ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
🛩️ SCAT әуе компаниясының әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты

SCAT әуе компаниясы Boeing 737 MAX 8 үлгісіндегі екі жаңа әуе кемесімен толықтырылды. Әуе паркінің артуы тасымалдаушының маршруттық желісін дамыту және қолданыстағы ұшу бағдарламаларын күшейтумен тікелей байланысты.

Аталған ұшақтар АҚШ-тың Сиэтл қ. қаласындағы Boeing зауытынан тікелей жеткізілді. Сонымен қатар, бұл – әуе компанияның паркіне бір мезетте екі борттың бірден қабылдануы алғашқы рет.

2026 жылы әуе компаниясы Шымкенттен Қарағанды, Қостанай, Бішкек, Новосибирск, Санкт-Петербург және Тюмень қалаларына жаңа рейстер ашты, сондай-ақ Астанадан Моңғолия астанасы – Ұлан-Батор қаласына тікелей рейстерді іске қосты. Жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшақтары осы бағыттарда пайдаланылып, рейістердіжоспарлауда қосымша икемділікті қамтамасыз етеді және тасымал географиясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.

Әуе кемелері сондай-ақ бүгінде Қазақстанның маршруттық желісінің негізгі өсу нүктелерінің біріне айналып келе жатқан Шымкент әуежайы базасындағы хабты дамытуға тартылатын болады. Шымкентті ірі авиациялық торап ретінде нығайту және ұшу бағыттарын кеңейту жолаушылар үшін ел ішінде де, одан тыс жерлерде де жаңа мүмкіндіктер ашады.

Әуе кемелері паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда және Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің тұрақты бақылауында.

***

🛩️ Два новых самолета пополнили парк авиакомпании SCAT
 
Два воздушных судна типа Boeing 737 MAX 8 получила авиакомпания SCAT. Пополнение флота напрямую связано с развитием маршрутной сети авиаперевозчика и усилением действующих полетных программ.

Самолеты являются абсолютно новыми и были поставлены напрямую с завода Boeing в г. Сиэтл (США). Кроме того, это первый случай, когда во флот авиакомпании поступили сразу два борта одновременно.

В 2026 году авиакомпания открыла новые рейсы из Шымкента в Караганду, Костанай, Бишкек, Новосибирск, Санкт-Петербург и Тюмень, а также запустила прямые рейсы из Астаны в столицу Монголии – Улан-Батор. Новые Boeing 737 MAX 8 станут частью данных программ, обеспечивая дополнительную гибкость в планировании полетов и поддержку дальнейшего расширения географии перевозок.

Воздушные суда будут задействованы также в развитии хаба на базе аэропорта Шымкента, который сегодня становится одной из ключевых точек роста маршрутной сети Казахстана. Усиление Шымкента как крупного авиационного узла, а также расширениенаправлений полетов создает новые возможности для пассажиров как внутри Казахстана, так и за его пределами.

Работа по расширению парка воздушных судов продолжается и находится на постоянном контроле Министерства транспорта РК.
Астанада ауыр жүк көліктерінің қозғалысына бақылау күшейтілді
 
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жолдың бұзылуын алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Астана қаласында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына бақылау күшейтіледі.

Аталған шаралар Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті, қала әкімдігі және полиция органдарымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Бақылау қалаға кіретін және шығатын негізгі бағыттардағы жылжымалы көлік бақылау бекеттері арқылы, сондай-ақ автоматтандырылған салмақ өлшеу станцияларының көмегімен жүзеге асырылуда.

Белгіленген салмақ параметрлерінен асып кеткен жағдайда, құқық бұзушыларға бұзушылық деңгейіне қарай айыппұл санкциялары қолданылады.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен жүретін көлік құралдары үшін осьтік жүктемеге қосымша шектеулер енгізілген.

Астана қаласы жолдарының сақталуын және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыр жүк көліктеріне бақылау жұмыстары жалғасатын болады.
❤3
В Астане усилен контроль за движением тяжеловесного автотранспорта
 
С целью повышения безопасности дорожного движения и предотвращения повреждения дорожного покрытия, с 1 апреля текущего года в городе Астана вводится усиленный контроль за движением тяжеловесных автотранспортных средств.

