ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
✈️Air Astana компаниясы Сауд Арабиясынан 640 адамды тасымалдады

Air Astana 3 наурыздан 4 наурызға қараған түні 4 репатриациялық рейсті орындады: Медина-Атырау, Медина-Ақтау және 2 рейс Жидда-Атырау. Жолаушылардың жалпы саны 640 адам болды.

Бұдан әрі аталған жолаушыларды тасымалдау үшін Атыраудан Алматыға 2 рейс және Астанаға 1 рейс орындалды.

4 наурызда ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылатын қосымша екі репатриациялық рейс жоспарланған: Жидда-Ақтау-Алматы және Жидда-Атырау-Алматы. Жиддадан Ақтауға рейс 18:00 ұшып шығып, Ақтауға 01:05+ ұшып келеді, Алматыға 06.05+ ұшып келеді. Жиддадан Атырауға 20:45 ұшып шығып, Атырауға 05:05+ ұшып келеді, Алматыға 09:55+ ұшып келеді. Бәрінде жергілікті уақыт көрсетілген.

Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалауда.

➖

✈️ Air Astana вывезла 640 человек из Саудовской Аравии

Air Astana в ночь с 3 на 4 марта выполнила 4 репатриационных рейса: Медина-Атырау, Медина-Актау и два рейса Джидда-Атырау. Общее количество пассажиров, вернувшихся в Казахстан, составило 640 человек. Для удобства пассажиров авиакомпания также выполнила 2 рейса из Атырау в Алматы и 1 рейс в Астану.

На 4 марта запланировано дополнительно два репатриационных рейса, которые будут реализованы совместно с МИД РК. Вылет из Джидды в Актау в 18:00, прилет в Актау в 01:05+, с последующим прибытием в Алматы в 06.05+. Вылет из Джидды в Атырау в 20:45, прилет в Атырау в 05:05+, с последующим прибытием в Алматы в 09:55+. Везде указано время аэропорта вылета и прилета.

Авиакомпания продолжает внимательно следить за развитием ситуации и будет оперативно информировать пассажиров о дальнейших изменениях.
🔥2🎉1
✈️SCAT Маскаттан рейс орындады

SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша DV5361 рейсін орындады.

Рейспен Қазақстанға 314 адам, оның ішінде балалы жолаушылар жеткізілді.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары мүдделі мемлекеттік органдармен және әуе тасымалдаушылармен бірлесіп жалғасуда.

➖

✈️SCAT выполнил рейс из Маската

Авиакомпания SCAT выполнила рейс DV5361 по маршруту Алматы – Маскат – Алматы на воздушном судне Boeing 767.

По итогам рейса в Казахстан доставлены 314 человек, включая пассажиров с детьми.
Работа по возврату граждан Казахстана продолжается в координации с заинтересованными государственными органами и авиаперевозчиками.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
✈️Қазақстандықтар Таяу Шығыс елдерінен елге оралуға көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдіруде

➖

✈️Казахстанцы выражают благодарность за помощь в возвращении из стран Ближнего Востока
Forwarded from Aibek Smadiyar
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.
Forwarded from Aibek Smadiyar
Глава государства Касым-Жомарт Токаев поручил Премьер-министру, руководителям силовых ведомств, ФНБ «Самрук-Казына» и национальных компаний, а также акимам регионов усилить работу по обеспечению безопасности объектов жизнеобеспечения, транспортной, энергетической и коммунальной инфраструктуры, включая аэропорты, морские и речные порты.

Кураторство данной работы поручено секретарю Совета Безопасности.
✈️Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып келеді

Бүгін Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары аясында Air Astana әуе компаниясының екі рейсі жоспарланған:

Жидда – Ақтау – Алматы бағыты бойынша A320 әуе кемесі (148 орын) және
Жидда – Атырау – Алматы бағыты бойынша A321 әуе кемесі (184 орын) ұшып шығады.

Сондай-ақ Fly Dubai әуе компаниясының Дубай – Алматы бойынша екі рейсі, Дубай-Астана бағыттары бойынша рейстері жоспарланған (506 жолаушы).

Қазақстан азаматтарын елге тасымалдауды қамтамасыз ету жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдармен үйлестіре отырып жалғасып келеді.

🔹

✈️Продолжается вывоз казахстанцев из стран Ближнего Востока

Сегодня в рамках работы по возврату казахстанских граждан планируются два рейса авиакомпании Air Astana по маршруту Джидда – Актау – Алматы, на ВС A320 c емкостью 148 кресел и Джидда – Атырау – Алматы, на ВС A321 c емкостью 184 кресел.

Авиакомпания Fly Dubai планирует выполнить два рейса по маршруту Дубай – Алматы и один рейс по направлению Дубай – Астана с общим количеством 506 пассажиров.

Работа по обеспечению перевозки граждан продолжается в координации с уполномоченными государственными органами.
🛣️Қыс қар құрсауынсыз: «Астана – Көкшетау» тасжолында жаңа қардан қорғау жүйесі сынақтан өтуде
 
«Астана - Көкшетау» тасжолының қар жиі жиналатын учаскелерінің бірінде қар үйінділерінің алдын алуға арналған жаңа жүйе енгізіле бастады. Жобаны ғылыми-техникалық сүйемелдеуді «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазжолҒЗИ) мамандары жүзеге асыруда.

