UKIMET
✔
21.4K subscribers
16.7K photos
2.98K videos
10.4K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Aitu https://i2.app.link/ZeD
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
Download Telegram
Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөздер жүргізіп, India AI Impact Summit 2026 саммитіне қатысты

🇰🇿 🇮🇳 Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Нью-Делиге жұмыс сапары аясында Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Модимен екіжақты кездесу өткізіп, India AI Impact Summit 2026 халықаралық саммитіне қатысты.

▫️ Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министріне Қазақстан Президентінің атынан жылы лебіздерін жеткізді. Өз кезегінде Нарендра Моди Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жолдады және стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге шығару бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру ниетін білдірді.

📊 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $923,3 млн-ды құрады. Сауда және инвестициялар, энергетика, АӨК, цифрландыру және ЖИ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстан Үндістан нарығына 40 тауарлық позиция бойынша $150 млн-ға өнім жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын. Маңызды минералдар мен сирек жер элементтері, ғарыш, қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің елеулі әлеуеті атап өтілді.

⏩Премьер-министр әлемнің 50-ден астам елінен, соның ішінде мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ IT саласындағы сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдері жиналған India AI Impact Summit 2026 саммитіне қатысты.

▫️ Олжас Бектенов пленарлық сессияда сөйлеген сөзінде озық технологиялардың экономикалық әлеуетіне және олардың жаһандық өсу құрылымындағы әсеріне назар аударды.

💬Біз интеллектінің инклюзивті, дербес және ең бастысы экономиканың негізгі секторларын трансформациялайтын күшке ие болуы керек екеніне сенімдіміз. Бүгінде Қазақстан өңірлік цифрлық орталыққа айналуда. Сондай-ақ БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде 193 елдің ішінде 24-ші орында тұрмыз. Еліміз, сонымен қатар онлайн-қызметтердің сапасы бойынша әлемдегі ең үздік ондыққа кіреді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш жыл ішінде Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру мақсатын қойды. Жасанды интеллект біздің ұлттық дамуымыздың стратегиялық тірегі болып саналады💬, — деп атап өтті Олжас Бектенов.


▫️ Қазақстан Премьер-министрі әлемдік технологиялық компанияларды озық технологияларды дамыту саласындағы ынтымақтастыққа шақырды.

▫️ Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және ЖИ жылы аясында Қазақстанда цифрлық экономиканы дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Инновацияны реттеу мен ынталандыру арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды. Президент жанынан құрылған ЖИ-ді дамыту жөніндегі кеңес бір платформада жетекші әлемдік визионерлерді біріктірді. Орталық Азияда алғаш рет екі ірі суперкомпьютер кластері орналастырылды, NVIDIA-мен серіктестікте Дербес ЖИ хабын құру жобасы жүзеге асырылуда. Биыл әзербайжандық серіктестермен бірлесіп, Транскаспий талшықты-оптикалық желісінің құрылысын аяқтау жаһандық деректер трафигі үшін ең қысқа балама маршрутты қамтамасыз етеді, бұл Қазақстанға Шығыс пен Батыс арасындағы цифрлық көпір болуға жол ашады. Екібастұз қаласында жүзеге асырылып жатқан флагмандық «ДӨО-лар алқабы» жобасы да ірі деректер орталықтары үшін экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мемлекет инфрақұрылым, жобаларды сүйемелдеу және тағы да басқа қажетті қолдаудың барлық түрін ұсынатыны атап өтілді.

⏩Форум қорытындысы бойынша делегация басшылары India AI Impact Expo 2026 халықаралық көрмесіне барды, онда жасанды интеллект саласындағы практикалық шешімдер, технологиялар және қолданбалы әзірлемелер ұсынылды. Экспозиция өнеркәсіп, қаржы, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және тағы да басқа салалардың кең ауқымын қамтыды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөздер жүргізіп, India AI Impact Summit 2026 саммитіне қатысты 🇰🇿 🇮🇳 Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Нью-Делиге жұмыс сапары аясында Үндістан…
Олжас Бектенов провел переговоры с Премьер-министром Индии Нарендрой Моди и принял участие в India AI Impact Summit 2026

🇰🇿 🇮🇳 По поручению Президента Республики Казахстан Премьер-министр Олжас Бектенов в рамках рабочего визита в Нью-Дели провел двустороннюю встречу с Премьер-министром Республики Индия Нарендрой Моди и принял участие в работе международного саммита India AI Impact Summit 2026.

