#инвестпроект
Инвесторлар:
Амангелді Қ. +1 млн.
Инкар Б. + 1 млн.
Дархан Б. +1 млн.
Дина Т. +1 млн.
Рустем А. +1 млн.
Бибигуль Б. +1 млн.
Нұрболат Б. +1 млн.
Жанар М. +1 млн.
Сатай Д. +1 млн.
Собиржан Е. +1 млн.
Досбол А. +1 млн.
Жандос А. +1 млн.
Нұрсұлтан Ж. +1 млн.
Мурат Д. +1 млн.
Айбек М. +1 млн.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥16❤4🍾1
Kozybayev
Бір адам ауысты. Сол адамды сыздым. Басқасын қостым.
👌8
Бүгін келісім-шарт рәсімделеді.
ИИН жібермегендер жіберуді сұраймын.
Кейін https://edo.uchet.kz/ сайтында тіркеліңіз.
Сол сайтта эцп арқылы келісім-шартқа қол қоясыз.

👍11
#ойым
Тағы да шабытым ашылып өзімнің соңғы постымды жалғастыра бере аламын.
Бұл жолы мысалдар адам өміріндегі ең төмен жағдайлармен келтіріледі.
3. Ниет - кішкентай кезімнен маған ең бастысы “ниет” деп айта беретін. Жасасаң жақсы ниетпен жаса дегендей. Бірақ спортпен айналысып жүргенде және әр жазды ауылда өткізіп жүргенде бұл сөзді басқаша түсіне бастадым. Діни мағынада емес, өнімділік [эффективность] мағынасында.
Ниет концентрацияға тура әсер етеді.
Мысалы: Күрескенде күрес үшін күрессең жеңуің екіталай. Күрескенде жеңу үшін күрессең жеңісің ықтималдылығы өте жоғары. Тағы бір мысал, екі адам төбелескен кезде ниеттері әртүрлі болуы мүмкін, біреуі жеңу үшін төбелессе, екіншісі өлтіру үшін төбелесуі мүмкін. Сол кезде қайсысы көбірек жарақат бере алады? Әрине екіншісі.
Бұл заңдылық барлық нәрсеге әсер едеті. Ондайды ерте түсінгенім үшін ризамын.
4. Тірек нүктесі - фокусты шашу.
Жігіт болған соң, интернатта өскен соң, бизнесте болған соң конфликттер өмірімде көп болған. Өсе келе бұл конфликттер маған үлкен сабақ болғанына ризамын.
Неге?
Өйткені өмірімде бірнеше қатты қақтығыс болған, ол қақтығыста оппоненттерім менен көп және сол жерде олардың салмағы/беделі көп болған.
Белгілі ұйымға, немесе жағдайға қарсы тұрған кезде, нақты мақсат табу және сол мақсаттың көзін жою жеңістің басты кілті.
Мысалы, ұйымға қарсы бірінші қақтығысым: университетте жүрген кезде менің ең бірінші бизнестегі қадамдарым ол ойын-сауық кештерін жасау болған. Сол кезде еліміздің ең үлкен университеттерінің бірінің студенттері мені сондай кеш ұйымдастыруға сұрады.
Бірақ бұл шараға университеттің студенттік өзін-өзі басқару ұйымы қарсы болған. Өйткені менің ұйымдастырып жатқан шарам, олардың іс-шарасына бәсекелес болған. Сатылымдары түсе бастады, сонда олар менің жасаған постерларым мен плакаттарымды университетте жыртып, билет сататын адамдарды қорқыта бастаған. Ол үлкен ұйым болған, кімге қарсы куресу керек екенін адамдардың сөзін тыңдап еш түсінбедім.
Сол кезде, университетке өзім барып, бұл жерде кімнің қандай интересы бар екенін біліп, кім баста және кім бұл сорпаның майын алатынын біліп алдым. Қарсыластарымды таныған соң, күресе бастадым. Жеңдім. Ақыр соңында ол организацияны таратып тастады.
Біз биологиялық жаратылыс болған соң, эволюция заңдылығына бағынамыз, демек қоршаған орта және қоғам әрдайым бізді сынайды. Осындай қысымға бейімделіп үйрену эволюциялық тұрғыда біздің биологиялық түріміздің бұл планетада өмір сүру хақын ақтайды деп түсінемін.
5. Жақсы болсаң да жауыз бола біл.
Хақ, әділет өте қиын ұғымдар және өте субъективті. Әр адам оны өзінше түсінеді. Мысалы біреу былай айтады: “сені беттен ұрса сенде ұр!” Немесе, “сені беттен ұрса, сен екі есе қатты ұр!”Дегендей, осындай мысалдарды адам саны қанша болса сонша келтіре беруге болады.
Сол үшін бұл өмірде өз мүддеңді қорғай білу мен үшін ең маңызды қабілеттердің бірі. Біреу сенімен жауласқысы келсе өміріндегі ең жауыз жау болуға тырыс.
Бұл пост мынау видеоны көрген соң пайда болды.

