ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
🔹В Казахстане определены меры по повышению качества местных дорог

Первый заместитель Премьер-министра Республики Казахстан Нурлыбек Налибаев принял участие в заключительном заседании трехдневного республиканского семинара-совещания на тему «Качественные дороги: от планирования до эксплуатации», состоявшегося в Министерстве транспорта Республики Казахстан в соответствии с поручением Премьер-министра Олжаса Бектенова.

В мероприятии приняли участие представители центральных государственных органов, заместители руководителей регионов, руководители компаний и организаций.

🛣️Вопрос качества дорожной инфраструктуры находится под постоянным вниманием Главы государства. Президент Касым-Жомарт Токаев отмечал необходимость уделять особое внимание конкретным результатам работы по развитию дорожной инфраструктуры. В этой связи усиление требований к качеству дорог и повышение ответственности в отрасли остаются одними из актуальных приоритетов.

В ходе мероприятий Первый заместитель Премьер-Министра отметил необходимость усиления контроля за качеством выполняемых работ и недопущения нарушений, приводящих к разрушению дорог. Он подчеркнул, что местные исполнительные органы должны обеспечивать приемку объектов только при их полном соответствии установленным требованиям.

«В случае выявления дефектов в течение гарантийного срока они должны устраняться подрядчиками за свой счет»,

— отметил Нурлыбек Налибаев.

В ходе семинара основное внимание было уделено не отдельным этапам дорожных работ, а системному подходу к управлению местной дорожной сетью.

📌Одним из ключевых поручений стало утверждение акиматами областей и городов республиканского значения в течение недели трехлетних планов по повышению качества местных дорог.

Планы должны охватывать все этапы дорожных работ, включая определение приоритетных участков, подготовку проектной документации, проведение строительства и ремонта, контроль качества выполненных работ, а также последующее содержание дорог.

По итогам семинара определены конкретные задачи, направленные на повышение качества сети автомобильных дорог республиканского и местного значения.
📌Нұғманов Амангелді Шайхоллаұлы Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен Нұғманов Амангелді Шайхоллаұлы Комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Амангелді Нұғманов Ақтөбе ауыл шаруашылығы техникумын, «Қайнар» университетін үздік бітірген. Сондай-ақ Будапешт қаласындағы (Венгрия) Халықаралық құқық қорғау органдары академиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алған.

Еңбек жолын ауыл шаруашылығы өндірісі саласында бастаған. Кеден органдарында инспектордан бастап өңірлік департамент басшысына дейін қызмет атқарған. Әр жылдары Астана қаласы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстары бойынша кедендік бақылау департаменттерін басқарды.

2010–2012 жылдары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры – Басқарма мүшесі қызметін атқарып, корпоративтік байланыстар, инвестициялар тарту, құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік етті.

Кейін Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы, Астана қаласы және Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы, сондай-ақ Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы қызметтерін атқарды.

2023 жылғы 25 қаңтардан 2026 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.
📌Нугманов Амангельды Шайхуллович назначен заместителем председателя Комитета автомобильного транспорта и транспортного контроля
 
Приказом председателя Комитета автомобильного транспорта и транспортного контроля Министерства транспорта Республики Казахстан Нугманов Амангельды Шайхуллович назначен заместителем председателя Комитета.

Амангельды Нугманов окончил Актюбинский сельскохозяйственный техникум, университет «Қайнар» с отличием, Международную академию правоохранительных органов в Будапеште (Венгрия), Академию государственного управления при Президенте Республики Казахстан.

Трудовую деятельность начал в сфере сельскохозяйственного производства. В системе таможенных органов прошёл путь от инспектора до руководящих должностей в территориальных департаментах. В разные годы возглавлял департаменты таможенного контроля по г. Астане, Западно-Казахстанской, Жамбылской, Карагандинской и Павлодарской областям.

В 2010–2012 годах занимал должность управляющего директора — члена Правления АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына», где курировал вопросы корпоративных связей, привлечения инвестиций, юридического и кадрового обеспечения.

В последующие годы занимал должности председателя Ревизионной комиссии по Западно-Казахстанской области, руководителя департаментоввнутреннего государственного аудита по г. Астане и Актюбинской области, руководителя аппарата акима Актюбинской области, а также председателя Актюбинского областного маслихата.