▫️ Олжас Бектенов передал Премьер-министру Индии теплые слова приветствия от имени Президента Казахстана. В свою очередь Нарендра Моди адресовал наилучшие пожелания Касым-Жомарту Токаеву и подтвердил намерение продолжить совместную работу по выводу стратегического партнерства на новый уровень.

📊 По итогам 2025 года товарооборот между двумя странами составил $923,3 млн. Обсуждены вопросы дальнейшего развития сотрудничества в области торговли и инвестиций, энергетики, АПК, цифровизации и ИИ. Казахстан готов нарастить поставки продукции по 40 товарным позициям на $150 млн. Отмечен значительный потенциал расширения взаимодействия в сферах критически важных минералов и редкоземельных элементов, космоса, оборонной промышленности.

⏩Премьер-министр принял участие в India AI Impact Summit 2026, собравшем делегации из более чем 50 стран мира, включая глав государств, правительств, представителей экспертного и научного сообщества в области IT.

▫️ Олжас Бектенов в своем выступлении на пленарной сессии акцентировал внимание на экономическом потенциале передовых технологий и их влиянии на структуру глобального роста.

💬Мы убеждены, что интеллект должен быть инклюзивным, суверенным и, что особенно важно, трансформирующим ключевые секторы экономики. Сегодня Казахстан превращается в региональный цифровой центр. В Индексе развития электронного правительства ООН мы занимаем 24-е место из 193 стран. Наша страна также входит в десятку лучших в мире по качеству онлайн-услуг.

Президент Касым-Жомарт Токаев поставил цель превратить Казахстан в полностью цифровую страну в течение трех лет. Искусственный интеллект является стратегической опорой нашего национального развития💬, — подчеркнул Олжас Бектенов.


▫️ Премьер-министр Казахстана пригласил мировые технологические компании к сотрудничеству в области развития передовых технологий.

▫️ В рамках объявленного Главой государства Года цифровизации и ИИ в Казахстане ведется работа по развитию цифровой экономики. Принят закон «Об искусственном интеллекте», который обеспечивает баланс между регулированием и стимулированием инноваций. Созданный Cовет по развитию ИИ при Президенте объединил на одной платформе ведущих мировых визионеров. Впервые в Центральной Азии развернуты два крупнейших суперкомпьютерных кластера, в партнерстве с NVIDIA реализуется проект по созданию Суверенного хаба ИИ. Завершение в текущем году строительства совместно с азербайджанскими партнерами Транскаспийской волоконно-оптической линии обеспечит кратчайший альтернативный маршрут для глобального трафика данных, что позволит РК стать цифровым мостом между Востоком и Западом. Реализуемый в городе Экибастуз флагманский проект «Долина ЦОДов» позволит сформировать экосистему для крупных центров обработки данных. Подчеркнуто, что государство предоставляет всю необходимую поддержку в виде инфраструктуры, сопровождения проектов и др.

⏩По итогам форума главы делегаций посетили международную выставку India AI Impact Expo 2026, где были представлены практические решения, технологии и прикладные разработки в сфере искусственного интеллекта. Экспозиция охватила широкий спектр отраслей, включая промышленность, финансы, здравоохранение, безопасность и др.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы «С5+1» форматы шеңберінде мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Кеңес жұмысына дипломатиялық корпустың, оның ішінде жаңадан тағайындалған АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффт, сондай-ақ халықаралық компаниялар мен іскер қоғамдастықтың өкілдері және ҚР мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.

▫️ Отырысқа қатысушыларға арнаған сөзінде Премьер-министр Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның маңыздылығын атап өтті.

💬Қазақстан маңызды саяси кезеңнен өтуде. 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумда азаматтар жаңа Конституцияның жобасы бойынша дауыс береді. Жаңа Конституция Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құруға бағытталған ауқымды саяси реформаларын айқын көрсетеді.

