Kozybayev
1.66K subscribers
1.1K photos
62 videos
27 files
638 links
Бизнеске инвестиция жасаймын, жобалармен бөлісемін! Қазақстанның бірінші крипто-қауымдастығының негізін қалаушы.
Инвестиция, технология, ғылым, қаржы, политика, криптовалюта жайында, және жеке ойларымды жазамын.
Download Telegram
Қаржылық есеп:
#қс
2023 жылдың желтоқсан айында өзімнің шығындарыма 2.77% қайтарым алдым.

Оның ішіндегі категориялардың үлесі:
• Бизнеске инвестиция: 0.43%
• Кэшбек: 1.09%;
• Депозит: 1.23%

Осыдан алдынғы айдың көрсеткіштерін мынау сілтемеден көруге болады.

P.S.
Мақсат 3% айлық мөлшер, ол мақсатыма әлі жетпедім.
Қазан: 1.87%
Қараша: 1.55%
Желтоқсан: 2.7%

Оның барлығы таза қаржылай табыс. Реализацияланбаған табыс жоқ оның ішінде.
🔥20👍2🍌2
#Aman2TheMoon ашық крипто-портфелім барын ұмытпаған шығарсыздар?

Bitcoin бағасының күрт өскеніне орай және бірдей екі жоба бастағаным үшін әр күндік инвестицияны тоқтата тұруға шешім қабылдадым.
Барлығы 389 күн бойы биткоин алып тұрдым, сол нүктеде тоқтадым. Болашақта жалғастырамын.

Барлығы= $11,380-ға биткоин сатып алынды;
Қазіргі құндылығы= $19,905
PnL=$19,905-$11,380= $8,525 немесе 74.9% реализацияланбаған таза табыс.
Барлығы BTC = 0.44019058 бар.
Орташа сатып алу бағасы = $11,380/0.44019058 = $25,852 ~ 1BTC үшін
100% дан 44% толтырылды;

P.S.
BTC деген биткоинның қысқаша атауы.
PnL - ол таза табыс дегенді білдіреді.
Барлығы BTC деген портфельде қанша BTC жиналғанын көрсетеді.
🔥36👍9🍌2
Қаржылық сауаттылық:
#қс
Не үшін мен осындай қаржылық есептерді жасаймын?
Неге мен үш пайызға бола сонша тер төгемін деген сұрақ туындайтын адамдарға қысқаша жауап:

Байудың амалы көп, бәріне бірдей формула жоқ. Бірақ мен бұрын жазып кеткен үш сұраққа жауаптың бірі ол осындай стратегия.

1. Қай жерге қанша кетіретінімді мен білемін [шығын есебі]

2. Мен не үшін жинап жатқанымды білемін [мақсат]

3. Мен қалай жинап жатқанымды білемін [тәсіл]

Енді үшінші тармақты ашықтаған кезде бірнеше нұсқа алдымызға шығады:

3.1 Жай шотта немесе жастықтың астында ақшаны жинай беру
3.2 Жиналған ақша депозитте жұмыс жасайды, табыс береді
3.3 Жиналып жатқан ақша кэшбек береді
3.4 Жиналып жатқан ақша инвестициялық жобаларда қолданылады, табыс береді
3.5 Жиналып жатқан ақша өз бизнесіңнің айналымында табыс береді

Мен таңдаған стратегия 3.2➕3.3➕3.4➕3.5 = 📈

Неге ол маңызды?
Мысалы сен жәй жұмысшы бола тұрып үлкен табыс көзінің иесі болмасаң, жолың болмаса байымайсың деген сөз.

