ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
🔹Астанада «NEW SILK WAY» VIII халықаралық бизнес-форумы өз жұмысын бастады
 
Астанада Қазақстанның Көлік апталығы аясында өтіп жатқан «NEW SILK WAY» VIII халықаралық бизнес-форумының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қатысты.

«NEW SILK WAY» форумы – көлік-логистика саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және Еуразияның көлік дәліздерінің тиімділігін арттыруға арналған негізгі халықаралық алаңдардың бірі.

Биыл форум Қазақстан мен 39 өзге мемлекеттерден келген өкілдердің басын қосты. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, көлік-логистикалық компаниялардың, салалық бірлестіктер мен сарапшылар қауымдастығының 2 000-ға жуық өкілі қатысады деп күтілуде. Қатысушылар қатарында 338 ұйымның өкілдері бар.

Іскерлік бағдарлама аясында заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге және көлік саласының технологиялық әлеуетін дамытуға арналған «Цифрлық Жібек жолы: жасанды интеллект және логистикадағы тұтастехнологиялар» стратегиялық сессиясы өтті.

📌Сессия спикерлері қатарында Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов, Пәкістан Ислам Республикасының Федералдық коммуникациялар министрі Абдул Алим Кхан, Түркия Республикасының Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадыр Уралоглу, Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Илхом Махкамов, Чехия Республикасының Көлік министрі Иван Беднарик, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының (министрінің) көлік және инфрақұрылым жөніндегі мүшесі Арзыбек Кожошев сөз сөйледі.

Сессияға қатысушылар жүк ағындарын басқару тиімділігін арттыру, халықаралық тасымалдарды оңтайландыру және логистикалық процестерді жетілдіру үшін жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ өзара үйлесімді цифрлық жүйелерді дамытуға, мемлекеттік органдар мен көлік-логистикалық тізбекке қатысушылар арасында деректер алмасуға және тасымалдардың ашықтығын арттыруға ерекше назар аударылды.

Форумның іскерлік бағдарламасы жоғары деңгейдегі кездесулерді, халықаралық көлік дәліздерін дамытуға, өңірдің транзиттік әлеуетін ашуға және Еуразияның көлік байланысын нығайтуға арналған стратегиялық және панельдік сессияларды қамтиды.

Форуммен қатар көлік және логистика саласындағы жетекші компаниялар мен сарапшылардың басын қосатын «TransLogistica Kazakhstan 2026» XXIX Қазақстандық халықаралық көрмесі өтуде.

«NEW SILK WAY» форумын өткізу халықаралық әріптестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және Қазақстанның көлік-логистика кешенін одан әрі дамытуға, сондай-ақ оның халықаралық көлік дәліздеріндегі рөлін арттыруға бағытталған практикалық шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.
🔹В Астане начал работу VIII международный бизнес-форум «NEW SILK WAY»
 
В Астане состоялось торжественное открытие VIII международного бизнес-форума «NEW SILK WAY», проходящего в рамках Транспортной недели Казахстана. В церемонии открытия принял участие Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов.

Форум «NEW SILK WAY» является одной из ключевых международных площадок для обсуждения актуальных вопросов развития транспортно-логистической отрасли, укрепления международного сотрудничества и повышения эффективности транспортных коридоров Евразии.

В этом году форум объединил представителей 39 зарубежных стран и Казахстана. Ожидается участие до 2 000 представителей государственных органов, международных организаций, транспортно-логистических компаний, отраслевых объединений и экспертного сообщества. В числе участников — представители 338 организаций.

В рамках деловой программы состоялась стратегическая сессия «Цифровой Шелковый путь: искусственный интеллект, сквозные технологии логистики», посвящённая внедрению современных цифровых решений и развитию технологического потенциала транспортной отрасли.

📌Спикерами сессии выступили Вице-министр транспорта Республики Казахстан Жанибек Тайжанов, Федеральный министр коммуникаций Исламской Республики Пакистан Абдул Алим Кхан, Министр транспорта и инфраструктуры Турецкой Республики Абдулкадыр Уралоглу, Министр транспорта Республики Узбекистан Илхом Махкамов, Министр транспорта Чешской Республики Иван Беднарик, а также член Коллегии (министр) по транспорту и инфраструктуре Евразийской экономической комиссии Арзыбек Кожошев.

