ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.93K subscribers
14.7K photos
1.89K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
UKIMET
Қазақстанда техникалық байқау орталықтары мен жолаушылар тасымалына қойылатын талаптар күшейтілді 📌 Қазақстанда техникалық байқау орталықтарының жауапкершілігі күшейтілді. Енді оларға жұмыс бастау үшін арнайы рұқсат алу керек. Айыппұл 30-дан 100 АЕК-ке дейін…
В Казахстане усилили требования к центрам  техосмотра и пассажирским перевозкам

📌 В Казахстане ужесточена ответственность центров технического осмотра. Для осуществления деятельности операторам необходимо получить специальное разрешение, штрафные санкции увеличены с 30 до 100 МРП. Деятельность лиц, проводящих “формальный” техосмотр, приостанавливается на срок до трех лет. Об этом на заседании Правительства доложил министр транспорта Нурлан Сауранбаев.

Министр также отметил, что в сфере пассажирских перевозок совместно с Министерством внутренних дел и сервисами «Яндекс» и inDrive из эксплуатации выведено порядка 70 тыс. транспортных средств с правосторонним расположением рулевого управления. В дальнейшем планируется ввести законодательный запрет на использование праворуких машин, переоборудованных на левостороннее управление, в качестве такси, а также повысить ответственность агрегаторов перевозок.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✈️Қазақстан мен Швейцария әуе қатынасын ашу мүмкіндіктерін кеңейтуде
 
Астана қаласында Қазақстан Республикасының және Швейцария Конфедерациясының авиациялық биліктері арасында келіссөздер өтті.

Қазақстандық делегацияны ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева басқарды. Швейцариялық делегацияға Швейцарияның Федералдық азаматтық авиация басқармасының (FOCA) келіссөздер бағытының басшысы Лоран Ноэль жетекшілік етті.

Келіссөздерге сондай-ақ Air Astana, SCAT, SWISS International Air Lines әуе компанияларының, Базель қаласы әуежайының басшылары, ҚР Сыртқы істер министрлігінің және Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар тікелей әуе қатынасын дамыту перспективаларын және жаңа бағыттарды ашуға қатысты практикалық мәселелерді талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің авиациялық биліктері Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат тағайындалған әуе компанияларға аптасына 28 жолаушылар рейсіне дейін орындау құқығын береді. Сонымен қатар жүк тасымалдарын рейс жиілігі мен сыйымдылығына шектеусіз орындаудың құқықтық негізі қалыптастырылды.

Тараптар сондай-ақ кейіннен қол қою мақсатында Әуе қатынасы туралы келісім жобасының мәтінін келісіп, парафирледі. Аталған келісім Қазақстан мен Швейцария арасындағы әуе қатынасын одан әрі дамыту үшін жаңартылған құқықтық негіз қалыптастырады.

Швейцария тарапы екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын дамытудың перспективаларын атап өтіп, қазіргі уақытта Қазақстанға тұрақты рейстер ашу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.

Қазақстан мен Швейцария арасындағы тікелей әуе қатынасының дамуы екі ел арасындағы туризм, сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ өзара жолаушылар және іскерлік ағындарды арттыруға қосымша мүмкіндіктер береді.
✈️Казахстан и Швейцария расширяют возможности для открытия воздушного сообщения
 
В Астане состоялись переговоры между авиационными властями Республики Казахстан и Швейцарской Конфедерации. Казахстанскую делегацию возглавила Председатель Комитета гражданской авиации Министерства транспорта республики Казахстан Салтанат Томпиева. Швейцарскую делегацию возглавил Руководитель переговорного направления Федеральной администрации гражданской авиации Швейцарии (FOCA) г-н Лоран Ноэль. В переговорах также приняли участие представители авиакомпаний Air Astana, SCAT, SWISS International Air Lines, аэропорта г. Базель, а также представители Министерства иностранных дел РК и Посольства Швейцарской Конфедерации в РК.

В ходе переговоров стороны обсудили перспективы развития прямого авиасообщения и практические вопросы возможного открытия новых маршрутов.

По итогам переговоров авиационные власти двух стран подписали Меморандум о взаимопонимании, предусматривающий право назначенным авиакомпаниям выполнять до 28 пассажирских рейсов в неделю, а также установлена правовая база для выполнения грузовых рейсов без ограничений по частотам и емкостям.

Стороны также согласовали и парафировали текст проекта Соглашения о воздушном сообщении в целях его последующего подписания, которое сформирует обновленную правовую основу для дальнейшего развития авиасообщения между Казахстаном и Швейцарией.

Швейцарская сторона сообщила, что видит перспективы в развитии прямого авиасообщения между двумя странами и в настоящее время рассматривает возможность открытия регулярных рейсов в Казахстан.

Развитие прямого авиасообщения между Казахстаном и Швейцарией создаст дополнительные возможности для укрепления туристических, торгово-экономических и деловых связей между двумя странами, а также увеличения взаимных пассажирских и деловых потоков.
⚜️Атбасарда қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалы ашылды

Атбасар қаласында қайта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалының ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен мердігер ұйымның өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Нұржан Келбұғанов еліміздің жолаушылар теміржол инфрақұрылымын жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда. Ақмола облысында жұмыстардың елеулі көлемі жүргізілуде, мұнда бағдарлама 16 теміржол вокзалын қамтиды. Бұл – республика өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Аталған жобаның іске асырылуы жолаушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасап, қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді», – деді Нұржан Келбұғанов.

Атбасар станциясының теміржол вокзалы 1956 жылы салынған. Жоба аясында бұрынғы ғимарат бұзылып, оның орнына жаңа заманауи вокзал кешені салынды. Ғимараттың ішкі бөлмелері толық жабдықталып, инженерлік коммуникациялар жаңартылды, шатыр мен қасбетті орнату жұмыстары жүргізілді, перрон қайта жаңғыртылып, іргелес аумақ абаттандырылды.

Нәтижесінде вокзал кешенінің аумағы 661 шаршы метрден 823 шаршы метрге дейін ұлғайды.

Нысанның қауіпсіздігі мен қолжетімділігіне ерекше көңіл бөлінді. Жаңа эвакуациялық шығу жолдары жабдықталып, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай есіктер орнатылды.

Қозғалысы шектеулі азаматтар үшін пандус қарастырылды.

Атбасар станциясының вокзалы 3-санатты вокзалдарға жатады.

Тәулігіне орта есеппен 310 жолаушыға қызмет көрсетіледі. Станция арқылы Қазақстанның Астана, Қостанай, Семей, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау және басқа да қалаларымен теміржол қатынасын қамтамасыз ететін 16 жолаушылар пойызы өтеді.

Вокзалды қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ келушілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.