UKIMET
✔
21.4K subscribers
16.7K photos
2.98K videos
10.4K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Aitu https://i2.app.link/ZeD
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
Download Telegram
💬 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев отандық өндірісті дамыту, арнайы экономикалық аймақтарды жаңғырту және геологиялық барлауды күшейту жөніндегі шаралар туралы баяндады. Отандық тауар өндірушілердің тізілімінде 5,6 мың компания тіркелген. АЭА қызметін кезең-кезеңмен трансформациялау жоспарлануда. Бүгінгі таңда АЭА-да өңдеу өнеркәсібі бойынша 4,4 трлн теңгеге 555 жоба жүзеге асырылды, 33 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Терең өңдеу саласында шикізаттың сыртқа шығарылуын реттеу және жоғары қайта бөлінген өнім шығаруды ынталандыру бойынша шаралар көзделген. Сондай-ақ Маңызды минералдар саласын дамыту стратегиясы әзірленуде. Геологиялық барлау саласында алдағы үш жыл ішінде қаржыландыру көлемін өткен 30 жылдағы инвестициялар көлемімен теңестіру жоспарлануда.

💬 Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі шаралар туралы баяндады. Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру және саланы жеңілдетілген қаржыландыруды кеңейту басты назарда. Ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту және қадағалаудың цифрлық құралдарын енгізу бойынша міндеттер өз алдына бөлек белгіленген. Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібінде 2026 жылдан бастап инвестициялық субсидиялардың өсуі мен ҚҚС-тың төмендеуін, сондай-ақ шикізатты қайта өңдеу мен терең өңдеу бойынша жаңа жобаларды іске қосуды қоса алғанда, қосымша ынталандырулар көзделген.

💬 Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беру саласындағы мемлекеттік қаржыландыруды реформалау тәсілдерін ұсынды. Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру өңірлердің қажеттілігін ескере отырып, басым жобаларға шоғырландырылатын болады, сондай-ақ олардың стандарттарға сәйкестігін бақылау күшейеді. Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру нәтижелері және оны кеңейту жоспарлары жеке ұсынылған; 2025 жылдың қорытындысы бойынша үнемдеу 25,7 млрд теңгені құрады.

💬 Азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселесі бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев сөз сөйледі. Қазіргі уақытта Бірыңғай цифрлық әлеуметтік қорғау платформасына сүйене отырып, әлеуметтік саланы цифрландыру және қолдау шараларын проактивті форматқа көшіру үшін деректерді дайындау жүргізілуде. Сондай-ақ еңбек нарығын трансформациялау бойынша міндеттер белгіленді: МЖӘ моделі бойынша Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығын құру шеңберінде сұранысқа ие кәсіптер үшін мамандарды қайта даярлау және оқыту бағдарламалары, сондай-ақ оқушылардың кәсіптік диагностикасын кеңейту жоспарлануда.

💬 Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйенің құрылғаны туралы баяндады. Ол саланың IТ шешімдерін біріктіріп, процестерді ашық бақылауды қамтамасыз етуі керек. Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе және денсаулық сақтау порталын іске қосу 2026 жылдың 1 желтоқсанына жоспарланған. Сондай-ақ амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде «Әлеуметтік әмиянның» дамуы атап өтілді. 2025 жылы ол арқылы 13,8 млн-нан астам рецепт ұсынылды, бұл жалпы көлемнің 82%-ын құрайды.

💬 Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров саланың транзиттік әлеуетін арттыру және цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. 2026 жылы транзит көлемін 55 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда (+65%). Бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар аяқталады. Ресей Федерациясы және ҚХР-мен шекаралық инфрақұрылым бойынша үйлестіру жұмыстары жүргізілуде. ҚТЖ жол картасы және жаңа тарифтік саясат бекітілді. Автожол саласында Қызылорда, Сарыағаш және Рудный қалаларының үш айналма жолының құрылысы басталады. 33 өткізу пункті жаңғыртылуда. ЖИ-шешімдерді енгізу бөлігінде Smart Cargo платформасын мемлекеттік және салалық сервистермен интеграциялау жалғасады. 2027 жылға дейін Біртұтас интеллектуалды көлік экожүйесі құрылады.
📌 Жиын қорытындысында Премьер-министр Президент айқындап берген міндеттердің барлығы халық пен бизнеске нақты пайда әкелуді көздейтінін және олардың іс жүзінде орындалуы қажет екенін атап өтті. Бірқатар тапсырма берілді.

