Жасанды интеллект заманында жаңа алаяқтық.
Англияда 27 жасар еркекті 18 жылға бас бостандығынан айырды. Ол кісі әлеуметтік желіде кәмілетке толмаған балалардың фотоларын тауып, арнайы ақпараттық құралдырды қолданып, балалардың 3D цифрлық мүсінін жасап, шынайы көрінетін порнографиялық фото/видео жасаған. Сол материалдарды желіде сатқан және балалардың ата-аналарын шантаж жасап сол фотоларды сатып алуға мәжбүрлеген.

💔8💩4❤2
Тұрақтылық [стабильность].
Бізді қоршап жатқан барлық зат тұрақтылық заңына бағынады. Тұрақтылық заңына бағыну деген - ол өзінің тіршілігіне, не болуына қосымша энергия қажет етпейтін күй [состояние].
Мысалы:
Химияда - тұрақсыз элементтер ыдырай бастайды. Өйткені дисбаланс қоздырып тұрған жетіспейтін/немесе артық бөлшек өз кейпін өзгертіп тұрақты қалпына келгісі келеді. Мысалы кейбір элементтердің радиоактивті изотоптары.
Өмірде - отбасының ішінде әртүрлі себеппен тұрақсыздық пайда болса. Ол отбасының элементтері, яғни мүшелері, өзінің кейпін өзгертпесе, тұрақсыздық, ол отбасыны ыдыратып тастайды. Демек ол отбасы өзінің мүшелерінің ішкі энергиясын жұмсайды немесе сырттан энергия қажет етеді деген сөз.
Бизнесте - бизнес тұрақсыз болған кезде оның элементтерінің конфликті бар деген сөз. Көбінесе ол мына екі элементтің қатынасы: капитал және адамдар. Мықты капиталы бар бизнесті осал адамдар басқарса, фирма ыдырайды деген сөз. Оның тұрақты қалпы ыдырау деген сөз. Оны өзгеріссіз сол кейпінде ұстау қосалқы энергия қажет етеді. Бизнесте ол ақша. Аз капитал бірақ мықты адамдар басқаратын фирма, өседі деген сөз, өйткені ондай элементтердің тұрақты жағдайы ол жетістік.
Мысалдарым тым примитивті шығар, бірақ ойымды жеткізе алдым деп ойлаймын.
#ойым

👍20🔥6❤2
#инвестпроект #купон #хабарландырма
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥14👍4❤3
Қаржылық есеп:
#қс
2024 жылдың қазан айында өзімнің шығындарыма 23.43% қайтарым алдым. Ол қыркүйекке қарағанда -16.8 п.п.
Осы жолы түсінікті болу үшін, әр категория қанша алып келгенін жазамын:
• Бизнеске инвестиция: 18.97%
• Кэшбек: 0.6%
• Депозит: 2.7%
• Салық салынбайтын басқа табыстар: 1.06%
Осыдан алдынғы айдың көрсеткіштерін мынау сілтемеден көруге болады.
Статистика
2023 жыл
Қазан: 1.87%
Қараша: 1.55%
Желтоқсан: 2.7%
2024 жыл
Қаңтар: 2.17%
Ақпан :7.04%
Наурыз: 3.49%
Сәуір: 5.89%
Мамыр: 92.95%
Маусым: 4.11%
Шілде: 51.91%
Тамыз:11.07%
Қыркүйек: 40.23%
Қазан: 23.43%
Оның барлығы таза қаржылай табыс. Оның ішінде реализацияланбаған табыс жоқ [қалтама таза ақша ретінде түсті деген сөз].

Telegram
Kozybayev
Қаржылық есеп:
#қс
2024 жылдың қыркүйек айында өзімнің шығындарыма 40.23% қайтарым алдым. Ол тамызға қарағанда +29.16 п.п.
Осы жолы түсінікті болу үшін, әр категория қанша алып келгенін жазамын:
• Бизнеске инвестиция: 5.57%
• Кэшбек: 1.94%
• Депозит:…

👍8❤3⚡1
#инвестпроект
5млн. тг ~ 1 айға
Үстінен 5% қосып қайтарады.
Мақсаты:
25 млнға бұзау сатып алмақшы.
Қолында 20 млн. бар 5 млн. жетпей тұр.
Минималды сомма 1 млн.
@qztalks хабарласыңыз.
5млн. тг ~ 1 айға
Үстінен 5% қосып қайтарады.
Мақсаты:
25 млнға бұзау сатып алмақшы.
Қолында 20 млн. бар 5 млн. жетпей тұр.
Минималды сомма 1 млн.
@qztalks хабарласыңыз.
🔥6❤2
Kozybayev
#инвестпроект 5млн. тг ~ 1 айға Үстінен 5% қосып қайтарады. Мақсаты: 25 млнға бұзау сатып алмақшы. Қолында 20 млн. бар 5 млн. жетпей тұр. Минималды сомма 1 млн. @qztalks хабарласыңыз.
Сұрақ жабылды.
Ең тез ақша жиналған жоба болып тұр. 20 минут 🫠

