Kazakhstan Tennis Federation
✔
2.15K subscribers
2.87K photos
263 videos
365 links
Download Telegram
Асылжан Арыстанбекова мен Инкар Дүйсебай ITF W15 Kayseri турнирінің жеңімпаздары атанды! 🏆

Қазақстандық теннисшілер Түркияның Кайсери қаласында өткен турнирдің жұптық сынында чемпион атанып, кәсіби мансабындағы екінші халықаралық титулын жеңіп алды.
❤11
Данилина мен Крунич «Ролан Гарростың» келесі айналымына өтті 🔥
🔥14❤3👏3
Анна «Ролан Гарростың» микст санатында алға жылжуда 🔥
🔥16
🎾 BAQ Open қайта оралады!

27 маусым күні Алматыдағы жаңа «Алатау» теннис орталығында журналистер, блогерлер, операторлар, фотографтар, монтажерлер және PR мамандары бас қосатын дәстүрлі BAQ Open турнирі өтеді.

Бұл тек теннис жарысы емес, медиа саласы өкілдерін біріктіретін ерекше алаң. Қатысушыларды тартысты матчтар, жаңа таныстықтар, достық атмосфера және жарқын эмоциялар күтеді.

📍 Алматы, «Алатау» теннис орталығы
📅 27 маусым
📝 Өтінім қабылдау: 18 маусымға дейін

Кортта кездескенше! 🎾
Данилина мен Крунич «Ролан Гарроста» жеңісті жорығын жалғастыруда 🔥
❤11🔥8
Данилина мен Трэйси «Ролан Гаррос» турнирінің аралас жұптар сынында ширек финалға шықты 💥
🔥10❤5
Анна «Ролан Гарростың» жұптық сынында ширек финалға шықты 🔥
🔥17❤6
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады!

17 жасар қазақстандық теннисші алғашқы айналымда Ұлыбритания өкілі Марк Чебанды 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, жарыстың 1/16 финалына жолдама алды.

Келесі кезеңде Заңғар жапониялық Мотохару Абе мен америкалық Агасси Рашер арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
⚡8❤5🔥3
Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!

Балалар спортының дамуы – Қазақстан теннис федерациясының басты басымдықтарының бірі.

Бүгінде Baby Tennis бағдарламасы еліміздегі 150-ден астам балабақша мен жайлы мектепте жүзеге асырылуда. Федерация білім беру ұйымдарын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, балалар фестивальдерін ұйымдастырады және нұсқаушылардың біліктілігін арттыруға қолдау көрсетеді.

Қазіргі таңда Қазақстанда 18 мыңнан астам бүлдіршін мен жасөспірім тенниспен тұрақты түрде айналысады.

Бұл жоба балаларды спортқа баулып қана қоймай, болашақ чемпиондардың алғашқы қадамын жасауына мүмкіндік береді. Бүгінде ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүрген көптеген теннисшінің жолы дәл осы бағдарламадан басталған.

Өйткені үлкен жеңістер балалық шақтан басталады 💙
❤4👍2
Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гарростың» 1/8 финалына шықты!

Қазақстандық теннисші турнирдің екінші айналымында америкалық Агасси Рашерді 6:2, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңді.

Айта кетейік, Париждегі матчта Заңғарға Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов трибунадан қолдау көрсетті.

🔥 Алға, Заңғар!
❤‍🔥15🔥10❤3👍1🍾1
🔥 Анна Данилина мен Александра Крунич «Ролан Гаррос» турнирінің жұптық сынында жартылай финалға шықты!
🔥19❤‍🔥3❤3
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Көк туымыз әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанның абыройы әлем аренасында асқақтай берсін! 🇰🇿

#AIGenerated
❤11❤‍🔥2
Қазақстанның 12 жасқа дейінгі құрамалары Азия чемпионатының іріктеу кезеңін екі бірдей сенімді жеңіспен бастады.

🇰🇿 Ұлдар мен қыздар командалары Тәжікстан және Қырғызстан құрамаларын 3:0 есебімен ұтып, Сингапурдағы финалдық кезеңге жолдама үшін күресті жалғастыруда.

📖 Турнир туралы толығырақ ktf.kz сайтында.
❤‍🔥7❤1
🇰🇿 Анна Данилина Roland Garros турнирінің жұптық сынында финалға шықты!

🔥 Финалда сәттілік тілейміз!
🔥25❤7❤‍🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В Алматы прошёл турнир Inclusive Tennis Cup. В нем приняли участие более 50 детей и взрослых с особенностями развития.

Соревнования проводились в трёх категориях: фестиваль, красный мяч и стандартный мяч.

По завершении турнира все участники были отмечены памятными сувенирами и угощениями.

Inclusive Tennis Cup является традиционным мероприятием Inclusive Tennis Academy и проходит ежеквартально при поддержке Дирекции спортивных сооружений города Алматы, спортивного клуба Алматы, РОО «Федерация тенниса» и генерального партнёра национальной паралимпийской сборной — KPMG Кавказ и Центральная Азия.

Подобные инициативы помогают развивать инклюзивную спортивную среду, в которой каждый получает возможность заниматься спортом, участвовать в соревнованиях и быть частью активного сообщества.
❤9