⏩ Экономикалық блокта инфляцияны төмендету және қадағалау, бизнес шығындарын азайту, тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту, түрлі салаларда цифрлық теңгені көбейту бойынша міндеттер қойылған. Тиімді тетіктерді – тұрақтандыру қорларын, форвардтық шарттарды, сауда субъектілерімен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі келісімдерді белсенді пайдалану тапсырылды. Салық саласында халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылдың түсінікті және болжамды жүйесін құрудың маңыздылығы атап өтілді. Тиімді салықтық әкімшілендіру және ерте ескерту механизмін енгізу тапсырылды. Сондай-ақ, мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді бизнеске арналған бірыңғай цифрлық экожүйе құру, өндіріс барысына кедергі келтірмей тауарлардың цифрлық таңбалануын кеңейту қажет. Бұдан басқа, ШОБ субъектілерін жоспардан тыс тексеру тетігін қайта қарау, активтерді басқаруды оңтайландыру, Алатау қаласын сапалы дамыту бойынша міндеттер қойылды.

🟦Қаржы министрлігіне орталық мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп осы жылдың 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламаларға жан-жақты тексеру жүргізу тапсырылды.
🟦Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың тамыз айының соңына дейін түрлі салаларда цифрлық теңгені көбейту жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.
🟦Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен бірлесіп, жыл соңына дейін заңнамаға маркетплейстер, интернет-агрегаторлар мен екінші деңгейдегі банктерге салық агенттерінің мәртебесі мен функцияларын беру бөлігінде өзгерістер енгізсін.
🟦Ұлттық экономика министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп осы жылдың 1 маусымына дейін ШОБ субъектілерін жоспардан тыс тексеру тетігін қайта қарасын.
🟦Өнеркәсіп және Қаржы министрліктері «Атамекен» палатасымен бірлесіп барлық тіркеу рәсімдерін аяқтап, осы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін іске қоссын.

⏩ Инвестициялық саясат бойынша 2030 жылға дейін негізгі капиталға инвестициялар бойынша нысаналы индикаторларды әзірлеу жөнінде тапсырмалар берілді. Сондай-ақ басым жобалар пулын қалыптастыру және бюджеттен тыс қаражат тарту бойынша мемлекеттік органдар мен әкімдіктер үшін KPI бекіту қажет. СІМ Kazakh Invest-пен бірлесіп, Kazakhstan Investment House арқылы ірі инвесторлармен жұмысты және өзара іс-қимылды, келісімдердің орындалуын және цифрлық платформада инвестициядан кейінгі қадағалау шараларын күшейтеді.

🟦Ұлттық экономика және Сыртқы істер министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде 2030 жылға дейінгі қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар тарту жөнінде нақтыланған нысаналы индикаторларды әзірлеуі, жеке салымдар үлесін едәуір ұлғайтуы керек.
🟦Сыртқы істер министрлігі пайдалануға берілген жобалардың инвестициядан кейінгі мониторингі регламентін әзірлеуі қажет. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада тиісті модульді енгізуді жеделдету тапсырылды.

⏩ Цифрландыру бойынша деректерді басқару инфрақұрылымын қолдану тәсілдерін әзірлеу тапсырылды. Одан бөлек KazLLM-ді практикада пайдалануды кеңейту, Aitu мессенджерінің функционалын жақсарту және тасқын су мен өрт қаупі жоғары кезеңдерді болжау жөніндегі жұмысты жандандыру үшін Tasqyn және Talsim жүйелерін интеграциялау бойынша міндеттер қойылды.
🟦Жасанды интеллект министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп 1 қазанға дейін Цифрландыруды қаржыландыру қорын толыққанды іске қосуды қамтамасыз етуі қажет.
🟦Жасанды интеллект, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері бір ай ішінде бизнес саласында цифрлық шешімдерді белсенді енгізуді ынталандыру жөнінде шаралар әзірлеуі керек.
🟦Жасанды интеллект министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 10 күн мерзімде ақпараттық жүйелерді «QazTech» платформасына көшіру жоспарын бекітсін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⏩ Нақты секторда энергетика, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы, көлік және АӨК-тегі негізгі инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы аяқтауға баса назар аударылды. Сондай-ақ, логистиканы цифрландыру қарқынын арттыру, көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша міндеттер қойылды. Ішкі нарықты отандық өнімдермен толтыру, ветеринариялық қадағалауды күшейту, кооперацияны дамыту және цифрлық құралдар арқылы мемлекеттік қолдаудың ашықтығын арттыра түсу қажеттілігі атап өтілді.

