Kazakhstan Tennis Federation
✔
2.15K subscribers
2.87K photos
263 videos
365 links
Download Telegram
Теннистен Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталды! 🔥

Beeline Arena хард корттарында ересектер арасында теннистен Қазақстанның жазғы чемпионаты өтті. Ерлер мен әйелдер арасында жекелей және жұптық сындарда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Қазақстанның жазғы чемпионатының қорытындысы:

Әйелдер арасындағы жекелей сын:
1-орын — Іңкәр Дүйсебай (Алматы);
2-орын — Сандуғаш Кенжебаева (Астана);
3-орын — Ева Корышева (Ақтөбе облысы).

Ерлер арасындағы жекелей сын:
1-орын — Даниал Рахматуллаев (Ақтау);
2-орын — Ерасыл Ерділда (Қызылорда облысы);
3-орын — Мансұр Саинов (Ақтөбе облысы).

Әйелдер арасындағы жұптық сын:
1-орын — Асылжан Арыстанбекова / Еркежан Арыстанбекова (Алматы);
2-орын — Іңкәр Дүйсебай (Алматы) / Альбина Кәкенова (Астана);
3-орын — Айя Нұпбай (Алматы) / Анастасия Крымкова (Тараз).

Ерлер арасындағы жұптық сын:
1-орын — Ерасыл Бахтияр (Астана) / Ерасыл Ерділда (Қызылорда облысы);
2-орын — Ілияс Маратұлы / Ислам Орынбасар (Астана);
3-орын — Тимур Сауленко / Арсений Требухин (Алматы).

Чемпионат жеңімпаздарына «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атағын алу құқығы беріледі.
🥰2
🇰🇿 WTT W15/M15 ASU Open сериясының турнирлері!
📅 27 шілде - 8 тамыз


📍 Өтетін орны: Beeline Arena, Тұран даңғылы, 4/2
💻 Тікелей эфир:
@sportplustv.kz телеарнасында

🎫 Кіру тегін
🔥4👍1
🤍🥹 Оригинал!
❤7🏆2🥰1
2026 жылғы Билли Джин Кинг Кубогының финалына қатысатын Қазақстан теннис құрамасының құрамы 🇰🇿

22-27 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Шэньчжэнь Бэй спорт орталығы аренасында қазақстандық теннисшілер әлем чемпиондығы үшін бақ сынайды.

Қытайдағы әлем чемпионатында елімізді әлемдік рейтингтегі алғашқы 10 ойыншы, сондай-ақ жас және болашағы зор қазақстандық спортшылар қорғайды.
Ұлттық құраманы келесі құрамда таныстырады:

Елена Рыбакина (WTA рейтингінде №2)
Анна Данилина (жұптық сында №6)
Юлия Путинцева (WTA рейтингінде №81)
Жибек Құламбаева (жұптық сында №115)
Соня Жиенбаева (WTA рейтингінде №735)

Капитан – Юрий Щукин 🙌🏻

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 3-1 есебімен өз алаңында жеңіске жеткендіктен турнирдің финалдық кезеңіне өтті. осы жылдың сәуір айында Канаданы жеңді. Қазіргі кубок иегері - Италия.
🔥2❤1
🏆 Asu Open халықаралық турнирінің алғашқы аптасындағы чемпиондары анықталды!

Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының корттарында World Tennis Tour M15/W15 «Asu Open» халықаралық турнирінің алғашқы жарыс аптасы мәресіне жетті.

🎾 Әйелдер арасындағы жекелей сында ресейлік Эдда Мамедова чемпион атанды. Финалда ол отандасы Виктория Милованованы жеңді.

🎾 Ерлер арасындағы жекелей сында турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы Петр Бар Бирюков жеңіске жетті. Ол шешуші сында Григорий Щебекиннен басым түсіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

🏅 Ерлер арасындағы жұптық сында Жапон теннисшілері Sora Fukuda мен Shunsuke Mitsui жеңіске жетті. Оларға қарсы қазақстандық дуэт Даниал Рахматуллаев пен Дамир Жалғасбай финалда есе жіберді.

🏅 Әйелдер арасындағы жұптық сында жапониялық Yuka Hosoki мен Kisa Yoshioka чемпион атанды. Финалда олар қазақстандық-ресейлік жұп Аружан Сағындықова мен Дарья Зелинскаяны қапы қалдырды.

Жеңімпаздар мен финалистерді құттықтаймыз! Ертең Beeline Arena корттарында Asu Open турнирінің екінші аптасы басталады. 🔥🎾
SWIPE! 🫵🏻

🗓️ IT’S SECOND WEEK! Asu open: 03.08 - 09.08
📍 Beeline Arena

Кіру тегін!
❤3🔥2🥰2