ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
🔹Көлік вице-министрі MWC Barcelona 2026 конференциясына қатысты
 
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жанибек Тайжанов Барселона қаласында өтіп жатқан Mobile World Congress конференциясына қатысты.

Іс-шара аясында Huawei компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілді, онда телекоммуникациялық инфрақұрылымды интеллектуализациялау, 5G желілерін дамыту және 6G технологияларын енгізуге дайындық бойынша озық шешімдер таныстырылды.

Қазақстан делегациясына AI-centric network концепциясы — жасанды интеллект негізінде құрылған желілер, инфрақұрылымды алдын ала қызмет көрсету шешімдері, көлік ағындарын басқаруға арналған цифрлық платформалар, «ақылды» логистика және автономды жүйелерді дамыту технологиялары көрсетілді.

Бұдан бөлек Қазақстан Республикасының көлік саласына осы шешімдерді енгізу мүмкіндіктеріне назар аударылды, оның ішінде интеллектуалды көлік жүйелерін дамыту, логистикалық дәліздерді цифрландыру және инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыру мәселелері қамтылды.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі цифрландыру және инновациялық технологияларды енгізу саласындағы серіктестікті әрі қарай дамыту арқылы елдің көлік кешенін жаңғырту жұмыстарын жалғастырады.

➖

🔹Вице-министр транспорта РК
принял участие в MWC Barcelona 2026

 
Вице-министр транспорта Республики Казахстан Жанибек Тайжанов принял участие в Mobile World Congress, проходящем в г. Барселона.

В рамках мероприятий состоялась встреча с представителями компании Huawei, на которой были представлены передовые решения в области интеллектуализации телекоммуникационной инфраструктуры, развития сетей 5G и подготовки к внедрению технологий 6G.

Казахстанской делегации продемонстрировали концепцию AI-centric network — сети, построенные вокруг искусственного интеллекта, решения по предиктивному обслуживанию инфраструктуры, цифровые платформы для управления транспортными потоками, технологии для развития «умной» логистики и автономных систем.

Особое внимание было уделено возможностям внедрения данных решений в транспортной отрасли Республики Казахстан, включая развитие интеллектуальных транспортных систем, цифровизацию логистических коридоров и повышение устойчивости инфраструктуры.

Министерство транспорта Республики Казахстан продолжит проработку перспективных направлений сотрудничества в сфере цифровизации и внедрения инновационных технологий для модернизации транспортного комплекса страны.
✈️Қазақстан Республикасы азаматтарын Таяу Шығыс елдерінен алып келу жөнінде ақпарат

4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Қазақстанға Air Astana және Flydubai әуе компаниялары 5 рейс жасады. Осы рейстермен елге 851 жолаушы жеткізілді.
 
5 наурыз күні Қазақстанға жолаушыларды алып келу үшін қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар тағы бірнеше рейс орындайды.
 
🛩️Air Astana әуе компаниясы Жидда – Ақтау – Алматы және Жидда – Атырау – Алматы бағыттары бойынша екі рейс орындауды жоспарлап отыр.
 
🛩️SCAT Airlines әуе компаниясымен Маскат – Алматы бағыты бойынша 2 рейс орындалады.
 
🛩️Air Arabia әуе компаниясы Шарджа – Алматы бағыты бойынша рейс орындауда. Тәуліктің соңына дейін осы бағытта тағы бір рейс жоспарланған.
 
🛩️Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Алматы және Астана қалаларына рейстер жасауды жоспарлап отыр (жолаушылар саны нақтылануда).
 
🛩️3 наурыздан бастап Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан Республикасына барлығы 12 рейс ұшып келді, нәтижесінде 2111 жолаушы елге оралды.
 
🔹Бүгінгі күнмен қосқанда Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға шамамен 4000 азамат жеткізіледі.
 
Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының бірлескен жұмысы аясында жалғасып жатыр.