Участники сессии обсудили возможности применения искусственного интеллекта и цифровых технологий для повышения эффективности управления грузопотоками, оптимизации международных перевозок и совершенствования логистических процессов. Отдельное внимание уделено развитию совместимых цифровых систем, обмену данными между государственными органами и участниками транспортно-логистической цепочки, а также повышению прозрачности перевозок.

Деловая программа форума включает встречи на высоком уровне, стратегические и панельные сессии, посвящённые развитию международных транспортных коридоров, раскрытию транзитного потенциала региона и укреплению транспортной взаимосвязанности Евразии.

Параллельно с форумом проходит XXIX Казахстанская международная выставка «TransLogistica Kazakhstan 2026», объединяющая ведущие компании и экспертов транспортной и логистической отрасли.

Проведение форума «NEW SILK WAY» способствует укреплению международного партнёрства, обмену передовым опытом и выработке практических решений, направленных на дальнейшее развитие транспортно-логистического комплекса Казахстана и повышение его роли в международных транспортных коридорах.
⚜️Көлік министрлері халықаралық көлік дәліздерін дамыту және тасымалдарды цифрландыру мәселелерін талқылады

«NEW SILK WAY» VIII халықаралық бизнес-форумы аясында «Іс-қимылдарды үйлестіру, институционалдық даму және цифрландыру» тақырыбында көлік министрлері – делегация басшыларының кездесуі өтті.

Іс-шараға делегация басшылары, көлік ведомстволарының басшылары, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар халықаралық көлік дәліздерін дамыту, логистикалық тізбектердің тиімділігін арттыру және көлік процестерін цифрландыру мәселелерін талқылады. Мемлекеттердің инфрақұрылымдық жоспарларын үйлестіруге, мемлекеттік шекаралардан өту кезінде туындайтын кедергілерді жоюға және цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов халықаралық көлік ынтымақтастығын одан әрі дамыту тасымалдау процесіне қатысушылардың барлығының келісілген іс-қимылын талап ететінін атап өтті.

«Біздің басты міндетіміз – көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту және елдер арасындағы жүк қозғалысының кедергісіз жүзеге асырылуына жағдай жасау. Ол үшін кедергілерді жойып, халықаралық тасымалдарға қатысушылардың барлығының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін цифрлық шешімдерді енгізу қажет»,

– деді Жәнібек Тайжанов.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар көлік саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары мен халықаралық тасымалдарды одан әрі дамыту жөніндегі практикалық шаралар туралы пікір алмасты.

Талқылау елдер арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайту тәсілдерін үйлестіруге және бірлескен шешімдер әзірлеуге мүмкіндік берді.
⚜️Министры транспорта обсудили развитие международных транспортных коридоров и цифровизацию перевозок

В рамках VIII международного бизнес-форума «NEW SILK WAY» состоялась встреча глав делегаций — министров транспорта на тему «Синхронизация действий, институциональность и цифровизация».

В мероприятии приняли участие главы делегаций, руководители транспортных ведомств, представители дипломатического корпуса и международных организаций.

В ходе круглого стола участники обсудили развитие международных транспортных коридоров, повышение эффективности логистических цепочек и цифровизацию транспортных процессов. Особое внимание было уделено согласованию инфраструктурных планов, устранению барьеров при пересечении государственных границ и внедрению цифровых решений.

Вице-министр транспорта Республики Казахстан Жанибек Тайжанов подчеркнул, что дальнейшее развитие международного транспортного сотрудничества требует согласованных действий всех участников перевозочного процесса.

«Наша главная задача — развивать транспортное сотрудничество и создавать условия для беспрепятственного движения грузов между странами. Для этого необходимо устранять барьеры и внедрять цифровые решения, обеспечивающие эффективное взаимодействие всех участников международных перевозок»,

— отметил Жанибек Тайжанов.

По итогам встречи участники обменялись мнениями о приоритетных направлениях транспортного сотрудничества и практических мерах по дальнейшему развитию международных перевозок.

Обсуждение стало площадкой для согласования подходов к укреплению транспортно-логистических связей между странами и выработки совместных решений.