ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.93K subscribers
14.7K photos
1.89K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
Қазақстан Еуразияның негізгі логистикалық хабының рөлін нығайтуда

📌 2025 жылы Қазақстанның көлік саласы еліміздің транзиттік-логистикалық әлеуетін нығайтуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және тасымалдау тиімділігін арттыруға бағытталған жүйелі дамуды жалғастырды. Аталған бағыттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдар көлемі 36,9 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 6,6%-ға артық. Транзит көлемінің артуы – көліктің барлық түрін кешенді дамытудың, сондай-ақ логистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған дәйекті жұмыстың нәтижесі.

➖

Казахстан укрепляет роль ключевого логистического хаба Евразии

📌 В 2025 году транспортная отрасль Казахстана продолжила системное развитие, нацеленное на укрепление транзитно-логистического потенциала страны, модернизацию инфраструктуры и повышение эффективности перевозок. Данные направления реализовывались в соответствии с поручениями Главы государства Касым-Жомарта Токаева по развитию транспортной сферы.

По итогам 2025 года, объем транзитных перевозок составил 36,9 млн тонн, что на 6,6% превышает показатель аналогичного периода 2024 года. Рост обеспечен комплексным развитием всех видов транспорта и расширением международного логистического сотрудничества.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Қазақстанда 2025 жылы автожолдарды жөндеу және салу бойынша рекордтық көрсеткіш орнатылды – 13 мың шақырым

📌 2025 жылы Қазақстанда рекордтық 13 мың шақырым автомобиль жолдары құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жол желісін ауқымды жаңарту еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттарының біріне айналды.

Нәтижесінде республикалық жолдардың 94%-ы техникалық нормативті жағдайда.

Ішкі шекарадағы өткізу пункттерін модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. 2027 жылдың соңына дейін 37 өткізу пунктін аяқтау жоспарлануда.

Жол саласын цифрландыруға ерекше назарда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша e-Joldar шеңберінде жолдардың цифрлық паспорттары қалыптастырылуда, олар жолдардың техникалық жай-күйін, қозғалыс қарқындылығын және пайдалану параметрлерін орталықтандырылған түрде есепке алуды қамтамасыз етеді.

Жыл сайын жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жол диагностикасы жүргізіледі.

Жол төсемін сақтау үшін 220 бірлікке дейін автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жалғасуда. Қазіргі таңда оның 71 бірлігі іске қосылған.

➖

В Казахстане за 2025 год отмечен рекорд по ремонту и строительству автодорог – 13 тыс. км

📌 В 2025 году строительными и ремонтными работами в Казахстане охвачены рекордные 13 тыс. км автомобильных дорог. Масштабное обновление дорожной сети стало одним из ключевых направлений развития транспортной инфраструктуры страны.

В результате 94% республиканских дорог находятся в нормативном техническом состоянии.

Ведутся работы по модернизации пунктов пропуска на внутренней границе. До конца 2027 года планируется модернизировать 37 пунктов пропуска.

Отдельный акцент сделан на цифровизацию дорожной отрасли. По поручению Главы государства в рамках e-Joldar формируются цифровые паспорта дорог, которые обеспечат централизованный учёт технического состояния, интенсивности движения и параметров эксплуатации дорог.

Ежегодно проводится дорожная диагностика с использованием технологий ИИ.

Для обеспечения сохранности дорог продолжается установка автоматизированных измерительных станций до 220 единиц, из которых 71 станция уже введена в эксплуатацию.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from UKIMET
109 ұшақ және 135 халықаралық маршрут: Қазақстан авиациясы ұшу географиясын кеңейтуде

📌 2025 жылы Қазақстанның азаматтық авиациясының дамуы әуе паркінің жаңаруымен және маршруттық желінің белсенді кеңеюімен қатар жүрді. Жаңа Airbus A320 және Boeing 737 MAX 8-ді қосқанда әуе кемелері паркі 109 бірлікке жетті.

