ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.93K subscribers
14.7K photos
1.89K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
🔹Орта дәліз: Қазақстан мен Италия жеткізу тізбегін нығайтады
 
Ағымдағы жылғы 21 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің өкілдері Italy–Kazakhstan Supply Chain Forum 2026 халықаралық форумы аясында өткен «Орта дәлізді дамыту» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты.

Талқылау барысында мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ итальяндық және халықаралық бизнес өкілдерінің қатысуымен Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (Middle Corridor) дамыту мәселелері қаралды.

Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы байланысты қамтамасыз ете отырып, Еуразиядағы негізгі көлік-логистикалық хаб ретіндегі рөлін жүйелі түрде нығайтып келе жатқаны атап өтілді. Бұл өз кезегінде транзиттік және экспорттық тасымалдаудың өсуіне жағдай жасайды.

Сонымен қатар, Middle Corridor өзінің тұрақтылығын дәлелдегені айтылды. Қазіргі кезеңде негізгі назар тасымалдардың жылдамдығын және экономикалық тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Осыған байланысты жұмыс дәліздің барлық элементтерін үйлестіруге, атап айтқанда инфрақұрылымды дамытуға, процестерді цифрландыруға және маршрут бойындағы «тар жерлерді» жоюға бағытталған.

Итальяндық тараптың ынтымақтастықты кеңейтуге, оның ішінде маршрут бойындағы инфрақұрылымды дамыту, логистикалық қызметтер және көлік кооперациясы жобаларына қатысуға жоғары қызығушылық танытып отырғаны ерекше атап өтілді.

Қабылданып жатқан шаралар халықаралық серіктестердің қатысуы үшін қолайлы инвестициялық орта қалыптастыруға бағытталғаны айтылды. Қазақстан көлік саласына ұзақ мерзімді инвестициялар үшін тұрақты әрі ашық жағдайларды қамтамасыз етеді.

Осындай кешенді тәсіл маршрутты жай транзиттік бағыттан жаһандық нарық үшін тұрақты әрі бәсекеге қабілетті логистикалық өнімге айналдыруға мүмкіндік береді.


***

🔹Казахстан и Италия усиливают сотрудничество в развитии Среднего коридора и устойчивых цепочек поставок
 
21 апреля т.г. в городе Астана представителями Министерства транспорта РК принято участие в международном форуме Italy–Kazakhstan Supply Chain Forum 2026 в рамках панельной сессии «Развитие Среднего коридора».

В ходе обсуждения с участием представителей государственных органов, международных организаций, а также итальянского и международного бизнеса рассмотрены ключевые вопросы развития Транскаспийского международного транспортного маршрута (Middle Corridor).

Отмечено, что Казахстан последовательно укрепляет свою роль ключевого транспортно-логистического хаба Евразии, обеспечивая связанность между Европой и Азией и создавая условия для роста транзитных и экспортных потоков.

При этом отмечено, что Middle Corridor доказал свою устойчивость. В фокусе – дальнейшее повышение скорости и экономической привлекательности перевозок.

В этой связи работа сосредоточена на синхронизации всех элементов коридора: развитии инфраструктуры, цифровизации процессов и устранении «узких мест» на маршруте.

Отдельно подчеркнута заинтересованность итальянской стороны в расширении сотрудничества, включая участие в проектах по развитию инфраструктуры, логистических сервисов и транспортной кооперации вдоль маршрута.

Отмечено, что реализуемые меры формируют благоприятную инвестиционную среду для участия международных партнеров. Казахстан обеспечивает стабильные и прозрачные условия для долгосрочных инвестиций в транспортную отрасль.

Именно такой комплексный подход позволяет превратить маршрут из транзитной опции в устойчивый и конкурентный логистический продукт для глобального рынка.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚉 Казахстан усиливает роль железных дорог в грузоперевозках и транзите
🔸️Маңғыстау вокзалының ғимараты кеңейтіліп, өткізу қабілеті артады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов Маңғыстау станциясының жаңа теміржол вокзалының құрылысымен танысты.

Жұмыс сапары аясында құрылыс алаңына инспекция жүргізілді, мердігерлік ұйым мен жауапты қызметтер өкілдерінің жобаны іске асырудың ағымдағы мәртебесі туралы баяндамалары тыңдалды.

Жоба аясында вокзал ғимаратын 764 шаршы метрден 8899 шаршы метрге дейін кеңейту көзделген. Өткізу қабілеті тәулігіне 2 800 жолаушыға дейін артады. Жаңа нысан заманауи инженерлік жүйелермен, күту аймақтарымен, сервистік инфрақұрылыммен жарақтандырылады, сондай-ақ халықтың мобильділігі төмен топтары үшін ыңғайлы жағдайлар жасалады.

Тексеру қорытындысы бойынша Нұржан Келбұғанов вокзал құрылысын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, оларға қолайлы жағдай жасауға және өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

🔸️Новый вокзал в Мангистау: увеличат площадь и пропускную способность

Председатель Комитета железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан Кельбуганов Нуржан ознакомился с ходом строительства нового железнодорожного вокзала станции Мангыстау.

В рамках рабочей поездки была проведена инспекция строительной площадки, заслушаны доклады представителей подрядной организации и ответственных служб о текущем статусе реализации проекта.

