ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
«Көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру орталығы» АҚ басқарма төрағасын тағайындау туралы
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығымен «Көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып Дархан Қатышев тағайындалды.

Дархан Қатышев Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация академиясын «Авиациялық техника және технологиялар» мамандығы бойынша бітірген.

2008–2009 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2009–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінде авиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы болды.

2019–2023 жылдары «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры қызметін атқарды.

2023–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің директоры болды.

2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Азаматтық авиация саласында мол тажірибесі бар. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ұлттық үйлестірушісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, доктор ғылыми дәрежесі бар.
 
 
 
❤4
О назначении председателя правления АО «Центр по расследованию транспортных происшествии и инцидентов»
 
Приказом Министра транспорта РК, как единственного акционера, председателем правления акционерного общества «Центр по расследованию транспортных происшествии и инцидентов» назначен Дархан Катышев.

Дархан Катышев окончил Академию гражданской авиации Республики Казахстан по специальности «Авиационная техника и технологии».

С 2008 по 2009 год работал на различных должностях в Министерстве транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.

В 2009–2019 г.г. руководитель управления авиационной безопасности Комитета гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

В 2019–2023 г.г. директор департамента авиационной безопасности АО «Авиационная администрация Казахстана».

В 2023–2024 г.г. директор департамента по расследованию происшествий и инцидентов на транспорте Министерства транспорта Республики Казахстан.

С 2024 года по настоящее время работал заместителем председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан.

Обладает значительным опытом работы в области гражданской авиации. Является национальным координатором Международной организации гражданской авиации (ИКАО) по вопросам авиационной безопасности.

Выпускник Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан, имеет ученую степень доктора по профилю.
 
 
🔥6
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымалы көлемін 60 млн тоннаға дейін арттырады
 
Еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және транзиттік тасымал көлемін 55 млн тоннаға дейін жеткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Өзбекстан Республикасының Көлік министрімен теміржол тасымалы саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол қатынасының стратегиялық маңыздылығын, оның сауда-экономикалық байланыстарды, халықаралық транзитті және аймақтық көлік интеграциясын дамытудағы негізгі рөлін, сондай-ақ тасымал көлемін ұлғайтуға және логистикалық бағыттардың тиімділігін арттыруға үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті.

2025 жылғы нәтижелер бойынша екі ел арасындағы теміржол тасымалы көлемі 32,3 млн тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 16%-ға артты.

Тасымал көлемін тұрақты арттыру және келісілген өткізу қабілеті параметрлеріне қол жеткізу мақсатында тараптар Сарыағаш, Оазис және Сырдария түйіспелерінде инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде Дарбаза–Мақтарал учаскесін қамтитын негізгі жобаларды аяқтау көзделген Бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Анықтама:
Сарыағаш түйіспесінен қазіргі уақытта тәулігіне 36 жұп пойыз өтуде (жоспар – 40-қа дейін), Оазис арқылы – 2 жұп пойыз (жоспар – 10-ға дейін), Сырдария арқылы – Дарбаза–Мақтарал учаскесі іске қосылғаннан кейін тәулігіне 10 жұп пойыз.

Кеңес барысында инфрақұрылымдық және жөндеу жұмыстарын үйлестіру, бақылау рәсімдерін жетілдіру, технологиялық өзара іс-қимылды оңтайландыру және тасымал процесінің жалпы тиімділігін арттыру мәселелері де қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты әрі қарай кеңейтуге және тасымал көлемін кезең-кезеңімен арттыруға өзара мүдделілігін растады.
 
❤1
Казахстан и Узбекистан увеличивают объем железнодорожных перевозок до 60 млн тонн
 
В рамках реализации поручений Президента Республики Казахстан по увеличению транзитного потенциала страны и доведению объёма транзитных перевозок до 55 млн тонн министр транспорта Республики Казахстан провёл встречу с министром транспорта Республики Узбекистан, в ходе которой были обсуждены вопросы дальнейшего развития сотрудничества в сфере железнодорожного транспорта.

Стороны отметили стратегическую значимость железнодорожного сообщения между Казахстаном и Узбекистаном, его ключевую роль в развитии торгово-экономических связей, международного транзита и региональной транспортной интеграции, а также значительный потенциал для дальнейшего роста объёмов перевозок и повышения эффективности логистических маршрутов.

По итогам 2025 года объём железнодорожных перевозок между двумя странами составил 32,3 млн тонн, что на 16% выше показателя 2024 года.

Для устойчивого роста перевозок и достижения согласованных параметров пропускной способности стороны выработали План совместных мероприятий, предусматривающий развитие инфраструктуры на стыках Сарыагаш, Оазис и Сырдария, завершение ключевых проектов, включая участок Дарбаза – Мактарал.