🟦Энергетика және Жасанды интеллект министрліктері осы жылдың соңына дейін Энергетика министрлігі жанынан құрылған Ахуалдық талдау орталығының базасында Қазақстанның бірыңғай энергожүйесінің онлайн-мониторингін енгізсін. 2027 жылдың соңына дейін, мерзімдерін өзгертпей, Батыс аймақты Біртұтас энергетикалық жүйемен біріктіріп, Оңтүстік аймақты күшейту керек.
🟦20 ақпанда Үкіметке Көмір генерациясы жөніндегі ұлттық жоспардың жобасы енгізілсін. «Самұрық-Қазына» қоры Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы ЖЭО-ны, «Алматы стансалары» энергетикалық жобаларын белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз етсін.
🟦Өнеркәсіп, Ұлттық экономика министрліктері мен «Бәйтерек» холдингі екі ай мерзімде полимерлік өнімді одан әрі қайта бөлуді ұйымдастыру үшін отандық бизнесті қолдау тетіктерін әзірлесін.
🟦Өнеркәсіп және Ұлттық экономика министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бір ай мерзімде шикізатты терең өңдеуді дамыту және терең өңделген өнім экспортын ұлғайту үшін жаңа экономикалық ынталандырулар жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.
🟦Өнеркәсіп, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері мен әкімдіктер бір ай мерзімде Үкіметке заңнамалық түзетулер пакетін қоса алғанда, арнайы экономикалық аймақтарды трансформациялау жөнінде келісілген ұсыныстар енгізсін.
🟦Көлік министрлігі ҚТЖ-мен бірлесіп жыл соңына дейін «Мойынты – Қызылжар», «Дарбаза – Мақтаарал», теміржол жобаларын іске қосуды қамтамасыз етіп, «Алтынкөл – Жетіген» және «Бейнеу – Маңғыстау» учаскелерін жаңғыртуды аяқтауы қажет. Келесі жылдың соңына дейін – «Бақты – Аягөз» учаскесі пайдалануға берілсін. Осы жылдың соңына дейін теміржол желісі операторының жүк вагондарын беру процесін толық цифрландыру қажет.
🟦Көлік министрлігі – «Қарағанды – Жезқазған», «Орталық – Батыс», «Ақтөбе – Ұлғайсын» автожол жобаларын жүзеге асыру, Қызылорда, Сарыағаш және Рудный қалаларында айналма жолдар салу рәсімдерін жеделдетсін. Биыл «Қарағанды – Жезқазған» жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын бастасын, келесі жылдың соңына дейін шекарадағы 33 автомобиль өткізу пунктін жаңғыртуды аяқтауды қамтамасыз етсін.
🟦Көлік министрлігі – осы жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік цифрлық жүйелермен интеграциялауды қамтамасыз ете отырып, Smart Cargo цифрлық платформасын өнеркәсіптік пайдалануға енгізсін.
🟦Ауыл шаруашылығы мен Сауда және интеграция министрліктері бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп бір ай мерзімде қолданыстағы тәсілдерді қайта қарап, ішкі нарықты отандық азық-түлік тауарларымен қамту және экспорттық әлеуетті нығайту жөніндегі жүйелі шараларды әзірлесін. Өндірістен дайын өнімді сатуға дейінгі тиімді әрі ашық тізбекті құрсын.
🟦Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жергілікті жерлерде және шекарада бақылауды күшейте отырып, ветеринариялық инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз етсін. Осы жылдың 15 сәуіріне дейін Үкіметке ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарының жобасы енгізілсін.
🟦Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп осы жылдың 1 маусымына дейін Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы тиісті заң жобасын әзірлесін және Үкіметке енгізсін.
🟦Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін мемлекеттік қолдау жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін субсидия алушылардың тиісті талаптарды орындауын қадағалауға мүмкіндік беретін АӨК саласындағы ақпараттық жүйенің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▫️ Премьер-министр білім беру мен денсаулық сақтаудағы жүйелі мәселелерді, оның ішінде цифрландыру және шығыстардың ашықтығын арттыру арқылы шешу міндеттерін қойды. Кадр даярлау, медициналық ақпараттық жүйені цифрландыру, үй шаруашылықтарының цифрлық профильдерін қалыптастыруға, сондай-ақ «Әлеуметтік әмиян» жүйесіне әлеуметтік көмектің түрлі нысандарын біріктіруге ерекше назар аударылды.