➖

✈️Информация по вывозу казахстанцев из стран Ближнего Востока

В ночь с 4 на 5 марта в Казахстан выполнено 5 рейсов авиакомпаний Air Astana и FlyDubai по итогам которых доставлены 851 пассажира.
 
На 5 марта запланировано выполнение ряд рейсов казахстанскими и иностранными авиакомпаниями по вывозу пассажиров в Республику Казахстан.
 
🛩️Авиакомпания Air Astana планирует выполнить два рейса по маршрутам Джидда – Актау – Алматы, Джидда – Атырау – Алматы.
 
🛩️Авиакомпанией SCAT планируется выполнить 2 рейса по маршруту Маскат - Алматы.
 
🛩️Авиакомпанией Air Arabia выполняется рейс по маршруту Шарджа – Алматы. До конца дня авиакомпанией запланирован второй рейс по такому же маршруту.
 
🛩️FlyDubai планирует выполнить рейсы из г. Дубай в гг. Алматы и Астана (количество определяется).
 
🛩️С 3 марта из стран Ближнего Востока в Республику Казахстан выполнено всего 12 рейсов, которыми в страну вернулись 2111 пассажира.
 
🔹С учётом рейсов, запланированных на сегодняшний день, около 4000 граждан будут доставлены в Казахстан из стран Ближнего Востока.
 
Работа по возвращению граждан Казахстана продолжается в координации с уполномоченными государственными органами и авиакомпаниями.
👍1
🔹Көлік министрлігі Huawei компаниясымен ынтымақтастықты нығайтуда

Mobile World Congress 2026 халықаралық көрмесі аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Huawei компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжаттың негізгі мақсаты көлік саласында цифрлық шешімдерді енгізу барысында тәжірибе алмасуға бағытталған. Құжат бірыңғай интеллектуалды көлік жүйесін құруды және бұлттық технологияларды қолдануды көздейді.

Ынтымақтастық теміржол, автомобиль, порттық және жүк көліктерін қамтиды. Тараптар жол инфрақұрылымын тиімді басқару, көлік ағындарын үйлестіру және логистикалық түйіндердің өнімділігін арттыру бойынша озық тәжірибемен алмасады.

Халықаралық аренада Меморандумға қол қою Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің стратегиялық бағытын айқындайды. Министрлік заманауи цифрлық технологияларды енгізуге, соның ішінде жасанды интеллект, үлкен деректер және интеллектуалды жүйелерді қолдануға басымдық береді.

Ынтымақтастық Қазақстанның көлік секторының технологиялық дамуына ықпал етеді, оның бәсекеге қабілетін арттырады және жаһандық көлік дәліздеріне интеграциялау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

➖
 
🔹Министерство транспорта укрепляет сотрудничество с Huawei

В рамках крупнейшей международной выставки Mobile World Congress 2026, подписан Меморандум о сотрудничестве между Министерством транспорта Республики Казахстан и компанией Huawei.

Ключевая цель документа является обмен опытом при внедрение цифровых решений в транспортной сфере. Документ предусматривает создание единой интеллектуальной транспортной системы и использование облачных технологий.

Сотрудничество охватывает железнодорожный, автомобильный, портовый и грузовой транспорт. Стороны обмениваются передовыми практиками по эффективному управлению дорожной инфраструктурой, координации транспортных потоков и повышению производительности логистических узлов.

Подписание Меморандума на международной арене подчеркивает стратегический курс Министерства транспорта Республики Казахстан. Министерство делает акцент на внедрении передовых цифровых технологий с использованием искусственного интеллекта, больших данных и интеллектуальных систем.

Сотрудничество будет способствовать технологическому развитию транспортного сектора Казахстана, повысит его конкурентоспособность и откроет новые возможности для интеграции в глобальные транспортные коридоры.
Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыс елдерінен елге қайтару жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, сондай-ақ отандық және шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстарын жалғастыруда.