Сарбаздармен күресу пайдасыз, жеңгің келсе жүректі тесу керек. Карл Фон Клаузевиц
Біз биологиялық жаратылыс болған соң, эволюция заңдылығына бағынамыз, демек қоршаған орта және қоғам әрдайым бізді сынайды. Осындай қысымға бейімделіп үйрену эволюциялық тұрғыда біздің биологиялық түріміздің бұл планетада өмір сүру хақын ақтайды деп түсінемін.
5. Жақсы болсаң да жауыз бола біл.
Хақ, әділет өте қиын ұғымдар және өте субъективті. Әр адам оны өзінше түсінеді. Мысалы біреу былай айтады: “сені беттен ұрса сенде ұр!” Немесе, “сені беттен ұрса, сен екі есе қатты ұр!”Дегендей, осындай мысалдарды адам саны қанша болса сонша келтіре беруге болады.
Сол үшін бұл өмірде өз мүддеңді қорғай білу мен үшін ең маңызды қабілеттердің бірі. Біреу сенімен жауласқысы келсе өміріндегі ең жауыз жау болуға тырыс.
Бұл пост мынау видеоны көрген соң пайда болды.
❤15👍4⚡1
Осы күндері өзімнің денсаулығым мен отбасыма арнадым. Сол үшін көп жазбадым.
Келесі посттар не жайында болады:
1. Өткен айдың қорытындысы - қайтарымдар
2. Жаңа мақсат
3. Бірнеше қаржылық графиктер
4. Инвестпроект қазір қай статуста

❤9👍4
Қаржылық есеп:
#қс
2024 жылдың шілде айында өзімнің шығындарыма 51.91% қайтарым алдым. Ол маусымға қарағанда +47.8 п.п.
Осы жолы түсінікті болу үшін, әр категория қанша алып келгенін жазамын:
• Бизнеске инвестиция: 17.32%
• Кэшбек: 0.41%;
• Депозит: 2.46%
• Салық салынбайтын басқа табыстар: 31.72%
Осыдан алдынғы айдың көрсеткіштерін мынау сілтемеден көруге болады.
P.S.
Сонымен анализ жасап шықтым өткен айды былай қорытындылап кете аламын: өткен айда салық салынбайтын басқа табыстардың үлесі зор болды (сыйлықтар сияқты табыстар) кэшбек өте аз шықты 0.5% ға дейін жетпеді, келесі жолы минимум 0.5% кэшбек батырмасын басамын. Ал бизнеске инвестицияның үлесі ұлғайып жатыр! Оны бір жыл ішінде 5 есе көтергім келеді.
Дегенімен, қаржы жағынан өткен ай жақсы болды. Кіріс шығынға қарағанда әлде қайда көбірек болды, графикалық репрезентациясын сосын жіберемін. (Жақсылық пен зұлымдық графигі).
Мақсатты өзгертем деп шештім, бұрын мақсат шығынға 3% қайтарымға жету болған болса, енді жаңа мақсат 100%. Демек ештеңе жасамай тек пассивті табыспен 100% айлық шығындарымды жабуға болатындай көрсеткішке жеткім келеді.
Статистика
2023 жыл
Қазан: 1.87%
Қараша: 1.55%
Желтоқсан: 2.7%
2024 жыл
Қаңтар: 2.17%
Ақпан :7.04%
Наурыз: 3.49%
Сәуір: 5.89%
Мамыр: 92.95%
Маусым: 4.11%
Шілде: 51.91%
Оның барлығы таза қаржылай табыс. Оның ішінде реализацияланбаған табыс жоқ [қалтама таза ақша ретінде түсті деген сөз].

👍9⚡2❤2🔥2
#қс
Уроборос.
Активтерім мен пассивтерім.
Үрдісті көрсету үшін графикты қатты ұлғайттым.
Нені байқауға болады?
1. Бизнеске инвестицияларымды ұлғайтып жатырмын.
2. Ұзақ мерзімді қарыздарымды тез жауып жатырмын. Тамыз айында 0-ге айналдырамын.
3. Қысқа мерзімді қарыздардың көлемі өзгеріссіз бір қалыпта.

👍10❤1
#инвестпроект
Инвестпроект бойынша қысқаша апдейт.
Келісім-шарттар рәсімделді, ақша бизнес иесіне берілді.
Ақша үш күн ішінде жиналды.
Аз да болса Қазақстан экономикасына кәсіп ұлғайтуға көмектесіп жатырмыз және өзіміз табыс алып жатырмыз.
Кәсіп иесі жақсы орын тапты, келесі аптада ремонт бастайын деп жатыр.

