Kazakhstan Tennis Federation
✔
2.15K subscribers
2.87K photos
263 videos
365 links
Download Telegram
Happy Birthday 🎉
❤55🐳6
🇰🇿 Қазақстанның жас теннисшілері – Азия чемпионатының финалында! 🎾

Ферғана қаласында 12 жасқа дейінгі ойыншылар арасында өткен ATF 12U Team Competition турнирінің Орталық Азия іріктеуі аяқталды.

Ұлдар да, қыздар да Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан командаларын жеңіп, финалдық кезеңге жолдама алды.

🏆 Финал 2025 жылдың күзінде Шымкентте өтеді.

Толығырақ 🌐 ktf.kz

———

🇰🇿 Юные теннисисты Казахстана — в финале командного чемпионата Азии U12! 🎾

В Фергане завершился отборочный этап ATF 12U Team Competition для стран Центральной Азии.

Наши девушки и юноши уверенно обыграли сборные Узбекистана, Кыргызстана и Туркменистана и вышли в финал турнира, который пройдёт осенью 2025 года в Шымкенте.

Подробнее 🌐 ktf.kz
👍10🔥1🥰1
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы «Дәулет» теннис орталығына барды 🎾

Қазіргі таңда мұнда 600 бала жаттығады, оның ішінде 85-і – тегін негізде. 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.

📍Мамыр айында орталықта Азияда алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 - ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.

———

Глава государства Касым-Жомарт Токаев посетил теннисный центр «Даулет» в Астане 🎾

В центре тренируются 600 детей, 85 из них — на бесплатной основе. Работают 57 спортивно-оздоровительных групп.

📍В мае здесь впервые в Азии прошёл Virtus World Tennis Championship 2025 — чемпионат мира по теннису среди спортсменов с интеллектуальными нарушениями.

📸 IG: akordapress
❤12👍3🐳1
🇰🇿 Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды!

Қазақстандық теннисші Катерина Синяковадан 🇨🇿 6:4, 7:6(5) есебімен басым түсті.
❤27
🇰🇿 Бублик — ATP 500 турнирінің ширек финалында!

Александр Бублик 🇰🇿 Германиядағы ATP 500 турнирінің екінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді 🇮🇹 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

He got him guys!
❤40🔥23🐳3👏1
🇰🇿 Александр Бублик — Halle Open жартылай финалында!
⠀
Қазақ теннисшісі чех Томаш Махачты 7:6(2), 6:3 есебімен жеңіп, беделді ATP 500 турнирінің 1/2 финалына жолдама алды.
⠀
Бұл Бублик үшін Галледегі екінші жартылай финал. 2023 жылы дәл осы турнирде ол ATP 500 титулын жеңіп алған болатын 🏆
🔥32❤10
🇰🇿 Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирін ширек финалда аяқтады.
⠀
Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкамен тартысты матчта қазақстандық теннисші 6:7, 6:3, 6:7 есебімен есе жіберді.
❤21😐11🐳3🙊1
Анна Данилина қатарынан үшінші финалға шықты 🇰🇿

Анна Данилина мен жапониялық Ена Шибахара WTA 250 санатындағы Ноттингем турнирінің финалына жолдама алды.
⠀
Жартылай финалда қазақстан-жапон жұбы турнирдің бірінші нөмірлі дуэті, қытайлық Се Шувай мен Чжан Шуайды 5:7, 6:4, 10:4 есебімен жеңді.
🔥12❤‍🔥3
Александр Бублик финалда! 🇰🇿

ATP 500 санатындағы Terra Wortmann Open турнирінің жартылай финалында Александр Бублик ресейлік Карен Хачановты 4:6, 7:6(5), 6:4 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
⠀
Бұл — Бубликтің Галледегі екінші финалы. 2023 жылы ол дәл осы турнирде чемпион атанған болатын 🏆
❤20👍3👏1
🇰🇿 Зарина Дияс Испаниядағы ITF W35 турнирінің чемпионы атанды!

Финалда ол италиялық Дилетта Черубиниді 6:1, 6:7 (4:7), 6:1 есебімен жеңді.

Бұл Заринаның ITF аясындағы 12-ші титулы 🏆

Құттықтаймыз 👏
❤30
🇰🇿 Александр Бублик — ATP 500 турнирінің чемпионы! 🏆

Александр Бублик Галле қаласында өткен TERRA WORTMANN OPEN турнирінің финалында ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 7:6(4) есебімен жеңіп, ATP 500 санатындағы бұл жарыста екінші рет топ жарды! 💪

2023: 🏆
2025: 🏆
❤63🔥17
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңінде! 🇰🇿

Ақтаулық теннисші Бейбіт Жукаев (ATP 251) алғаш рет «Уимблдон» турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды.
Іріктеу финалында ол француз Люка Павловичті 3:6, 6:3, 6:2, 7:6(5) есебімен жеңді.

Бұл — 24 жастағы спортшы үшін мансабындағы маңызды белес. Жыл бұрын дәл осы сында жеңіліп қалған Жукаев енді тарихи жетістікке қол жеткізді. 💪
❤26👍3🏆2🍾2❤‍🔥1
Анна Данилина — қатарынан төртінші финалда! 🔥🇰🇿

Анна Данилина чехиялық Мария Боузковамен жұптасып, WTA 250 Истбурн турнирінің финалына жолдама алды!

Жартылай финалда олар британдық Хэрриет Дарт пен Майя Люмсденді 2:6, 7:5, 11:9 есебімен тізе бүктірді.

Бұл — соңғы бір айдағы Аннаның қатарынан төртінші финалы, әрі әрқайсысы түрлі серіктестермен:
🎾 Александра Крунич — Ролан Гаррос
🎾 Диана Шнайдер — Лондон
🎾 Ена Шибахара — Ноттингем
🎾 Мария Боузкова — Истбурн
🔥23🏆4
Анна Данилина – WTA 250 Истбурн турнирінің чемпионы! 🏆🇰🇿

Анна Данилина мен чехиялық Мария Боузкова финалда Се Шувэй / Майя Джойнт жұбын 6:4, 7:5 есебімен жеңді.

Құттықтаймыз 👏
❤27🔥12🍾3
🇰🇿Қазақстандық теннисшілерге сәттілік тілейміз!🤞

#Wimbledon2025
🔥21🙏2🐳1