2026 жылғы 7 наурыздағы жағдай бойынша өңірдегі жағдайдың шиеленісуі басталғаннан бері Қазақстанға 27 рейс орындалып, 4 659 жолаушы елге жеткізілді.

2026 жылғы 5 және 6 наурыз күндері 4 әуе компаниясы 15 рейс орындап, 2 549 жолаушыны тасымалдады.

«Эйр Астана» әуе компаниясы Джидда – Атырау – Алматы бағыты бойынша 3 рейс орындады.
SCAT әуе компаниясы Маскат – Алматы бағыты бойынша 1 рейс орындады.
FlyDubai әуе компаниясы Дубай – Алматы бағыты бойынша 5 рейс және Дубай – Астана бағыты бойынша 2 рейс орындады.
Сондай-ақ Air Arabia әуе компаниясы Шарджа – Алматы бағыты бойынша 4 рейс орындады.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары өңірдегі ағымдағы жағдайды ескере отырып жалғасуда.
Продолжается вывоз граждан Казахстана из стран Ближнего Востока

Министерством транспорта Республики Казахстан совместно с заинтересованными государственными органами и организациями, а также отечественными и иностранными авиакомпаниями продолжается работа по вывозу граждан Казахстана из стран Ближнего Востока.

Так, по состоянию на 7 марта с начала эскалации в регионе в Казахстан выполнено 27 рейсов, которыми вывезено 4 659 пассажиров.

5 и 6 марта марта 2026 года 4 авиакомпаниями выполнено 15 рейсов и вывезено 2 549 пассажиров.

Авиакомпанией «Эйр Астана» было выполнено 3 рейса по маршруту Джидда – Атырау – Алматы.
Авиакомпанией SCAT выполнен 1 рейс по маршруту Маскат – Алматы.
FlyDubai из Дубай выполнила 5 рейсов в Алматы и 2 рейса в Астану.
Также, авиакомпанией Air Arabia выполнено 4 рейса по маршруту по маршруту Шарджа – Алматы.

Работа по вывозу граждан Казахстана продолжается с учетом текущей ситуации в регионе.
🌷Құрметті ханымдар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Әрдайым гүлдей жайнап, ерекше құлпырып, отбасыңыз бен жақындарыңызға жылулық пен әсемдік сыйлап, үйлеріңізге береке мен қуаныш әкеле беріңіздер.

Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

🔸

🌷Дорогие женщины!

Примите наши искренние поздравления с прекрасным весенним праздником — Международным женским днём 8 Марта!

Пусть каждый день будет наполнен теплом, любовью и счастьем, а дома всегда царят уют и гармония.

Желаем вам крепкого здоровья, семейного благополучия и радости!
✈️ Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды елге жеткізу туралы ақпарат

Наурыз айының 7-нен 8-не қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға Air Astana, SCAT, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындап, нәтижесінде елге 1 786 жолаушы жеткізілді.

8 наурыз күні де қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар азаматтарды Қазақстанға қайтару үшін тағы бірнеше рейс жоспарлауда.

3 наурыздан бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 рейс жасалып, 6 254 адам елге оралды.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр.
✈️ Информация по вывозу казахстанцев из стран Ближнего Востока

В ночь с 7 на 8 марта в Казахстан из стран Ближнего Востока было выполнено 11 рейсов авиакомпаний Air Astana, Scat, FlyDubai и Air Arabia, по итогам которых доставлены 1 786 пассажиров.

На 8 марта запланировано выполнение ряда рейсов казахстанскими и иностранными авиакомпаниями по возврату граждан в Республику Казахстан.

С 3 марта из Ближнего Востока в Казахстан выполнено 37 рейсов, которыми в нашу страну вернулись 6 254 человек.

Работа по возвращению граждан Казахстана продолжается в координации с уполномоченными государственными органами и авиакомпаниями.
🔥1
ТМТМ бойынша тасымал көлемі соңғы 7 жылда 5 есеге өсті
 
Соңғы 7 жылда Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша тасымал көлемі 5 есеге өсіп, жылына 0,8 млн тоннадан 4,5 млн тоннаға дейін жетті. Бұл оның жаһандық логистикадағы рөлін нығайтудағы маңызды қадам болды.