🟦Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері Қаржы министрлігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, бір ай мерзімде білім берудің барлық деңгейінде бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізуі қажет.
🟦Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктерімен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, 1 сәуірге қарай Кәсіптерді трансформациялаудың ұлттық орталығын құруы керек.
🟦Денсаулық сақтау, Жасанды интеллект және Қаржы министрліктері биылғы 1 сәуірге дейін Медициналық деректердің бірыңғай қоймасын енгізуді аяқтасын. Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша тапсырма берілді.
🟦Қаржы министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму, Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп, жыл соңына дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін цифрландыру қажет.
🟦Еңбек министрлігі осы жылдың 1 наурызына дейін Отбасының цифрлық картасын қолдана отырып, үй шаруашылықтары үшін цифрлық әлеуметтік профильдер қалыптастыру, сондай-ақ Бірыңғай цифрлық платформа арқылы әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз етуі тиіс.
🟦Жасанды интеллект министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жыл соңына дейін әлеуметтік қолдаудың түрлі нысандарын «Әлеуметтік әмиян» жүйесіне интеграциялануын қамтамасыз етсін.

💬Көріп отырғанымыздай, алдымызда тұрған мақсат-міндеттердің ауқымы өте үлкен. Мемлекет басшысы атап өткендей ойланып-толғануға уақыт жоқ. Батыл, тиімді шешім қабылдап, оны жедел жүзеге асыру қажет.

Тағы да қайталап айтамын, халықтың табысы мен әл-ауқатын арттыру – атқарылатын жұмыстың нақты нәтижесі болуға тиіс. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер Президент тапсырмаларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі керек💬, — деп атап өтті Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді 📍 Премьер-министр Олжас Бектенов 10 ақпанда өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды…
Олжас Бектенов провел совещание по исполнению поручений Президента, данных на расширенном заседании Правительства

📍Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам исполнения поручений Главы государства, данных на расширенном заседании Правительства Республики Казахстан 10 февраля т.г.


💬Вчера Глава государства подчеркнул особую важность проекта новой Конституции. Масштаб и значимость изменений, а также открытость процесса обсуждения являются беспрецедентными в истории страны.

Как отметил Президент, в проекте новой Конституции четко закреплен принцип «не человек для государства, а государство для человека». Именно на это нацелена конституционная реформа: наряду с масштабным политическим обновлением она ориентирована на ускорение качественного роста экономики. Иными словами, в первую очередь приоритет должен быть отдан повышению доходов и благосостояния населения. Это — одна из важнейших задач, стоящих перед нами💬, — подчеркнул Олжас Бектенов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 Кеңесте Президент тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы Премьер-министрдің орынбасарлары, министрлер және «Самұрық-Қазына» қорының басшылығы баяндама жасады. 💬 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин халықтың…
📌 На совещании о мерах по реализации поручений доложили вице-премьеры, министры и руководство фонда «Самрук-Қазына».

💬 Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин доложил о планах по повышению благосостояния населения. Приоритетные направления работы – рост доходов, снижение инфляции и поддержка реального сектора. Отмечено, что совместно с Нацбанком будет подготовлен план по снижению инфляции до 9-11%. До 1 мая будет принята Программа повышения доходов населения на 2026-2029 годы. Также продолжится развитие мер господдержки бизнеса по принципу «одного окна» на платформе EGov Business.

💬 Внимание уделено цифровой трансформации госуправления и внедрению ИИ-решений. Заместитель Премьер-министра – министр искусственного интеллекта и цифрового развития Жаслан Мадиев доложил об отраслевых системах – платформах «KEDEN» и налогового администрирования Минфина, «Tasqyn» для прогнозирования паводков, eJoldar в сфере автодорог, Smart Cargo в сфере перевозок и др. Развивается Социальный кошелек и цифровые профили домохозяйств, что обеспечивает адресность мер поддержки, а оцифровка госуслуг позволила сократить трафик в ЦОНах на 2,3 млн посещений. Также запланирована миграция госинформсистем на единую платформу QazTech, усиление кибербезопасности и формирование отраслевых Data Lake и ИИ-агентов для повышения эффективности госорганов.

💬 Председатель правления фонда «Самрук-Қазына» Нурлан Жакупов доложил о ходе реализации инвестиционного портфеля Фонда и планах на 2026 год, включая запуск новых проектов. Отдельно отмечены задачи по привлечению более $27 млрд прямых иностранных инвестиций в период 2026-2030 гг. и результаты цифровизации, в том числе внедрение ИИ-проектов с совокупным эффектом $1,3 млрд за 5 лет. Премьер-министр поручил рассмотреть вопросы дальнейшей трансформации структуры Фонда, в т.ч посредством при необходимости слияния отдельных компаний.

💬 Министр финансов Мади Такиев доложил о внедрении подходов по цифровизации налогового и таможенного администрирования и повышении прозрачности бюджетных расходов. В первом полугодии планируется запустить Национальный каталог товаров. Ускоряется переход налогового и таможенного администрирования на цифровые рельсы. Ведется ревизия бюджетных программ для сокращения неэффективных расходов. Также расширяется применение цифрового тенге для прослеживаемости бюджетных средств.

