ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
🚊На линии «Астана – Семей» введён в эксплуатацию новый пассажирский вагон
 
Министерство транспорта Республики Казахстан информирует о включении в состав скорого пассажирского поезда №121/122 сообщением «Астана – Семей» нового пассажирского купейного вагона, предоставленного ТОО «Арай транс KZ». Новая единица подвижного состава произведена с учетом современных стандартов комфорта и безопасности.

В вагоне предусмотрены мягкие эргономичные сиденья, система кондиционирования воздуха, видеонаблюдение, экологически чистый биотуалетный комплекс, холодильник, микроволновая печь, а также разъёмы USB и Type-C для зарядки мобильных устройств и ноутбуков.

В период 2023–2024 годов ТОО «Арай транс KZ» в рамках обновления подвижного состава ввело в эксплуатацию ещё три пассажирских вагона (купейный – 1, плацкартный – 2). Эти меры реализуются в рамках модернизации железнодорожного парка.

Министерство транспорта продолжает системную работу по обеспечению устойчивого пассажирского сообщения и поэтапному обновлению пассажирского парка на социально значимых маршрутах.
👍1
✈️Кипрмен әуе қатынасы ашылады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Аталған жұмыстар аясында «Air Astana» әуекомпаниясы Кипр Республикасының Ларнака қаласына тұрақты рейстерге билеттер сатылымын ашты.

Маусымнан бастап қыркүйек айына дейін әуетасымалдаушы Астана және Алматы қалаларынан Ларнака қаласына тұрақты рейстер орындайды.

Астанадан ұшулар 2 маусымнан 5 қыркүйекке дейін сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу ұзақтығы 5 сағат 40 минут, кері 5 сағат 5 минут.

Алматыдан рейстер 4 маусымнан 6 қыркүйекке дейін бейсенбі және жексенбі күндерге жоспарланған. Ұшу ұзақтығы 6 сағат 5 мин., кері 5 сағат 30 мин.

Барлық рейстер заманауи Airbus A321LR үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

➖

✈️Открывается авиасообщение с Кипром

Министерством транспорта Республики Казахстан на постоянной основе ведется работа по расширению географии полетов и увеличению количества рейсов по действующим маршрутам.

В рамках данной работы авиакомпания «Air Astana» открыла продажу билетов на регулярные рейсы в город Ларнака (Республика Кипр).

С июня по сентябрь авиаперевозчик будет выполнять регулярные рейсы в город Ларнака из Астаны и Алматы.

Полеты из Астаны будут выполняться начиная со 2 июня до 5 сентября по вторникам и субботам. Продолжительность полета туда 5 ч. 40 мин., обратно 5 ч. 5 мин.

Рейсы из Алматы запланированы с 4 июня по 6 сентября по четвергам и воскресеньям. Продолжительность полета туда 6 ч. 5 мин., обратно 5 ч. 30мин.

Все рейсы будут выполняться на современных узкофюзеляжных самолётах Airbus A321LR.
👍3❤1
🚊Вокзалдарда мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметі іске қосылды

Ұлттық тасымалдаушы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Магистральдық желі дирекциясы» филиалымен бірлесіп, мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметін іске қосты. Аталған сервис вокзал қызметкерлерінің көмегін алдын ала рәсімдеуге мүмкіндік беріп, жолаушыны автокөліктен вагонға дейін және кері бағытта, сондай-ақ, вокзал аумағында толық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Теміржол көлігімен сапарлау кезінде көмек алу өтінімін bilet.railways.kz сайтында рәсімдеуге болады.

Қазіргі таңда қызмет арнайы арбалармен жабдықталған 57 вокзалда қолжетімді. Егер таңдалған вокзалда қызмет уақытша көрсетілмесе, билет рәсімдеу кезінде тиісті опциялар көрінбейді.

Қызметті рәсімдеу үшін:
1. bilet.railways.kz сайтынан билет сатып алу;
2. Сатып алу барысында «Мүгедек» опциясын таңдап, ЖСН мен мүгедектік туралы анықтаманың нөмірін көрсету;
3. Қажетті көмек түрлерін белгілеу.