Осы кезде стратегия қажет:
Табысың=100тг
Шығысың=98тг
Шығысыңның 3% ол қайтарылым делік, демек: сен жинап жатқан әр 2 теңгеңе [100-98=2тг] тағы 2.94 теңге [98х3%=2.94] әр айы қосылып тұр деген сөз! Ол дегеніміз сен жинай алатын капиталыңның 147% ол өте күшті көрсеткіш!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍28❤5🍌1
Соңғы 4 сағат ішінде крипто-нарықтан $540,000,000 ликвидацияланды.
🙊8😁6🐳3😨2🍌1
🇺🇸 SEC бүгін Spot Bitcoin ETF-тар бойынша түсініктемелерді аяқтау үшін Нью-Йорк қор биржасы, Nasdaq және Cboe компанияларымен кездесулерді жоспарлап тұр, деп хабарлайды Fox Business.
👍13🍌1
Goldman Sachs BlackRock және Grayscale-дың Spot Bitcoin ETF үшін уәкілетті қатысушы болу туралы келіссөздер жүргізуде.
👍13🍌1
Бро, я на казахском в совершенстве говорю, но предлагаю тебе посты на двух языках писать, а то постоянно приходится для своего друга твои посты переводить

Для тех кто не понимает что написано на казахском, вот краткая инструкция как переводить посты не выходя из телеграм всего одним действием: долгое нажатие на пост.

Заходим в настройки телеграма-> языки-> показать кнопку перевести [двигаем ползунок]

Как пользоваться:
Удерживаем долгим нажатием пост-> из выподающего меню нажимаем перевести

Перевод качественный.
Переводит из более чем 100 языков мира.
👍36❤‍🔥6❤5
Қаржылық сауаттылық тураллы посттарды жалғастыра берейін бе?
Мүмкін сіздерге ол қызықсыз шығар, және мен текке уақытымды кетіріп жатқан шығармын. Маған кері байланыс берсеңіздер риза боламын.
👍102🏆7🍌4
Қаржылық сауаттылық тақырыбын жалғастырамын.
#қс
Соңғы рет біз ақша жинау қағидаларын қарастырдық.

Енді бұл жолы “Cost of living” деген ұғымды талдаймыз.

Cost of living - ол белгілі бір жерде және белгілі бір уақыт аралығында тұрғын үй, тамақ, салық және денсаулық сақтау сияқты негізгі шығындарды жабуға қажетті ақша сомасын білдіреді.

Ол әр жерде әр түрлі болуы мүмкін.

Ол жергілікті экономикаға, тауарлар мен қызметтердің қол жетімділігіне және кең экономикалық жағдай сияқты факторларға байланысты.

Өмір сүру құны жеке адамдар үшін қайда тұру немесе жұмыс істеу керектігін шешеді, сондай-ақ экономистер мен саясаткерлер үшін экономикалық әл-ауқатты бағалаап саясатты құруда шешуші фактор болып табылады.

Мысалы:
Пәтерді жалдау - 10тг [1 бөлмелі пәтер орташа есеппен]
Тамақ өнімдері - 10тг [адам басына]
Көлік - 5тг. [әлеуметтік көлік немесе жанармай]
Денсаулықты сақтау - 3тг. [дәрі-дәрмек алу, дәрігерге бару]

Барлығын қосқанда
Cost of living = 10+10+5+3 = 28тг.
👍39❤7⚡3💊1
Қаржылық сауаттылық:
#қс

Cost of living тақырыбын жалғастырамын.

Естеріңізде болса ол өмірдің құны дегенді білдіреді.

Өкінішке орай Қазақстанда өмірдің құнын жазбайды. Көптеген өтірік-өтірік көрсеткіштер мен пайдасыз статистикаға интернет толып тұр, ал шынайы, құнды ақпарат қазнетте өте аз. Демек халқымыз мәні бар индикаторларды қадағалау үшін ой-өрісі өспеген деген сөз.

Бірақ мен өзімнің оқырмандарым үшін осы постқа қажетті ақпаратты таптым!

Жалдамалы пәтерде тұрса:

Еліміздегі басы бос бойдақ адамның айлық өмірдің құны $699 [321 540тг]. Ал 4 адамнан тұратын отбасы үшін өмірдің құны $1761 [810 060тг].

