Kazakhstan Tennis Federation
✔
2.15K subscribers
2.87K photos
263 videos
365 links
Download Telegram
Анна Данилина серіктесі Александра Круничпен бірге Дохадағы жұптық сында Лейла Фернандес пен Кристина Младенович дуэтін 6:2, 4:6, 10:4 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды 🔥
🔥14❤2🍾2👏1
#LetsGO 🔥
Александр Бублик ABN AMRO Open турнирінде Хуберт Хуркачты 6:7, 7:6, 7:5 есебімен жеңіп, жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.
❤23🏆6🔥2
Елена Рыбакина үш сетке созылған тартысты кездесуде қытайлық теннисші Чжэн Циньвэньді 4:6, 6:2, 7:5 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды #Alga
🔥23❤13💘1
🔥 Жеңіс жолы жалғасуда!
Данилина мен Крунич Дохадағы турнирдің ширек финалында Хантер/Джойнт дуэтін 6:2, 4:6, 10:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.
🔥22🍾2❤1
✔️ Александр Бублик Роттердам турнирінде алғаш рет ширек финалға жолдама алды.

🇰🇿 Қазақстандық теннисші кезекті тартысты ойында неміс спортшысы Ян-Леннард Штруффтың қарсылығын жеңіп шықты. Кездесу 7:6(2), 4:6, 6:3 есебімен аяқталды.

Осы жеңіс арқылы Саша 2026 маусымында он жеңіске алғаш болып жеткен ойыншы атанды.

Келесі қарсыласы Хауме Мунар.

#LetsGO
❤24
🇰🇿Данилина мен 🇷🇸Крунич Дохадағы WTA 1000 турнирінің финалында!

Шешуші ойында сәттілік тілейміз!
❤28🔥7
Александр Бублик Роттердамда өткен турнирдің ширек финалында тартысты ойында испаниялық Хауме Мунарды жеңіп, кәсіби мансабындағы 🔥 200-ші жеңісін тіркеді 🔝
❤22🔥11
Қазақстан теннис федерациясы Михаил Шайдоровты XXV Қысқы Олимпиада ойындарындағы тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтайды.

Бұл жетістік қазақстандық спорттың жоғары деңгейін айқын көрсетіп, еліміздің халықаралық аренадғы беделін нығайта түсті.

Аталған жеңіс жас спортшыларға шабыт беріп, жаңа биік мақсаттарға жетелейді деп сенеміз.

Жарқын жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!
❤30🍾7🙏5
🏆 WTA 1000 Doha | Doubles Champions
Анна Данилина мен Александра Крунич турнир жеңімпаздары!
🔥41❤13
Қазақстан теннисі әлемдік рейтингтерде өз орнын айқындап келеді.

🌟 Анна Данилина WTA жұптық рейтингінде 7-ші орынға дейін көтеріліп, мансабындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

🎾 Амир Омарханов ATP рейтингінде 31 сатыға жоғарылап, 774-ші орынға көтерілді. 18 жастағы қазақстандық үшін бұл жеке рекорд әрі ересектер турындағы алғашқы толық маусымдағы маңызды белес.
❤16🍾4
Елена турнирдің келесі айналымына сенімді түрде шықты.
❤28🔥6🐳1
Анна Данилина Dubai Tennis Championships турнирінің жұптық сайысында келесі кезеңге жолдама алды ✅
•••
Doubles next round secured for Anna Danilina at the Dubai Tennis Championships ✅
🔥15❤5
Анна Данилина мен Александра Крунич турнирдің алғашқы жартылай финалистері 🔥
👏9🔥6❤4
🏆 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы біріншілік өз мәресіне жетті

Алматы қаласындағы ТЦ «Эйс» корттарында 12 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен біріншілік табысты аяқталды.

Ұлдар арасындағы жекелей сында:
🥇 Брегвадзе Габриэль
🥈 Ким Алан
🥉 Бахыткерейұлы Сұлтан

Қыздар арасындағы жекелей сында:
🥇 Акатова Мария
🥈 Мурат Инжу
🥉 Мекебаева Дария

Ұлдар арасындағы жұптық сайыста:
🥇 Щукин Илья / Брегвадзе Габриэль
🥈 Горбач Арсений / Смелянец Давид
🥉 Ким Алан / Есентайұлы Мустафа

Қыздар арасындағы жұптық сайыста:
🥇 Мурат Инжу / Шарипбай Инкар
🥈 Мекебаева Дария / Алимжанова Ариана
🥉 Мажитова Адель / Абаева Айдара

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз. Барлық қатысушыларға алдағы додаларда толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.
❤10
Анна Данилина WTA Doubles рейтингінде №6-ға көтерілді.

Қазақстан тарихындағы тағы бір маңызды қадам.

NEW CAREER HIGH 🚀
❤23🔥12👍1