Kazakhstan Tennis Federation
✔
2.15K subscribers
2.87K photos
263 videos
365 links
Download Telegram
🇰🇿 Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде жартылай финалға шығып, финалдық кезеңге жолдама алды! 💪
❤9❤‍🔥3🍾1
Александр Бублик Женевадағы ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты.
🔥15❤3
Қазақстан құрамасы Үндістаннан басым түсіп, финалға шықты. Ертең бірінші орын үшін Жапония мен Аустралия матчының жеңімпазына қарсы кортқа шығады🔥
🔥8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤3
🇰🇿 Күміс жүлде! Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Asia/Oceania Final Qualifying Juniors Davis Cup турнирін екінші орынмен аяқтады.

Команда бұған дейін үздік төрттікке еніп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.
#Жарайсыңдар
👍8🔥5
🏆 Даниель ITF J30 Чолпон-Ата турнирінің чемпионы атанды!

Халықаралық додада қазақстандық теннисші жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Бұл жетістік — тынымсыз еңбек пен жүйелі дайындықтың жемісі.

Даниельді және оның бапкері Александр Евтушенконы айтулы жеңіспен құттықтаймыз! Жас спортшымызға алдағы жарыстарда да толағай табыс, жарқын жеңістер мен жаңа белестер тілейміз! 🔥
❤4
🏆 Словенияның Копер қаласында өткен Tennis Europe 1-санатындағы 12 жасқа дейінгі турнир өз мәресіне жетті.

Қазақстан атынан қатысқан жалғыз теннисші Габриэль Брегвадзе жарысты сәтті өткізіп, болгариялық Михаэль Ивановпен жұптасып, жұптық сында финалға дейін жетті. Сонымен қатар қазақстандық спортшы жекелей сында жартылай финалға шықты.

Габриэль мен оның бапкерлерін жоғары нәтижемен құттықтаймыз!
❤5
Испаниядан тамаша жаңалық! 🇪🇸

Томирис Нұржан Испанияда өткен ITF J60 Les Franqueses del Vallès турнирінің жеңімпазы атанды! 🏆

Финалдағы тартысты кездесуде қазақстандық теннисші 4:6, 7:6(6), 6:2 есебімен жеңіске жетіп, халықаралық жарыстағы кезекті титулын жеңіп алды👏
❤‍🔥8🔥6
Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады 🐠
❤21⚡4🔥3
Юлия келесі айналымда 🔥
🔥17
Асылжан Арыстанбекова мен Инкар Дүйсебай ITF W15 Kayseri турнирінің жеңімпаздары атанды! 🏆

Қазақстандық теннисшілер Түркияның Кайсери қаласында өткен турнирдің жұптық сынында чемпион атанып, кәсіби мансабындағы екінші халықаралық титулын жеңіп алды.
❤11
Данилина мен Крунич «Ролан Гарростың» келесі айналымына өтті 🔥
🔥14❤3👏3
Анна «Ролан Гарростың» микст санатында алға жылжуда 🔥
🔥16
🎾 BAQ Open қайта оралады!

27 маусым күні Алматыдағы жаңа «Алатау» теннис орталығында журналистер, блогерлер, операторлар, фотографтар, монтажерлер және PR мамандары бас қосатын дәстүрлі BAQ Open турнирі өтеді.

Бұл тек теннис жарысы емес, медиа саласы өкілдерін біріктіретін ерекше алаң. Қатысушыларды тартысты матчтар, жаңа таныстықтар, достық атмосфера және жарқын эмоциялар күтеді.

📍 Алматы, «Алатау» теннис орталығы
📅 27 маусым
📝 Өтінім қабылдау: 18 маусымға дейін

Кортта кездескенше! 🎾
Данилина мен Крунич «Ролан Гарроста» жеңісті жорығын жалғастыруда 🔥
❤11🔥8
Данилина мен Трэйси «Ролан Гаррос» турнирінің аралас жұптар сынында ширек финалға шықты 💥
🔥10❤5
Анна «Ролан Гарростың» жұптық сынында ширек финалға шықты 🔥
🔥17❤6
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады!

17 жасар қазақстандық теннисші алғашқы айналымда Ұлыбритания өкілі Марк Чебанды 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, жарыстың 1/16 финалына жолдама алды.

Келесі кезеңде Заңғар жапониялық Мотохару Абе мен америкалық Агасси Рашер арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
⚡8❤5🔥3