Өзінің пәтері болса:

Бойдақтың айлық өмірінің құны - $361 [166 060тг]
4 адамнан тұратын отбасының айлық өмірінің құны - $1139 [523 940тг]

Оның ішінде ~

Бойдаққа:
Тамақ - $247 [113 620тг]
Көлік/жанармай - $32.2 [14 812тг]

4 адамнан тұратын отбасыға:
Тамақ - $654 [300 840тг]
Көлік/жанармай - $88.1 [40 526тг]
————————————-
Енді қарапайым мысал:

Логика бойынша бойдақ болып өзіңнің пәтерің болмаса, жай ішіп-жеп тұруың үшін саған $700 қажет. Демек осындай жағдайда бәлкім сен еш жинай алмайтын шығарсың деген сөз. Сондай жағдайда табыс көзін арттыру амалын іздеу керек. Сол үшін бұл көрсеткіш өте маңызды, өйткені ол субъективті бақыт индикаторы болып есептеледі.

Адамдар бақытты өлшеуге болмайды дейді, жоқ оны өлшеуге болады. Сенің Cost of living-нан қаншалықты ақшаң көп болса, соншалықты сен бақытты бола аласың деген сөз. Ақша жинай аласың және ыңғайды ұлғайта аласың дегенді білдіреді.

Мысалы айлық өміріңе $700 долдар қажет болса, сен $1400 тапсаң көңіл-күйің қандай болады? Әрине жақсы болады! Көңіл-күй жақсы болса денсаулық та мықты болады. Және болашаққа сенім пайда болады. Сол үшін бұл өте маңызды индикатор.
👍43🔥7❤5🍌1
Қаржылық сауаттылық: #қс

Бұл жолы қарыз жайында жазамын.

Естеріңізде болса мен қарыздың түрлері туралы осы постта жазып кеткен едім.

Қарыз мен үшін керемет зат! Ол ойыншық сияқты.
Қарызды дұрыс қолдана білсең өзіңнің мақсатыңа жете аласың.


БІРАҚ,
қарыз топастықты кешірмейді, және қарызды сыйламайтын адамның физикалық, моральды қалпын жамандатады.


Қарыз тіпті әл-ауқатты достардың пайда болуына әсерін тигізген!

Мысалы, Америкада қиын жылдар болған кезде бір кісі, аты есімде жоқ, мафия басшысынан үлкен қарыз алады.

Егер білетін болсаңыздар, мафия алған қарызға үлкен пайыздық үстеме салады. Әрі кепіл ретінде борышкердің өмірі болған. Басқаша айтқанда, қарыз бен үстеме пайызды қайтармасаң жаныңнан айырыласың деген сөз.

Қарызды алған кісіге бұл ақша тіпті керек емес еді. Ол алған ақшасын сейфке салып қойып, қарызды қайтару кезі келгенде сол сейфтен сол ақшаны қайтадан алады.

Сосын мафия басшысына келіп,
“менің жолым болмай банкрот болдым”, деп сылтау айтады, мафия басшысының түрі бұзылған кезде борышкер сөзін жалғастырады.

- Дон, мен сізді өте сыйлаймын және сіздің маған қарыз бергеніңізді қатты мақтан тұтамын. Банкрот болғаныммен мен сізге алған ақшамды әрі пайыздық үстемеңізді алып келдім, деп айтып, қалтасынан ақшаны шығарып береді.

Мафия басшысы борышкердің сол қылығын қатты ұнатып, ол кісімен достасады және оны қорғап жүреді.

Бұл тәсіл тарихта болған жағдай. Қарызды достықты сатып алу үшін қолданған.
🔥22👍7❤6❤‍🔥1🍌1
Қаржылық сауаттылық: #қс

Қарыз жақсы бола ала ма?

Егер қарыз табыс әкелсе, ондай қарызды жақсы қарыз деп атаймыз.

Мысалы сен Iphone алғың келеді, орташа бағасы 800к теңге.

Жақсы сценарий:

~ Сенде шотыңда 800к теңге бар > сен оны депозитқа салып > сол Iphone-ды банк арқылы бөліп төлеумен аласың.

