ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
📌В Министерстве транспорта обсудили новые подходы к продвижению идеологии «Закон и Порядок»

В Министерстве транспорта Республики Казахстан состоялся совместный семинар для государственных служащих Министерства транспорта и Министерства промышленности и строительства в рамках плана работы Уполномоченного по этике.

Основными темами мероприятия стали «Заң мен Тәртіп идеологиясын қоғамда ілгерілетудің жаңа тәсілдері»и «Незаконное вознаграждение и взятки: понятие и отличительные признаки».

Лектором выступил Нұрғали Берікұлы Рахимов, доцент кафедры Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан, советник юстиции.

В ходе семинара рассмотрены значение и концептуальные основы идеологии «Закон и Порядок», её взаимосвязь с принципами законности и справедливости, а также современные подходы к формированию культуры законопослушного поведения и повышению правовой грамотности. Отдельное внимание уделено практическим вопросам продвижения данной идеологии, включая необходимость системной информационно-разъяснительной работы, активного участия государственных органов и применения современных форм правового просвещения.

В рамках второй темы участники обсудили понятие незаконного материального вознаграждения и взятки, а также основные критерии их разграничения с административными коррупционными правонарушениями. Особое внимание было уделено вопросам ответственности за незаконное предоставление и получение вознаграждения и изменениям уголовного законодательства, вступающим в силу с 1 января 2027 года.

Проведение семинара направлено на повышение правовой осведомлённости государственных служащих, укрепление принципов законности и добропорядочности, а также формирование устойчивой антикоррупционной культуры в государственных органах.

#заңментәртіп #законипорядок
🛣️Қазақстанда жергілікті маңызы бар автожолдар желісін жаңарту жұмыстары жалғасуда

Қазақстанда жергілікті маңызы бар автожолдардың жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соңғы жылдары мыңдаған шақырым жол жөндеу және құрылыс жұмыстарымен қамтылды. Негізгі назар елді мекендердің көлік қатынасын қамтамасыз ететін, аудандар арасындағы байланысты жақсартатын және негізгі көлік бағыттарына шығуды қамтамасыз ететін жол учаскелеріне аударылуда.

Қазіргі таңда ұзындығы 70 мың шақырым болатын жергілікті жолдардың 63,7 мың шақырымы немесе 91%-ы нормативтік жағдайға келтірілген. Салыстырмалы түрде, 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш 85% болған.

2023–2025 жылдары жергілікті жолдардың 13,3 мың шақырымы жөндеу және жол-құрылыс жұмыстарымен қамтылды. Оның 10,6 мың шақырымы пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 2023 жылы 4,9 мың шақырымда, 2024 жылы 4,3 мың шақырымда, 2025 жылы 4,1 мың шақырымда тиісті жұмыстар жүргізілді.

Жұмыстар биыл да жалғасуда. 2026 жылы жергілікті маңызы бар тағы 2,4 мың шақырым жол жөндеу және жол-құрылыс жұмыстарымен қамтылды.

Бұл ретте мақсат жекелеген проблемалы учаскелерді жөндеумен ғана шектелмейді. Негізгі міндет – алдағы жылдарға тұрақты әрі сапалы жол желісін қалыптастыру. Осыған байланысты жолдардың техникалық жағдайын кезең-кезеңімен жақсарту, оның ішінде қиыршықтас және тас материалдардан жол жамылғысын төсеу көзделген.

Жалпы, талаптарға сәйкес келтіру үшін шамамен 14 мың шақырым жергілікті жолды қамту жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарды іске асыру 2029 жылға қарай нормативтік жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесін 95%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Осылайша, жергілікті жолдарды дамыту бір реттік жөндеу жұмыстары емес, жүйелі түрде жүзеге асырылатын ұзақ мерзімді үдеріске айналуда. Негізгі бағыт – ең проблемалы учаскелерді қалпына келтіруден бастап, жол желісін кешенді жақсартуға және елді мекендер арасындағы тұрақты көлік қатынасын қамтамасыз етуге дейінгі жұмыстарды кезең-кезеңімен жүргізу.
🛣️В Казахстане продолжается системное обновление дорожной сети местного значения

В Казахстане последовательно улучшается состояние местной дорожной сети. За последние годы ремонтными и дорожно-строительными работами охвачены тысячи километров дорог, при этом основной акцент сделан на участках, которые обеспечивают транспортную доступность населённых пунктов, связь районов и выход к основным транспортным направлениям.

