Алматыда жаңартылған KIA Tennis Park теннис орталығы ашылды 😍👏🏻
Спорт нысанын ауқымды жаңғырту және ребрендинг жасау Қазақстан теннис федерациясы мен KIA брендін ұсынатын қазақстандық Allur автомобиль компаниясының ынтымақтастығы нәтижесінде жүзеге асты. Жоба аясында балалар теннисін дамытуға және жаттығуға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді.
Ашылу салтанатына Қазақстан теннис федерациясының, Allur KIA компаниясының өкілдері, спортшылар, жаттықтырушылар, спорт қауымдастығының мүшелері және шақырылған қонақтар қатысты.
Сонымен қатар балалар үшін арнайы жаттығулар, шеберлік сабақтары мен түрлі ойындар ұйымдастырылды. 🔥

👏4❤2