Kazakhstan Tennis Federation
✔
2.15K subscribers
2.87K photos
263 videos
365 links
Download Telegram
🎾 Мықтылар турнирі! 🎾
24–28 қараша аралығында Астанадағы Beeline Arena корттары 10 жасқа дейінгі үздік жас теннисшілерді қарсы алады.

Жыл бойы тұрақты нәтиже көрсеткен 8 ұл және 8 қыз бала маусымның басты трофейі үшін бақ сынайды.

Қатысушыларды тартысқа толы матчтар, қуанышты сәттер және балалар теннисінің ең жарық эмоциялары күтеді.

Тек үздіктер 🔥
Тек финалдық эмоциялар 🔥

Бұл турнир Tennis for Life by Lexus бағдарламасы аясында өтеді.
❤3
Амир Омарханов Тунис еліндегі Монастирде өтіп жатқан ITF M15 турнирінің финалына жолдама алды!

Жартылай финалда ол неміс спортшысы Петковичті жеңіп, шешуші кезеңге өтті. Финалда сәттілік тілейміз!
👍16❤6🍾2
Амир Омарханов кәсіби турдағы алғашқы жекелей титулын жеңіп алды! 🇰🇿🏆

18 жастағы Амир Омарханов карьерасындағы ең маңызды жеңістердің бірін тіркеп, Тунис, Монастир қаласында өткен ITF M15 санатындағы турнирдің чемпионы атанды.

Финалда Амир өзімен қатарлас неміс спортшысы, ATP рейтингінде №824 тұрған Макс Шонхаусты 6:3, 3:6, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, сенімді әрі салмақты ойын көрсетті.

Жарадың, Амир!
🔥19❤3🕊1🍾1
20–21 қарашада Қазақстан теннис федерациясының жыл сайынғы аға жаттықтырушылар конференциясы өтті.

Екі күн ішінде өңірлік және ұлттық бағдарламалардың мамандары төмендегі негізгі бағыттарды талқылады:

– теннисті дамыту стратегиясы 2025–2027;
– 10&U, 12&U және 14&U жүйесіндегі жаңартулар;
– Baby Tennis бағдарламасының нәтижелері мен жоспарлары;
– Team Kazakhstan академиясының дамуы;
– 14+ жас санатындағы қолдау бағдарламалары;
– ұлттық және халықаралық күнтізбе;
– жаңа рейтинг жүйесі және wild card қағидалары;
– жаттықтырушыларды оқыту және жасөспірімдер құрамасын іріктеу.

Басты мақсат — Қазақстандағы теннистің дамуын күшейтіп, ойыншыларды дайындаудың бірыңғай әрі тиімді жүйесін қалыптастыру болды.
❤5🥰1🐳1
10 жасқа дейінгі теннис бағдарламасы бойынша
«TOP-8 MASTERS» қорытынды турнирінің бірінші күнгі ойын кестесі.
❤3
ТОП-8 Masters қорытынды турнирінің салтанатты ашылуы.

#TOP8Masters #KTF
❤3
10 жасқа дейінгі теннис бағдарламасы бойынша «TOP-8 MASTERS» қорытынды турнирінің бірінші күнгі ойын нәтижелері.

#TOP8Masters #KTF
10 жасқа дейінгі теннис бағдарламасы бойынша
«TOP-8 MASTERS» қорытынды турнирінің екінші күнгі ойын кестесі.

#TOP8Masters #KTF
👍2
10 жасқа дейінгі теннис бағдарламасы бойынша «TOP-8 MASTERS» қорытынды турнирінің екінші күнгі ойын нәтижелері.

#TOP8Masters #KTF
10 жасқа дейінгі теннис бағдарламасы бойынша
«TOP-8 MASTERS» қорытынды турнирінің үшінші күнгі ойын кестесі.

#TOP8Masters #KTF
❤1