Қазақстан теннисін Үндістандағы J100 Нью-Дели және J100 Пуне турнирлеріндегі тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз!
🏆 Альбина Какенова мен Сатима Тореген Нью-Делиде өткен J100 турнирінде жұптық сында чемпион атанды,
ал Альбина Какенова Пуне қаласындағы J100 жарысында жеке сында бірінші орын алды 👏

👏7❤5🔥1
Астанада BAQ Open by Beeline Janymda қысқы турнирі өтеді! ❄️🎾
Қазақстан Тәуелсіздігі күні қарсаңында Beeline Arena ұлттық теннис орталығында БАҚ өкілдері арасында дәстүрлі BAQ Open қысқы турнирі өтеді. 2019 жылдан бері жалғасып келе жатқан бұл дода медиа саласының журналистерін, блогерлерін және контент жасаушыларын бір алаңға жинайды.
Турнирдің мақсаты — медиа қауымды жақындастырып, саламатты өмір салтын насихаттау.
📅 13 желтоқсан, Астана
Қазірдің өзінде 40+ қатысушы тіркелді!
Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау.

🔥1
BAQ Open by Beeline Janymda жеңімпаздары
Қазақстан Тәуелсіздігі күні қарсаңында Астанада БАҚ өкілдері арасында дәстүрлі BAQ Open by Beeline Janymda қысқы турнирі өтті. Жарысқа Астана, Алматы және Тараз қалаларынан 37 қатысушы жиналды.
🎾 Әйелдер арасында Әйгерім Асылбаева жеңіске жетіп, алты дүркін BAQ Open чемпионы атанды.
🎾 «Мастерс» санатында Қуандық Шынасылов финалда Сәби Байбосыновты 6:4 есебімен ұтты.
🏆 Жүлдегерлер:
Мастерс: 🥇 Қ. Шынасылов | 🥈 С. Байбосынов | 🥉 П. Цыбулин
Фьючерс: 🥇 Б. Грушевский | 🥈 М. Мұхамедқали | 🥉 Т. Айтмұханбет
Қыздар: 🥇 Ә. Асылбаева | 🥈 Г. Выборнова | 🥉 А. Ахметқазы
Жеңімпаздар кубоктар мен естелік сыйлықтарға ие болды.
——

🔥3👏2👍1
В среду, 17 декабря в 20:00, в рамках проекта «Теннисная среда» состоится прямой эфир на канале Tennis Life с участием представителей Федерации тенниса Казахстана.
В прямом эфире обсудим ключевые темы:
• развитие детского тенниса
• инфраструктуру
• рейтинги
• спортивную дисциплину
Участники эфира:
— Диас Доскараев, вице-президент КТФ
— Тимур Акказиев, координатор Департамента регионов
— Марат Шарипов, координатор программы «Теннис до 14 лет»
— Уткирбек Абдуллаев, координатор программы «Baby tennis»
— Дархан Жанмухамбетов, директор казахстанского теннисного тура
— Жасулан Сартаев, координатор программы «Теннис до 10 лет»
— Шухрат Каюмов, заместитель исполнительного директора КТФ
— Руслан Арепринцев, менеджер Департамента образования регионов КТФ
— Екатерина Даниленко, менеджер казахстанского теннисного тура
📍 Прямой эфир на канале Tennis Life.
Все подробности на аккаунте @tennislifekz

👍3❤1🐳1
Мельбурн қаласында 24 қаңтар - 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатына қатысушылар тізімі жарияланды.
Қазақстаннан негізгі жарыста үш жас теннисші бақ сынайды.
Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 24-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Аустралия чемпионатында 10-ракетка болып тіркелген. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында әлемнің 60-ракеткасы Дамир Жалғасбай және рейтингіде 94-сатыдағы Даниэль Тазабеков өнер көрсетеді.
Заңғар, Дамир және Даниэль өткен жылы командалық әлем чемпионаты - жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің финалдық кезеңінде ел намысын қорғаған еді. Онда әлемнің төрт дүркін чемпионы Францияны жеңіп, 5-орынға табан тіреген болатын.