💬 Министр энергетики Ерлан Аккенженов доложил о мерах по укреплению энергобезопасности и развитию отрасли. До 2029 года планируется ввести 13,3 ГВт новых мощностей. Параллельно подготовлен и обсуждается с общественностью Национальный проект по развитию угольной генерации и ведет работу по укреплению энергокаркаса страны. В части нефтепереработки и нефтегазохимии, согласно поручению Президента, обозначены планы по расширению мощностей действующих НПЗ, а также внимание уделено вопросу строительства нового НПЗ. Отдельно отмечено, что до 2029 года планируется запуск ряда крупных нефтегазохимических проектов, разрабатывается Закон «О нефтегазохимической промышленности».
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
💬 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев отандық өндірісті дамыту, арнайы экономикалық аймақтарды жаңғырту және геологиялық барлауды күшейту жөніндегі шаралар туралы баяндады. Отандық тауар өндірушілердің тізілімінде 5,6 мың компания тіркелген.…
💬 Министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев доложил о мерах по развитию отечественного производства, модернизации специальных экономических зон и усилению геологоразведки. В Реестре отечественных товаропроизводителей уже авторизовано 5,6 тыс. компаний. Планируется поэтапная трансформация деятельности СЭЗ. На сегодня в СЭЗ реализованы 555 проектов по обрабатывающей промышленности на 4,4 трлн тенге, создано более 33 тыс. постоянных рабочих мест. В сфере глубокой переработки предусмотрены меры по регулированию вывоза сырья и стимулированию выпуска продукции высокого передела. Также разрабатывается Стратегия развития отрасли критически важных минералов. В геологоразведке за три года планируется обеспечить финансирование, сопоставимое с объемом вложений за предыдущие 30 лет.

💬 Министр сельского хозяйства Айдарбек Сапаров доложил о мерах по развитию агропромышленного комплекса. В фокусе внимания реализация Комплексного плана развития животноводства на 2026-2030 гг. и расширение льготного финансирования отрасли. Отдельно обозначены задачи по усилению ветеринарной безопасности и внедрению цифровых инструментов прослеживаемости. В переработке и пищевой промышленности предусмотрены дополнительные стимулы, включая рост инвестсубсидий и снижение НДС с 2026 года, а также запуск новых проектов по переработке и глубокой переработке сырья.

💬 Министр просвещения Жулдыз Сулейменова представила подходы к реформированию государственного финансирования в сфере образования. В рамках исполнения поручений Президента финансирование частных школ будет сосредоточено на приоритетных проектах с учетом потребности регионов, а также усилен контроль их соответствия стандартам. Отдельно представлены результаты ваучерного финансирования дошкольных организаций и планы его масштабирования; по итогам 2025 года экономия составила 25,7 млрд тенге.

💬 По вопросу социальной поддержки граждан выступил министр труда и социальной защиты населения Аскарбек Ертаев. В настоящее время ведется цифровизация социальной сферы с опорой на Единую цифровую платформу социальной защиты и подготовка данных для перевода мер поддержки в проактивный формат. Также обозначены задачи по трансформации рынка труда: в рамках создания Национального центра трансформации профессий по модели ГЧП планируются программы переподготовки и обучения востребованным профессиям, а также расширение профдиагностики школьников.

💬 Министр здравоохранения Акмарал Альназарова доложила о создании Единой государственной медицинской информационной системы. Она должна объединить ИТ-решения отрасли и обеспечить прозрачный контроль процессов. Запуск ЕГМИС и Портала здравоохранения намечен на 1 декабря 2026 года. Также отмечено развитие «Социального кошелька» в амбулаторном лекарственном обеспечении. В 2025 году через него обеспечено более 13,8 млн рецептов, что составляет 82% от общего объема.

💬 Вице-министр транспорта Максат Калиакпаров доложил о проводимой работе по наращиванию транзитного потенциала и цифровизации отрасли. В 2026 году объем транзита планируется довести до 55 млн тонн (+65%). Будет завершен ряд крупных инфраструктурных проектов. Ведется синхронизация приграничной инфраструктуры с РФ и КНР. Утверждены дорожная карта КТЖ и новая тарифная политика. В автодорожной сфере начнется строительство трех объездных дорог городов Кызылорда, Сарыагаш и Рудный. Модернизируются 33 пункта пропуска. В части внедрения ИИ-решений продолжится интеграция платформы Smart Cargo с государственными и отраслевыми сервисами. До 2027 года будет создана Единая интеллектуальная транспортная система.
UKIMET
📌 Жиын қорытындысында Премьер-министр Президент айқындап берген міндеттердің барлығы халық пен бизнеске нақты пайда әкелуді көздейтінін және олардың іс жүзінде орындалуы қажет екенін атап өтті. Бірқатар тапсырма берілді. ⏩ Экономикалық блокта инфляцияны төмендету…
📌 По итогам совещания Премьер-министр подчеркнул, что все задачи Президента требуют точного и практического исполнения, с измеримым эффектом для населения и бизнеса. Дан ряд поручений.

