Kazakhstan Tennis Federation
✔
2.15K subscribers
2.87K photos
263 videos
365 links
Download Telegram
🇰🇿 Александр Бублик Париж Мастерсінің жартылай финалында! 🔥

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы Алекс Де Минаурды 6:7, 6:4, 7:5 есебімен камбэк жасап жеңді. 💪

Енді Бублик финалға жолдама үшін канадалық Феликс Оже-Альяссиммен (ATP №10) кездеседі.
❤28🍾3😎2
🇰🇿 Александр Бублик Париждегі Masters сериясындағы турнирді жартылай финалда аяқтады.

Ол канадалық Феликс Оже-Альяссимге 6:7, 4:6 есебімен есе жіберді.

Тарихи нәтиже мен жарқын ойын үшін рақмет, Саша 👏
❤22🐳5🍾1😈1
🇰🇿 Елена Рыбакина #WTAFinals турнирін сенімді жеңіспен бастады!

Елена Рыбакина Эр-Риядта өтіп жатқан WTA Финалының алғашқы матчында америкалық Аманда Анисимованы (WTA №4) 6:3, 6:1 есебімен жеңді.

Келесі кездесуде Рыбакина Польша өкілі, әлемнің 2-ракеткасы Ига Швентекпен ойнайды.
❤27😍6🐳4
🇰🇿 Елена Рыбакина топтық кезеңде үшінші жеңісіне жетіп, Екатерина Александрованы 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.

Бұған дейін жартылай финалға мерзімінен бұрын жолдама алған Елена енді #WTAFinals турнирінің жартылай финалына сенімді қадам басты!

Тамаша серия мен мықты ойын 👏
👍20❤15🔥3
Александр Бублик Moselle Open турнирін 1/8 финалда аяқтады.

Турнирдің екінші айналымында ол Виталий Сачкоға 5:7, 6:3, 5:7 есебімен есе жіберді.
😢13👏2❤1🐳1
Эр-Риядтағы #WTAFinals жартылай финалда Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Елена жеке сында алғашқы финалист атанды. Келесі қарсыласы Соболенко мен Анисимова арасындағы матчтан кейін белгілі болады.

🇰🇿 Алға, Елена!
❤38🔥1
Еленадан тарихи жеңіс 🇰🇿

✅ Кәсіби мансабындағы 22-ші финал
✅ Маусымдағы 58-ші жеңіс
✅ Топ-10 ойыншыларына қарсы 30-шы жеңіс (2025 жылы қатарынан 6-шы)

Бұл жеңіс тек Еленаның мансабындағы емес, қазақстандық теннистегі де тарихи сәтке айналды!
❤37👏4🏆2🔥1
🇰🇿 Елена Рыбакина Эр-Риядтағы #WTAFinals турнирының чемпионы! 🏆
⠀
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:3, 7:6 есебімен жеңіп, жекелей сындағы кезекті атағын иеленді.
⠀
Тарихи жеңісіңмен және тамаша маусыммен құттықтаймыз, Елена!
❤42🔥7🏆4🤩1🗿1
🇰🇿 Елена Рыбакинаның Эр-Риядтағы #WTAFinals марапаттау рәсіміндегі сөзі 🏆

«Рақмет! Бұл апта ерекше өтті. Аринаны әлемдік рейтингтегі бірінші орнын тағы бір мәрте қорғап қалғанымен құттықтаймын — бұл зор жетістік. Жанкүйерлерге, ұйымдастырушыларға және осы турнирді өткізуге атсалысқан барлық жанға алғыс білдіремін.

Әсіресе өз командам мен Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Жамитұлына — келгендеріңіз бен қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет. Геннадий, сізді осында көру – үлкен құрмет!»


👏 Эр-Риядтағы бұл жеңіс Еленаның WTA турындағы 11-ші титулы болды.
❤27👏4👍1👌1
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турниріндегі жеңісімен құттықтады

– Сіз теннистен жыл қорытындысы саналатын беделді жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетіп, асқан ерік-жігердің арқасында жеңіске жеттіңіз.

Қазақстандық және әлемдік теннис спортының тарихындағы осынау айтулы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймын және ризашылығымды білдіремін.

Дүбірлі додадағы жеңісіңізді, теннистің дамуына қосқан үлесіңізді және аталған спортты елімізде насихаттауға сіңірген еңбегіңізді ескере отырып, Сізді ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым.

