Қаржылық сауаттылық: #қс
Жиналу эффекты
[eng. Matthew effect, ру.Эффект Матфея]
Роберт Мертон мен Хэррит Цукерман атты социологтардың ұсынған феномены.
Атауы Библияның Матфейдың Евангелиесында “дарын туралы притчасынан” алынған.
Ол жерде
деген үзінді бар.
Ол феномен нені сипаттайды?
Ресурстардың бәріне бірдей емес таралуы.
Мысалы:
Экономика: Байлықтың концентрациясы немесе кедейлік тұзағы [ловушка бедности]. Байлар кедейлерден әлдеқайда тез баиды. Және кедейлер буыннан буынға байымайды, керісінше жағдайлары әр буын сайын нашарлай береді. Кедейлік тұзағының факторлары: Кедейлерге кредит қолжетімді болмайды, коррупцияланған билік, капиталдың кетуі, білім саласының нашарлығы, жаман медицина, соғыстар, нашар инфраструктура.
Ғылым: Танымал ғалымдар басқа ғалымдардың ғылыми жұмыстарында көбірек сілтеме алады. Ал танымал емес ғалымның ғылыми жұмысының сапасы артырақ болса да сілтемені мүлдем алмауы да мүмкін.
Білім: Ертерек оқу үйреніп оқығанын түсіне бастаған балалар басқалардан озат болады. Ол айырмашылық жақсы және жаман оқитындар аралығында уақыт өте келе арта береді.
Физика: Дененің массасы неғұрлым үлкен болса оның тарту күші соғұрлым үлкен болады.
Менің байқауым:
Бірдемеге ынтаңды салып жұмыс істесең, сенің тәжәрибең геометриялық прогрессиямен өседі.
Кейбір жұмысқа бірдей күш пен уақыт кетірсең де табысың айналымыңа байланып қалады.
Ақшаны жинаған кезде, жиналған ақшаң көбейген сайын табысың ұлғаяды. Мысалы, 50к ның 10% 5к, 5М ның 10% 500к.
Оңай мысал: [егер кездейсоқ жол болу және инфляция процессын ескермесек]
Бауыржан 36% жылдық мөлшерлеме капиталына қайтарым алады. Арман да дәл сондай қайтарым алады. Демек олар әр екі жыл сайын өз капиталын екі есе ұлғайтады.
Бірақ, Бауыржан 5М бастады, ал Арман 50к бастады.
Демек:
2 жылдан кейін - Бауыржанда 10М, Арманда 100к;
4 жылдан кейін - Б-да 20М, А-да 200к;
6 жылдан кейін - Б-да 40М, А-да 400к;
Сонымен Арманға Бауыржанның старт капиталына жету үшін 16 жыл керек болады. Ал Бәкең ол кезде уже миллиардер болады.
Сол үшін кез келген даму процессын немесе жинақтау процессын ертерек бастау керек деп ойлаймын. Неғұрлым ертерек бастасаң соғұрлым тезірек өсесің деген заңдылық бар.

Бардың бары көбейеді және оған беріледі, жоқтың бары болса ол да тартып алынады. Мф.25:29

🔥27👍7🍌2
Қаржылық сауаттылық: #қс
Жаппай тұтыну мәдениеті немесе тұтынушылар қоғамы [общество потребления].
Жаппай тұтыну мәдениеті адамдарды оларға керек емес тауарды сатып алуға итермелейді.
Бұл жағдайда адамдар өздеріне тауарды қажет еткеннен алмайды. Тауардың қажеттілігі адамдарға маркетингтік, социумдік, экономикалық құралдардың көмегімен иландырылады [внушается, навязывается].
Адамдар тұтыну қоғамы орнаған кезде өзіне қажеттен тыс тауарды сатып алады. Ондай жағдайда адамдар ақша жинауға емес, керісінше оны жұмсауға тырысады.
Тұтыну арқылы тұтынушы өзінің идеалына жақындағысы келеді, қоғамда өзінің статусын биігірек екенін көрсеткісі келеді. Мысалы, қымбат сағат, брендтелген киім, вилла, қымбат көлік және тб.
Зат байлықтың, баршылықтың рәмізіне, нышанына [символ] айналады. Ондай жағдайда адамдар тек бір брендтың өндірісімен қолданады, я да дәмі бірдей болса да тек бір брендтың газдалған сусынын ішуі мүмкін.
Адам психологиясы қызық зат. Адамға көптен бері ұнамайтын нәрсені жиі көрсете берсең, ол әйгілі [знаменитый] болып кетеді. Ол феноменды Познер кезінде “Жылқының көті” деп атап кеткен.
Осы логиканы жалғастырсақ, бізге тұтыну мәдениеті реклама арқылы, маркетинг құралдары арқылы көндіріледі.
Ертедегі экономика мектептерінде “Сұраныс ұсынысты тудырады”, деп сабақ берген [спрос рождает предложение]. Ал тұтынушылар қоғам заманы келген кезде керісінше “Ұсыныс сұранысты тудырады”. Адамның миына ол зат саған керек болады немесе ол зат сені бай етіп көрсетеді деген ойды құяды.
Тұтынушы қоғамында адамдар баю үшін жұмыс істемейді, олар тұтыну үшін жұмыс істейді. Өйткені тұтыну сенің байлыққа апарар тек жалғыз жолың деген ойды басқа терең етіп құяды.
Инста коучтардың сөздерін еске алыңыздар!
Ретейлде бір аксиома бар, адам неғұрлым көп тұтынса соғұрлым тез тауарыңды тағы да қайтып келіп сатып алады.
Сол модельді Costco деген ретейлер жақсы қолданады. Мысалы, Сникерсты шелектеп сату, дәрет қағазын дәу блоктармен сату, сусындарды блоктармен сату. Бұл жағдайда адамның психологиясы былай жұмыс жасайды: “Затым көп болса көбірек алуым мүмкін”.
Бұл заттың тез бітуіне алып келеді. Ол алтын қазықпен бекітілген заңдылық!
P.S.
Адам ол хайуан, хайуанмен манипуляция жасау қиын емес.

