Kazakhstan Tennis Federation
✔
2.15K subscribers
2.87K photos
263 videos
365 links
Download Telegram
Елена Рыбакина – WTA Finals турнирының чемпионы 🏆
❤54🔥7👏3
🎾 Конференция тренеров ФТК 2025
совместно с ATF и ITF
Алматы, 5–7 декабря

Федерация тенниса Казахстана приглашает тренеров на ежегодную конференцию, которая пройдет в ТК ЦСКА (г. Алматы).

В этом году спикерами выступят международные эксперты:

⭐ Саймон Уитли (Великобритания) — международный эксперт ITF
⭐ Донато Кампанольи (Италия) — специалист по развитию тенниса и программам подготовки тренеров

* а также другие ведущие специалисты в области подготовки спортсменов высших достижений.

---

📅 Прием заявок: до *23 ноября 2025*
📩 Регистрация:
• Тренеры из Казахстана — через KAZPIN Coach
• Иностранные участники — по ссылке

📍 Место проведения: ТК ЦСКА, Алматы

Будем рады видеть вас на одном из главных обучающих событий года! 🎾✨
Бүгін Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов туған күнін атап өтуде. Елдегі теннис жанкүйерлері мен қауымдастығы осы қуанышты күні оны шын жүректен құттықтап, жаңа жетістіктер мен сәтті бастамалар, мықты денсаулық пен отбасылық амандық тілейді!
❤23🔥5
Соня Жиенбаева АҚШ-тың Остин қаласында өткен ITF W50 турнирінде алғашқы жұптық титулын жеңіп алды 🇰🇿

Соня америкалық Саванна Брабуспен бірге финалда Осигве мен Смит дуэтін 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Бұл Соняның ITF аясындағы алғашқы жұптық трофейі.

Құттықтаймыз, Соня!
👍13❤4👏2
🎾 Мықтылар турнирі! 🎾
24–28 қараша аралығында Астанадағы Beeline Arena корттары 10 жасқа дейінгі үздік жас теннисшілерді қарсы алады.

Жыл бойы тұрақты нәтиже көрсеткен 8 ұл және 8 қыз бала маусымның басты трофейі үшін бақ сынайды.

Қатысушыларды тартысқа толы матчтар, қуанышты сәттер және балалар теннисінің ең жарық эмоциялары күтеді.

Тек үздіктер 🔥
Тек финалдық эмоциялар 🔥

Бұл турнир Tennis for Life by Lexus бағдарламасы аясында өтеді.
❤3
Амир Омарханов Тунис еліндегі Монастирде өтіп жатқан ITF M15 турнирінің финалына жолдама алды!

Жартылай финалда ол неміс спортшысы Петковичті жеңіп, шешуші кезеңге өтті. Финалда сәттілік тілейміз!
👍16❤6🍾2
Амир Омарханов кәсіби турдағы алғашқы жекелей титулын жеңіп алды! 🇰🇿🏆

18 жастағы Амир Омарханов карьерасындағы ең маңызды жеңістердің бірін тіркеп, Тунис, Монастир қаласында өткен ITF M15 санатындағы турнирдің чемпионы атанды.

Финалда Амир өзімен қатарлас неміс спортшысы, ATP рейтингінде №824 тұрған Макс Шонхаусты 6:3, 3:6, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, сенімді әрі салмақты ойын көрсетті.

Жарадың, Амир!
🔥19❤3🕊1🍾1
20–21 қарашада Қазақстан теннис федерациясының жыл сайынғы аға жаттықтырушылар конференциясы өтті.

Екі күн ішінде өңірлік және ұлттық бағдарламалардың мамандары төмендегі негізгі бағыттарды талқылады:

– теннисті дамыту стратегиясы 2025–2027;
– 10&U, 12&U және 14&U жүйесіндегі жаңартулар;
– Baby Tennis бағдарламасының нәтижелері мен жоспарлары;
– Team Kazakhstan академиясының дамуы;
– 14+ жас санатындағы қолдау бағдарламалары;
– ұлттық және халықаралық күнтізбе;
– жаңа рейтинг жүйесі және wild card қағидалары;
– жаттықтырушыларды оқыту және жасөспірімдер құрамасын іріктеу.

Басты мақсат — Қазақстандағы теннистің дамуын күшейтіп, ойыншыларды дайындаудың бірыңғай әрі тиімді жүйесін қалыптастыру болды.
❤5🥰1🐳1
10 жасқа дейінгі теннис бағдарламасы бойынша
«TOP-8 MASTERS» қорытынды турнирінің бірінші күнгі ойын кестесі.
❤3
ТОП-8 Masters қорытынды турнирінің салтанатты ашылуы.

#TOP8Masters #KTF
❤3
10 жасқа дейінгі теннис бағдарламасы бойынша «TOP-8 MASTERS» қорытынды турнирінің бірінші күнгі ойын нәтижелері.

#TOP8Masters #KTF