Сегодня из 70 тыс. км местных дорог 63,7 тыс. км, или 91%, находятся в нормативном состоянии. Для сравнения, на начало 2023 года этот показатель составлял 85%.

Существенный объем работ выполнен в 2023–2025 годах. За этот период ремонтными и дорожно-строительными работами охвачено 13,3 тыс. км местных дорог, из которых 10,6 тыс. км уже введены в эксплуатацию. В 2023 году работы проведены на 4,9 тыс. км, в 2024 году – на 4,3 тыс. км, в 2025 году – на 4,1 тыс. км.

Работа не останавливается и в текущем году. В 2026 году ремонтными и дорожно-строительными работами охвачено еще 2,4 тыс. км местных дорог.

При этом задача заключается не только в устранении отдельных проблемных участков, но и в формировании устойчивой дорожной сети на перспективу. В этой связи предусматривается поэтапное улучшение технического состояния дорог, в том числе за счет устройства гравийного и щебеночного покрытия.

Всего планируется привести в соответствие требованиям порядка 14 тыс. км местных дорог. Реализация этих мероприятий позволит к 2029 году увеличить долю местной сети в нормативном состоянии до 95%.

Таким образом, развитие местных дорог становится последовательным процессом: от восстановления наиболее проблемных участков – к комплексному улучшению всей сети и обеспечению стабильного транспортного сообщения между населенными пунктами.
Forwarded from UKIMET
Моноқалаларды дамыту: Олжас Бектенов Президенттің Балқаш қаласындағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Балқаш қаласына барды. Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың моноқаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысады.

Қарағанды облысы, оның ішінде Балқаш қаласы – еліміздің ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі. Өңір экономикасының негізін тау-кен металлургия кешені құрайды. Негізгі өндіріс орындарын жаңғыртумен қатар жаңа бағыттарды, шағын және орта бизнесті, туризмді дамыту арқылы экономиканы әртараптандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Өнеркәсіптік әлеуетті нығайтумен қатар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға көңіл бөлінуде. 2026 жылы Қарағанды облысының әлеуметтік саласын дамытуға 432 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде білім беру саласына – 298 млрд теңге, мәдениет пен спортқа – 63 млрд теңге, әлеуметтік қамсыздандыру саласына – 55 млрд теңге, денсаулық сақтауға – 15,7 млрд теңге бағытталды.

Өңірге барған Премьер-министрге әуежайды жаңғырту нәтижелері мен автомобиль жолдарының сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.

Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов ұзындығы 363 шақырым болатын «Қарағанды – Балқаш» және 200 шақырым болатын «Қарағанды – Қарқаралы» автомобиль жолдарын реконструкциялау жұмыстары аяқталғанын баяндады. Ұзындығы 457 шақырым болатын «Қарағанды – Жезқазған» тасжолын реконструкциялау жалғасуда. Өңірде барлығы 643 шақырым автожол жөндеу жұмыстарымен қамтылды, осы мақсаттарға 61,3 млрд теңге бағытталған. Алдағы үш жылда 875 шақырым автожолды жөндеу жоспарлануда, бұл 2029 жылға қарай нормативтік жағдайдағы автожолдардың үлесін 97%-ға дейін ұлғайтады.

Премьер-министр көтерген мәселелер бойынша әкімдікте Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы 1071 жол-құрылыс материалының сынамасын алғанын, оның 81%-ы нормативтік талаптарға сәйкес келгені баяндалды. Анықталған 155 сәйкессіздікті жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, белгіленген 7 автоматтандырылған өлшеу жүйесі республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар бойынша 1859 ұйғарым шығарды. Алдағы екі жылда өңірде тағы автоматтандырылған өлшеу жүйесінің 12 бірлігін орнату жоспарлануда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
UKIMET
Моноқалаларды дамыту: Олжас Бектенов Президенттің Балқаш қаласындағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Балқаш қаласына…
Премьер-министр өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне мен әкімдіктерге жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырмалар берді.