“ТВның кұдіреті мол болғаны соншалықты егер де біз жаппай аттың көтін көрсете берсек, уақыт өте келе ол әйгілі болып кетеді”, деп 2002-ші жылы айтып кеткен.
Осы логиканы жалғастырсақ, бізге тұтыну мәдениеті реклама арқылы, маркетинг құралдары арқылы көндіріледі.
Ертедегі экономика мектептерінде “Сұраныс ұсынысты тудырады”, деп сабақ берген [спрос рождает предложение]. Ал тұтынушылар қоғам заманы келген кезде керісінше “Ұсыныс сұранысты тудырады”. Адамның миына ол зат саған керек болады немесе ол зат сені бай етіп көрсетеді деген ойды құяды.
Тұтынушы қоғамында адамдар баю үшін жұмыс істемейді, олар тұтыну үшін жұмыс істейді. Өйткені тұтыну сенің байлыққа апарар тек жалғыз жолың деген ойды басқа терең етіп құяды.
Инста коучтардың сөздерін еске алыңыздар!
Чтобы разбогатеть ты должен разблокировать страх богатства! А богатые не боятся покупать дорогие вещи! Балуй себя! покупай те же вещи что и богачи! тогда твои волны будут вибрировать на той же частоте что и у богатых и ты со временем тоже станешь богатым! Деген естеріңде шығар.
Ретейлде бір аксиома бар, адам неғұрлым көп тұтынса соғұрлым тез тауарыңды тағы да қайтып келіп сатып алады.
Сол модельді Costco деген ретейлер жақсы қолданады. Мысалы, Сникерсты шелектеп сату, дәрет қағазын дәу блоктармен сату, сусындарды блоктармен сату. Бұл жағдайда адамның психологиясы былай жұмыс жасайды: “Затым көп болса көбірек алуым мүмкін”.
Бұл заттың тез бітуіне алып келеді. Ол алтын қазықпен бекітілген заңдылық!
P.S.
Адам ол хайуан, хайуанмен манипуляция жасау қиын емес.
👍29👎3🍌1🫡1
Spot Bitcoin ETF сауда көлемі алғашқы үш күнде $9,4 миллиард доллардан асты.
👍22🍌3
Қаржылық сауаттылық: #қс
Dollar cost averaging [орташалау].
Қаржы саласында қолданылатын пассивті инвестицияның стратегиясы.
Принцип:
Белгілі период сайын акцияны/ETF-ты әрдайым сатып алып тұру.
Мысал: Нарықта “А” - акциясы бар.
Бүгін оның бағасы $100.
Сіз әр айдың 10-да оны сатып алуға шештіңіз делік.
Айлар тізімі:
1-ші ай $100 сатып алдыңыз [портфельде 1 акция~$100]
2-ші айда баға $90 түсті делік [портфельде 2 акция ~$190] [нарық 10% түскенімен, $100 дан $90 долларға, сіздің портфеліңіз 5% түсті] $190/{2 акция} = $95 {1 акцияның сатып алу бағасы}
3-ші айда баға $105 көтерілді делік [портфельде 3 акция ~ $295] портфельдегі орташа баға $295/3=$98.33
4-ші айда баға $92 түсті. [4 акция ~ $387] орташа баға 387/4=$96.75
Бұл принціпті мен күнделікті өмірде қолданамын. Қор нарығында және криптода #Aman2TheMoon хэштегінде 398 постты көрсеңіз болады.