⏩ В экономическом блоке поставлены задачи по снижению и контролю инфляции, уменьшению издержек бизнеса, развитию конкуренции на товарных рынках, тиражированию цифрового тенге в различных отраслях. Поручено активнее использовать действенные механизмы: стабилизационные фонды, форвардные договоры, соглашения с субъектами торговли по обеспечению ценовой стабильности. Отмечена важность выстраивания понятной и предсказуемой системы взаимодействия с населением и бизнесом в налоговой сфере. Поручено внедрить механизм мягкого администрирования и раннего предупреждения. Также необходимо создать единую цифровую экосистему для бизнеса, доступную через мобильные приложения, расширить цифровую маркировку товаров без ущерба производству. Кроме того, поставлены задачи по пересмотру механизма внеплановых проверок субъектов МСБ, оптимизации управления активами, качественному развитию города Алатау.

🟦Министерству финансов совместно с центральными госорганами и акиматами до 1 мая т.г. поручено провести всестороннюю ревизию бюджетных программ.
🟦Министерству финансов совместно с Нацбанком, а также заинтересованными госорганами до конца августа т.г. принять меры по тиражированию цифрового тенге в различных отраслях.
🟦Министерству финансов совместно с заинтересованными госорганами и Ассоциацией финансистов Казахстана до конца года внести изменения в законодательство в части наделения маркетплейсов, интернет-агрегаторов и банков второго уровня статусом и функциями налоговых агентов.
🟦Министерству нацэкономики совместно с НПП «Атамекен» поручено до 1 июня т.г. пересмотреть механизм внеплановых проверок субъектов МСБ.
🟦Министерствам промышленности и финансов совместно с палатой «Атамекен» обеспечить завершение всех процедур регистрации и запустить Реестр казахстанских товаропроизводителей с 1 марта т.г.

⏩ По инвестполитике даны поручения по разработке целевых индикаторов по инвестициям в основной капитал до 2030 года со значительным увеличением доли частных вложений. Также необходимо сформировать пул приоритетных проектов и закрепить KPI для госорганов и акиматов по привлечению внебюджетных средств. МИД совместно с Kazakh Invest будет усилена работа с крупными инвесторами и взаимодействие через Kazakhstan Investment House, а также усилен контроль исполнения соглашений и постинвестиционный мониторинг на цифровой платформе.

🟦Министерствам нацэкономики и иностранных дел совместно с заинтересованными госорганами поручено в месячный срок разработать уточненные целевые индикаторы по инвестициям в основной капитал по источникам финансирования до 2030 года с значительным увеличением доли частных вложений.
🟦Министерству иностранных дел совместно с госорганами разработать регламент постинвестиционного мониторинга введенных в эксплуатацию проектов. Поручено ускорить внедрение соответствующего модуля в Национальной цифровой инвестиционной платформе.

⏩ По цифровизации поручено разработать подходы к инфраструктуре управления данными. Отдельно поставлены задачи по расширению практического использования KazLLM, улучшению функционала мессенджера Aitu и интеграции систем Tasqyn и Talsim для активизации работы по прогнозированию паводков и пожароопасного периода.

🟦Министерству искусственного интеллекта совместно с Национальным банком необходимо до 1 октября обеспечить полноценный запуск Фонда финансирования цифровизации.
🟦Министерствам искусственного интеллекта, нацэкономики, финансов в течение месяца следует выработать меры по стимулированию активного внедрения цифровых решений в сфере бизнеса.
🟦Министерству искусственного интеллекта совместно с заинтересованными госорганами в 10-дневный срок утвердить план миграции информационных систем на платформу «QazTech».
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
⏩ Нақты секторда энергетика, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы, көлік және АӨК-тегі негізгі инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы аяқтауға баса назар аударылды. Сондай-ақ, логистиканы цифрландыру қарқынын арттыру, көлік инфрақұрылымын…
⏩ В реальном секторе акцент сделан на своевременное завершение ключевых инфраструктурных проектов в энергетике, обрабатывающей промышленности, включая нефтепереработку и нефтегазохимию, транспорт и АПК. Также поставлены задачи по наращиванию темпов цифровизации логистики, модернизации транспортной инфраструктуры. Отмечена необходимость насыщения внутреннего рынка отечественными продуктами, усиления ветконтроля, развития кооперации и повышения прозрачности господдержки через цифровые инструменты.

