Kozybayev
1.66K subscribers
1.1K photos
62 videos
27 files
638 links
Бизнеске инвестиция жасаймын, жобалармен бөлісемін! Қазақстанның бірінші крипто-қауымдастығының негізін қалаушы.
Инвестиция, технология, ғылым, қаржы, политика, криптовалюта жайында, және жеке ойларымды жазамын.
Download Telegram
Федрезерв негізгі мөлшерлемені 0.25% түсірді.
❤4
Инвесторларға хабарландырма!

Соңғы проектке кірген барлық инвесторларға келісім шарттың драфты жіберілді.

Нені істеу қажет:
1. Сілтеме арқылы өтіп доступ сұраңыз.
2. Келісім шартты оқып шығыңыз, бәрі дұрыс болса - ок деп жауап беріңіз.
3. Реквизиттарыңызды жіберіңіз (ФИО, ИИН, Адрес, Банк шотыңыз).
❤8
Инвесторлар!

Соңғы жобаның келісім-шарттарын сіздерге жүйеде жібердім. Дұрыстап оқып шығып қол қойыңыздар.
👍13
Келісім-шарттарға қол қойылды, ақша аударылды.
👍13❤2
Өз тәжірибеме ризашылығымды білдіргім келіп тұр, неге?

Әлемнің ең үлкен компаниясының бірінде тәжірибе жинағаным үшін тиянақты көзқарастар пайда болады.

Ол қандай көзқарастар?

1. Бизнес қалай жұмыс істеу қажет;
2. Жүйені (система) қалай орнату керек;
3. Инвесторлардың саған тапсырған ақшасының қадірін білу және олардың мүддесін ойлау;
4. Стратегия және болашақ масштаб ол компас.
5. Миллиард деген ол ештеңе емес.

Осы жылдың қыркүйегінен бастап шамасы 102М тенге инвестиция тартуға көмектестім.
Оның:
- 47М үлескерлік инвестиция дистрибьюторлық бизнес (75% үлес инвесторлардікі);
- 20М облигациялық инвестиция (30% жылдық мөлшерлемедегі табыс, 10% инвесторларға төленіп қойды);
- 30М таза табыстың үлесіне жасалған инвестиция (таза табыстың 40% үшін);
- 5М (тікелей қарыз мал шаруашылығы 60% жылдық мөлшерлемеде табыс алынды);

Келесі жылға қандай жоспар бар:

1. 2025 жылдың 4-ші қаңтарында 2024 жылдың төртінші тоқсанын қорытындылайтын жиналыс болады 2024Q4 Қорытындылары ол жиналысқа тек үлескерлер шақырылады.
2. Жоспар бойынша 2025 ақпан Пилатес студиясы пайызбен бірге қарыздың денесін өтемекші. Ақпанда 1М-2М артығымен төлейді. Қай инвестордың қарызы жабылатыны алфавит арқылы анықталады.
3. Келесі жылы қауымдастығымыздың инвестициясын 200М дейін жеткізу.
4. Инвесторлардың табысын 60М жеткізу.

Үй іші аман, жолымыз ашық, денсаулығымыз жақсы болса, жоспарымызды орындауға ештеңе кедергі болмауы керек.

#2025@kozybayev
🔥46❤13👍5🆒2
Бәріңізге сәлем!

Сирек жазатын болыппын, оған бірнеше себеп бар:

1. Жылдың аяқталуы {барлық дедлайндар 31 желтоқсанға тіреліп тұр}. Халықаралық компанияда бизнестің үлкен бөлігіне жауап беремін.

2. Жобалардың көптігі {Инвесторлардың мүддесін қорғау назарымның үлкен ресурсын қажет етеді}. Тауарды сақтандыру, қойманы сақтандыру, бизнес процесстерді қадағалау, ақшаның тиімді қолданылуын қадағалау, валютты контракттарды тіркеу, салықтар мен логистикалық сұрақтарды қадағалау.

3. Жеке басымның дамуы. Кейде экономика және қаржы саласындағы керемет жетістікке жеткен адамдардың жұмыстары көз алдыма түседі. Әрине оның бәрі үлкен математикалық формулалармен сипатталады. Ол формулаларды түсінбесем, ізденіп оқи бастаймын.

Қазіргі таңда Луи Башелье, Блэк, Шультз сияқты әлемге танымал адамдардың жұмыстарымен танысып жатырмын. Олардың жұмыстарын түсіну үшін туындыларды жақсы түсіну керек, соны еске алу үшін калкулусты қайтадан оқып жатырмын. Мектепте түсінбеген моменттерді 30 жаста түсінген қызық екен. Үстінгі фотода менің лекцияда жазған бір беттің скрины.

Жеке ойым - “Бәрібір ағылшындар кез келген затты жеңілірек түсіндіреді екен…”
👍19❤6
2024-ші жылды мен былай аяқтадым:

1. Табысымды ө.ж.қ {өткен жылға қарағанда} 1.95 есе көбейттім.
2. Адам басына санағанда табысым 1.56 есе өсті. {2024 жылы балам туылды, адам басы көбейді}.
3. Жеке капитал 2 есе өсті. {“жеке капитал” = “қолда бар ақша” - “қарыздар”}.
4. Адам басына санағанда жеке капитал 1.61 есе өсті.
5. Инвестициялық жобаларға 102М теңге фандинг жасауға көмектестім.
6. Өзімнің тұрақты жұмысымда үлкен жетістікке жеттім, менің үлесімнің арқасында бүкіл Шығыс Еуропа дивизионы Home care категориясында әлемдегі бірінші орын алды.
7. Hard discounter каналындағы көрсеткіштерді ө.ж.қ. мыңдықтармен саналатын индекстармен жауып жатырмын.
8. Қырғыстандағы бизнесті тұрақты етіп, барлық процесстерге түсінікті және санауға жарамды метрикаларды енгіздім.
9. Қазақстандағы дистрибьюторлық операциялардың барлық процесстерін Мәскеуден Алматыға көшірдім.

Келесі жылға қойылған мақсат бір:
Санауға жарамды {measurable}көрсеткіштерді осы жылға қарағанда екі есе көбейту.
⚡31👍12🔥7❤4👌1
🛍Пилатес студиясына ақша салған барлық инвесторларға бесінші купон түсті ✔️ 5/12

#инвестпроект #купон #хабарландырма


Жаңа жылдарыңызбен 🎄
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🆒11👍8❤3
Kozybayev
Коммерческое_предложени_для_франчизи.pdf
Біз фандинг жасаған Пилатес Студиясы Қазақстанның басқа қалаларына экспансиясын жасау үшін серіктес іздеп жүр.

Қазіргі таңда екі филиалы бар, олар Астанада.

Барлық керек ақпарат үстінде.
👍16
Үлескерлерге хабарландырма!
#хабарландырма@kozybayev

Q42024 - жиналысы қаңтардың екінші жартысында өткізіледі. Әзірше тауардың өзіндік құны толықтай саналмаған, салықтар мен қойманың құны қолда жоқ.
Тауар енді ғана шекарадан өтті.

Хабарын айтамын.
👍14🤡4⚡1
Қаржылық есеп:
#қс
2024 жылдың желтоқсан айында өзімнің шығындарыма 22.51% қайтарым алдым. Ол қарашаға қарағанда +2.98 п.п.

Түсінікті болу үшін, әр категория қанша алып келгенін жазамын:
• Бизнеске инвестиция: 19.41%
• Кэшбек: 1.3%
• Депозит: 1.8%

Осыдан алдынғы айдың көрсеткіштерін мынау сілтемеден көруге болады.

Статистика

2023 жыл
Қазан: 1.87%
Қараша: 1.55%
Желтоқсан: 2.7%

2024 жыл
Қаңтар: 2.17%
Ақпан :7.04%
Наурыз: 3.49%
Сәуір: 5.89%
Мамыр: 92.95%
Маусым: 4.11%
Шілде: 51.91%
Тамыз:11.07%
Қыркүйек: 40.23%
Қазан: 23.43%
Қараша: 19.53%
Желтоқсан: 22.51%

Оның барлығы таза қаржылай табыс. Оның ішінде реализацияланбаған табыс жоқ [қалтама таза ақша ретінде түсті деген сөз].

2024 қорытындылары.

Шығынға қатынасын алғанда:
Крипто: +25.54%
Бизнеске инвестиция: +11.5%
Сыйлықтар: +3.74%
Депозит: +1.29%
Кэшбек: + 0.78%
Дивиденд: +0.32%
~~~~~~~
Барлығы: + 43.17%
❤14👍8🔥4⚡1
Бір апта бұрын ірі қараға инвестиция жасаған едім. Семейден 10 ақбас қашарды/тананы Алматыға алып келу керек еді.

Мында жазбай өзім кірген себебім - үлкен тәуекел болды.
Біріншіден, қашарлар буаз, екіншіден олар бірінші рет көлікпен алыс жолға шықты.

Жаңа ғана маған мынандай видеоны жіберді. “Аман, Алматыға жетті!” , деп қуанышты хабарын айтты.
👍44❤7🙏1
Бүгін жеке тұлға ретінде материалды емес зат үшін өмірімдегі ең қымбат мәміле (сделка) жасадым. Бұл инвестициям өз-өзін ақтайтынына үлкен үміт артып жатырмын.
👍41🆒3
Достар, өмірімде не болып жатқанын айтып кетейін:

1. Тауарым кеденде тұрып қалды, құзырлы органға тауардың бағасын аздатпай барлық салық-төлемдерді төлеп Қазақстанға кіріп жатырмын деп дәлелдеп жүрмін.

2. Ақырындап IT инфрақұрылым құрастырып жатырмын. Өзім жеке басыммен инвестиция жасап көтеремін деп шештім.

3. Сәуір-Мамыр айларында, бұйырса, инвестицияның жаңа раундын бастамақшымын. Сол кезеңде 185М теңге инвестиция тартпақшымын.
Есімім маған қызмет атқарып жатыр. Бірнеше ірі бизнесмендермен кездестім. Ойымды, стратегиямды түсіндірдім.
Қазіргі екі партиядан инвесторларға, кредиторларға жақсы нәтиже көрсеткім келеді.
Нәтиже ойдан асса, 185М тарту өмірімдегі ең оңай зат болады деп ойлаймын.

4. Бүгін осы жылға жоспарларымды жобалауды аяқтадым.

21 - 31 қаңтар 2024Q4 презентациясын дайындап инвесторлар мен кредиторларға көрсетпекшімін.
8 - 28 ақпан жұмысымнан демалыс алып тек жобаларыммен айналысамын {инвесторлармен кездесу, контракттарды қолға алу, жаңа процесстерді енгізу}.
1-31 Наурыз дистрибьюторлық контракттардың аудитын бастаймын.
1 - 30 сәуір план В “экспансия” бастаймыз.
1 - 11 мамыр тек отбасыма арнаймын, демаламын.
11 - 31 мамыр инвесторлар мен кредиторларға 2025Q1 презентациясына дайындаламын, өткіземін. Кредиторларға берешегімді жаппақшымын {жобам бойынша}.
1 - 22 маусым дистрибьюторлық контракттарға қол қою рәсімін бастап аяқтамақшымын.
22 - 27 маусым Мәскеуге барып келемін.
1 - 31 шілде демаламын, отбасыма арнаймын.
1 - 25 тамыз 2025Q2-ға дайындаламын, инвесторлар мен кредиторларға қорытындыларды көрсетемін.
1 - 30 қыркүйек жұмысымда жаңа лауазымға дайындаламын. Өзімнің жұмысымды басқа адамға тапсырамын.
1 - 31 қазан 2025Q3-ға дайындалып инвесторлар мен кредиторларға қорытындыларды көрсетемін.
Қараша - Желтоқсан инвесторлармен жиналып дивиденд мәселесін шешу. Жаңа лауазымға көшу.
🔥41👍13🕊2🆒2❤1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Инвесторларға хабарландырма:
Бірінші партия қоймамызға келді!

Құтты болсын!
⚡18👍8❤2
🇺🇸АҚШ-тың инфляциясы 2.9%-ға дейін өсті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤1
Жаңа инвест-жоба!

Бізден жиі инвестиция алып тұратын, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер тағы инвестиция үшін келді.

Өзіңіз білетіндей Алматы облысында малдары бар, оны ет сатушыларға сатумен айналысқаннан көрі, сойып ет қылып сатқысы келеді. Маржасын өсірмекші.

Ол Алматының ортасында ет дүкенін ашқысы келеді.

Өз күшімен 17 млн салмақшы.
Бізден 10 млн сұрап тұр.
30% жылдық мөлшерлемеде, облигациялық қарызға алмақшы.
Мерзімі: 1 жыл.
Соммасы: 10 млн.
Пайызы: айына 2.5% {30% бір жылда}.
Минималды инвестиция: 2млн.

Ақша жиналды 14:00
#инвестпроект
⚡17❤4
Инвестжоба шорт лист:

10/10
Дархан Б. 2М ⚙️
Арман К. 2М ✔️
Мурат Д. 2М ✔️
Бибигуль Б. 4М ✔️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥15❤2