Математикалық негіздемесі:

1. Депозиттың номиналды жылдық пайыздық мөлшерлемесі 14.1%
2. Айлық пайыздық мөлшерлемесі 1.175% [14.1%/12ай=1.175%]

Сен Iphone-ды 6 айға алдың деп ойлайық, айлық төлем 133,333.33тг

1-ші айда депозитың +9400тг. табыс берді [800к*1.175%=9400]

2-ші айда депозитың +7833.33тг табыс берді [666,666.667тг*1.175%=7833.33]

3-ші айда +6266.66тг [533,333.334тг*1.175%=6266.66тг]

4-ші айда +4700тг [400,000.001*1.175%=4700тг]

5-ші айда +3133.33тг [266,666.668*1.175%=3133.33]

6-шы айда +1566.66тг [133,333.335*1.175%=1566.66]

Барлығы алты айда ~ 9400+7833+6266+4700+3133+1566= 32,898тг немесе 4.11% [32,898/800к=4.11%] табыс алдыңыз деген сөз.

Жаман сценарий:

Сенде ол ақша жоқ, сен өзіңнен болашақта қарызға алып отырсың. Демек сен әр айы 133,333тг. өз жалақыңнан алып тұру керексің. Ол материалды және моральды тұрғыдан дұрыс емес сценарий.

Ал егер ол кредит болса, сен тағы үстеме пайызды үстінен төлейсің. Мысалы 800к емес, соңында 880к төлейсің. Топастық.

Мағынасыз сценарий:

Сенде 800к бар, сен сол ақшаға барып сатып алсаң, 4.11% табыс алмайсың, жәй ақшаңды бере саласың.
👍27⚡5❤3🍌1🆒1
Қаржылық сауаттылық: #қс

💳 Кредит карталары

Кредит карталары деген не?

Белгілі бір уақытқа ақшаны еш пайыздық үстемесіз қолдануға болатын банк картасын кредит картасы деп атаймыз.

Ал егер ол уақыттан асырып қарызды өтемесеңіз немесе ол картадан қолма қол ақшаны шешсеңіз банк қолданған ақшаның үстіне нарықтан жоғары пайыздық үстемені сізден ұстап қалуға құқылы.

Мысалы, нарықта әртүрлі кредит карталары бар. Олар қалай жұмыс істейді?

Forte Bank - Forte Black кредит картасы, максималды кредит лимиты 3М тенге. Демек, ол картаның ішінде сізге тиесілі емес бірақ сіз қолдана алатын 3М теңгеге дейін ақша жатыр деген сөз.

Кредит лимиты сіздің төлем қабілеттілігіңізге байланысты. Төлем қабілеттілігіңізді банк зейнет шотыңызға қарап шешім қабылдайды.

Қалай қолдануға болады:

Өзіңізге үйреншікті дебет картасы сияқты қолдануға болады. Кэшбек пен бөліп төлеу функциясы бар. Естеріңізге сала кетейін ол банк ақшасы, сіздікі емес, оны орнына қоюға мәжбүрсіз!

Қашан орнына қою керек?

Мысалы Forte Black-та грейс период [ақшаны пайызсыз қолдану периоды] 90 күн. Демек, бірінші операциядан кейін 90 күн ішінде асырмай ақшаны орнына қою керек.

Мысалы:
Бүгін 7 қаңтар, сіздің кредит лимитыңыз 100 теңге делік.

Егер сіз бүгіннен бастап кредит картаңыздан ақшаны жарата бастасаңыз оны 90 күн ішінде пайызсыз қайтару керексіз деген сөз. 90 күн шамамен 29-шы наурызға келеді. Егер сіз кредит картаңыздан 80 теңгені жұмсасаңыз, 29 наурызға дейін 80 теңгені орнына қоюыңыз керек. Егер ол күннен асырсаңыз, үлкен пайыздық үстеме төлейсіз.

Қорытынды:

✔️Кредит карта ол кредит лимиты бар карта
✔️Оны кез келген сауда үшін қолдануға болады
✔️Грейс период ішінде пайызсыз жабуға болады
✔️Бөліп төлеу функциясы болуы мүмкін

❌Кредит картадан қолма қол ақшаны еш уақытта шешуге болмайды [үлкен пайыздық үстеме алынады]
❌Банк қосымшасы ішінде төлемдерді жасауға болмайды [оған да пайыздық үстеме салады] баланс, коммуналка сияқты төлемдер үшін
❌Грейс периодтан асып кетуге болмайды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍28⚡3❤2🍌1
2023 жылды мен былай аяқтадым:
Әр жұмсаған 100 теңгеме 3.25 теңге қайтарым алып тұрдым.