👍20❤2
Қызық оқиға.
Менің жаңа әріптесім ресейден келген жігіт. Осы аптада менің инстаграмыма жазылыпты, еш артық ойсыз “Орысша неге контент түсірмейсің? Мен ештеңе түсінбей тұрмын ғой.” дейді.
Ақкөңіл жігіт сұрақ қойып тұрған соң не деп жауап берерімді білмей қалдым. Опциялар көп болды, бірақ бұл контекстте жауаптардың барлығы дөрекі естілер еді.
“Өз тілімде үн қатқан маған ыңғайлырақ” дей салдым.
Негізінен барлық жерде орысша болған соң оларға адамдардың түсініксіз тілде сөйлегені ыңғайсыз көрінеді.
Сол үшін барлығы орысша сөйлеп/жазып тұрғанда менің осындай қылығым ұлтшылдау көрінеді. Оны ортамнан сеземін және түсінемін.
Бірақ олардың түсінбейтін бір заты бар - ол, мен қазақша біреуге қарсы болу үшін жазып жатқан жоқпын. Мен қазақ тілінде қазақ тілін қолдау үшін сөйлеп жазып жүрмін.
Төрт тілде еш қиындықсыз сөйлеймін, бірақ тілімнің халы нашар деп түсіндіруге намысым батпайды. Жүрегіме ондай сұрақ ауыр тиеді.
Жүрегім достықты да, қолдауды да қаламайды. Адам табиғаты мен үшін бұрыннан белгілі құбылыс. Қалайтыным тек бір зат - ол өзін қазақ сезінетін адам (ұлтына қарамастан) екі аяғында нық тұрғаны.
Ұрпақтарымның ортасы екі аяғында нық тұрған адамдармен тәрбиеленсе олар бақытты жан болады деп сенемін.
Кейде ақыл бар - білім жоқ,
кейде білім бар - ақыл жоқ.
кейде тәрбие бар - талпыныс жоқ,
кейде талпыныс бар - қолдау жоқ.
Аяқта нық тұру мен үшін бір адамда барлық қасиеттердің бірдей дамығаны. Ал біз өмір сүретін жүйе ол қасиеттердің бірдей дамуын бір ғана жағдайда болдырады - ол ақшаның молдығы.
Сол себепті менің блогым қаржы жайында. Өмір ат болса, қаржы - жүген.
#ойым #оқиға

❤🔥53👍21❤4🔥3⚡1
Биткоинды 70 мыңнан сатып алғанда қарбыз бизнесына инвестиция жасағаннан азырақ минусқа кірер едім.
Деп жазды бір оқырманым.
Қарбыз нарығынан кішкене инсайт.
Кеше инстаграмға қарбыздан лимонад жасап жатқаным жайында сторис салғанмын. Сол сториске бір оқырманым былай жауап берді (скрин).
Мен айтқанмын да менің районымда тәжіктер қарбызды 250тг сататынын.
Ал олар (диқандар) болса нарыққа қарбызды 10тг-ден сатады екен 🤯
Сонда маған Сергей Солонинның (Qiwi-ның фаундеры және үлкен инвестор) Соколовскийдың подкастында айтқаны еске түсті таймкод 13:35 :
Бір кезде мен өзімнің инвестициядан түсетін табыстарымды қарап шықтым, сол кезде мынандай зат түсіндім, биткоинға инвестициям стартаптардан көрі көбірек табыс әкелді. Демек сонша тірліктің орнына жай биткоин ала салмаппын.
Бұл постпен мен биткоинға инвестиция жасаңдар деп айтып жатқан жоқпын, менің айтқым келгені инвесторлар ықтималдылықпен [вероятности] жақсы жұмыс жасайды. Олар әрдайым өз активтерін диверсификациялайды. Барлық ақшасын бір жерге құймайды.
#оқиға
❤18🐳3👍1
Инвестор болудың жақсы жері:
1. Әртүрлі бизнес жобалардың егжей-тегжейін түсіну.
2. Моралды қанағат - кәсіпкерге кәсібін ұлғайтуға көмек беретінім, әрі еліміздің экономикасына әсер етіп жатқаным.
3. Ақшамды дұрыс қолдана алатыным, оларды жұмыс істете алатыным.
4. Болашақты ойлау қабілетімнің шынығуы.
5. Qazaqchain инвесторлар қауымдастығының дамуына үлес қоса алатыным.
6. Абсолютпен емес, пайызбен ойлау қабілетімнің шынығуы.
#қс #ойым

👍23❤2⚡1
Меніңше бұл негізгі мөлшерлеменің азаюына қойылған бәс. Нарық ысып тұрды, олар осы қадаммен паниканы бастап жатыр. Бәрі сатқан кезде мыналар өздерінің кэштарымен барлығын сатып алмақшы. Заман өзгерсе де олардың тәсілдері өзгермейді.
*қаржылық кеңес емес, жеке ойым
#нарық
*қаржылық кеңес емес, жеке ойым
#нарық
❤16👍7⚡1
Қызық ақпарат
1. Жыл сайынғы халықтың табиғи өсімі. Әр жылдың бірінші жартысы алынған. Бәсеңдей бастады.
2. Табак егетін жердің ауданының азаюы.

😁7❤6