«Президент өңірлердегі инфрақұрылымды жаңғырту, әсіресе жолдардың сапасын жақсарту мәселесін әрдайым атап өтуде. Орталықтан қажетті қаражат бөлінуде. Жергілікті жерлерде оның мақсатты жұмсалуына, ең бастысы – жұмыс сапасына бақылауды күшейту қажет. Ел ішіндегі және халықаралық маңызы бар жолдар барлық сапа стандарттарына сәйкес келуі керек. Әкімдік өзіне сеніп тапсырылған аумақтағы жұмыстарды бақылауға алуы тиіс. Азаматтардың шағымдарының басым бөлігі дәл осы ішкі жолдарға қатысты. Бұл мәселені қатаң бақылауға алыңыздар»

— деп атап өтті Премьер-министр.

Биыл Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам автомобиль жолы құрылыс, реконструкциялау және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Соңғы 7 жылда елімізде 36,3 мың шақырым автожол салынып, жөнделді.

Сонымен қатар Олжас Бектенов Балқаш қаласының 1967 жылы салынған әуежайын кешенді жаңғырту нәтижелерімен танысты. Жоба Мемлекет басшысының инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, ішкі әуе бағыттарын дамыту және туристік аумақтардың көлік қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде жүзеге асырылды. Қаржыландыру елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару есебінен де қамтамасыз етілді, осы мақсаттарға Арнаулы мемлекеттік қордан 946 млн теңге бөлінді.

Жаңғырту аясында ұшу-қону жолағына шығатын жол мен перрон қайта жаңғыртылды. Ұшу-қону жолағының ұзындығы 2,5 мың метр, ені 42 метр. Әуежайдың тарихи сәулеттік келбеті сақтала отырып, әуевокзал ғимараты жаңартылды. Терминалдың аумағы 1,8 мың шаршы метрден 2,7 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 60-тан 80 жолаушыға дейін артты. Ұшу қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін 11 бірлік жаңа арнайы техника және заманауи жабдық сатып алынды. Бүгінде әуежай инфрақұрылымы Халықаралық азаматтық авиация комитеті (ICAO) стандарттарына толық сәйкес келеді.

Туризмді одан әрі дамыту үшін Балқаштың әлеуеті зор. Қаланың тартымдылығын арттыру мақсатында көлік және инженерлік инфрақұрылым кезең-кезеңімен жаңартылып келеді. Жазғы маусымда сұраныстың артуына байланысты Астана – Балқаш және Алматы – Балқаш бағыттарында субсидияланатын әуе рейстері аптасына бес рет орындалды. Бұдан бөлек, Қарағанды – Балқаш бағыты бойынша теміржол қатынасы іске қосылды. 2026 жылғы жазғы маусым қорытындысы бойынша Балқашқа шамамен 200 мың турист келген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 18,3%-ға көп. Туристік қызметтен түскен кіріс 4 млрд теңгеден асты. Жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар өңір экономикасын дамытуға қосымша жағдай қалыптастырады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Развитие моногородов: Олжас Бектенов проверил исполнение поручений Президента по модернизации социальной и транспортной инфраструктуры в Балхаше

📌Премьер-министр Олжас Бектенов в рамках рабочей поездки в Карагандинскую область прибыл в город Балхаш. Олжас Бектенов ознакомится с ходом исполнения поручений Президента страны Касым-Жомарта Токаева по социально-экономическому развитию моногорода.

Карагандинская область, в том числе город Балхаш, является одним из крупнейших промышленных центров страны, основу экономики которого составляет горно-металлургический комплекс. Наряду с модернизацией базовых производств последовательно ведется диверсификация экономики за счет развития новых направлений, малого и среднего бизнеса, туризма.

Параллельно с укреплением индустриального потенциала внимание уделяется повышению качества жизни граждан: на развитие социальной сферы Карагандинской области в 2026 году направлено 432 млрд теңге. Из них 298 млрд теңге – на образование, 63 млрд теңге – культуру и спорт, 55 млрд теңге – социальное обеспечение и 15,7 млрд теңге – здравоохранение.