Kaspi депозиттың үлесі: 17.33%
Halyk депозиттың үлесі: 12.43%
Forte депозиттың үлесі: 51.78%

Kaspi bonus-тың үлесі: 1.9%
Halyk bonus-тың үлесі: 3.22%
Forte bonus-тың үлесі: 13.3%

Естеріңізге сала кетейін менің алдымдағы мақсат 3% шығынға қайтарым. Ал 2023 жылы мен мақсатымнан астым және 3.25% қайтарым алдым.

Мысалы:
Егер мен орташа есеппен әр айы 100 теңге жұмсасам, жылына 1200 теңге жұмсаймын деген сөз [100х12].

Демек жылына мен ештеңе істемей 39 теңге таза табыс таптым деген сөз [1200х3.25%].

Қайталап кетейін мен ол табыс үшін ештеңе істемедім, тек стратегиямды ұстандым.

P.S.
Егер менде 125 теңге орташа айлық табысым болса, және 100 теңге орташа айлық шығысым болса, демек мен әр айы 25 теңгені жинай алдым деген сөз.

Жылына 300 теңге таза кэш жиналып тұрады [25х12].

Және біздің жиналған 300 теңгеге тағы 39 теңге қоссақ [3.25% жылдық шығынға қайтарым], соңында менде 339 теңге жиналып қалады. Ол мен жинай алатын соммадан +13% құрайды.
🔥28👍9❤4🍌1
Енді мен 4 жылдан бері қолданып жүрген алгоритм:
#қс
Кірісті алдым > депозитке салдым > күнделікті шығынды тек кредит карталары арқылы өткіздім > грейс период өткен кезде кредит картасын толтырдым [еш пайыздық үстеме төлемедім] > қайтадан бастаймын

Қандай кредит карталарын қолдандым:

👑Forte black [ ең ұзын грейс период “90 күн” және 3 айға пайызсыз бөліп төлеу функциясы] + кэшбек [орташа, әр айы әр түрлі]
✔️Ең мықты кредитты карта
❌қолма қол ақшаны шешуге болмайды

- American express [60 календарды күндік грейс период, бірақ по факту 50 күн, келесі айдың 20-нан бастап автопополнениемен миды шайқайды] + кэшбек
✔️осы картаның жақсы жағы ол бекітілген пайыздық үстеме. Қолма қол ақшаны банкоматтан шешсең 3% комиссия, өз картаңа аударсаң 2%. Ешбір кредит картасында ондай кішкентай комиссия жоқ.
❌жаман жағы тек халык POS терминалымен төлем қабылданады.

- BCC картакарта
55 күн грейс период [стандартты кредит карта]
✔️ 1% кэшбек бәріне + ай сайын ұлүайтылған кэшбегі бар екі категория таңдадсың
❌барлық кредит картасына сай кемшіліктер [уақытынан асырсаң, қолма қол ақша шешсең, қосымша арқылы төлем жасасаң үлкен пайыздық үстем төлейсің]

Kaspi red [ең оттаған карта]
❌тек каспи терминалдарында төлем қабылданады
❌кішкентай кредит лимит
❌каспиның рассрочкалары мен кредиттері жеке кредитты рейтингке үлкен қысым жасайды


🚫‼️⚠️Барлық кредит карталарының рисктері
❌Ақша шешпе
❌уақытынан кешікпей өте
❌ақшаңды санау білмесең үлкен проблема болады
❌өзіңде жоқ ақшаны жұмсама > жұмсасаң болашақтан қарызға аласың > мағынасыз болады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥31👍11❤3⚡1🍌1
Биткоин қайтадан $45 000 жоғары қымбаттады.
👍19⚡2🍌2👀1
Spot Bitcoin ETF-қа арыздарды осы компаниялар толтырды:

