Kazakhstan Tennis Federation
✔
2.15K subscribers
2.87K photos
263 videos
365 links
Download Telegram
Александр Шевченко турнирдің келесі айналымына жолдама алды 🔝
🔥18❤3🍾1
Елена Рыбакина Indian Wells турниріндегі жолын жалғастыруда 🌴
❤28🔥4🐳2👍1
Барша әйел қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
❤15
Александр Бублик Indian Wells турнирін жеңіспен бастады 💥
❤26
Елена Рыбакина турнирдің 1/8 финалына жолдама алды 🔝

Келесі қарсыласы Сонай Картал 🇬🇧
❤29🔥2
Қазақстан құрамасы теннис арбасындағы Азия іріктеуінде қола жүлде алды

2–6 наурыз аралығында өткен теннис арбасындағы әлем чемпионатының Азия аймақтық іріктеу турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдеге ие болды.

Құрама сапында Қарағанды қаласының өкілі Айжан Бутимбаева мен Ақтөбеден Жанат Умуткулова өнер көрсетті. Команданы капитан Жасулан Алниязов бастап барды.

Қола жүлде тағдыры шешілген кездесуде қазақстандық теннисшілер Үндістан құрамасымен ойнады. Жеке ойындардан кейін есеп 1:1 болып, бәрін шешкен жұптық матчта біздің спортшылар үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңіске жетті.

Супер тай-брейкте 10:5 есебімен басым түсіп, Қазақстан құрамасы Азия іріктеу кезеңін қола медальмен аяқтады 👏🇰🇿
❤8
Анна Данилина / Александра Крунич
Индиан-Уэллс турнирінде жартылай финалға өтті 🔥
❤19
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалында 🔝
❤22🔥4👍2
World No.2 🌍

Елена Рыбакина Индиан Уэллс турнирінің жартылай финалына шықты және әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді. Бұл оның мансабындағы ең үздік нәтиже.

Финал жолдамасы үшін Рыбакина Элина Свитолинаға қарсы ойнайды.
❤24🔥10
Doubles World No.4 🇰🇿

Анна Данилина мен Александра Крунич Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты 🔥
❤21🔥4
🔥 Қазақстан – Канада
#BillieJeanKingCup Астанада!

📅 10–11 сәуір 2026
📍 Астана, Beeline Arena

Қазақстан әйелдер құрамасы Billie Jean King Cup іріктеу кезеңінде Канада құрамасына қарсы ойнайды. Кездесу жеңімпазы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

🇰🇿 Қазақстан құрамасы:
• Анна Данилина
• Юлия Путинцева
• Жібек Құламбаева
• Аружан Сағандықова
• Соня Жиенбаева

🇨🇦 Канада құрамасы:
• Виктория Мбоко
• Габриэла Дабровски
• Марина Стакусич
• Бьянка Андрееску
• Кайла Кросс

🔥 Әлемдік деңгейдегі тартысты матчтарды Астанада тікелей тамашалаңыз!

🎟 Ұлттық құрамамызға қолдау көрсетіңіз!
БИЛЕТТЕР 👉 Яндекс Афиша
❤3🤔1
New career-high. No.2 in the world 🌍

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 2-орынға көтеріліп, мансабындағы ең жоғары нәтижеге жетті 🔝
🔥27❤15❤‍🔥5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤25🔥4
Индиан-Уэллс корттарынан жұптық сында әлемнің 4-ракеткасынан сәлем 👋🎾
❤13
Лена в шаге от титула 🏆

Елена финалға шықты.
Шешуші ойында Арина Соболенкомен кездеседі.
#Alga
❤37🎉7👏4🔥2💘1
🇰🇿 Анна Данилина мен 🇷🇸 Александра Крунич Индиан-Уэллс турнирінің жұптық сынының финалистері атанды 🥈
❤19😢14👏1
Тартысты финал.
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирін екінші орынмен аяқтады. #Жарайсың
❤27😭11👍3
Нуржан апалы-сіңлілері Франциядағы ITF Juniors турнирінің финалистері атанды 🥈

Францияда өткен ITF Juniors J60 турнирінде қазақстандық теннисшілер, апалы-сіңлілі Томирис пен Мариям Нуржан жұптық сында финалға дейін жетті.

Шешуші кездесуде олар Франция өкілі Анна Баен мен Литва теннисшісі Камилле Силукайте дуэтіне қарсы ойнады. Үш сағатқа жуық созылған тартысты матчта қазақстандықтар 5:7, 6:4, 8:10 есебімен жол берді.

Үшінші партияда Мариям Нуржан жарақат алып, бұл жағдай кездесудің тағдырына әсер етті. Соған қарамастан, Нуржан апалы-сіңлілері турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, финалға дейін жетті.
🔥8❤4👏2