Тестілеу республикалық маңызы бар KAZ 02 «Астана - Көкшетау (айналма жолымен) -  Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)» автожолының 32-шақырымындағы учаскесінде өткізілуде. Бұл аумақ Ақмола облысы Целиноград ауданының Бозайғыр ауылы маңында орналасқан.

Көпжылдық метеорологиялық бақылаулардың талдауы көрсеткендей, дәл осы учаске аталған бағыттағы қар ең көп жиналатын орындардың бірі болып саналады. Ашық дала аймағы мен қатты бүйір желдері қыс мезгілінде қар массасының белсенді түрде көшіп, жолда қар үйінділерінің пайда болуына себеп болуда.
 
«Бұл мәселені шешу үшін мұнда отандық өндірушінің Wall магистральдық қардан қорғау жүйесі орнатылды. Конструкция жоғары берік композиттік материалдан – көміртекті пластиктен жасалған. Ол −70°С-тан +110°С-қа дейінгі температура ауытқуларына, ылғалға, ультракүлгін сәулеге, тұздарға және агрессивті ортаға төзімді. Материал коррозияға ұшырамайды және бұзылмайды, бұл автомобиль жолдары жағдайында пайдалануға өте маңызды»,

– деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ бас маманы Данияр Закиржан.
 
Беріктік көрсеткіштері бойынша бұл конструкция дәстүрлі темірбетоннан жасалынған қардан қорғау қоршауларымен бірдей әсер береді. Алайда оның салмағы айтарлықтай жеңіл. Соның арқасында монтаждау жұмыстары ауыр техниканы тартпай-ақ және массивті бетон іргетасын салмай жүзеге асырылады. Бұл орнату шығындарын азайтып, жұмыс мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, композиттік жүйенің тағы бір маңызды артықшылығы, ол қызмет ету мерзімінің ұзақтығы. Темірбетон конструкцияларына қарағанда, мұндай жүйелер тұрақты жөндеу мен қызмет көрсетуді қажет етпейді.

Қажет болған жағдайда конструкцияны оңай демонтаждап, басқа учаскеге көшіруге болады. Бұл жүйені пайдалануды икемді етеді.

«ҚазжолҒЗИ» мамандары жүйенің нақты пайдалану жағдайындағы жұмысын ғылыми тұрғыда бақылап отыр. Институт қарды ұстап қалу тиімділігін бағалап, эксплуатациялық көрсеткіштерге талдау жүргізуде.

Жүргізілген бақылаулардың қорытындысы бойынша ұқсас климаттық жағдайы бар республикалық жол желісінің учаскелерінде композиттік қардан қорғау шешімдерін кеңінен қолдану жөнінде ұсыныстар дайындалады.
🛣️Зима без заносов: на трассе «Астана – Кокшетау»тестируют новую снегозащитную систему
 
На одном из самых снегозаносимых участков трассы «Астана – Кокшетау» начали внедрять новую систему защиты от снежных перемётов. Научно-техническое сопровождение проекта осуществляют специалисты АО «Казахстанский дорожный научно-исследовательский институт» (КаздорНИИ).

Речь идет об участке автодороги республиканского значения KAZ 02 «Астана - Кокшетау (с обходом) -Петропавловск - граница Российской Федерации (п/п Кайрак)» на 32-м километре, в районе села Бозайгыр Целиноградского района Акмолинской области.

По результатам анализа многолетних метеорологических наблюдений этот участок считается одним из наиболее подверженных снежным заносам. Открытая степная местность и сильные боковые ветры способствуют активному переносу снежных масс и образованию перемётов в зимний период.
 
«Для решения этой проблемы здесь установлена современная магистральная снегозащитная система Wall, от отечественного производителя. Конструкция выполнена из высокопрочного композитного материала -углепластика. Он устойчив к экстремальным перепадам температур от −70°С до +110°С, воздействию влаги, ультрафиолетового излучения, солей и агрессивных сред.Материал не подвержен коррозии и разрушению, что особенно важно для эксплуатации на автомобильных дорогах» -

отметил главный специалист АО «КаздорНИИ» Данияр Закиржан.
 
По прочности конструкция сопоставима с традиционными железобетонными снегозащитными ограждениями, однако имеет значительно меньший вес. Благодаря этому монтаж выполняется без привлечения тяжелой техники и без устройства массивных бетонных оснований, что позволяет снизить стоимость работ и сократить сроки установки.

Эксперты отмечают, что еще одним преимуществомкомпозитной системы, является увеличенный срок службы. В отличие от железобетонных конструкций, требующих регулярного ремонта и обслуживания, такие ограждения не нуждаются в ежегодных восстановительных работах.

При необходимости конструкцию можно демонтировать и перенести на другой участок дороги, что делает систему более гибкой в эксплуатации.

Специалисты «КаздорНИИ» осуществляют научный мониторинг функционирования системы в реальных условиях эксплуатации. Институт оценивает эффективность снегоудержания и анализирует эксплуатационные показатели.

По итогам наблюдений будут подготовлены рекомендации по дальнейшему применению композитных снегозащитных решений на участках республиканской дорожной сети с аналогичными климатическими условиями.