Үкіметтің негізгі міндеті – еліміздің орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың табысын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту. Осы мақсатқа жету үшін жаңа инвестициялық циклді толыққанды іске қосуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда💬, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы «С5+1» форматы шеңберінде мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды…
Олжас Бектенов провел заседание Совета по улучшению инвестклимата

📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел заседание Совета по улучшению инвестиционного климата по вопросам реализации достигнутых главами государств договоренностей в рамках формата «С5+1» между странами Центральной Азии и США. Участие в работе Совета приняли представители дипломатического корпуса, в том числе вновь назначенная посол США в РК Джули М. Стаффт, а также международных компаний, делового сообщества и руководства госорганов РК.

▫️ Обращаясь к участникам заседания, Премьер-министр подчеркнул важность проводимой в Казахстане конституционной реформы.

💬Казахстан проходит важный политический этап. 15 марта на общенародном референдуме граждане проголосуют по проекту новой Конституции. Фундаментальный документ в полной мере отражает масштабные политические реформы, инициированные Президентом Касым-Жомартом Токаевым и направленные на построение Справедливого и Сильного Казахстана.

Ключевым приоритетом для нас является повышение доходов граждан и улучшение качества жизни за счет обеспечения устойчивого экономического роста. Для достижения этой цели мы реализуем комплекс мер, направленных на полномасштабный запуск нового инвестиционного цикла💬, — отметил Олжас Бектенов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▫️ Сонымен қатар 19 ақпанда Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысының ерекшелігіне назар аударылды.

💬Кеше Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің бірінші отырысына қатысып, АҚШ Президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бастамасына қолдау білдірді. Қазақстан Газаны қалпына келтіру үдерістеріне қатысуға мүдделі. Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынастардың орнықты дамуы Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді💬, — деп атап өтті Премьер-министр.


💬Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонда жаһандық аренада сөйлеген сөзі әсерлі болды. Біз бүгінгі таңда жоғары деңгейде орныққан екіжақты қарым-қатынастарымыздың одан әрі кеңеюін күтеміз. Коммерциялық ынтымақтастығымыз 2025 жылы рекордтық көрсеткішке жетті. Тек 2025 жылдың 4-тоқсанының өзінде қазақстандық және америкалық компаниялар арасындағы мәмілелер көлемі $17 млрд-қа жетті. Бұл нәтижелер біздің көзқарасымыздың бір екенін және екі елдің экономикалық өсімін көрсетеді, оның игілігін халқымыз көрмек, сонымен бірге өзара қарым-қатынасымыз нығая түседі💬, — деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффт.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
▫️ Сонымен қатар 19 ақпанда Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысының ерекшелігіне назар аударылды. 💬Кеше Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің бірінші отырысына қатысып, АҚШ Президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруға…
▫️ Кроме того, подчеркнута важность проведенного 19 февраля т.г. заседания Совета мира в Вашингтоне.

💬Вчера Глава государства принял участие в первом заседании Совета мира и выразил поддержку инициативе Президента США Дональда Трампа, направленной на стабилизацию ситуации на Ближнем Востоке. Казахстан заинтересован в участии в процессах восстановления Газы. Устойчивое развитие отношений с Соединенными Штатами остается одним из ключевых направлений внешней политики Казахстана💬, — подчеркнул Премьер-министр.


💬Выступление Президента Касым-Жомарта Токаева в Вашингтоне на глобальной арене было впечатляющим. Ожидаем дальнейшего расширения наших двусторонних отношений, которые уже находятся на высоком уровне. Наше коммерческое сотрудничество достигло рекордных показателей в 2025 году. Только в 4 квартале 2025 года объем сделок между казахстанскими и американскими компаниями достиг $17 млрд. Результаты отражают наше общее видение и экономический рост обеих стран, который приносит пользу гражданам наших государств и одновременно укрепляет взаимоотношения💬, — сказала посол США в Казахстане Джули М. Стаффт.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▫️ Отырыста шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты кеңейту, ұзақ мерзімді капиталды, технологияларды және үздік халықаралық тәжірибелерді тарту, бизнес үшін ашық және болжамды орта қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

▫️ Инвестор-компаниялардың өкілдері инвестициялық өзара іс-қимылдың оң динамикасын және салық реформасы шеңберінде болжанатын әрі реттеуге келетін орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Инфрақұрылымды дамытуға, цифрландыруға, өндірісті локализациялауға, озық технологияларды енгізуге және тұрақты экономикалық өсімге бағытталған ұзақ мерзімді әріптестіктерді қалыптастыруға баса назар аударылды.