С 25 января 2023 года по 1 июля 2026 года являлся депутатом Сената Парламента Республики Казахстан.
👍3
🔹Ақтау портында су түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде

Ақтау портында су түбін тереңдету бойынша негізгі жұмыстар басталды. Жоба порт инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша тасымалдардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Су түбін тереңдету қажеттілігі Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты туындап отыр. Бұл жағдай порт акваториясының пайдалану сипаттамалары мен кеме қатынасына  әсер етуде. Жоба аясында шамамен 1,3 млн текше метр топырақты алу көзделген, бұл акваторияның тереңдігін 6–7 метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу порттың өткізу қабілетін арттыруға және ТХКБ бойынша тасымал көлемін 30%-ға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ жүктерді теңіз арқылы тасымалдау құнын шамамен 10–15%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жобаны іске асыру порт инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар тартуға және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Қазіргі таңда мердігер тарапынан жұмыстарды орындау кестесі әзірленді. Жобаны іске асыру белгіленген мерзімдерге сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы мәселелерді жедел шешу және жобаға қатысушылардың іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында тұрақты түрде жұмыс кеңестері өткізіледі. Су түбін тереңдету жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

***

🔹В порту Актау ведутся основные дноуглубительные работы

В порту Актау начаты основные дноуглубительные работы, направленные на обеспечение устойчивой работы портовой инфраструктуры и повышение эффективности перевозок по Транскаспийскомумеждународному транспортному маршруту (ТМТМ).

Необходимость проведения мероприятий обусловлена продолжающимся снижением уровня Каспийского моря, что влияет на условия судоходства и эксплуатационные характеристики акватории порта. В рамках проекта предусмотрено изъятие около 1,3 млн куб. метров грунта, благодаря чему глубина акватории увеличится до 6–7 метров.

В свою очередь проведение дноуглубительных работ будет способствовать повышению пропускной способности порта и росту объемов перевозок по ТМТМ до 30%, а также создаст условия для снижения стоимости морской транспортировки грузов ориентировочно на 10–15%. Кроме того, реализация проекта будет способствовать привлечению инвестиций в развитие портовой инфраструктуры и повышению безопасности мореплавания.

На сегодняшний день подрядчиком разработан график выполнения работ, реализация которых осуществляется в соответствии с установленными сроками. Для оперативного решения текущих вопросов и координации действий участников регулярно проводятся рабочие совещания. Завершение дноуглубительных работ планируется до конца текущего года.
👍1
Forwarded from UKIMET
📌 Президент Жолдауын жүзеге асыру: еліміздің көлік жүйесі қалай өзгеруде

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген өңірлік көлік байланысын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында автомобиль, теміржол, авиация және теңіз инфрақұрылымын жаңғыртуға, сондай-ақ логистикалық бағыттарды дамытуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда. Басым бағыттар – өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайту, жол жүру уақытын қысқарту және негізгі халықаралық дәліздердегі жүк ағынын жеделдету.

🛣 Үш жылда 19,1 мың шақырым жол салынып, жөнделді


2023–2025 жылдары Қазақстанда 19,1 мың шақырым автомобиль жолы салынды, реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, жөнделді. 2026 жылы республикалық және жергілікті маңызы бар 11 мың шақырымнан астам жол реконструкциялау, құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылды.

🚗 2029 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың 97%-ын нормативтік жағдайға келтіру жоспарланып отыр

2026 жылдың соңына қарай нормативтік талаптарға сай келетін республикалық маңызы бар жолдардың үлесі 2023 жылғы 92%-дан 95%-ға, ал жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 86%-дан 92%-ға дейін артуы тиіс. 2029 жылға қарай бұл көрсеткіштерді тиісінше 97% және 94%-ға жеткізу көзделген.

⏱️ Жекелеген бағыттарда жол жүру уақыты екі еседен астам қысқарды

Батыс Қазақстан облысында Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын 245 шақырым жолды реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 54 мың тұрғын үшін Оралға дейінгі жол жүру уақыты 12–14 сағаттан 5–6 сағатқа дейін қысқарды.

🚆 Бүгінде тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр

Соңғы бес жылда елімізде 911 шақырым жаңа теміржол салынды. Қазір тағы 800 шақырым теміржолдың құрылысы жүргізіліп, қолданыстағы 2,6 мың шақырымға жуық теміржол жаңғыртылуда.

✈️ Ішкі әуе рейстерінің саны аптасына 890-ға жетті

2026 жылы Арқалық әуежайы қалпына келтіріліп, Астана, Алматы және Қостанаймен әуе қатынасы қайта жанданды. Жыл соңына дейін Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймағындағы жаңа әуежайлардың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. 2026 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша ішкі әуе қатынасы 60-қа жуық бағытты қамтып, аптасына 890 рейс орындалады.

💻 Цифрландыру жолаушылар мен жүк тасымалын жеделдетеді

Теміржолда пойыздардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін GPS-трекерлер негізіндегі «Пойыздар қозғалысының онлайн-таблосы» сервисі енгізілді. OneWeb және Starlink спутниктік интернетін дамыту жұмыстары жалғасуда. Транскаспий халықаралық көлік бағытында Digital Trade Corridor платформасы енгізіліп, Tez Customs модулі кедендік рәсімдеу уақытын 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартты. Кешенді шаралардың нәтижесінде ТХКБ бойынша жүктерді жеткізу мерзімі 38 тәуліктен 13–17 тәулікке дейін қысқарды.