Проектом предусмотрено увеличение площади вокзала с 764 кв. м до 8 899 кв. м. Пропускная способность возрастет до 2 800 пассажиров в сутки. Новый объект будет оснащен современными инженерными системами, зонами ожидания, сервисной инфраструктурой, а также обеспечен условиями для маломобильных групп населения.

По итогам осмотра Нуржан Кельбуганов поручил обеспечить качественное и своевременное завершение строительства вокзала.

Реализация проекта позволит значительно повысить качество обслуживания пассажиров, создать комфортные условия пребывания и укрепить транспортно-логистический потенциал региона.
Халықаралық тасымалдаушыларға жаңа талаптар: кемінде 50% өзіне тиесілі жүк көліктерінің болуы
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті салалық қауымдастықтар және бизнес-қоғамдастықтармен бірлесіп халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жиын барысында саланың өзекті және проблемалық мәселелері қаралды, оның ішінде мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінен өту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ реттеушілік әсерге талдау жүргізу аясында халықаралық тасымалдарға қатысу ережелеріне ұсынылатын өзгерістер қаралды.

Нормативтік базаны жаңарту заманауи жағдайларға бейімделуге және тасымалдаушылар қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталғаны атап өтілді. Негізгі жаңалық – тасымалдаушыда кемінде 50% өзіне тиесілі жүк көліктерінің болуы тиіс деген талаптың енгізілуі.

Сонымен қатар процестерді цифрландыру, рұқсаттарды есепке алу және тарату жүйесін жетілдіру шаралары көзделген, бұл жүйенің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған тәсілдерді қолдады, сондай-ақ реформаларды іске асыру кезінде одан әрі диалогтың маңыздылығын атап өтті.
50% собственного автопарка: новые требования к международным автоперевозчикам в Казахстане
 
Комитет автомобильного транспорта и транспортного контроля Министерства транспорта РК совместно с отраслевыми ассоциациями и представителями бизнес-сообщества провёл совещание по вопросам совершенствования разрешительной системы международных автомобильных перевозок.

В ходе встречи рассмотрены актуальные и проблемные вопросы отрасли, включая прохождение пунктов пропуска на государственной границе. Также обсуждены предлагаемые изменения в правила допуска к международным перевозкам в рамках проведения анализа регуляторного воздействия.

Отмечено, что обновление нормативной базы направлено на адаптацию к современным условиям и повышение прозрачности деятельности перевозчиков. Ключевым нововведением является введение требования о наличии у перевозчика не менее 50% собственных грузовых транспортных средств.

Кроме того, предусмотрены меры по цифровизации процессов, совершенствованию учета и распределения разрешений, что позволит повысить прозрачность системы.

По итогам совещания участники поддержали предложенные подходы и подчеркнули важность продолжения диалога при реализации реформ.
❤2
🔹Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша транзит соңғы бес жылда үш есеге өсті
 
Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұганов теңіз инфрақұрылымы мен сауда флотын дамыту жобаларының іске асырылу барысымен танысты.

Сапар барысында ол теңіз терминалдарын аралап, кеме қатынасы компанияларының басшыларымен кездесті. Кездесуде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске-асыру мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда Ақтау портында контейнерлік хабпен кемелер қозғалысын басқару жүйесін (КҚБЖ) салу, Құрық портында айлақ акваториясын тереңдету және №1 айлақты жаңғырту, сондай-ақ портта жол бойы сервистік инфрақұрылым құру жобалары аяқталды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Ақтау порты акваториясын тереңдету және Құрық портындағы «Ерсай» терминалын, «Ерсай» контейнерлік терминалын салу, Құрық портындағы №2, 4 және 5 айлақтарды жаңғырту, буксирлер сатып алу, сондай-ақ цифрлық шешімдерді енгізіп, оларды ТХКБ-ның бірыңғай цифрлық ортасына интеграциялау жоспарланып отыр.

Аталған жобаларды іске асыру порт инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыруға және Қазақстанның Транскаспий бағыты бойынша негізгі транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, соңғы бес жылда ТХКБ бойынша транзиттік тасымал көлемі үш есеге артты. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 300 мың контейнерге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

***

🔹Транзит по ТМТМ вырос втрое за последние пять лет

В рамках рабочей поездки в Мангистаускую область председатель Комитета железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта РК Нуржан Кельбуганов ознакомился с ходом реализации проектов по развитию морской инфраструктуры и торгового флота.

В ходе поездки он посетил морские терминалы и провёл встречи с руководством судоходных компаний. Обсуждены стратегические задачи по развитию Транскаспийского международного транспортного маршрута (ТМТМ).

На сегодняшний день завершены проекты по строительству контейнерного хаба и системы управления движением судов (СУДС) в порту Актау, дноуглублению акватории и модернизации причала №1 в порту Курык, а также созданию придорожного сервиса в порту.

До конца текущего года планируется завершить дноуглубление акватории порта Актау и терминала «Ерсай» в порту Курык, строительство контейнерного терминала «Ерсай», модернизацию причалов №2, 4 и 5 порта Курык, приобретение буксиров, а также внедрение цифровых решений с их интеграцией в единую цифровую среду ТМТМ.

Реализация указанных проектов позволит повысить пропускную способность портовой инфраструктуры и укрепить позиции Казахстана как ключевого транзитного хаба на Транскаспийском маршруте.

В целом за последние пять лет объём транзитных перевозок по ТМТМ увеличился в три раза. К 2030 году планируется довести этот показатель до 300 тыс. контейнеров.
❤1