По прибытию в регион Премьер-министру представили результаты модернизации аэропорта и проводимой работы по повышению качества автомобильных дорог.

Первый заместитель акима Карагандинской области Азамат Тайжанов доложил, что завершены работы по реконструкции автодорог «Қарағанды – Балқаш» протяженностью 363 км и «Қарағанды – Қарқаралы» протяженностью 200 км. Продолжается реконструкция трассы «Қарағанды – Жезқазған» протяженностью 457 км. Всего в регионе ремонтными работами охвачено 643 км автодорог, на эти цели направлено 61,3 млрд теңге. В ближайшие три года планируется охватить ремонтом 875 км автодорог, что к 2029 году увеличит долю автодорог в нормативном состоянии до 97%.                
                           
На поднимаемые руководителем Правительства вопросы в акимате доложили, что Национальным центром качества дорожных активов отобрана 1071 проба дорожно-строительных материалов, из них соответствует нормативам 81% проб. Ведутся работы по устранению выявленных 155 несоответствий. Кроме того, установленными 7 автоматизированными станциями измерения вынесено 1859 предписаний по автодорогам республиканского и областного значений. В ближайшие два года планируется установка в регионе еще 12 единиц АСИ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
UKIMET
Развитие моногородов: Олжас Бектенов проверил исполнение поручений Президента по модернизации социальной и транспортной инфраструктуры в Балхаше 📌Премьер-министр Олжас Бектенов в рамках рабочей поездки в Карагандинскую область прибыл в город Балхаш. Олжас…
Премьер-министр дал поручения Министерству промышленности и строительства и акиматам по усилению работ.

«Президент неоднократно поднимает вопрос модернизации инфраструктуры в регионах и особенно – качества дорог. Центром выделяются необходимые средства. На местах нужно усилить контроль за целевым расходованием. Дороги внутри страны и международного значения должны отвечать всем стандартам качества. Акимату необходимо контролировать работы на своей территории. Большинство жалоб граждан касаются именно внутренних дорог. Возьмите на жесткий контроль»,

— подчеркнул Премьер-министр.

В Казахстане в текущем году строительством, реконструкцией и ремонтом охвачено более 11 тыс. км дорог. Всего за последние 7 лет в стране построено и отремонтировано 36,3 тыс. км автодорог.

Кроме того, Олжас Бектенов ознакомился с результатами комплексной модернизации аэропорта г. Балхаша, построенного в 1967 году. Проект реализован во исполнение поручений Главы государства по обновлению инфраструктурных объектов, развитию внутренних авиамаршрутов и повышению транспортной доступности туристических территорий. Финансирование обеспечено в том числе за счет возвращенных в страну незаконно выведенных активов, на эти цели из Специального государственного фонда было выделено 946 млн теңге.

В рамках модернизации реконструированы рулежная дорожка и перрон. Длина взлетно-посадочной полосы составляет 2,5 тыс. м, ширина – 42 м. Обновлено здание аэровокзала с сохранением его исторического архитектурного облика, площадь терминала увеличена с 1,8 тыс. до 2,7 тыс. м2. Пропускная способность аэропорта выросла с 60 до 80 пассажиров в час. Для обеспечения высокой надежности и безопасности полетов приобретено 11 единиц новой спецтехники и современное оборудование. На сегодняшний день инфраструктура аэропорта полностью соответствует стандартам ИКАО.

Балхаш обладает значительным потенциалом для дальнейшего развития туризма. В целях повышения привлекательности города последовательно обновляется транспортная и инженерная инфраструктура. В летний сезон с учетом повышенного спроса действовали субсидируемые авиарейсы Астана – Балхаш и Алматы – Балхаш пять раз в неделю. Дополнительно запущен железнодорожный состав по маршруту Караганда – Балхаш. По итогам летнего сезона 2026 года Балхаш посетили порядка 200 тыс. туристов, что на 18,3% больше, чем за аналогичный период прошлого года. Доходы от туристской деятельности превысили 4 млрд теңге.

Реализуемые инфраструктурные проекты создают дополнительные условия для развития экономики региона.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM