Kazakhstan Tennis Federation
✔
2.15K subscribers
2.87K photos
263 videos
365 links
Download Telegram
Астанада 12 жасқа дейінгі теннисшілер арасында Қазақстан кубогы басталды! 🎾🇰🇿

Биыл командалық турнир оныншы рет ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінен 16 үздік құрама команданы біріктірді.

Әр команда 3 ұл, 3 қыз және 2 капитаннан құралған. Жас теннисшілер Қазақстанның үздік теннис өңірі атануға таласады! 💪🏻

Жарыс Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының ашық хард корттарында өтіп жатыр және 22 тамызға дейін жалғасады.
👍5
Happy birthday, Anna! 🙌🏻💙
🔥16❤6
«Team Qazaqstan» Tennis Academy жаңа кезеңге қадам басты! 🎾

Академия Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың бастамасымен құрылып, 2008 жылдың 1 маусымында өз жұмысын бастады. Осылайша елімізде дарынды жас теннисшілерді кәсіби деңгейде даярлайтын алғашқы мамандандырылған академия дүниеге келді.

Бүгінге дейін академия қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушылардың дамуына елеулі үлес қосып, әлемнің жетекші теннис орталықтарымен әріптестік орнатты.

Академия қабырғасынан халықаралық аренада Қазақстан намысын қорғап жүрген көптеген кәсіби теннисші түлеп шықты. Олардың қатарында Анна Данилина, Денис Евсеев, Дмитрий Попко, Жібек Құламбаева, Григорий Ломакин, сондай-ақ қазақстандық теннистің жаңа буынының өкілдері Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы және Ахмади Маханов бар.

Team Qazaqstan Academy-дің жаңа брендингі қалыптасқан құндылықтар мен дәстүрлер сабақтастығын сақтай отырып, академияның дамуындағы жаңа белесті білдіреді.

Алдағы уақытта академия қазақстандық теннистің болашақ чемпиондарын тәрбиелейтін басты орталықтардың бірі ретінде өз миссиясын жалғастыра береді. 💙🇰🇿
❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Kazakhstan Cup under 12 🙌🏻🤩
❤4
🎾 Шымкентте Қазақстан U14 Кубогы басталды!

24–29 тамыз аралығында өтетін командалық біріншілік еліміздің әр өңірінен келген жас теннисшілерді біріктіреді.

Жарыс ұлдар мен қыздар арасында өтеді. Әр санатта 16 команда A, B, C және D топтарына бөлініп, топтық кезеңде бақ сынайды.

🔥 Жас спортшыларды тартысты ойындар мен үлкен бәсеке күтеді!

Барлық қатысушыларға сәттілік! 🤍🎾
❤5
Анна Данилина Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан WTA500 турнирінің ширек финалына шықты! 💪🏻
🔥4🍾2❤1
#DavisCup 🇰🇿 Қазақстан - 🇹🇭Тайланд матчтарына билеттер сатылымда!

Қазақстан мен Таиланд құрамалары арасындағы Дэвис кубогы II Әлемдік тобының матчына билеттер сатылымға шықты.

🇰🇿 Қазақстан - 🇹🇭Тайланд
🗓️ 18-19 қыркүйек
📍 Астана қ., Beeline Arena (Тұран 4/2)

🎫 Билеттер:
Яндекс Афиша сайтында

◾️◾️◾️◾️◾️◾️◾️◾️◾️◾️

#DavisCup 🇰🇿Казахстан - 🇹🇭Тайланд!

Стартовала продажа билетов на матч квалификации второй Мировой группы Кубка Дэвиса между сборными Казахстана и Таиланда, который пройдет 18–19 сентября 2026 года в Астане.

🇰🇿 Казахстан - 🇹🇭Тайланд
🗓️ 18-19 сентября
📍 г. Астана, Beeline Arena, пр. Туран, 4/2

🎫 Билеты:
Яндекс Афиша
❤8