Қолжетімді көмек түрлері:
• пойыз жөнелтілер алдында вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі;
• пойыз жөнелтілер алдында арнайы арба ұсыну;
• пойыздан түсу кезінде вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі;
• пойыздан түсу кезінде арнайы арба ұсыну.

Өтінімді алдын ала рәсімдеу вокзал қызметкерлеріне дер кезінде дайындалып, жолаушыға сапардың барлық кезеңінде уақтылы әрі толыққанды көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін жол жүруге жеңілдікті шарттар қарастырылған:
• әлеуметтік маңызы бар бағыттарда — 50% жеңілдік;
• коммерциялық «Тальго» пойыздарында арнайы купелерге, оның ішінде ілесіп жүретін адамға арналған орынға — 50% жеңілдік.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми Instagram парақшасынан @jolaushylar_tasymaly білуге болады.

➖

🚊На вокзалах внедрена новая услуга сопровождения пассажиров с инвалидностью

Национальный перевозчик совместно с филиалом АО «НК «КТЖ»-«Дирекция магистральной сети» запустили новый сервис сопровождения для лиц с инвалидностью. Сервис позволяет заранее оформить заявку на содействие со стороны работников вокзала на сопровождение от автотранспорта до вагона и обратно, а также по территории вокзала.

Оформить помощь при поездках железнодорожным транспортом можно на сайте bilet.railways.kz.

В настоящее время услуга доступна на 57 вокзалах, оборудованных инвалидными колясками. В случае если на выбранном вокзале услуга временно недоступна, соответствующие опции не будут отображаться при оформлении билета.

Для оформления услуги необходимо:
1. Приобрести билет на сайте bilet.railways.kz;
2. В процессе покупки выбрать опцию «Инвалид», указать ИИН и номер справки об инвалидности;
3. Отметить необходимые виды помощи.

Доступные виды помощи:
• сопровождение работником вокзала перед отправлением поезда;
• предоставление инвалидной коляски перед отправлением поезда;
• сопровождение работником вокзала при высадке из поезда;
• предоставление инвалидной коляски при высадке из поезда.

Предварительное оформление заявки позволяет сотрудникам вокзалов заранее подготовиться и обеспечить пассажиру своевременную и полноценную помощь на всех этапах поездки.

Отметим, что для пассажиров с ограниченными возможностями действуют льготные условия проезда:
• 50% скидка на социально значимых маршрутах;
• 50% скидка на коммерческих поездах Тальго в специализированных купе, включая место для сопровождающего лица.

Дополнительную информацию можно узнать по бесплатному номеру 1433, а также на официальном инстаграм-аккаунте АО «Пассажирские перевозки» @jolaushylar_tasymaly.
❤2
🔹Қазақстан мен Пәкістан көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
 
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапары аясында көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар маңызды үкіметаралық құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, төмендегі құжаттар қабылданды:
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Федералды теңіз ісі министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Федералды теміржол министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
Ақтау порты мен Карачи порты арасындағы ақпарат алмасу және кәсіби даму саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум.

Қабылданған құжаттар екіжақты өзара іс-қимылдың нақты практикалық нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және транзиттік тасымалдар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін бірлескен көлік-логистикалық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылады.

Келіссөздер барысында Пәкістанның өңірдегі маңызды логистикалық және транзиттік хаб ретіндегі рөлінің артып келе жатқаны атап өтілді. Бұл Қазақстан үшін халықаралық нарықтарға шығудың қосымша әрі баламалы бағыттарын ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ тараптар Карачи және Гвадар порттарының әлеуетін, «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізін дамыту перспективаларын, сондай-ақ Ауғанстан аумағы арқылы өтетін транзиттік маршруттарды талқылады. Басым бағыттардың бірі ретінде Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан бағыты бойынша теміржол жобасын іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

➖

🔹Казахстан и Пакистан укрепляют сотрудничество в транспортной сфере
 
В рамках государственного визита Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева в Исламскую Республику Пакистан был подписан ряд важных межправительственных документов, направленных на развитие сотрудничества в сфере транспорта и логистики.

