ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
☑️Көлік министрлігінің басшылығы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрлері өз таңдауларын №30, №34 және №490 сайлау учаскелерінде жасады.

Жалпы, министрлік қызметкерлері республикалық референдумға белсенді қатысуда.

***

☑️Руководство Министерства транспорта проголосовало на республиканском референдуме по новой Конституции

Вице-министры транспорта Республики Казахстан проголосовали на избирательных участках №30, №34 и №490.

В целом сотрудники Министерства активно участвуют в республиканском референдуме.
❤2
Көлік инфрақұрылымының су тасқыны кезеңіне дайындығы талқыланды
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев көлік инфрақұрылымын алдағы су тасқыны кезеңіне дайындау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Тиісті міндеттер профильдік мекемелердің қатысуымен өткен жедел кеңес барысында тапсырылды.

Министрлік басшысы республикалық маңызы бар теміржол және автомобиль жолдарының дайындығын, сондай-ақ әуежайларда су тасқынына қарсы іс-шаралардың жүргізілуін ерекше бақылауға алудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар өңірлерде атқарылып жатқан су тасқынына қарсы жұмыстар бойынша күн сайынғы есеп беруді және қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ету тапсырылды.

Жолдарды қорғау үшін қажетті материалдарды дайындауға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, инертті материалдар, құм, бут тасы, құм-қиыршық тас қоспасы, қаптар және басқа да ресурстарды әзірлеу мәселелері қаралды. Сондай-ақ министр су өткізгіш құбырлар, көпірлер және басқа да жасанды құрылыстарды қар мен қоқыстан тазартуды қамтамасыз етуді, жоғары қауіпті аймақтарда алдын ала айналма жолдарды пысықтауды тапсырды.

Қабылданған шаралар көлік инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындауға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуіне бағытталған.
Министр транспорта РК поручил усилить подготовку транспортной инфраструктуры к паводкам
 
Министр транспорта Республики Казахстан Нурлан Сауранбаев поручил усилить подготовку транспортной инфраструктуры к паводковому периоду. Соответствующие задачи были поставлены в ходе оперативного совещания с участием профильных служб.

Глава ведомства отметил необходимость взять на особый контроль готовность железных и автомобильных дорог республиканского значения, а также проведение противопаводковых мероприятий в аэропортах. Кроме того, поручено организовать ежедневную отчетность регионов о выполнении противопаводковых работ и обеспечить круглосуточное дежурство на паводкоопасных участках для оперативного реагирования на возможные риски.

Особое внимание уделено подготовке необходимых материалов для защиты дорог: инертных материалов, песка, бутового камня, песчано-гравийной смеси, мешков и других ресурсов.

Министр также поручил обеспечить очистку искусственных сооружений — труб, мостов и других объектов — от снега и мусора, а также заранее проработать возможные объездные маршруты в зонах повышенного риска.

Принятые меры направлены на подготовку транспортной инфраструктуры к паводковому периоду, обеспечение безопасности населения и бесперебойную работу транспортной системы.
🔹Көлік вице-министрі «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылыс барысымен танысты
 
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Абай облысына жұмыс сапары аясында «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылыс алаңына барды.

«Бақты – Аягөз» жобасы еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытуға және Трансқазақстандық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін негізгі жобалардың бірі болып табылады. Теміржол желісінің жалпы ұзындығы 303 км болады. Жоба аясында 11 бөлек пункт, 68 көпір құрылысы және 355 су өткізу құбырын салу жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Құрылыс алаңында қатысушылар дайындық және жүргізіліп жатқан жер жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі таңда инженерлік зерттеулер аяқталған және Ай, Шолпан, Үржар және Бақты ауылдарында төрт ауысымды қалашық салынды.

Вице-министр жобаны уақытылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, құрылысқа қатысушы барлық тараптардың тиімді өзара іс-қимылының қажет екенін айтты. Көлік министрлігі жобаны «ҚТЖ» ҰК» АҚ, мердігер ұйымдар және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты бақылауда ұстап отыр.

***

🔹Вице-министр транспорта ознакомился с ходом строительства железнодорожной линии «Бахты – Аягоз»
 
Вице-министр транспорта Республики Казахстан Жанибек Тайжанов в рамках рабочей поездки в область Абай посетил строительную площадку железнодорожной линии «Бахты – Аягоз».

Проект «Бахты – Аягоз» является ключевым для развития транспортной инфраструктуры страны и формирования Трансказахстанского железнодорожного коридора. Общая протяжённость линии составит 303 км, планируется строительство 11 раздельных пунктов, 68 мостовых сооружений и 355 водопропускных труб. Завершение строительства намечено до конца 2027 года.

В ходе посещения строительной площадки участники ознакомились с ходом подготовительных и земляных работ. На сегодняшний день завершены инженерные изыскания и построены четыре вахтовых городка в районах Ай, Шолпан, Урджар и Бахты.

Вице-министр отметил важность своевременной реализации проекта и подчеркнул необходимость эффективного взаимодействия всех участников строительства. Министерство транспорта продолжает держать проект на постоянном контроле совместно с АО «НК «ҚТЖ», подрядными организациями и местными исполнительными органами.
❤2
🛫Халықаралық әуежайларда «Best AirportService» жобасының 2025 жылғы нәтижесі жарияланды
 
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Көлік министрлігінің қолдауымен «Best Airport Service» жобасының 2025 жылғы қорытындысын шығарды.

Бұл жоба әуежайларда жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға, қызмет көрсету ережелерін біріздендіруге және жолаушыларға бағытталған мәдениетті дамытуға арналған.

«Best Airport Service» жобасы – жолаушылардың тікелей кері байланысына негізделген қызмет көрсету сапасын тәуелсіз бағалау бағдарламасы болып табылады. Жоба аясында жолаушылар әуежай терминалдарындағы QR-кодты сканерлеп, қызмет көрсету сапасы туралы пікір қалдыра алады. Сонымен қатар әуежай қызметкерлері үшін арнайы оқу семинарлары өткізіледі.

2025 жылы жоба Ақтөбе, Қостанай және Орал халықаралық әуежайларында іске қосылды. Жыл қорытындысы бойынша бұл әуежайларда қызмет көрсету сапасы жақсарғаны байқалды. Бұл қабылданған шаралардың тиімді болғанын және қызметкерлердің белсенді жұмысын көрсетеді.

Бағалау нәтижесінде жолаушыларға қызмет көрсету, тексеру, шекаралық және кеден қызметтерінде жұмыс істейтін 32 қызметкер алғыс хатпен марапатталды.
Сондай-ақ, Air Astana, SCAT Airlines, PegasusAirlines, Turkish Airlines және VietJet Qazaqstanәуекомпанияларының қолдауымен 13 қызметкерге ішкі және халықаралық рейстерге әуе билеттері берілді.

Жобаның нәтижелері оның тиімді екенін көрсетті. Жолаушылардың тікелей пікір айтуы қызмет көрсету сапасын арттыруға, қызметкерлердің жауапкершілігін күшейтуге және аймақтық әуежайлардың жұмысын жақсартуға көмектеседі.

Сонымен қатар «Best Airport Service» жобасы Қазақстан әуежайларының бәсекеге қабілетін арттырып, жолаушылар сенімін күшейтіп, халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсету жүйесін дамытуға ықпал етеді.

Жоба 2026 жылы да жалғасады және еліміздің басқа да әуежайларын қамтитын болады. Кез келген жолаушы қызмет сапасын бағалау үшін терминалдағы QR-кодты сканерлесе жеткілікті. Бұл жүйе қызмет сапасын тұрақты бақылауға және қажет шешімдерді дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді.
❤3