Сонымен қатар контейнерлік тасымалдарда айтарлықтай өсім байқалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша аталған бағыт арқылы шамамен 77 мың ЖФЭ тасымалданды. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 300 мың ЖФЭ-ге жеткізу жоспарлануда.

Бүгінде ТХКБ Қытайды, Қазақстанды, Кавказ елдерін, Түркияны және Еуропа нарықтарын байланыстыратын қалыптасқан мультимодальды көлік артериясына айналды.

Тасымал көлемінің артуы тек инфрақұрылымды кеңейтудің ғана емес, сонымен қатар маршрутқа қатысушы елдер мен көлік операторлары арасындағы стратегиялық әріптестіктің дамуының нәтижесі болып табылады.

Өсімнің негізгі факторлары:
·       халықаралық тасымалдар үшін қолайлы жағдай жасау, соның ішінде кедендік рәсімдерді жеңілдету;
·       жеткізу мерзімдерін қысқарту есебінен маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру (мерзімдер 28–32 күннен 13–17 күнге дейін қысқарды);
·       логистикалық операциялардың сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін «бір терезе» қағидаты бойынша жүк тасымалына сұраныстың артуы.

Бұл бағыттағы жұмыстар 2022 жылы Ақтау қаласында және 2025 жылы Алматы қаласында қабылданған ТХКБ бойындағы «тар жерлерді» жою жөніндегі Қазақстан, Әзербайжан және Грузияның бірлескен жол карталары аясында жалғасады.
Теміржол және порт инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде Құрық порты акваториясында түбін тереңдету жұмыстары аяқталды.

Биыл осындай жұмыстарды Ақтау портында жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ Құрық портында БАӘ-нің «Abu Dhabi Ports Group» компаниясымен бірлесіп қуаттылығы 5 млн тонна болатын «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар Ақтау портында контейнерлік хабтың құрылысы аяқталды, Құрық портының №1 айлағындағы көтерме-өтпелі көпір жаңғыртылды. Грузияның Поти портында қуаттылығы 120 мың ЖФЭ болатын қазақстандық терминал іске қосылды.
Еуропалық одақ Ақтау портындағы №3 және №12 айлақтарды қайта жаңғырту жобасына грант бөлуде. Қаражат қолайсыз ауа райы жағдайларында теңіз порттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін, соның ішінде желге төзімді STS-крандарын қоса алғанда, тиеу-түсіру техникасын сатып алуға бағытталады.

Сауда флотын дамыту аясында Baku Shipyard кеме жасау зауытында екі контейнер тасымалдаушы кемеге тапсырыс орналастырылды. Олардың құрылысы 2027 жылы аяқталады. Сол жылы тағы алты әмбебап құрғақ жүк кемесін жеткізу жоспарланып отыр.

Теміржол саласында ұзындығы 2 мың км-ден асатын инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы жалпы ұзындығы 911 км болатын жобалар аяқталды. Олардың ішінде Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдарды салу (836 км) және Алматы станциясының айналма теміржол желісі (75 км) бар. Бұл учаскелер ТХКБ бағытының құрамына кіреді.
Бүгінде ТХКБ жаһандық логистикалық желінің маңызды элементі ретінде өзін дәлелдеді. Маршрутқа қатысушы елдер оның дамуын жалғастыру, халықаралық жүк жөнелтушілер үшін тартымдылығын арттыру және өткізу қабілетін ұлғайту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастырады.

Осылайша, ТХКБ-ның институционалдық мәртебесін арттыру мақсатында Әзербайжанмен ТХКБ-ны дамыту жөніндегі үкіметаралық ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы әзірленді. Құжатқа жақын арада қол қою жоспарлануда.