В частности, заключены:
Меморандум о сотрудничестве между Министерством транспорта Республики Казахстан и Федеральным министерством морских дел Исламской Республики Пакистан;
Меморандум о взаимопонимании между Министерством транспорта Республики Казахстан и Федеральным министерством железных дорог Исламской Республики Пакистан;
Меморандум о сотрудничестве в области обмена информацией и профессионального развития между портом Актау и портом Карачи.

Принятые документы ориентированы на достижение конкретных практических результатов двустороннего взаимодействия. Особое внимание будет уделено реализации совместных транспортно-логистических проектов, направленных на расширение торгово-экономических связей и увеличение объемов транзитных перевозок.

В ходе переговоров также была отмечена возрастающая роль Пакистана как ключевого логистического и транзитного хаба в регионе, что открывает для Казахстана дополнительные и альтернативные маршруты выхода на международные рынки.

Также стороны обсудили потенциал портов Карачи и Гвадар, а также перспективы развития коридора «Север-Юг» и транзитных маршрутов, проходящих через территорию Афганистана. Одним из приоритетных направлений стало рассмотрение возможностей реализации железнодорожного проекта по маршруту Казахстан – Туркменистан – Афганистан – Пакистан.
👍1
🔹Конституциялық реформа және оның көлік жүйесіне әсері
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістерді талқылауға арналған кеңес пен семинар өтті.

Жиын барысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев конституциялық өзгерістер еліміздің әлеуетін азаматтардың игілігіне тиімді пайдалануға, өмір сүру сапасын арттыруға және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Бұл ретте көлік саласына айрықша рөл жүктелетіні айтылды.

Көлік саласы азаматтардың күнделікті өміріне тікелей әсер етіп, көлік қолжетімділігін, қауіпсіздікті және өңірлердің дамуын қамтамасыз етеді.

Конституциялық реформалар аясында ғылым мен инновацияларды дамытуға да ерекше назар аударылуда. Бұл бағыттар көлік саласының дамуына да өз ықпалын тигізеді.

Сонымен қатар, министрдің тапсырмасына сәйкес Министрлік қызметкерлері үшін жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары мен қағидаттарын түсіндіруге арналған семинар ұйымдастырылды. Әрбір қызметкер конституциялық реформаларды іске асырудағы өз рөлін нақты түсініп, олардың практикалық жүзеге асырылуына үлес қосуы тиіс екені атап өтілді.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі азаматтардың мүддесі үшін және ел инфрақұрылымын нығайту мақсатында қауіпсіз, қолжетімді және заманауи көлік жүйесін дамыту жұмыстарын жалғастыра береді.
 
➖

🔹Конституционная реформа и ее влияние на транспортную систему
 
В Министерстве транспорта Республики Казахстан состоялись совещание и семинар, посвященные обсуждению основных новелл проекта новой Конституции Республики Казахстан.

В ходе совещаний Министр транспорта Нурлан Сауранбаев отметил, что конституционные изменения направлены на использование потенциала страны в интересах граждан, повышение качества жизни и устойчивое развитие. При этом особая роль отводится транспортной отрасли.

Транспортная отрасль напрямую влияет на повседневную жизнь граждан, обеспечивая транспортную доступность, безопасность и развитие регионов.

В рамках конституционных реформ особое внимание уделяется развитию науки и инноваций, что также находит отражение в развитии транспортной отрасли.

Кроме того, по поручению министра организован семинар для сотрудников Министерства, направленный на разъяснение основных норм и принципов проекта новой Конституции. Отмечено, что каждый сотрудник должен чётко понимать свою роль в реализации конституционных реформ и вносить вклад в их практическую реализацию.

Министерство транспорта продолжит развивать безопасную, доступную и современную транспортную систему для удобства граждан и укрепления инфраструктуры страны.
🛣️Республикалық жолдарда қауіпсіздікті арттыру шаралары қалай іске асырылуда

Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ауқымды әрі жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, қайғылы жағдайлардың алдын алуға және азаматтардың өмірін сақтауға бағытталған. Бұл тәсілдер заманауи цифрлық шешімдерді, инженерлік қауіпсіздік шараларын және жол инфрақұрылымын кешенді дамытуды үйлестіреді.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алудың тиімді құралдарының бірі республикалық маңызы бар жолдардың ақылы учаскелерінде орташа жылдамдықты реттеуді енгізу болып табылады. Бүгінгі таңда бұл жүйе жалпы ұзындығы 2 мың шақырымды құрайтын 8 учаскеде жұмыс істейді. Алғашқы нәтижелер оның тиімділігін көрсетіп отыр. Енгізілген учаскелерде жол-көлік оқиғаларының саны 15 пайызға азайды, бұл жүргізу мәдениетінің жақсарып келе жатқанын көрсетеді.