Сізге зор денсаулық, бақ-береке және Қазақстан Республикасының даңқын асыратын жаңа жетістіктер тілеймін, – делінген құттықтауда.

*

Президент Касым-Жомарт Токаев тепло поздравил теннисистку Елену Рыбакину с блестящей победой на Итоговом турнире WTA в Эр-Рияде

«Вы показали мастерство высочайшего класса и несгибаемую волю к победе на престижном турнире, который, по сути, подводит итоги теннисного года.

Выражаю Вам искреннюю благодарность и сердечно поздравляю с этим великолепным достижением, которое останется в истории казахстанского и мирового тенниса.

По случаю этого спортивного триумфа и в знак признательности за весомый вклад в развитие тенниса и его популяризацию в нашей стране мною подписан Указ о награждении Вас орденом «Барыс» III степени.

Желаю Вам благополучия, крепкого здоровья и новых спортивных достижений во благо Республики Казахстан!» – говорится в поздравлении.
❤28🔥8👏5
Елена Рыбакина – WTA Finals турнирының чемпионы 🏆
❤54🔥7👏3
🎾 Конференция тренеров ФТК 2025
совместно с ATF и ITF
Алматы, 5–7 декабря

Федерация тенниса Казахстана приглашает тренеров на ежегодную конференцию, которая пройдет в ТК ЦСКА (г. Алматы).

В этом году спикерами выступят международные эксперты:

⭐ Саймон Уитли (Великобритания) — международный эксперт ITF
⭐ Донато Кампанольи (Италия) — специалист по развитию тенниса и программам подготовки тренеров

* а также другие ведущие специалисты в области подготовки спортсменов высших достижений.

---

📅 Прием заявок: до *23 ноября 2025*
📩 Регистрация:
• Тренеры из Казахстана — через KAZPIN Coach
• Иностранные участники — по ссылке

📍 Место проведения: ТК ЦСКА, Алматы

Будем рады видеть вас на одном из главных обучающих событий года! 🎾✨
Бүгін Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов туған күнін атап өтуде. Елдегі теннис жанкүйерлері мен қауымдастығы осы қуанышты күні оны шын жүректен құттықтап, жаңа жетістіктер мен сәтті бастамалар, мықты денсаулық пен отбасылық амандық тілейді!
❤23🔥5
Соня Жиенбаева АҚШ-тың Остин қаласында өткен ITF W50 турнирінде алғашқы жұптық титулын жеңіп алды 🇰🇿

Соня америкалық Саванна Брабуспен бірге финалда Осигве мен Смит дуэтін 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Бұл Соняның ITF аясындағы алғашқы жұптық трофейі.

Құттықтаймыз, Соня!
👍13❤4👏2
🎾 Мықтылар турнирі! 🎾
24–28 қараша аралығында Астанадағы Beeline Arena корттары 10 жасқа дейінгі үздік жас теннисшілерді қарсы алады.

Жыл бойы тұрақты нәтиже көрсеткен 8 ұл және 8 қыз бала маусымның басты трофейі үшін бақ сынайды.

Қатысушыларды тартысқа толы матчтар, қуанышты сәттер және балалар теннисінің ең жарық эмоциялары күтеді.

Тек үздіктер 🔥
Тек финалдық эмоциялар 🔥

Бұл турнир Tennis for Life by Lexus бағдарламасы аясында өтеді.
❤3
Амир Омарханов Тунис еліндегі Монастирде өтіп жатқан ITF M15 турнирінің финалына жолдама алды!

Жартылай финалда ол неміс спортшысы Петковичті жеңіп, шешуші кезеңге өтті. Финалда сәттілік тілейміз!
👍16❤6🍾2
Амир Омарханов кәсіби турдағы алғашқы жекелей титулын жеңіп алды! 🇰🇿🏆

18 жастағы Амир Омарханов карьерасындағы ең маңызды жеңістердің бірін тіркеп, Тунис, Монастир қаласында өткен ITF M15 санатындағы турнирдің чемпионы атанды.

Финалда Амир өзімен қатарлас неміс спортшысы, ATP рейтингінде №824 тұрған Макс Шонхаусты 6:3, 3:6, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, сенімді әрі салмақты ойын көрсетті.

Жарадың, Амир!
🔥19❤3🕊1🍾1