• VanEck
• Bitwise
• Fidelity
• Valkyrie
• Franklin
• ArkInvest
• Grayscale
• BlackRock
• WisdomTree
• Invesco Galaxy
👍17🍌2
Standard Charter Bank биткоин ETF 2024 жылы мақұлданған кезде оған 50-100 миллиард доллар ағынын көре аламыз дейді.
👍12🍌3
⚡️BTC~$47,000
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍29🍌5👻4🔥1
Қаржылық сауаттылық: #қс

Бизнес:

❌Өзің дым ұқпайтын салада бизнес ашпа - күйесің
✔️Ақшаң болмаса басында сол салада аздап жұмыс істеп көр сосын бизнес аш, немесе ақшаң болса аздап ақшаға гипотеза жасап көр [аздап ақша салып кішкентай оборотта қалай болатынын көру]

❌Бизнестің басты компоненті ақша емес! [Ақшаны адамдар, таныстар, серіктестер әкеледі! Ең мықты бизнестар сол саладағы таныстық арқылы, инсайдерлік ақпарат арқылы ашылған]
✔️Дос-таныстарың көп болу керек, ел сені білу керек - сен елді білу керексің. [Белгілілік мағынасында емес, адам тану мағынасында, оны түсіне білу, және проблемаларыңнын шешімін қай таныстығың арқылы шеше алатын мағынада. Кеңес алу мағынасында] ең мықты мысал ол Еліміздегі “утильсбор”. Әр көлік жүргізуші кез келген аффилатталған заңды тұлғаға ақша төлеуі. Ол жаман мысал болса да, бәрі түсінетін мысал.

❌Бизнесті кредитке ашпайды
✔️Кредитты бұрыннан жасап жүрген бизнесті ұлғайту үшін алады!
Мысалы, бір дүкенім бар, әр айы 100 теңге табыс әкеледі. Тағы дүкен ашсам тағы 100теңге табыс аламын. Оны ашу үшін 2000 теңге кредит керек, ол кредит үшін ай сайын 20 теңге төлеу керекпін. Бәрібір маған 80 теңге [100-20] табыс қалып тұрады деген сценарийде бизнесті ұлғайтуға кредитты алуға болады.

Инвестиция:

❌Компанияның не шығарып жатқанын немесе не сатып табыс алатынын білмесең - ақшаңды салма!
✔️Coca Cola-ны ішуді жақсы көрсең сол компанияның акциясын сатып ал. Iphone-ды ұнатсаң, әрдайым сол компания туралы оқып бәрін білсең Apple-дың акциясын сатып ал. Инвестициядағы басты қағида - “білмесем, түсінбесем кірмеймін”!

❌Кредитке инвестиция жасауға болмайды
✔️Инвестицияға өзің жинап жүрген, бар ақшаңды қолдану керексің!

❌Өзің дым қақпайтын салаға инвестиция жасама. Мысалы, сен дәрігерсің бе, зымран құратын компанияға инвестиция жасама. Сен инженерсің бе - биотехнологиялық компанияға инвестиция жасама!
✔️Қаржы секторында жұмыс істесең қаржы секторындағы компанияларға қарағаның жөн [банк, микрокредитты ұйым, бухгалтерлік компаниялар және т.б]
✔️Дәрігерсің бе? [ биотехнологиялық компанияларға, дәрі шығаратын компанияларға немесе есірткі өндіретін компанияға қарап көр]

P.S.
Егер криптовалютаға ақша салғың келсе блокчейнның не екенін, криптовалбтаның қалай пайда болатынын түсініп ал! Қызық болса kozybayev.nl сайтынан су тегін курсымды өтуіңе болады.

Қор нарығына инвестиция жасағың келе ме?
Қор нарығы не? Брокер деген кім? Акция деген не? Облигация деген не? дивиденд деген не? Купон деген ұғымдарды біліп ал! Неден бастарыңды білмесең, менің ютуб каналыма кіріп видеоларды ізде немесе интернеттен ізден.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥33❤8👍4💯1🍌1