🔥20👍7
Осы жылы табыс структурасына әсер етуге фокус жасаған едім - өкінбеймін. Жыл әлі біткен жоқ, табыстың жылдық өсу динамикасы өткен жылдың 12 айына қарағанда 70%-ға артық.
Бұл көрсеткіш пассивті табыстың үлесі. Мен ол табысты табу үшін физикалық әрекет жасамадым, уақытымды кетірмедім.
Осы жерде жазып жүрген қағидаларыма жүгіндім.
#қс #ойым

❤14👍6
Ұмытпай тұрғанда қызық ойымды жазып кеткім келеді.
Ішкі конкуренция, немесе, неге сенің жақындарың сенің ойларыңды қабылдамайды, мән бермейді?
Отыз бір жасыма таяп қалдым, кішкене рефлексия жасағым келеді.
Өміріме ретроспективті түрде қарағанда, бір қызық затты байқадым. Көбінесе сенің қасыңда жүрген адамдар, немесе сенімен кішкентайынан өскен адамдар сені менсінбейді. Бірдеңе бастап шын ниетіңмен кеңес бергенде үстіңнен күлкі салуы да мүмкін. Ол бір заңдылық сияқты.
Ол неге байланысты деп ойлайсың? Иә әрине қазіргідей ол кезде имидж болған жоқ, мектеп оқушысы не студент кезің болуы мүмкін. Оның бәрі, “Мынау бала мені неге үйрете алады, боғынан танимын ғой”, деген ойдан шығар.
Дәл сол себепті көбісі блог бастап кете алмайды, өйткені туыс жора-жолдастарынан ұялады… олай емес демей-ақ қойыңдар, бұл құбылыс барлық тілде сипатталған.
Енді, “бізге де көрсетші, үйретші”, деп келгенде - уақыт жоқ. Ренжиді, түсінбейді. Тәккапар деп сырттан айтуы да мүмкін.
Сол үшін бір жақсы бизнес мүмкіндік пайда болғанда, мен туысқандарға, не достарға, не әріптестерге барып айтпаймын.
Өмірімнің ең маңызды сабағы: Бұл өмірде барлығы я да конкуренция, я да симбиоз. Симбиоз - өзара тиімді қарым-қатынас, әр дайым екі жаққа да тиімді болады. Конкуренция - ресурсқа, ықпалға, олжаға бәсеке. Осы жақтан қарағанда адамдардың мотивтері түсінікті болады.
Альтруизм және паразитизм.
Альтруизм - бір адамның басқа адамға пайда іздемей көмектесуі. Паразитизм - бір адамның басқа адамнан кез келген ресурсын алып, орнына ештеңе қайтармауы.
Альтруист немесе паразит болудан қашу керек. Паразиттерді анықтап олармен қарым-қатынасты доғарған дұрыс.
Ащы шындық.
#ойым@kozybayev

👍25❤19🆒2🔥1
Бұқалармен кэш жина, аюлармен арзандаған активтерді сатып ал.
[кэш - ағл. cash ~ қолма-қол ақша]
[кэш - ағл. cash ~ қолма-қол ақша]
💯23❤5😍3
Менің басым тек инвесторлық майндсетпен жасайды. Ол тұла бойыма сіңіп кеткен. Қалай байқалады?
1. Маған абсолют маңызды емес, пайыз маңызды. [Абсолют деген: мың, жүз мың, миллион сияқты нақты соммалар]
2. Жоспарлар ең кемінде бір жылды қамтиды. Он жылдық қашықтықты ойлай бастағаныма екі жыл болды. [Он жылдық контракттарды екі жыл бойы алып жатырмын]
3. Соңғы кездері өлім жайында көп ойланамын, өліп қалсам жақындарыма не қалады, болашақтарына қандай септік тигізуі мүмкін дегендей… әйеліме айтсам, ұрсады 😂
4. Cash is the king - деген сөздің мағынасын іс жүзінде түсініп алдым. Капиталға қол жетімді болу ең керемет көрсеткіш. Саған капиталын басқа адам аманат ете алмаса, ойландыратын жай. Өзіңнің капиталың болса тіпті керемет - ол үлкен көрсеткіш.
5. Әр нәрсеге ресурстық тұрғыдан қараймын. Әр нәрсе мен үшін ресурс. Шөп, тас, су, күн нұры, атқарылған жұмыс, желінген тамақ, сезім, уақыт, адамдар, назар…
6. Өнімділік - ол мен үшін ең маңызды заттардың бірі. Қалай өлшеймін? Аз ресурспен қаншалықты көп өнім шығара алатыным.
Мысалы, qazaqchain тобына күніне 2 мың бот шабуыл жасайды. Оны белгілі бір іс-шара қолданып автоматты түрде бұғаттаудың жолын таптым. Админдер бұрыңғыдай қадағалап отырмайды.
7. Жүйелер құрастырамын. Хаос - мен үшін ең жиіркенішті күй. Мысалы, соңғы компанияда алдын-ала барлық бизнес процесстерді ойластырып тастадым. Кейбір рисктерді азайту үшін барынша процесстермен жауып тастадым. Қолмен жұмыс істейтін адамдардың жұмысында миды қажет ететін функцияларды алып тастадым. Ресурсым болғанда роботтармен алмастырып тастаушы едім.