Қазақстан аптасына 626 рейс жиілігімен 135 халықаралық бағыт бойынша 30 елмен әуе қатынасын қалпына келтіріп, ашты. 2025 жылы Арқалық әуежайын қалпына келтіру басталды, Алматы әуежайын дамыту жоспарлары таныстырылды және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да әуежай салу бойынша инвестициялық келісім жасалды.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы аудитінің қорытындысы бойынша халықаралық авиациялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7%-ды құрады.

➖

109 самолетов и 135 международных маршрутов: авиация Казахстана расширяет географию полетов

📌 Развитие гражданской авиации Казахстана в 2025 году сопровождалось обновлением авиапарка и активным расширением маршрутной сети. Парк воздушных судов достиг 109 единиц, включая новые Airbus A320 и Boeing 737 MAX 8.

Казахстан восстановил и открыл авиасообщение с 30 странами по 135 международным маршрутам с частотой 626 рейсов в неделю. За 2025 год начато восстановление аэропорта Аркалык, презентованы планы развития аэропорта Алматы и заключено инвестиционное соглашение по строительству аэропорта в СЭЗ «Хоргос – Восточные ворота».

По итогам аудита ИКАО уровень соответствия международным стандартам авиационной безопасности составил 95,7%.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Темір жолдар мен порттар: тасымалдаудың өсуі және жаңа инфрақұрылымдық жобалар

📌 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 320 млн тоннаға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға артты. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында теміржол инфрақұрылымын ауқымды жөндеу жалғасуда – 4,4 мың шақырымнан астам жолдың жөндеу жұмыстары орындалды.

2025 жылы «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі және Алматы айналма жолы іске қосылды, «Қызылжар – Мойынты» желісінің құрылысы басталды, 775 локомотив жеткізуге және 124 вокзалды жаңғырту бойынша келісімшарттарға қол қойылды.

Сонымен қатар теңіз тасымалы 7%-ға, контейнерлік тасымал 29%-ға өсті. Ақтау портында контейнерлік хаб құрылысы аяқталды, сондай-ақ Транскаспий бағытын дамыту күшейтілді.

➖

Железные дороги и порты: рост перевозок и новые инфраструктурные проекты

📌 По итогам 2025 года объем перевозок грузов железнодорожным транспортом в Казахстане достиг 320 млн тонн, увеличившись на 5,5% по сравнению с 2024 годом. В рамках поручений Главы государства продолжается масштабный ремонт железнодорожной инфраструктуры — выполнены работы более чем на 4,4 тыс. км путей.

В 2025 году запущена вторая линия железной дороги «Достык – Мойынты» и обводная Алматы, начато строительство линии «Кызылжар – Мойынты», подписаны контракты на поставку 775 локомотивов и модернизацию 124 вокзалов.

Вместе с тем морские перевозки выросли на 7%, контейнерные — на 29%. В порту Актау завершено строительство контейнерного хаба, также усилено развитие Транскаспийского маршрута.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Халықаралық автотасымалдарды дамыту: география мен шарттық базаны кеңейту

📌 2025 жылы Қазақстан 42 елмен үкіметаралық келісімдер жасай отырып, халықаралық автомобиль тасымалдарының географиясын кеңейтті. Түркіменстанмен, Иранмен рұқсат етілмеген тасымалдау жүйесі енгізіліп, Түркиямен уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстан Қытай аумағына транзиттік автотасымалдау құқығын алған алғашқы ел болды. ҚХР және Өзбекстанмен бірлесіп шетелдік рұқсат бланкілерінің 65%-ы цифрландырылды.

Нарықтың бақылауы мен ашықтығын күшейту үшін жүк көлігін цифрлық өлшеу енгізілуде — елде айыппұлдарды автоматты түрде рәсімдеу жүйесімен біріктірілген 73 автоматтандырылған өлшеу стансасы орнатылды.

➖

Развитие международных автоперевозок: расширение географии и договорной базы

📌 В 2025 году Казахстан расширил географию международных автомобильных перевозок, заключив межправительственные соглашения с 42 странами. Внедрена безразрешительная система перевозок с Туркменистаном, Ираном и достигнуты договоренности с Турцией.