🟦Министерствам энергетики и искусственного интеллекта до конца текущего года — внедрить онлайн-мониторинг Единой энергосистемы Казахстана на базе созданного Ситуационного аналитического центра при Минэнерго. До конца 2027 года следует объединить Западную зону с Единой энергосистемой и усилить Южную зону, без переносов сроков.
🟦20 февраля внести в Правительство проект Национального плана по угольной генерации. Фонду «Самрук-Казына» – обеспечить реализацию энергетических проектов «Алматинские станции» ТЭЦ в городах Кокшетау, Семей и Усть-Каменогорск в установленные сроки.
🟦Министерствам промышленности, национальной экономики и Холдингу «Байтерек» в двухмесячный срок разработать механизмы поддержки отечественного бизнеса для организации дальнейшего передела полимерной продукции.
🟦Министерствам промышленности и национальной экономики совместно с заинтересованными госорганами в месячный срок внести предложения по созданию новых экономических стимулов для развития глубокой переработки сырья и увеличения экспорта продукции высокого передела.
🟦Министерствам промышленности, национальной экономики, финансов и акиматам в месячный срок внести в Правительство согласованные предложения по трансформации специальных экономических зон, включая пакет законодательных поправок.
🟦Министерству транспорта совместно с КТЖ до конца года обеспечить запуск железнодорожных проектов «Мойынты-Кызылжар», «Дарбаза-Мактаарал», завершить модернизацию участков «Алтынколь-Жетыген» и «Бейнеу-Мангистау». До конца следующего года – ввести в эксплуатацию участок «Бахты-Аягоз». До конца текущего года следует полностью оцифровать процесс предоставления грузовых вагонов оператором железнодорожной сети.
🟦Министерству транспорта – ускорить процедуры по реализации автодорожных проектов «Караганда-Жезказган», «Центр-Запад», «Актобе-Улгайсын», строительству объездных дорог в Кызылорде, Сарыагаше и Рудном. Начать в текущем году строительные работы по проекту «Караганда-Жезказган», до конца следующего года обеспечить завершение модернизации 33 автомобильных пунктов пропуска на границе.
🟦Министерству транспорта – до конца текущего года запустить в промышленную эксплуатацию цифровую платформу Smart Cargo, обеспечив ее интеграцию со всеми государственными цифровыми системами.
🟦Министерствам сельского хозяйства и торговли совместно с бизнес-сообществом в месячный срок пересмотреть действующие подходы и выработать системные меры по насыщению внутреннего рынка отечественными продовольственными товарами и укреплению экспортного потенциала. Выстроить эффективную прозрачную цепочку от производства до сбыта готовой продукции.
🟦Министерству сельского хозяйства совместно с акиматами обеспечить развитие ветеринарной инфраструктуры с усилением контроля на местах и на границе. До 15 апреля т.г. внести в Правительство проект комплексного плана развития ветеринарии.
🟦Министерству сельского хозяйства совместно с заинтересованными государственными органами и акиматами до 1 июня т.г. разработать и внести в Правительство соответствующий законопроект о кооперации в сельском хозяйстве.
🟦До 1 сентября т.г. обеспечить полноценное функционирование информационной системы в сфере АПК для повышения прозрачности и эффективности системы господдержки, отслеживать исполнение встречных обязательств получателями субсидий.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
▫️ Премьер-министр білім беру мен денсаулық сақтаудағы жүйелі мәселелерді, оның ішінде цифрландыру және шығыстардың ашықтығын арттыру арқылы шешу міндеттерін қойды. Кадр даярлау, медициналық ақпараттық жүйені цифрландыру, үй шаруашылықтарының цифрлық профильдерін…
▫️ Премьер-министр поставил задачи по устранению системных проблем в образовании и здравоохранении, в том числе через цифровизацию и повышение прозрачности расходов. Отдельный акцент сделан на подготовке кадров, цифровизации медицинской информационной системы, формированию цифровых профилей домохозяйств, а также интеграции различных форм помощи в системе «Социальный кошелек».

🟦Министерствам просвещения, науки и высшего образования совместно с Министерством финансов, акиматами регионов в месячный срок внести в Правительство предложения по повышению эффективности использования бюджетных средств на всех уровнях образования.
🟦Министерству труда совместно с министерствами науки, просвещения и палатой «Атамекен» к 1 апреля создать Национальный центр трансформации профессий.
🟦Министерствам здравоохранения, искусственного интеллекта и финансов до 1 апреля т.г. завершить внедрение Единого хранилища медицинских данных. Даны поручения по разработке Единой государственной медицинской информационной системы.
🟦Министерству финансов совместно с министерствами искусственного интеллекта и цифрового развития, здравоохранения до конца года оцифровать деятельность Фонда социального медицинского страхования.
🟦Министерству труда до 1 марта т.г сформировать социальные цифровые профили домохозяйств с применением Цифровой карты семьи, а также обеспечить оказание мер социальной поддержки через Единую цифровую платформу.
🟦Министерству искусственного интеллекта совместно с заинтересованными госорганами до конца года обеспечить интеграцию в системе «Социальный кошелек» различных форм соцподдержки.