Мемлекет басшысының республикалық маңызы бар 10 мың шақырым автомобиль жолдарына ауқымды орта мерзімді жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында жол төсемдерін жаңарту ғана емес, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Жөнделіп жатқан учаскелер бойына заманауи жарықтандыру орнатылып, қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелдері салынуда, жаңа жол белгілері мен басқа да инфрақұрылым элементтері орнатылуда.

Қозғалысты басқарудың интеллектуалдық жүйелеріне де ерекше назар аударылып отыр. Астана–Щучинск және Астана–Теміртау бағыттарында ауа райына, көріну деңгейіне және қозғалыс жағдайына қарай рұқсат етілген жылдамдықты 140 км/сағаттан 60 км/сағатқа дейін төмендетуге мүмкіндік беретін 72 ауыспалы ақпараттық белгі орнатылды.
Болашақта мұндай тәжірибе басқа бағыттарға да енгізілетін болады.

Сонымен қатар, 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді перспективада шамамен 1500 шақырым жолды төрт және одан да көп жолақты етіп кеңейту жоспарлануда. Жұмыстар оның ішінде Ақтөбе–Қызылорда, Атырау–Доссор бағыттарында, сондай-ақ Сарыағаш пен Рудный қалаларының айналма жолдарында жүргізілетін болады.

Жолдың өткізу қабілетін арттыру жалпы қауіпсіздік деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.
🛣️Как реализуются меры по повышению безопасности на республиканских дорогах

В Казахстане реализуется масштабные и системные меры по повышению безопасности дорожного движения на республиканских автомобильных дорогах, направленная на снижение аварийности, предотвращение трагических последствий ДТП и сохранение жизни граждан. Подход сочетает в себе современные цифровые решения, инженерные меры безопасности и комплексное развитие дорожной инфраструктуры.

Одним из наиболее эффективных инструментов профилактики ДТП стало внедрение контроля средней скорости движения на платных участках дорог республиканского значения. На сегодняшний день система функционирует на 8 участках общей протяжённостью 2 тыс. км. Первые результаты подтверждают её действенность, количество дорожно-транспортных происшествий на данных участках снизилось на 15%, что свидетельствует о формировании более дисциплинированной культуры вождения.

В рамках исполнения поручения Главы Государства по проведению масштабного среднего ремонта республиканских дорог общей протяжённостью 10 тыс. км проводятся не только работы по обновлению дорожного покрытия, но и комплексные мероприятия по повышению безопасности движения. Вдоль ремонтируемых участков устанавливается современное освещение, обустраиваются безопасные пешеходные переходы, монтируются новые дорожные знаки и другие элементы инфраструктуры

Отдельное внимание уделяется интеллектуальным системам управления движением. На участках Астана–Щучинск и Астана–Темиртау установлено 72 знака переменной информации, которые в режиме реального времени позволяют снижать допустимую скорость с 140 км/ч до 60 км/ч в зависимости от погодных условий, видимости и дорожной ситуации. В дальнейшем такая практика будет распространена на другие направления.

Кроме того, в долгосрочной перспективе до 2030 года планируется перевести порядка 1,5 тыс. км дорог в 4 и более полосы движения. Работы будут проводиться, в том числе, на направлениях Актобе–Кызылорда, Атырау–Доссор, а также на обходах городов Сарыагаш и Рудный. Расширение проезжей части позволит улучшить пропускную способность и повысить общий уровень безопасности.
❤2
🚊«Астана – Талдықорған» бағытында жаңа теміржол маршруты іске қосылады
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Астана – Талдықорған» бағыты бойынша жаңа теміржол қатынасының іске қосылатыны туралы хабарлайды.

Жаңа бағытты ашу Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының бастамасымен, Көлік министрлігі және Ұлттық тасымалдаушы — «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бірлескен жұмысы аясында, сондай-ақ азаматтардың көптеген өтініштері ескеріле отырып жүзеге асырылды.

Аталған бағытты іске қосу Жетісу облысының көлік қолжетімділігін арттыруға, жолаушылар сұранысының өсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ елорда мен өңірлер арасында жайлы, қауіпсіз және тұрақты теміржол қатынасын қалыптастыруға бағытталған.

Бастапқы кезеңде ұлттық тасымалдаушы тарапынан екі жолаушылар вагоны бөлініп, олар №122/121 «Нұрлы жол – Семей» пойызының құрамында күн ара қатынайтын болады.

Ақтоғай станциясында аталған вагондарды №631/632 «Ақтоғай – Талдықорған» пойызына қайта тіркеу көзделген, бұл бүкіл маршрут бойымен үздіксіз әрі ыңғайлы қатынасты қамтамасыз етеді.

Көлік министрлігі бұл формат бастапқы кезең екенін атап өтеді. Тұрақты жолаушылар сұранысы қалыптасқан жағдайда вагондар саны мен қатынау жиілігі кезең-кезеңімен ұлғайтылатын болады, бұл маршрутты халықтың қажеттіліктеріне икемді түрде бейімдеуге мүмкіндік береді.

Жаңа теміржол қатынасының ашылуы:
• өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық байланыстарды нығайтуға; 
• тұрғындардың мобильділігін арттыруға;
• ішкі туризм мен іскерлік белсенділікті дамытуға; 
• Жетісу облысының туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. 

Пойыздың қатынауы ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған және Талдықорған қаласындағы жаңғыртылған теміржол вокзалының салтанатты ашылуына орайластырылатын болады. Жаңартылған вокзал инфрақұрылымы жолаушылар үшін қызмет көрсету, жайлылық және қауіпсіздік деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмалары мен көлік саласының стратегиялық басымдықтарына сәйкес жолаушылар тасымалының маршруттық желісін дамыту, жылжымалы құрамды жаңғырту және көлік қызметтерінің сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
🚊По направлению «Астана – Талдыкорган» запускается новый железнодорожный маршрут
 

Министерство транспорта Республики Казахстан сообщает о запуске нового железнодорожного сообщения по маршруту «Астана – Талдыкорган».

Решение об открытии нового маршрута принято по инициативе депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан и реализовано в рамках совместной работы Министерства транспорта и национального перевозчика АО «Пассажирские перевозки», а также с учётом многочисленных обращений граждан.

Запуск маршрута направлен на повышение транспортной доступности Жетысуской области, удовлетворение растущего пассажирского спроса, а также обеспечение комфортного, безопасного и устойчивого железнодорожного сообщения между столицей и регионами страны.

На первоначальном этапе национальным перевозчиком выделены два пассажирских вагона, которые будут курсировать через день в составе поезда №122/121 «Нурлы жол – Семей».

По станции Актогай предусмотрена переприцепка вагонов к поезду №631/632 «Актогай – Талдыкорган», что обеспечит сквозное и удобное сообщение по всему маршруту следования.

Министерство транспорта отмечает, что данный формат запуска является стартовым. В случае устойчивого пассажирского спроса количество вагонов и частота курсирования будут поэтапно увеличиваться, что позволит гибко адаптировать маршрут к потребностям населения.

Открытие нового железнодорожного сообщения будет способствовать:
• укреплению социально-экономических связей между регионами;
• повышению мобильности населения;
• развитию внутреннего туризма и деловой активности;
• росту туристической привлекательности Жетысуской области.

Начало курсирования поезда запланировано на апрель текущего года и будет приурочено к торжественному открытию реконструированного железнодорожного вокзала города Талдыкорган. Модернизированная инфраструктура вокзала обеспечит пассажирам повышенный уровень сервиса, комфорта и безопасности.

Министерство транспорта Республики Казахстан продолжает системную работу по развитию маршрутной сети пассажирских перевозок, модернизации подвижного состава и повышению качества транспортных услуг в соответствии с поручениями Главы государства и стратегическими приоритетами транспортной отрасли.