💬 «Ситибанк Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Сәуле Жақаева «С5+1» алаңдарында қол жеткізілген уағдаластықтарды жалғастыру үшін бюджетке қосымша жүктемесіз теміржол, авиациялық және аэронавигациялық инфрақұрылымды жаңғырту үшін US EXIM кепілдігімен қаржыландыру тартылғанын, бұл елдің технологиялық деңгейі мен транзиттік әлеуетін арттыратынын хабарлады.

💬 Eurasia Group Kazakhstan бас операциялық директоры Сергей Глокке Үкіметтің қолдауымен Қазақстанда John Deere техникасын өндіруді локализациялау, сервистік инфрақұрылымды кеңейту және АӨК-те кооперацияны тереңдету жоспарлары туралы айтты. Атап айтқанда, Түркістан облысындағы зауытта өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасы мен көкөніс өсіруге арналған жабдықтар желісін кеңейту жоспарлануда. Тәжірибесін жетілдіру мақсатында қазақстандық мамандар АҚШ-тағы John Deere кәсіпорындарында біліктілігін арттырады. Өткен жылы Мемлекет басшысы жариялаған Қазақстандағы Жұмысшы мамандықтар жылы кәсіби құзыреттілікті дамытуға және кадрлық әлеуетті нығайтуға қосымша серпін берді. Кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру экономиканың жетекші салалары, соның ішінде ауыл шаруашылығы үшін басымдық болып қала береді.

💬 Wabtec Corporation компаниясының ТМД елдері мен Моңғолиядағы далалық сервистер және техникалық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Ғайни Дүйсенова кәсіпорындарда цифрлық технологияларды енгізу арқылы өндірісті кеңейту жоспарлары туралы хабарлады. Қазақстан америкалық Wabtec Corporation холдингінің өңірдегі өндірістік серіктестері арасында көлемі бойынша екінші орында тұр. Ынтымақтастық жылдарында ҚР-да 700-ден астам локомотив шығарылды, кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 100 теміржол техникасын құрайды. ҚТЖ-мен әріптестік шеңберінде локомотивтер мен дизельді қозғалтқыштарды шығаруды одан әрі ұлғайту жоспарлануда. ҚР-да теміржол инфрақұрылымын дамыту, «осал тұстарды» жою бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарды ескере отырып, локомотив паркін жаңарту және өндірістік қуаттарды кеңейту елдің транзиттік әлеуеті мен өткізу қабілетіне серпін береді.

💬 Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов «C5+1» форумы шеңберінде OpenAI және NVIDIA-мен қол қойылған келісімдер Қазақстан үшін білім беру және жасанды интеллектіні дамыту саласында түбегейлі жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастамаларды жүзеге асыру цифрлық экономика үшін кадрларды жүйелі даярлауды көздейді және қазіргі заманғы есептеу инфрақұрылымын қалыптастыруға, оның ішінде Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасы шеңберінде негізделуі мүмкін.

💬 Deloitte Kazakhstan компаниясының салық практикасы жөніндегі серіктесі Елдос Сыздықов Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан салық реформасы аясында қабылданған өзгерістерге оң баға беріп, ҚҚС-ты уақытылы қайтармағаны үшін өсімпұлды уақытша алып тастау және әкімшілендіру рәсімдерін жетілдіру теңгерімді сипатқа ие, ал жаңа нормалар ашықтықты арттыруға және іскерлік ортаны нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Жалпы, арнайы салық режимдерінің параметрлерін қайта қарау, ең алдымен, теңгерімсіздіктерді жоюға және салық салудың әділ жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
UKIMET
▫️ Отырыста шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты кеңейту, ұзақ мерзімді капиталды, технологияларды және үздік халықаралық тәжірибелерді тарту, бизнес үшін ашық және болжамды орта қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды. ▫️ Инвестор-компаниялардың өкілдері…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▫️ На заседании внимание уделено вопросам расширения сотрудничества с иностранными инвесторами, привлечения долгосрочного капитала, технологий и лучших международных практик, формирования прозрачной и предсказуемой среды для бизнеса.

▫️ Представители компаний-инвесторов отметили позитивную динамику инвестиционного взаимодействия и важность предсказуемой регуляторной среды в рамках налоговой реформы. Акцент сделан на развитии инфраструктуры, цифровизации, локализации производства, внедрении передовых технологий и формировании долгосрочных партнерств, направленных на устойчивый экономический рост.

💬 Председатель Правления АО «Ситибанк Казахстан» Сауле Жакаева сообщила, что в продолжение договоренностей, достигнутых на полях «С5+1», привлечено финансирование под гарантии US EXIM для модернизации железнодорожной, авиационной и аэронавигационной инфраструктуры без дополнительной нагрузки на бюджет, что повысит технологический уровень и транзитный потенциал страны.

💬 Главный операционный директор Eurasia Group Kazakhstan Сергей Глокке рассказал о проводимой при поддержке Правительства локализации производства техники John Deere в Казахстане, расширении сервисной инфраструктуры и планах по углублению кооперации в АПК. В частности, на заводе в Туркестанской области планируется расширение линейки выпускаемой сельскохозяйственной техники и оборудования для овощеводства. В целях наращивания компетенций казахстанские специалисты повышают квалификацию на предприятиях John Deere в США. Объявленный в прошлом году Главой государства Год рабочих профессий в РК позволил придать дополнительный импульс развитию профессиональных компетенций и укреплению кадрового потенциала. Подготовка кадров и повышение квалификации остается приоритетом для ведущих отраслей экономики, в том числе сельского хозяйства.

💬 Вице-президент по полевым сервисам и управлению техническим обслуживанием в странах СНГ и Монголии Wabtec Corporation Гайни Дуйсенова проинформировала о планах по расширению производства с внедрением цифровых технологий на предприятиях. Казахстан является вторым по величине производственным партнером американского холдинга Wabtec в регионе. За годы сотрудничества в РК выпущено свыше 700 локомотивов, производственная мощность предприятия составляет 100 единиц ж/д техники в год. В рамках партнерства с КТЖ планируется дальнейшее наращивание выпуска локомотивов и дизельных двигателей. С учетом проводимой в РК масштабной работы по развитию железнодорожной инфраструктуры, устранению «узких мест» обновление локомотивного парка и расширение производственных мощностей даст импульс транзитному потенциалу и пропускной способности страны.

💬 Главный исполнительный директор Freedom Holding Corp. Тимур Турлов отметил, что подписанные в рамках форума «С5+1» соглашения с OpenAI и NVIDIA открывают для Казахстана принципиально новые возможности в сфере образования и развития искусственного интеллекта. По его словам, реализация этих инициатив предполагает системную подготовку кадров для цифровой экономики и может опираться на формирование современной вычислительной инфраструктуры, в том числе в рамках проекта «Долина ЦОДов» в Павлодарской области.

💬 Партнер налоговой практики Deloitte Kazakhstan Елдос Сыздыков положительно оценил принятые изменения в рамках проводимой в РК налоговой реформы, отметив, что временная отмена пени за несвоевременный возврат НДС и совершенствование процедур администрирования носят сбалансированный характер, а новые нормы направлены на повышение прозрачности и укрепление деловой среды. В целом, пересмотр параметров специальных налоговых режимов направлен прежде всего на устранение дисбалансов и формирование справедливой системы налогообложения.
▫️ Көтерілген мәселелер бойынша Қаржы және Сыртқы істер министрліктерінің басшылары пікір білдірді.

