Kazakhstan Tennis Federation
✔
2.15K subscribers
2.87K photos
263 videos
365 links
Download Telegram
Қазақстан құрамасының көшбасшылары Қосшыдағы бірегей комьюнити-орталықта қонақта болды

Спорт, білім және шығармашылық тоғысқан бұл кеңістік өскелең ұрпақты жаңа белестерге шабыттандырады. Орталық өткен жылы ашылған болатын. Әлеуметтік маңызы зор бұл жобаны аймақ жастарының өз әлеуетін іске асыруына жағдай жасау мақсатында Болат Өтемұратов Қоры жүзеге асырды.

•••
Лидеры сборной Казахстана посетили уникальный комьюнити-центр в Косшы

Это современное пространство, объединяющее спорт, образование и творчество под одной крышей, вдохновляет новое поколение на большие свершения. Центр был запущен в прошлом году. Этот социально значимый проект реализован Фондом Булата Утемуратова, чтобы предоставить молодежи региона лучшие возможности для развития своего потенциала.
❤9
Жеребе тарту рәсімінің нәтижелері.

#BJKC | 10-11 сәуір | Beeline Arena
❤9
Біздің бірінші ракеткамыз Монте-Карло турнирінде жеңісті жолын жалғастыруда 🔥🎾
❤24🔥7
ЖЕҢІІІІІІІІС! 🔥
Қайсарлыққа толы матчта Юлия командаға үшінші жеңісті сыйлады 🔥
❤32🔥9🐳1
Габриэль Брегвадзе Арменияда өткен 12 жасқа дейінгі Tennis Europe турнирінің абсолютті жеңімпазы атанды 🇦🇲🏆

Финалда ол Ресейден келген турнирдің үшінші ракеткасын 6:3 және 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді 💪

Бұл жеңіс үлкен еңбектің, табандылықтың және тынымсыз дайындықтың нәтижесі 👏

Габриэль Атырау теннис орталығының тәрбиеленушісі. Осындай жетістік біз үшін үлкен мақтаныш 🙌
👏9👍1
ATP Challenger Tour • Shymkent Challenger

🌍 Әлемдік деңгейдегі ірі турнир
🌏 25 елден келген кәсіби спортшылар бас қосады

🏆 ATP күнтізбесіне енген маңызды жарыс, әлемдік рейтинг үшін шешуші ұпайлар сарапқа салынады.
🔥 Жоғары деңгейдегі бәсеке, әр матч үлкен тартысқа толы болады.

🗓️ 19 сәуір – 3 мамыр
📍Шымкент, Beeline Arena халықаралық теннис орталығының топырақ (грунт) корттарында
🎫 Кіру тегін
❤6🔥1🐳1
🎾 ATP Challenger Tour • Shymkent Challenger
Шымкентте 19-25 сәуір аралығында өтетін халықаралық турнирде қазақстандық теннисшілер де бақ сынайды.

Турнирге қатысатын отандық ойыншылар:
Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Амир Омарханов, Григорий Ломакин, Заңғар Нұрланұлы.

Әлемнің 25 елінен келген кәсіби спортшылар рейтингтік маңызды ұпайлар үшін тартысқа түседі.

Осы ірі дода қарсаңында Түркістан тумасы Заңғар Нұрланұлы Түркістанда шеберлік сабағын өткізіп, жас теннисшілермен тәжірибе бөлісті 🔥

🗓️ 19-25 сәуір
📍Шымкент, Beeline Arena халықаралық теннис орталығының топырақ корттарында
🎫 Кіру тегін

#ATP50 #ATPChallengerTour
🔥8❤4
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирді жеңіспен бастап, ширек финалға шықты 🎾
👍18❤11❤‍🔥4🥰2
ELENA 🔥

Елена Рыбакина жартылай финалда #Alga
❤14🔥6👍4❤‍🔥3
Ансар Ниеткалиев ITF J60 Guangzhou турнирінде топ жарды 🇰🇿🎾

Финалда Қытайлық қарсыласын 7:5, 6:3 есебімен ұтып, турнир бойы тұрақты әрі сапалы ойын көрсетті.

Ендігі бағыт J100 Wuhan. Сәттілік тілейміз 💪
👍5🔥4❤1
Іріктеу кезеңінің алғашқы күнгі матчтар кестесі 🎾

ATP Challenger Tour • Shymkent Challenger

🗓️ 19 сәуір – 3 мамыр
📍Шымкент, Beeline Arena халықаралық теннис орталығының топырақ (грунт) корттарында
🎫 Кіру тегін

#ATP50 #ATPChallengerTour