❤29🔥10👍7❤🔥1🤨1
Осы аптада $BTC өзінің ATH [all time high ~ ағл. тарихта рекордты көрсеткіш/тарихта ең биік көрсеткіш] жетті. $93,000
Өткен айдың инфляциясы 2.6% өсті. Ол мөлшерлеменің азаюын бәсеңдетуі мүмкін.

🔥11❤4🍾1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
20 минутта жиналған соңғы инвестжоба естеріңізде ме? Бұзаулардың түрі мынандай 🐂
Алматы облысына кеше түнде алып келген. Біздің шаруаларға көмек көрсеткен инвесторларға көп рақмет айтқым келеді🫂
#инвестпроект
Алматы облысына кеше түнде алып келген. Біздің шаруаларға көмек көрсеткен инвесторларға көп рақмет айтқым келеді
#инвестпроект
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍32❤7
Кемінде аптасына бір инвест-жоба түседі. Ең көбі ол саудагерлер, сосын қызмет көрсету секторы және өндірушілер.
Саудагерлерді қарастырғанда біріншіден қаржылық көрсеткішті қараймын, сосын тауарының кэш аутлэйына мән беремін. Сатып жатқан тауары тек бір каналға бағытталған болса [тек каспи], және бір данасы тым қымбат болса, мен қатты күмәнданамын. Ары қарай қаржылық структурасын да қазбаламаймын.
Қызмет көрсету секторында локация мен ақша тартып жатқан адамның бэкграундына қатты мән бөлемін. Өз ісінің шебері болса, жақсы локацияда бизнесін ұлғайтқысы келсе, ары қарай сөйлесуге болатынын түсінемін.
Өндірушілерге екі сұрақ қоямын: 1. Қазіргі базасы кредитта ма жоқ па? 2. Өндірген тауары қытайдан арзан ба жоқ па? Екі сұрақтың біріне жауап иә болса, ары қарай қарастырмаймын.
Көбінесе жобаларды өз күшіммен жабамын, инвестжобаларға салатын ақшам таусылғанда осында жазамын. Барлық жариялаған инвест-жобаларда менің капиталым болады. Талеб айтқандай өз сөзіме ақшаммен бәс тігемін. Аудиторияммен тең риск аламын.

👍37❤5🔥2🥰2
Кредит картасын неге қолданады? Ол туралы мен бұрыңғы мақалама сілтеме қалдырып кетемін.
#қс
Байқаңдар!
Кедейлерге бұл инструмент кедей болуға көмектеседі, байларға баюға көмектеседі.
Кедейдің майндсеты:
1. Өзінде жоқ ақшаны жұмсау;
2. Импульсті сатып алу жасау;
3. Ақшасын санамау/ қайда, қанша, қашан кетіргенін білмеу;
Байлық майндсеты:
1. Тек өзінде бар ақшаны жұмсау [баланс қадағалау]
2. Ақшасын санай білу, әр транзакцияның бағытын және бағдарын білу;
3. Шыдамдылық;

👍19❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бәріңізге сәлем, достар!
Тамыздың басында 5 күн ішінде Пилатес студиясы инвест-жобасына 20 миллион жинаған едік. Қазанның ортасында техникалық ашылуы өтті. Қазір студия толықтай ашылған, ремонт бітті. Видеоны қарасаңыз болады. @qazaqchaincc инвесторлар қауымдастығы жарайсыңдар!
Студияның қалған фотоларын осы посттың астына саламын.

❤16👏5👍1