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік қызметі күні атап өтіледі. Кәсіби мерекеге орай Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде салтанатты жиын өтті.

Іс-шара барысында азаматтық авиацияның дамуына елеулі үлес қосқан сала қызметкерлері мен ардагерлеріне Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев «Еңбек ардагері», «Құрметті авиатор» төсбелгілерін, сондай-ақ алғыс хаттарды табыстады.

Министр құттықтау сөзінде саланың негізгі жетістіктеріне тоқталды:
«2025 жылғы 3 желтоқсанда Мемлекет басшысы азаматтық авиация мәселелеріне толықтай арналған, соңғы отыз жыл ішіндегі жоғары деңгейдегі алғашқы кеңес өткізді. Бұл мемлекет тарапынан салаға айрықша назар аударылып отырғанын және оның стратегиялық маңызға ие екенін көрсетеді. Былтыр еліміздегі әуежайлар 31,8 млн жолаушыға қызмет көрсетті, 173,28 мың тонна жүк өңделді, әуе компаниялары 15,4 млн жолаушы тасымалдады. Халықаралық әуе қатынасы бойынша 30 елмен 135 бағытта аптасына 626 рейс орындалады. Осы көрсеткіштердің артында күн сайын бүкіл жүйенің тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етіп отырған 25 мыңнан астам кәсіби маманның еңбегі тұр. Бұл – сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижесі»,

– деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.

Сонымен қатар ол Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік бойынша жүргізген аудитінің қорытындыларын атап өтіп, Қазақстанның ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7% болғанын жеткізді. Бұл көрсеткіш ТМД елдері арасында ғана емес, ИКАО-ның Еуропа және Солтүстік Атлантика (EUR/NAT) өңірінде де ең жоғары нәтижелердің бірі болып саналады.

Қазақстан авиация саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері – жолаушылар тасымалы мен жүк айналымы бойынша Орталық Азияда, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша ТМД елдері арасында (82%) көш бастап тұр.

2025 жылдың шілдесінде ИКАО Кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитано Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келді.

2026 жылы Қазақстанда көлік апаттары мен оқиғаларын тергеу орталығы құрылады, бұл ұшу жазғыштарын (қара жәшіктерді) тәуелсіз талдауға, әртүрлі тексеру түрлеріне және микроэлектроника зерттеулеріне, соның ішінде оларды қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Биыл Қазақстанның әуе компаниялары 9 жаңа әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр, нәтижесінде жалпы әуе флоты 118 ұшаққа дейін ұлғаяды.

Маршруттық желіні кеңейту аясында, Вена (Австрия), Абу-Даби (БАӘ), Эр-Рияд (Сауд Арабиясы), Сиань, Шанхай (Қытай), Дели (Үндістан), Рим (Италия) және басқа да бағыттар бойынша әуе қатынасын ашу және дамыту жоспарлануда.

Халықаралық әуе хабтарын дамыту мақсатында авиаотын құнын төмендету бойынша жұмыс жалғасуда. Қазіргі таңда авиаотын бағасы бір тоннасына 1000 АҚШ долларынан төмен деңгейде.

Сондай-ақ, биыл бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру көзделген. Атап айтқанда, Алматы қаласы әуежайының ішкі рейстер терминалын қайта жаңғырту, Атырау қаласы әуежайының жаңа терминалының құрылысын бастау, Ақтау әуежайының перронын күрделі жөндеу және Павлодар әуежайының аэродромын реконструкциялау жоспарланған. Астана және Шымкент қалалары әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарының құрылысы басталмақ. Сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтау және Ақтөбе әуежайларындағы еркін экономикалық аймақтарды дамыту жұмыстары жалғасады.

Бұдан бөлек, Катон-Қарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы әуежайлардың құрылысын аяқтау, сондай-ақ Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіру көзделген.

Салтанатты іс-шарадан кейін Нұрлан Сауранбаев авиация саласының ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында сала ардагерлері өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, азаматтық авиацияны дамыту мәселелері бойынша ой-пікірлерімен бөлісті. Министр ардагерлердің еңбегіне ризашылығын білдіріп, олардың ұсыныстары назарға алынатынын атап өтті. Кездесу соңында қонақтарға құрмет көрсетіліп, ардагерлер мен марапатталушыларға арналып дастархан жайылды.
✈️Гражданская авиация Казахстана демонстрирует устойчивый рост и расширяет международное присутствие
 
1 февраля в Казахстане отмечается День работников гражданской авиации и День служб авиационной безопасности Казахстана. В честь профессионального праздника в Министерстве транспорта Республики Казахстан состоялось торжественное собрание.

В ходе мероприятия работникам и ветеранам отрасли, внесшим значительный вклад в развитие гражданской авиации, министр транспорта Республики Казахстан Нурлан Сауранбаев вручил нагрудные знаки «Еңбек ардагері», «Құрметті авиатор», а также благодарственные письма.

