Kazakhstan Tennis Federation
✔
2.15K subscribers
2.87K photos
263 videos
365 links
Download Telegram
Қазақстан теннисі - 2025: Рекордтар мен белестер жылы

2025 жыл еліміз үшін шын мәнінде тарихи маусым болды. Бұл - тек жеңістер емес, қазақ спортының әлемдік деңгейдегі жаңа биігі.

Әлемдік элита төрінде Елена Рыбакина WTA Finals турнирінде топ жарып, екі бірдей WTA 500 титулын қоржынға салды. Александр Бублик АТР үздік 15-тігіне нық жайғасып, әлемнің ең мықты ойыншыларының бірі екенін тағы да дәлелдеді. Ал әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг Кубогының финалдық кезеңіне үшінші рет шығып, әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарындағы орнын бекітті.

Жасөспірімдер арасындағы US Open жартылай финалы, ITF Juniors титулдары мен Еуропа мен Азиядағы жарқын жеңістер. Жас дарындарымыз әлемдік аренада өз сөзін нық айта бастады.

Инклюзивті теннис баршаға қолжетімді бола түсті. Қазақстан тарихында тұңғыш рет Virtus әлем чемпионатын өткізді. Арбадағы теннисшілеріміз халықаралық жарыстарда бақ сынап, ITF рейтингінде алғаш рет үздік 100-дікке енді.

Қазақстанның ITF-тегі дауыс саны 9-ға жетті. Енді біз Испания, Италия, Канада сынды алпауыт мемлекеттермен терезесі тең, шешім қабылдаушы елдер қатарындамыз.

Almaty Open турнирі әлемдегі ең үздік АТР 250 жарыстарының бірі деп танылды. Ал Алматыдағы «Алатау» орталығы мен Петропавлдағы жаңа корттар - бұқаралық спорттың берік іргетасы.

Кәсібилік теннис балабақшадан басталады. Еліміз бойынша 93 балабақша Baby Tennis атты бағдарламамен қамтылды. Gorky Tennis Park ресми түрде Roland-Garros клубы мәртебесін алды. Шымкентте өңірдегі тұңғыш ITF Level 3 курсы өтіп, бапкерлеріміз бен төрешілеріміз Үлкен Дулыға, ATP және WTA турнирлерінде сәтті қызмет етуде.

Бұл жыл - біздің тарихымыз. Біз үлкен қадам жасадық. Алда бұдан да биік асулар күтіп тұр!
👍7❤5🔥5
Елена Рыбакина - Қазақстанның жыл спортшысы!

«Спорт Шрёдингера» редакциясының нұсқасы бойынша еліміздің бірінші ракеткасы халықтық дауыс беруде көш бастап, тартысты додада атақты боксшылар Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбековадан озып шықты.

2025 жыл Рыбакина үшін нағыз жігер мен жеңістің жылы болды: әлемдік топ-10 тізімінен уақытша шығып қалғанына қарамастан, ол үш рет чемпиондық кубокты төбесіне көтеріп, әлемнің ең үздік бес теннисшісінің қатарында аяқтады.

✅ Жеке жетістіктері:

Қорытынды турнирдің финалында Арина Соболенконы жеңіп, «Эйстар патшайымы» мәртебесін иеленді.

Страсбург пен Нинбодағы чемпиондық титулдар және әлемдік рейтингтің ТОП-5 тізіміндегі тұрақты орны.

✅ Ұлттық құрамадағы табысы:

Брисбендегі Билли Джин Кинг кубогында құрамаға екі маңызды жеңіс сыйлау үшін Штутгарттағы жеке турнирден бас тартты.

United Cup: Ұлттық құрама сапында Австралияда өткен тарихи жартылай финал.
❤20🐳2👍1
Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын🎄

Жаңа жыл жаңа мүмкіндіктерге, жарқын идеялар мен үлкен жеңістерге толы болсын. Армандар орындалып, әр күндеріңіз шабыт пен қуаныш сыйласын!

——

С наступающим Новым годом 🎄

Пусть новый год принесёт новые возможности, яркие идеи и большие победы. Пусть мечты сбываются, а каждый день будет наполнен вдохновением и радостью!
❤6👏3👍1
Аружан Сағындықова жаңа маусымдағы алғашқы титулын жеңіп алды 🏆

21 жастағы қазақстандық теннисші Ахмедабадта өткен ITF W15 турнирінде жұптық сында топ жарды. Аружан Мария Головинамен бірге финалда жапониялық Кавамура мен Кобаяси дуэтін 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
❤16🍾4😁2🐳1
Елена Рыбакина Брисбенде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда испаниялық Паула Бадосаны 6:3 6:2 есебімен жеңді.

Жартылай финал жолдамасы үшін Рыбакина Екатерина Александрова немесе Каролина Муховамен ойнайды.
Сәттілік тілейміз🇰🇿
❤17👍2🔥2
Александр Бублик Гонконгте өтіп жатқан турнирді сәтті бастады.

Екінші айналымда қазақстандық теннисші Ботик ван де Зандсхулпты 6:3 6:3 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

Келесі айналымда ол қытайлық теннисші Шан Цзюньчэнге қарсы ойнайды.
❤16🔥3👏1
Александр Бублик Гонконгте өтіп жатқан турнирдегі өнерін сәтті жалғастыруда.

Ширек финалда қазақстандық теннисші қытайлық Шан Цзюньчэнді 6:1, 7:6 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Александр Бублик Хирон М. мен Ммо М. жұбының жеңімпазымен кездеседі.
❤12🔥3👍1
Александр Бублик финалда!

Жартылай финалда қазақстандық теннисші америкалық Маркос Гиронды 3:6, 6:4, 6:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Енді титул үшін Александр Бублик италиялық Лоренцо Музеттимен бақ сынайды.
❤16👍3
Тимофей Скатов Үндістандағы турнирдің финалисті 🇮🇳

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Бангалор қаласында өткен ATP Challenger сериясындағы турнирдің финалына сенімді түрде жолдама алды және жарысты екінші орынмен аяқтады.

#жарайсың #atpchallenger
❤13🍾1
Александр Бублик чемпион! 🏆

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгте өткен Bank of China Hong Kong Tennis Open турнирінің чемпионы атанды.

Финалда Бублик италиялық Лоренцо Музеттиді 7:6, 6:3 есебімен жеңіп, турнирдің басты жүлдесін иеленді.
❤17🔥11👍3
#10 тарихи жетістік!

Қазақстандық теннисші Александр Бублик мансабындағы 9-шы ATP турнирін жеңіп алды. Бұл оның 16-шы финалындағы жеңісі болды.

Сондай-ақ Бублик қатарынан өткен бес финалда жеңіске жетіп отыр. Осы нәтижесінің арқасында ол мансабында алғаш рет ATP рейтингінің ТОП-10 қатарына, яғни 10-орынға көтеріледі.

—

Александр Бублик выиграл 9-й турнир ATP в карьере, одержав победу в своем 16-м финале.

Кроме того, Бублик пятый финал подряд завершает победой. Благодаря этому успеху он впервые в карьере поднимется на 10-е место в рейтинге ATP.

#Unstopable
🔥23👍6❤3🍾1
Қазақстан әлемдік теннис элитасына ресми енді.

Ел бір мезетте ATP пен WTA рейтингтерінің Топ 10 тізімінде бар үш мемлекеттің бірі атанды. Мұндай жоғары нәтижеге әлемде тек АҚШ пен Италия ғана қол жеткізген.

Елена Рыбакина WTA рейтингінде үздік бестікте тұрақты өнер көрсетіп келеді. Александр Бублик ATP турниріндегі жеңісінен кейін әлемдік рейтингте 10 орынға көтеріліп, ел тарихында жаңа белес ашты.

Жоғары нәтижелер мен инфрақұрылымның жүйелі дамуы Қазақстан теннисінің халықаралық аренадағы позициясын нығайтып отыр.
🔥31❤2
Маусымның алғашқы «Үлкен дулыға» турнирінде Қазақстанның теннисшілері ересектер және жасөспірімдер санатында өнер көрсетеді.

📅 Australian Open (ересектер)
🗓 18–28 қаңтар 2026
📍 Мельбурн

Негізгі кезеңінде:
• Александр Бублик
• Александр Шевченко
• Елена Рыбакина
• Юлия Путинцева
• Анна Данилина
• Зарина Дияс (wild card)

📅 Australian Open Junior Championships
🗓 24 қаңтар – 1 ақпан 2026
📍 Мельбурн

Жасөспірімдер арасында Қазақстан намысын қорғайтын теннисшілер:
• Заңғар Нурланұлы
• Дамир Жалғасбай
• Даниэль Тазабеков

Қазақстанның теннисшілеріне жанкүйер болайық!

Жазбаның астына жалауша 🇰🇿 қалдырып, лайк қалдырып кетіңіздер👇
❤11🔥4
#AusOpen #AO2026

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз 🇰🇿✊
❤12🔥6👍1
🇰🇿 Теннис жанкүйерлері!
Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобы аясындағы ойындарға билеттер сатылымда!

Қазақстан құрамасы өз алаңында Монако командасын қабылдайды.

Билеты на матчи первой мировой группы Кубка Дэвиса в продаже.

🇰🇿 Қазақстан – 🇲🇨 Монако
🗓 6–7 ақпан 2026
📍 Астана қаласы, Beeline Arena
(Тұран даңғылы, 4/2)
🎟 Билеттер: Kino.kz

Командамызға қолдау көрсетейік 💪
👍6❤5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤15🔥5👏3⚡2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Начиная с Wimbledon мы с ATP снимали документальный фильм, о моей жизни и карьере.
Время показать его вам 😜
❤20💘2🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤6🐳1