👍21🆒7❤3🍌1
BlackRock қазір Bitcoin ETF үшін $1.06 миллиард доллардан асатын 25,067 BTC-ке ие.
👍13👻2🍌1👀1
Биткоин АҚШ-тағы күмістен асып түсетін екінші ірі ETF тауарына айналды.
⚡22🍌5👍2🤯1
Қызық фактілер:
• Менің телеграм аккаунтыма айына екі рет біреу бұзып кіруге әрекет етеді.
• Джеф Безос 2023 жылы сағатына $7.9 млн. ақша тапты. Әр 13 минутта ол көбісі өмір бойы таба алмайтын ақшаны табады.

😁20👍10🗿7❤1⚡1🍌1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👀19😨2🍌1
Crypto․com 2023 жылы жаһандық крипто иелерінің саны 580 миллион адамға дейін өскенін айтады.
👍12🍌1
Алматының жер сілкінісімен Bitcoin бағасы $40к дан төмен түсті 😅
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁32👍3🍌3🙊2
Осы жер сілкінісі маған нені көрсетті?
Мен және отбасым ондай жағдайға ваще дайын емеспіз. Жұрт ішкиіммен сыртқа шығып жатқанда, біз 20 минут киініп жастығымызды құшақтап сыртқа шыққанбыз 😂
P.S.
Алматының пәтерлерінің бағасы пузырь ғо 😂

👍37😁17❤3⚡1🍌1
250 декларациямды заңды тұлғаға қатысым бар болған соң тапсырдым.
Менде бар мүлікті сол жерде көрсеттім.
Менде бар мүлікті сол жерде көрсеттім.
👍18🍌2
Apple 2028 жылы өздігінен жүретін электромобиль шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bloomberg.
👍19🤯3🍌1
Түнгі жаңалықтар:
Tesla $TSLA 2023 жылдың 4-тоқсанында $435 000 000 долларлық биткоиннің ешқайсысы сатылмағанын көрсетті.
🇺🇸 АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 34,1 триллион долларға жетті.
🇺🇸 SEC BlackRock’тың Spot Ethereum ETF-ін мақұлдауды кейінге қалдырды.
Tesla $TSLA 2023 жылдың 4-тоқсанында $435 000 000 долларлық биткоиннің ешқайсысы сатылмағанын көрсетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👍5🍌1
Түнгі жаңалықтар:
BlackRock қазір Bitcoin ETF үшін $1,8 миллиард доллардан асатын 45 688 BTC-ке ие.
🇺🇸 АҚШ үкіметі Silk Road-тан тәркіленген [конфискованный] $130 миллион биткоинді сату туралы хабарлама жіберді.
BlackRock қазір Bitcoin ETF үшін $1,8 миллиард доллардан асатын 45 688 BTC-ке ие.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11👍1🍌1
Бәрі Қазақстанды “Боратпен” ассоциация жасайды, бірақ соңғы кезде байқағаным UFC-де және Бокста көбісі “Алға Қазақстан” деген сөзді біледі.
Неге?
Өйткені халқымыз қанша болмаса да ұйымшыл, және сыртта жүрген бауырларды өте қатты комменттерде қолдайды. ТикТок-та да Қазақ феномены бар, шетелдік Қазақстан туралы видео салса ол видео рекке ұшады.
Енді қаржы саласында да бұл феномен ойнап жатыр, жаңа Nasdaq қор нарығының Linkedin аккаунтына кірген едім, сол жерде Kaspi-нің листингы жайында хабар жазылған. Ең жиі кездесетін коммент қандай деп ойлайсыздар?
Иә, “Alga Kazakhstan”🇰🇿
P.S.
Оның себебі біздің кіші халық болғанымыздан деп ойламаймын [ауыл/тайпа эффекті], ол қазақтардың кішкентай кезінен алған тәрбиесінен деп ойлаймын. Есімнен кетпейтін бір зат ол әрбір ата-әже, туған-туысқан баланың үйден тыс жерде жасаған жетістігіне реакциясы. Әрдайым шулап беттен сүйіп дем беретіні. Ол жай арқадан соғу емес, эмоциялық импульс, өзгеше болады. Сөзбен түсіндіре алмаймын.
Мүмкін жорықшы болған ата-бабаларымыздан қалған бір жақсы менталдық салт шығар. Халқымыз миллиондаған адам болса да, осындай жинақы эффект қалып отыр.

⚡37🔥27👍11🍌1
Қазақша жазып-түсіріп жүргеніме екі ай болды 😅
Қазір бұрыңғы орысша түсірген видеоларымды қарасам құлағыма ыңғайсыз естіледі екен. Ішімнен “мынаны шынымен мен түсірдім ба не?”, деп өзімнен сұрап қоямын.

😁48🔥35🫡7😢1🍌1
BlackRock қазір Bitcoin ETF үшін $2,18 миллиард доллардан асатын 52,025 BTC-ге ие.
👍21🍌1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🍾22🍌1