🟦 Көлік жүйесін дамыту аясында автомобиль, теміржол, авиация және теңіз инфрақұрылымын жаңарту тасымалды цифрландырумен қатар жүргізілуде. Бұл өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтып, жол жүру уақытын қысқартады және Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін арттырады.

🔎 Еліміздің көлік-логистика жүйесіндегі негізгі өзгерістер туралы толығырақ PrimeMinister.kz редакциясының шолуынан оқи аласыздар.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
📌 Реализация Послания Президента: как меняется транспортная система Казахстана

В рамках исполнения поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева по развитию региональной транспортной связанности, данного в Послании народу Казахстана «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решения через цифровую трансформацию», Правительство модернизирует автомобильную, железнодорожную, авиационную и морскую инфраструктуру, а также развивает логистические маршруты. Основной акцент — повышение связанности регионов, сокращение времени в пути и ускорение прохождения грузопотоков по международным коридорам.

🛣 За три года построено и отремонтировано 19,1 тыс. км дорог

В 2023–2025 годах в Казахстане построено, реконструировано и отремонтировано 19,1 тыс. км автомобильных дорог. В 2026 году строительством, реконструкцией и ремонтом охвачено более 11 тыс. км республиканской и местной дорожной сети.

🚗 До 2029 года 97% республиканских дорог
планируется привести в нормативное состояние

К концу 2026 года доля республиканских дорог в нормативном состоянии должна вырасти с 92% в 2023 году до 95%, местных — с 86% до 92%. К 2029 году целевые показатели составят 97% и 94% соответственно.

⏱️ На отдельных направлениях время в пути сократилось более чем вдвое

К примеру, в Западно-Казахстанской области завершены реконструкция и капитальный ремонт 245 км трасс, связывающих районы Қазталов, Жәнібек и Бөкей орда с областным центром. Для 54 тыс. жителей время в пути до Уральска сократилось с 12–14 до 5–6 часов.

🚆 Строится еще 800 км железных дорог

За последние пять лет в Казахстане проложено 911 км новых железнодорожных путей. Сейчас строится еще 800 км, одновременно модернизируется порядка 2,6 тыс. км действующего полотна.

✈️ Внутреннее авиасообщение расширилось до 890 рейсов в неделю

В 2026 году восстановлен аэропорт города Арқалық и возобновлено авиасообщение с Астаной, Алматы и Костанаем. До конца года планируется завершить строительство новых аэропортов в Зайсане, Қатонқарағай и курортной зоне Кендірлі. По состоянию на сентябрь 2026 года внутреннее авиасообщение охватывает около 60 маршрутов с частотой 890 рейсов в неделю.

💻 Цифровизация ускоряет пассажирские и грузовые перевозки

На железной дороге запущен сервис «Онлайн-табло движения поездов» на базе GPS-трекеров для мониторинга составов в режиме реального времени. Развивается спутниковый интернет OneWeb и Starlink. На Транскаспийском международном транспортном маршруте внедрена платформа Digital Trade Corridor, а модуль Tez Customs сократил время таможенного оформления с 8 часов до 30 минут. В результате комплекса мер сроки доставки грузов по ТМТМ снижены с 38 до 13–17 суток.

🟦Развитие транспортной системы сочетает обновление автомобильной, железнодорожной, авиационной и морской инфраструктуры с цифровизацией перевозок. Это повышает связанность регионов, сокращает время в пути и усиливает транзитные возможности Казахстана.

🔎 О ключевых изменениях транспортно-логистической системы Казахстана — в обзоре редакции PrimeMinister.kz.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚆Павлодар облысында Ақсу-2 станциясының вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Павлодар облысында 1981 жылы салынған Ақсу-2 станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысанды жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді.

Қайта жаңғырту барысында вокзал ғимаратын жаңартуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілді. Шатыры мен қасбеті толық ауыстырылып, ішкі бөлмелерді әрлеу жұмыстары орындалды. Инженерлік коммуникациялар – кәріз, су, жылыту жүйелері, электр және әлсіз ток желілері жаңартылды.

Вокзалға іргелес аумақты абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді. Вокзал маңындағы аумақты ретке келтіру бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп, жолаушылардың вокзалда болу жағдайын жақсартуға және қызмет көрсету жайлылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Ақсу-2 станциясының вокзалы II санатқа жатады. Станция арқылы Ақсу қаласын Алматы, Астана, Павлодар, Семей, Өскемен және Маңғыстау бағыттарымен байланыстыратын сегіз жолаушылар пойызы өтеді.

Вокзалды қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және қала тұрғындары мен қонақтары үшін неғұрлым жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.