Меры реализуются Комитетом автомобильного транспорта и транспортного контроля Министерство транспорта Республики Казахстан совместно с акиматом города и органами полиции.

Контроль будет осуществляться на ключевых въездах и выездах столицы через передвижные посты транспортного контроля, а также с использованием автоматизированных станций измерения веса.

В случае превышения установленных весовых параметров к нарушителям будут применяться штрафные санкции в зависимости от степени нарушения.
Кроме того, с 23 марта по 1 мая 2026 года введены дополнительные ограничения по нагрузке на ось для транспортных средств, передвигающихся по автомобильным дорогам республиканского значения.

Работа по контролю за тяжеловесным транспортом будет продолжена в целях обеспечения безопасности дорожного движения и сохранности дорожной инфраструктуры столицы.
 
👏3
Қазақстан Санкт-Петербургтегі халықаралық форумда көлік саласын цифрландыру тәжірибесімен бөлісті
 
Санкт-Петербург қаласында өткен Халықаралық көлік-логистика форумының аясында Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров «Цифрлық платформалардың жаһандық интеграциясы: халықаралық логистика үшін бірыңғай кеңістікті қалай құруға болады» тақырыбындағы сессияда сөз сөйледі.

Өз баяндамасында ол сессия қатысушыларын көлік инфрақұрылымын цифрландыру нәтижелерімен таныстырды. Атап айтқанда, автожолдардың бірыңғай e-Joldar жүйесі әзірленуде, автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда, жолдарды диагностикалауда жасанды интеллект технологиялары қолданылуда, сондай-ақ теміржол көлігінде қозғалыс кезінде жылжымалы құрамды диагностикалауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешендер енгізілуде.

Автомобиль көлігі саласында рұқсат беру бланкілері Өзбекстан және Қытаймен электрондық форматқа ауыстырылғаны, Әзербайжанмен техникалық жұмыстардың аяқталғаны атап өтілді. Сонымен қатар бірқатар мемлекеттермен тиісті келісімдер мен оларды пысықтау жоспарлары бар.

Электрондық жүкқұжаттарына қатысты e-CMR халықаралық конвенциясына қосылу рәсімі аяқталу сатысында. Ағымдағы жылы көршілес елдермен тесттік жобаларды іске қосу жоспарлануда.
Теміржол саласында DTC жүйесінің Tez Customs модулі енгізіліп, транзиттік декларацияларды рәсімдеу үдерісі автоматтандырылды. Нәтижесінде оларды рәсімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды. 2025 жылғы қазанда аталған жүйе «РЖД» АҚ-мен бірлесіп Достық – Брест Орталық бағыты бойынша іске қосылды.

Азаматтық авиация саласында e-Freight жүйесі арқылы электрондық құжат айналымы елдің барлық әуежайларында және авиакомпаниялардың басым бөлігінде қолданылуда.

Бизнеске қолайлы жағдай жасау мақсатында логистикалық және кедендік қызметтерді біріктіретін Smart Cargo бірыңғай терезесі енгізілгені, сондай-ақ жүктің бүкіл бағыты бойынша бірыңғай деректерді пайдалануға мүмкіндік беретін цифрлық тасымалдау паспорты (QR-код) іске қосылғаны атап өтілді.

Сонымен қатар Бірыңғай деректер қорын қалыптастыруды және жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдануды көздейтін Ұлттық зияткерлік көлік жүйесі іске асырылуда. Бұл көлік саласының жай-күйін нақты уақыт режимінде бақылауға, тәуекелдер мен инциденттерге жедел әрекет етуге, сондай-ақ талдау және болжау негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Сөз соңында вице-министр форум қатысушыларын ынтымақтастықты кеңейтуге және халықаралық логистика үшін бірыңғай кеңістік қалыптастыруға шақырды.
❤1
Казахстан поделился опытом цифровизации транспорта на международном форуме в Санкт-Петербурге
 
В рамках Международного транспортно-логистического форума в г. Санкт-Петербурге вице-министр транспорта Республики Казахстан Максат Калиакпаров выступил на сессии «Глобальная интеграция цифровых платформ: как создать единое пространство для международной логистики».