Справочно: через стык Сарыагаш в настоящее время проходит до 36 пар поездов в сутки, планируется увеличить до 40, через Оазис — 2 пары поездов, планируется увеличить до 10, через Сырдария — до 10 пар после открытия участка Дарбаза – Мактарал.

В рамках совещания также рассмотрены вопросы синхронизации инфраструктурных и ремонтных работ, совершенствования контрольных процедур, оптимизации технологического взаимодействия и повышения общей эффективности перевозочного процесса.

По итогам совещания подтверждена взаимная заинтересованность в дальнейшем расширении сотрудничества и создании условий для последовательного роста объёмов перевозок.
 
❤1
Алматы-1 вокзалының сейсмикалық төзімділігі күшейтілуде

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Кельбуғанов Алматы-1 теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Көшпелі кеңеске мердігер ұйымның, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, техникалық қадағалау қызметінің және қала әкімдігінің өкілдері қатысты.

Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоба аясында вокзал ғимараты мен вокзал кешенінің бүкіл инфрақұрылымын кешенді жаңғырту көзделген. Инженерлік желілер жаңартылып, заманауи энергиямен жабдықтау, желдету, цифрлық бақылау және қауіпсіздік жүйелері енгізілуде.

Жобаның негізгі басымдығы – нысанның сейсмикалық төзімділігін арттыру. Тірек конструкциялары күшейтіліп, ғимарат өңірдің сейсмикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкестендірілуде.

Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі және бейнебақылау жүйелері жаңартылуда.

Қайта жаңғырту нәтижесінде вокзалдың өткізу қабілеті артып, жолаушыларға қызмет көрсету жағдайы жақсарады, толыққанды кедергісіз орта қалыптастырылады. Жаңартылған нысан қауіпсіз, технологиялық және жайлы болады.

Қайта жаңғырту жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Сейсмоустойчивость вокзала Алматы-1 усиливается

Председатель Комитета железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан Нуржан Кельбуганов ознакомился с ходом реконструкции железнодорожного вокзала Алматы-1.

В выездном совещании приняли участие представители подрядной организации, АО «Қазақстан темір жолы», технического надзора и акимата города.

Строительно-монтажные работы ведутся в плановом режиме. В рамках проекта реализуется комплексная модернизация здания и всей инфраструктуры вокзального комплекса.

Обновляются инженерные сети, внедряются современные системы энергоснабжения, вентиляции, цифрового контроля и безопасности.

Ключевой акцент реконструкции сделан на повышение сейсмоустойчивости объекта. Усиливаются несущие конструкции, здание приводится в соответствие с действующими строительными нормами с учетом сейсмической специфики региона. Параллельно модернизируются системы пожарной безопасности и видеонаблюдения.

По итогам реализации проекта увеличится пропускная способность вокзала, улучшатся условия обслуживания пассажиров, будет создана полноценная безбарьерная среда. Обновленный вокзал станет более безопасным, технологичным и комфортным для жителей и гостей города.

Завершение реконструкции запланировано до конца текущего года.
❤1👍1
ТЕҢІЗ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕР
 
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс - шаралар жоспарын орындау мақсатында ҚР Көлік министрлігі электрондық «Теңіз бірыңғай терезесін» құру жобасын пысықтауда.

Жоба теңіз порттарында кемелердің кіруін/шығуын ресімдеу кезінде көптеген қағаз құжаттарды электрондық хабарламалармен ауыстыруды көздейді және 2025-2027 жылдарға арналған көлік саласын цифрландыру мәселелері бойынша Жол картасында бекітілген.

Бүгінгі таңда халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) көмегімен жобаға техникалық тапсырма дайындау үшін халықаралық деңгейдегі сарапшылар арасында конкурс өткізілді, жеңімпаз болып Maritime Single Window (Теңіз бірыңғай терезесі) бойынша практикалық және халықаралық деңгейде стандарттарды пайдалану жөніндегі FAL Конвенциясының талаптарын білу тәжірибесі бар Nexhat Capidani анықталды.

2026 жылғы 9-11 ақпан аралығында Астана қаласында мемлекеттік органдар жүйелерінің интеграциясы және функционалдық үйлесімділігі бойынша теңіз өткізу пункттеріндегі бақылау-қадағалау органдарының талаптарын айқындау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен кездесулер өтті.

12-13 ақпан аралығында Ақтау және Құрық порттарында цифрландыру, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және «Теңіз бірыңғай терезесін» енгізу есебінен теңіз порттарында кемелерді өңдеу уақытын қысқарту мәселелері бойынша стейкхолдерлермен жұмыс кездесулері өтті.

«Теңіз бірыңғай терезесін» құру жөніндегі жұмыс Транскаспий бағытын дамытудағы, теңіз порттарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы және сауда және көлік рәсімдерін одан әрі жеңілдетудегі маңызды қадам болып табылады.