В своей поздравительной речи министр транспорта отметил ключевые достижения отрасли:
«3 декабря 2025 года Президент страны провел совещание, которое стало первым за тридцать лет на таком высоком уровне, полностью посвященное вопросам гражданской авиации. Это подчеркивает особое внимание государства к отрасли и подтверждает ее стратегическое значение. Аэропорты Казахстана обслужили 31,8 млн пассажиров, обработано 173,28 тыс. тонн грузов, авиакомпании перевезли 15,4 млн пассажиров. Международное сообщение охватывает 135 маршрутов в 30 стран, количество рейсов в неделю – 626. За этими цифрами – тысячи профессионалов:более 25 тысяч человек, ежедневно обеспечивающих стабильную и безопасную работу всей системы. Это результат вашей работы», – подчеркнул Нурлан Сауранбаев, отметив также итоги аудита Международной организации гражданской авиации по авиационной безопасности, который показал уровень соответствия международным стандартам ИКАО в Казахстане на 95,7%. Данный показатель является одним из самых высоких не только среди стран СНГ, но и в Евро-Азиатском регионе ИКАО (EUR/NAT).


Казахстан прочно удерживает лидерство в Центральной Азии по основным показателям развития авиационной отрасли – пассажирским перевозкам и грузообороту, а также среди стран СНГ по показателям безопасности полётов (82 %).

В июле 2025 года состоялся первый в истории официальный визит в Казахстан Президента Совета ИКАО Сальваторе Шаккитано.

В 2026 году в Казахстане будет создан Центр по расследованию транспортных происшествий и инцидентов, который позволит производить независимую расшифровку бортовых регистраторов (черных ящиков), различные виды экспертиз, а также исследования в области микроэлектроники, включая их восстановление.

Авиакомпании Казахстана в текущем году планируют приобрести 9 новых воздушных судов, что увеличит общий авиапарк до 118 самолётов.

В рамках расширения маршрутной сети запланировано открытие и развитие авиасообщения с такими направлениями, как Вена (Австрия), Абу-Даби (ОАЭ), Эр-Рияд (Саудовская Аравия), Сиань, Шанхай (Китай), Дели (Индия), Рим (Италия) и др.

Продолжается работа по снижению стоимости авиатоплива для развития международных авиахабов. Цена авиатоплива составляет менее 1000 долларов за тонну.

Также в этом году предусмотрена реализация инфраструктурных проектов, включая реконструкцию терминала внутренних рейсов аэропорта города Алматы, начало строительства нового терминала аэропорта города Атырау, капитальный ремонт перрона аэропорта города Актау и реконструкцию аэродрома аэропорта города Павлодар. Планируется начало строительства вторых взлётно-посадочных полос в аэропортах городов Астана и Шымкент. Работа по развитию свободных экономических зон в аэропортах Астаны, Алматы, Шымкента, Караганды, Актау и Актобе будет продолжена.

Кроме того, предусмотрено завершение строительства аэропортов в курортных зонах Катон-Карагай, Зайсан и Кендерлі, а также восстановление аэропорта города Аркалык.

По завершении торжественного мероприятия Нурлан Сауранбаев провёл встречу с ветеранами авиационной отрасли. В ходе встречи ветераны поделились своими мнениями и предложениями по вопросам развития гражданской авиации. Министр выразил признательность за их многолетний труд и отметил, что высказанные инициативы будут учтены в дальнейшей работе. В завершение встречи в знак уважения и внимания был организован праздничный фуршет для ветеранов и награжденных.
🔹Көлік министрлігінде жасанды интеллектті қолдану мәселелері бойынша семинар өтті
 
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осыған байланысты Көлік министрлігінде «Жасанды интеллектті пайдалану арқылы жұмыс тиімділігін қалай арттыруға болады?» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара аясында Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» РМК комплаенс-қызметінің қызметкері Даниев Нұрлан Серікұлы дәріс оқыды.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге NotebookLM жасанды интеллект платформасының функционалдық мүмкіндіктері таныстырылды, атап айтқанда:
- құралды қолдану арқылы жұмыс процесстерін оңтайландыруда;
- мәтіндік ақпараттың ауқымды көлемін талдау және өңдеу;
- негізгі тезистерді жүйелеу және материалдарды реттеу.

Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің қызмет барысында жасанды интеллект құралдары мен заманауи цифрлық шешімдерді қолдану бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

➖

🔹В Министерстве транспорта проведён семинар по вопросам применения искусственного интеллекта
 
Глава государства объявил 2026 год Годом цифровизации и искусственного интеллекта.
В связи с этим в Министерстве проведен семинар на тему: «Как повысить эффективность работы с помощью искусственного интеллекта?».

В рамках мероприятия с лекцией выступил сотрудник комплаенс-службы РГП «Казаэронавигация» Комитета гражданской авиации Министерства транспорта РК Даниев Нурлан Серикович.

В ходе семинара государственным служащим была представлена информация о функциональных возможностях платформы искусственного интеллекта NotebookLM, в том числе:
- применение инструмента для оптимизации рабочих процессов;
- анализ и обработка значительных объёмов текстовой информации;
- систематизация основных тезисов и формирование структурированных материалов.

Проведение подобных мероприятий направлено на формирование у государственных служащих практических навыков использования инструментов искусственного интеллекта и современных цифровых решений в служебной деятельности.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Сәрсен Бегежанұлы 24KZ телеарнасының «Түйін» бағдарламасында еліміздегі авиаотынмен қамтамасыз ету мәселелері мен авиахабтар құру бойынша сұхбат берді.
Сұхбатта авиаотын жеткізу, әуежай инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанды халықаралық авиахабқа айналдыру жоспарлары талқыланды.

🎥: 24KZ
👍1