❤15
Ахмади Маханов Еуропада үздік ойыншы атанды!
14 жастағы Ахмади Маханов 2025 жылдың қорытындысы бойынша Tennis Europe Tour аясында «Үздік шетелдік ойыншы» атанды.
🏆 Швеция Король кубогындағы жеңіс
🥇 Жұптық сында бірнеше халықаралық титул
📊 U16 рейтингі — топ-24
Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, Team Kazakhstan академиясының спортшысы.
Жеке бапкері — Павел Цой.
Қазақстан теннисі үшін тағы бір үлкен мақтаныш 🇰🇿🔥

❤13🔥6👍1
Қазақстан теннисі - 2025: Рекордтар мен белестер жылы
2025 жыл еліміз үшін шын мәнінде тарихи маусым болды. Бұл - тек жеңістер емес, қазақ спортының әлемдік деңгейдегі жаңа биігі.
Әлемдік элита төрінде Елена Рыбакина WTA Finals турнирінде топ жарып, екі бірдей WTA 500 титулын қоржынға салды. Александр Бублик АТР үздік 15-тігіне нық жайғасып, әлемнің ең мықты ойыншыларының бірі екенін тағы да дәлелдеді. Ал әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг Кубогының финалдық кезеңіне үшінші рет шығып, әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарындағы орнын бекітті.
Жасөспірімдер арасындағы US Open жартылай финалы, ITF Juniors титулдары мен Еуропа мен Азиядағы жарқын жеңістер. Жас дарындарымыз әлемдік аренада өз сөзін нық айта бастады.
Инклюзивті теннис баршаға қолжетімді бола түсті. Қазақстан тарихында тұңғыш рет Virtus әлем чемпионатын өткізді. Арбадағы теннисшілеріміз халықаралық жарыстарда бақ сынап, ITF рейтингінде алғаш рет үздік 100-дікке енді.
Қазақстанның ITF-тегі дауыс саны 9-ға жетті. Енді біз Испания, Италия, Канада сынды алпауыт мемлекеттермен терезесі тең, шешім қабылдаушы елдер қатарындамыз.
Almaty Open турнирі әлемдегі ең үздік АТР 250 жарыстарының бірі деп танылды. Ал Алматыдағы «Алатау» орталығы мен Петропавлдағы жаңа корттар - бұқаралық спорттың берік іргетасы.
Кәсібилік теннис балабақшадан басталады. Еліміз бойынша 93 балабақша Baby Tennis атты бағдарламамен қамтылды. Gorky Tennis Park ресми түрде Roland-Garros клубы мәртебесін алды. Шымкентте өңірдегі тұңғыш ITF Level 3 курсы өтіп, бапкерлеріміз бен төрешілеріміз Үлкен Дулыға, ATP және WTA турнирлерінде сәтті қызмет етуде.
Бұл жыл - біздің тарихымыз. Біз үлкен қадам жасадық. Алда бұдан да биік асулар күтіп тұр!

👍7❤5🔥5
Елена Рыбакина - Қазақстанның жыл спортшысы!
«Спорт Шрёдингера» редакциясының нұсқасы бойынша еліміздің бірінші ракеткасы халықтық дауыс беруде көш бастап, тартысты додада атақты боксшылар Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбековадан озып шықты.
2025 жыл Рыбакина үшін нағыз жігер мен жеңістің жылы болды: әлемдік топ-10 тізімінен уақытша шығып қалғанына қарамастан, ол үш рет чемпиондық кубокты төбесіне көтеріп, әлемнің ең үздік бес теннисшісінің қатарында аяқтады.
✅ Жеке жетістіктері:
Қорытынды турнирдің финалында Арина Соболенконы жеңіп, «Эйстар патшайымы» мәртебесін иеленді.
Страсбург пен Нинбодағы чемпиондық титулдар және әлемдік рейтингтің ТОП-5 тізіміндегі тұрақты орны.
✅ Ұлттық құрамадағы табысы:
Брисбендегі Билли Джин Кинг кубогында құрамаға екі маңызды жеңіс сыйлау үшін Штутгарттағы жеке турнирден бас тартты.
United Cup: Ұлттық құрама сапында Австралияда өткен тарихи жартылай финал.

❤20🐳2👍1
Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын🎄
Жаңа жыл жаңа мүмкіндіктерге, жарқын идеялар мен үлкен жеңістерге толы болсын. Армандар орындалып, әр күндеріңіз шабыт пен қуаныш сыйласын!
——
С наступающим Новым годом 🎄
Пусть новый год принесёт новые возможности, яркие идеи и большие победы. Пусть мечты сбываются, а каждый день будет наполнен вдохновением и радостью!

❤6👏3👍1