✔️ Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және қолайлы инвестициялық ахуал құруға бейілді екенін атап өтті. Жаһандық технологиялық тізбектерді қалыптастыру шеңберінде Үкімет халықаралық технологиялық компанияларды ынтымақтастыққа тартуға және серпінді цифрлық жобаларды жүзеге асыру үшін инфрақұрылым құруға ден қояды. Жауапты мемлекеттік органдарға Америкалық сауда палатасымен бірлесіп алдағы жұмыстарда жиында айтылған бастамалар мен бизнес ұсынымдарын ескеру тапсырылды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
▫️ Көтерілген мәселелер бойынша Қаржы және Сыртқы істер министрліктерінің басшылары пікір білдірді. ✔️ Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және қолайлы инвестициялық ахуал құруға бейілді екенін атап…
▫️ По поднятым вопросам с комментариями выступили руководители министерств финансов и иностранных дел.

✔️ Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул приверженность дальнейшему укреплению сотрудничества с международными партнерами и созданию благоприятного инвестиционного климата. В рамках формирования глобальных технологических цепочек Правительство сосредоточено на привлечении к сотрудничеству международных технологических компаний и создании инфраструктуры для реализации прорывных цифровых проектов. Ответственным госорганам поручено совместно с Американской торговой палатой учесть озвученные инициативы и рекомендации бизнеса в предстоящей работе.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
▫️ На заседании внимание уделено вопросам расширения сотрудничества с иностранными инвесторами, привлечения долгосрочного капитала, технологий и лучших международных практик, формирования прозрачной и предсказуемой среды для бизнеса. ▫️ Представители компаний…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Wabtec-тің локомотив өндірісі бойынша ірі серіктесі атанды

📌 Қазақстан ТМД өңірінде және жаһандық деңгейде америкалық Wabtec корпорациясының негізгі серіктесі мәртебесін бекітті. Компанияның ТМД және Моңғолия елдерінде далалық сервистер және техникалық қызмет көрсетуді басқару жөніндегі вице-президент Гайни Дүйсенованың айтуынша, 27 жыл ішінде елімізде 700-ден астам локомотив шығарылған. Бүгінде олар тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда тасымалдауды қамтамасыз етеді. ЛҚЗ зауытының қуаттылығы жылына 100 техниканы құрайды, ал локализация деңгейі 40%-дан астам.

Сонымен қатар, болашақта қалдықтар мен отын шығынын азайту үшін Common Rail жүйесі бар локомотивтерді шығаруды бастау жоспарлануда.

💬Біздің зауытта бүгінгі күні күрделі жөндеу жасалады, Қазақстанда пайдаланылатын локомотивтер паркінің 50%-ының қозғалтқышына күрделі жөндеуден өтті. Оған қоса зауытта енді жаңа дизельді қозғалтқыштар да шығарылады. Осылайша, Қазақстан бүкіл ТМД өңірінде және әлем бойынша Wabtec компаниясының өндіріс бойынша екінші ірі серіктесі болмақ💬, — деп атап өтті Ғайни Дүйсенова.


➖

Казахстан стал крупнейшим партнером Wabtec по производству локомотивов

📌 Казахстан закрепил за собой статус ключевого партнера американской корпорации Wabtec в регионе СНГ и на глобальном уровне. По словам вице-президента по полевым сервисам и управлению техническим обслуживанием в странах СНГ и Монголии Wabtec Corporation Гайни Дуйсеновой, за 27 лет работы в стране выпущено более 700 локомотивов. Сегодня они обеспечивают перевозки не только в Казахстане, но и по всей Центральной Азии. Мощность завода ЛКЗ составляет 100 единиц техники в год, а уровень локализации превысил 40%.

Кроме того, в будущем планируется начать выпуск локомотивов с системой Common Rail для сокращения выбросов и расхода топлива.

💬На нашем заводе мы производим на сегодняшний день капитальный ремонт, и 50% парка, эксплуатируемого в Казахстане, уже прошли капитальный ремонт двигателя. На этом же заводе будут производиться новые дизельные двигатели. Таким образом, Казахстан на всем регионе СНГ и также глобально по миру является вторым крупнейшим партнером для компании Wabtec по производству💬, — отметила Гайни Дуйсенова.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM