Kazakhstan Tennis Federation
✔
2.15K subscribers
2.87K photos
263 videos
365 links
Download Telegram
🇰🇿 Елена Рыбакина Ухань турнирінің ширек финалында!

Қазақстандық теннисші Линда Носкованы 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, келесі кезеңде Арина Соболенкомен кездеседі 🔜
❤20🔥2🍾2
🇰🇿 Заңғар Нұрланұлы – Азия чемпионатының финалында!

Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында өтіп жатқан ITF Juniors J300 турнирінде (бейресми Азия чемпионаты U18) қазақстандық теннисші финалға жолдама алды.

Жартылай финалда әлемнің 23-ракеткасы саналатын Заңғар Нұрланұлы Гонконг спортшысы Николас Ченгті 6:3, 6:1 есебімен сенімді жеңді. Бұл – оның хардтағы қатарынан 10-жеңісі. 🔥

Финалда Заңғар ертең, 12 қазанда, Кал Томпсон (Гонконг) мен Куан Чеу Ченнің арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
❤14
🇰🇿 Анна Данилина – Уханьдағы WTA 1000 турнирінің финалында!

Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің финалына жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстан-серб дуэті венгриялық Фанни Столлар мен германиялық Лаура Зигемунд жұбын 6:1, 4:6, 11:9 есебімен жеңді.
🔥12❤2
Заңғар Нұрланұлы – Азия чемпионы! 🇰🇿

Кореяның Вонджу қаласында өткен беделді ITF Juniors J300 турнирінде қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жеңіске жетіп, жетінші жекелей титулын иеленді. 🏆

Финалда Нұрланұлы Қытай Тайбэйінің өкілі Куан Чеу Ченді 6:2, 6:1 есебімен сенімді түрде ұтты. Бұл — Заңғардың хардтағы қатарынан екінші титулы және 11-матчтық жеңісті сериясының жалғасы.
❤16🍾1
Туған күніңмен, Бейбіт! 🥳
❤26🎉5
🇰🇿 Елена Рыбакина WTA 500 Нинбо турнирінің ширек финалында!

Екінші айналымда қазақстандық теннисші украиналық Даяна Ястремскаяны 6:4, 6:7(6), 6:3 есебімен жеңді.
❤16🔥6👏4
🇰🇿 Елена Рыбакина WTA 500 Нинбо турнирінің жартылай финалына шықты!

WTA 500 Нинбо турнирінің 1/4 финалында қазақстандық теннисші австралиялық Айла Томляновичті 6:2, 6:0 есебімен жеңді. Келесі кезеңде Рыбакина Италия өкілі Жасмин Паолинимен ойнайды.
👍16❤7🔥2
🇰🇿 Елена Рыбакина финалда!

Қазақстандық теннисші (WTA №9) Нинбодағы WTA 500 турнирінің жартылай финалында италиялық Жасмин Паолиниді (WTA №8) 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Финалда Рыбакина Диана Шнайдер мен Екатерина Александрова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Бұл жеңіс Еленаға маусым қорытындысы бойынша WTA Финалына қатысу мүмкіндігін сақтап қалуға мүмкіндік берді — ол рейтингтегі 8-орынға көтерілді.
❤16🔥11
Happy birthday, Zarina! 🥳
❤25🔥4🍾2🐳1
🇰🇿 Елена Рыбакина – Нинбо турнирінің чемпионы!

Қазақстандық теннисші WTA 500 сериясындағы финалда ресейлік Екатерина Александрона 3:6, 6:0, 6:2 есебімен жеңіп, жекелей сындағы 10-шы WTA титулын иеленді 🏆
❤46🐳2
Perfect 10 💫

Бухарест → Нинбо. 10 титул, 1 жол 🏆
🔥23👍8❤3⚡2🏆1