Казахстан стал первой страной, получившей право транзитных автоперевозок вглубь территории Китая. Совместно с КНР и Узбекистаном оцифровано 65% иностранных бланков разрешений.

Для усиления контроля и прозрачности рынка внедряется цифровое взвешивание грузового транспорта — в стране установлены 73 автоматизированных станции измерения, интегрированных с системой автоматического оформления штрафов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹ҚАӘ-де INAD мәселелері және API/PNR жүйелерін пайдалану бойынша ұлттық әуе тасымалдаушыларға арналған брифинг өтті

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағалығымен отандық әуе тасымалдаушыларға арналған, кіруге рұқсат етілмеген жолаушыларды (INAD) басқару және жолаушылар туралы алдын ала ақпарат (API), сондай-ақ жолаушылардың аты-жөнін тіркеу деректерін (PNR) пайдалану мәселелеріне арналған брифинг өтті.

Іс-шара Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM) (Қазақстандағы және Түркиядағы елдегі өкілдіктері, Венадағы Аймақтық кеңсесі және т.б.) және БҰҰ-ның Терроризмге қарсы басқармасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің қатысуымен және бастамасымен ұйымдастырылды. Кездесу синхронды аудармамен қамтамасыз етілген гибридті форматта өтті.

Брифингті ашқан Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Жанибек Шарипбаев INAD тақырыбының өзектілігіне тоқталып, көші-қон процестерін басқару тиімділігін арттыру және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен цифрлық шешімдердің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM) өкілдері сөз сөйледі.

Өзінің алғы сөзінде Қазақстандағы IOM кеңсесінің басшысы Серхан Актопрак ұйымның елде қабылданып жатқан шараларды, атап айтқанда, кіруге рұқсат етілмеген жолаушыларды басқару жүйесін одан әрі нығайтуға және API/PNR тетіктерін жетілдіруге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Ол авиация саласындағы ілгерілеу тек мемлекеттік органдар, әуе тасымалдаушылар және халықаралық серіктестер арасындағы жүйелі ынтымақтастық арқылы ғана мүмкін екендігін айтты.
«Біздің мақсатымыз – қолданыстағы жүйелерді алмастыру емес, ұлттық органдармен және әуе компанияларымен бірлесе отырып, мәселелерді дер кезінде анықтау және шекараны басқаруды жетілдіруге мүмкіндік беретін тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеу. Бұл өз кезегінде барлық жолаушылар үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы сапарларды қамтамасыз етеді»,

– деді IOM өкілі брифинг барысында. Брифинг аясында IOM өкілдері INAD сервистік процестерін басқарудағы халықаралық тәжірибемен, соның ішінде Түркияда қолданылатын тәжірибемен бөлісті. Ерекше назар кіруге рұқсат етілмеген жолаушыларға гуманитарлық тұрғыдан қарау мәселелеріне, сондай-ақ күту және репатриация кезеңдерінде олардың құқықтарын сақтау мен лайықты жағдайларды қамтамасыз етудегі әуе тасымалдаушылардың рөліне аударылды.

БҰҰ-ның Контртеррористік басқармасы (UNOCT) API/PNR деректерін тиімді пайдалану арқылы шекара қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз, оның ішінде террористік мақсаттағы сапарлардың алдын алуға бағытталған «CT Travel» жаһандық бастамасын таныстырды. Қатысушыларға бірқатар мемлекеттерде бағдарламаны табысты іске асырудың мысалдары ұсынылып, дербес деректерді қорғау және гуманизм қағидаттарын сақтай отырып, қауіпсіздік деңгейін арттырудағы маңыздылығы атап өтілді.
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері API/PNR жүйесін енгізудің ағымдағы жай-күйі, сондай-ақ оны қолданудың құқықтық және операциялық аспектілері туралы ақпарат берді. Брифинг шеңберінде авиакомпаниялармен жеке талқылау сессиясы өткізіліп, оның барысында қатысушылар пікір алмасып, сұрақтар қойып, жобаның тұжырымдамасын одан әрі жетілдіруді қоса алғанда, ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.

Брифинг қорытындысы бойынша қатысушылар API/PNR жүйелерін одан әрі дамыту және интеграциялау INAD жағдайларының санын азайтудың, әуе компанияларының шығындарын оңтайландырудың және шекаралық әрі көші-қон бақылауының тиімділігін арттырудың маңызды құралы екенін растады. Осы бағытта ведомствоаралық және халықаралық өзара іс-қимылды жалғастыру бойынша алдағы нақты қадамдар, оның ішінде шетелдік әуе тасымалдаушыларды тарту мүмкіндігі айқындалды.
🔹В ААК состоялся брифинг для национальных авиаперевозчиков по вопросам INAD и использованию API/PNR
 
В Авиационной администрации Казахстана под председательством Комитета гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан состоялся брифинг для отечественных авиаперевозчиков, посвященный вопросам управления недопущенными пассажирами (INAD) с использованием систем предварительной информации о пассажирах (API) и данных о регистрации имени пассажира (PNR).

Мероприятие было организовано при участии и по инициативе международной организации по миграции (IOM) (страновых офисов в Казахстане и Турции, Регионального в Вене и др), и Контртеррористического управления ООН, а также при участии Пограничной службы КНБ Республики Казахстан. Встреча прошла в гибридном формате с обеспечением синхронного перевода.

Открывая брифинг, исполнительный директор по авиационной безопасности AAK ЖанибекШарипбаев отметил актуальность темы INAD и подчеркнул важность межведомственного взаимодействия и цифровых решений для повышения эффективности управления миграционными процессами и обеспечения авиационной безопасности. С приветственными словами также выступили представители Комитета гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан и Международной организации по миграции (IOM).

В своем приветственном слове Серхан Актопрак, Глава Офиса IOM в Казахстане, отметил, что IOM решительно настроена поддерживать меры принимаемые страной в дальнейшем укреплении системы управления недопущенными пассажирами и совершенствовании механизмов API/PNR. Он подчеркнул, что прогресс в авиационной отрасли возможен только благодаря последовательному сотрудничеству между государственными органами, авиаперевозчиками и международными партнерами.
«Наша цель – не заменить существующие системы, а работать вместе с национальными властями и авиакомпаниями для своевременного выявления проблем и совместной выработки эффективных решений, которые позволят совершенствовать управление границами, обеспечивая при этом более безопасные и удобные поездки для всех»,

отметил представитель IOM в ходе брифинга. В ходе брифинга представители IOM поделились международным опытом управления процессами обслуживания INAD, в том числе практиками, применяемыми в Турции. Особое внимание было уделено гуманитарным аспектам обращения с недопущенными пассажирами, а также роли авиаперевозчиков в обеспечении их прав и достойных условий в период ожидания и репатриации.
Контртеррористическое управление ООН (UNOCT) представило глобальную инициативу «CT Travel», направленную на укрепление пограничной безопасности и предотвращение незаконных перемещений, включая террористические поездки, посредством эффективного использования данных API/PNR.

Участникам были продемонстрированы примеры успешного внедрения программы в ряде государств и подчеркнута ее значимость для повышения уровня безопасности при сохранении баланса с принципами защиты данных и гуманности.

Представители Пограничной службы КНБ Республики Казахстан проинформировали участников о текущем статусе внедрения системы API/PNR, а также о правовых и операционных аспектах ее применения.

Отдельная сессия была посвящена обсуждению с авиакомпаниями, в ходе которой участники обменялись мнениями, задали вопросы и выразили заинтересованность в дальнейшем развитии сотрудничества, в том числе в части доработки концепции проекта.

По итогам брифинга участники подтвердили общее понимание важности дальнейшего развития и интеграции систем API/PNR как инструмента снижения количества случаев INAD, оптимизации расходов авиакомпаний и повышения эффективности пограничного и миграционного контроля. Были обозначены дальнейшие конкретные шаги по продолжению межведомственного и международного взаимодействия в данном направлении, в том числе с возможностью привлечения иностранных перевозчиков.
❤1