В ходе выступления он ознакомил участников сессии с результатами цифровизации инфраструктуры, включая разработку единой системы автодорог – e-Joldar, установку автоматизированных станции измерения, применению ИИ в диагностике дорог и установку аппаратно-программных комплексов для диагностики подвижного состава в движении жд транспорта.

Отмечено, что в сфере автотранспорта разрешительные бланки переведены в электронный формат с Узбекистаном и Китаем, завершены технические работы с Азербайджаном. Имеются договоренности и планы проработки с рядом стран.
На стадии завершения процедуры присоединения к международной Конвенции об электронных e-CMR. В текущем году планируется начать тестовые работы с соседними странами.

В железнодорожной отрасли внедрен модуль Tez Customs системы DTC, позволяющий автоматизировать оформление транзитных деклараций. Срок их оформления сокращен с 8 часов до 30 минут. В октябре 2025 года система запущена на маршруте ОТЛК (Достык – Брест Центральный) совместно с ОАО «РЖД».

В сфере авиации электронные документы используются в системе e-Freight во всех аэропортах страны и большинство авиакомпаний.
Подчеркнуто, что в целях повышения удобства для бизнеса внедрено единое окно Smart Cargo, объединяющее логистические и таможенные услуги, а также цифровой паспорт перевозки (QR-код), обеспечивающий использование единых данных о грузе на всем маршруте.

Параллельно реализуется Национальная интеллектуальная транспортная система, предусматривающая формирование единого озера данных и масштабное применение технологий искусственного интеллекта. Это позволит осуществлять мониторинг отрасли в режиме реального времени, оперативно реагировать на инциденты и принимать решения на основе аналитики и прогнозирования.

В завершение выступления вице-министр призвал участников форума к расширению сотрудничества и формированию единого пространства международной логистики.
❤3
🛣️Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды: жаңа бағыт қалада көлік жүктемесін азайтып, Өзбекстанға өтетін транзитті жылдамдатады
 
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің оңтүстігінде көлік байланысын едәуір арттыратын және халықаралық бағыттардағы транзиттік әлеуетті нығайтатын ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру басталды.

Түркістан облысында республикалық маңызы бар «Сарыағаш айналма жолы» автожолының құрылысы ресми түрде басталды. Сарыағаш айналма жолын салу транзиттік көлікті қала шегінен шығарып, қалалық жол желісіне түсетін жүктемені азайтады және Өзбекстан бағытындағы қозғалысты едәуір жылдамдатады. Бұл негізгі транспорттық бағыттардың қауіпсіздігін, жайлылығын және өткізу қабілетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Жоба аясында ұзындығы 102,6 шақырым болатын I-а техникалық санаттағы төрт жолақты заманауи автожол салынады. Жол халықаралық стандарттарға сай жобаланған және қауіпсіз әрі үздіксіз көлік қозғалысына жағдай жасайды.

Сарыағаш айналма жолының іске асырылуы өңір экономикасына айтарлықтай әсер етеді: жүк және жолаушылар транзиті жеделдейді, шекара маңындағы сауданың тартымдылығы артады, Түркістан облысының халықаралық маршрутардағы көлік түйіні ретіндегі рөлі күшейеді.

Сонымен қатар, Түркістан облысында жол желісін модернизациялау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдардың ұзындығы – 678 шақырым. Жобалар аясында негізгі маршруттарда 5 күрделі және орташа жөндеу жұмысы жүзеге асырылуда, олардың жалпы ұзындығы – 99,2 шақырым, соның ішінде транспорттық қиылыстар мен көпірлердің реконструкциясы бар.

2026 жылы қозғалысты бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін орната отырып, «Шымкент – Қызылорда» автожолында жалпы ұзындығы 103 шақырымболатын орташа жөндеудің 5 қосымша жобасы жоспарланған, бұл көлік инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаларды кешенді жүзеге асыру өңірде заманауи және қауіпсіз жол желісін қамтамасыз етеді, көлік қызмет көрсету деңгейін көтереді және Қазақстанның Орталық Азиядағы транзиттік әлеуетін нығайтады.