💬Вы все видите масштаб стоящих перед нами целей и задач. Как отметил Глава государства, времени на раскачку нет. Необходимо принимать смелые и эффективные решения и оперативно их реализовать.

Еще раз подчеркну: рост доходов и благосостояния населения - конкретный результат нашей работы. Государственные органы и акиматы должны обеспечить качественное и своевременное исполнение поручений Президента💬, — подчеркнул Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкіметте қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал және профилактикалық екпемен қамту мәселелері қаралды

📌 Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңес өтті. Онда қызылшаның таралу мәселесі жеке қаралды.

📊 Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылда қызылшаға шалдығу деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 85%-ға төмендеген. Сонымен қатар жыл басынан бері ел аумағында қызылшаның 1 951 жағдайы тіркелген. Аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіштері Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Атырау облыстарында байқалады. Аталған жағдайлардың басым бөлігі 5 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Ауруға шалдыққандардың көпшілігі – вакцина алмаған балалар. Оның ішінде екпеден бас тарту себепті егілмегендер де бар екені атап өтілді.

🔹 Кеңес барысында қызылша бойынша сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлердің әкім орынбасарларының баяндамалары тыңдалды.

🔹 Премьер-министрдің орынбасары өңірлік штабтар деңгейінде қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуалды күн сайын талдап отырудың маңыздылығын атап өтіп, жергілікті жерлердегі басшылардың жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударды.

🔹 Сондай-ақ профилактикалық екпемен қамту мәселесі жеке қаралды. Бірқатар өңірлерде жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмегені айтылды. Әсіресе Маңғыстау облысында негізгі вакциналардың барлық түрі бойынша қамту деңгейі төмен күйінде қалып отыр. Мұндай алшақтықтар инфекциялық аурулардың таралу қаупін күшейтетіндіктен, бастапқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде нысаналы және жүйелі жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді.

✔️ Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ халық арасында иммундаудың маңыздылығы жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл бағыттағы жұмысты, ең алдымен, Маңғыстау облысында күшейту қажет екені айтылды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкіметте қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал және профилактикалық екпемен қамту мәселелері қаралды 📌 Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңес өтті.…
В Правительстве рассмотрели эпидситуацию по кори и охваты профилактическими прививками

📌 Под председательством заместителя Премьер-министра – министра культуры и информации РК Аиды Балаевой в Правительстве проведено совещание по вопросам распространения инфекционных заболеваний. Отдельной темой был рассмотрен вопрос распространения кори.

📊 По данным Министерства здравоохранения, по итогам прошлого года заболеваемость корью снизилась на 85% по сравнению с 2024 годом. Вместе с тем, с начала года зарегистрирован 1951 случай кори. Наиболее высокий уровень заболеваемости отмечен в городах Астана и Алматы, а также Жамбылской и Атырауской областях. Отмечено, что основная доля приходится на детей до 5 лет, при этом среди заболевших преобладают непривитые дети, в том числе в связи с отказами от вакцинации.

🔹 Также были заслушаны доклады заместителей акимов регионов с высоким уровнем заболеваемости корью.

🔹 Заместитель Премьер-министра подчеркнула необходимость ежедневно анализировать эпидемиологическую ситуацию по кори в региональных штабах при акиматах, а также отметила персональную ответственность руководителей на местах.

🔹 Отдельно был рассмотрен вопрос по охвату профилактическими прививками. В ряде регионов сохраняется недостижение целевых показателей, особенно в Мангистауской области, где охваты не достигнуты по всем основным видам вакцин. Подчеркнуто, что такие разрывы создают условия для распространения инфекций и требуют усиления адресной работы на уровне первичного звена.

✔️ По итогам совещания Аида Балаева поручила взять на особый контроль эпидемиологическую ситуацию по кори, а также активизировать информационно-разъяснительную работу с населением о важности иммунизации, прежде всего в Мангистауской области.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк 2026-2031 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа негіздемелік стратегиясын талқылады

📌 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанмен 2026-2031 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа негіздемелік стратегиясы бойынша консультацияларға арналған Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен кездесу өткізді.

💬Біз Дүниежүзілік банкпен әріптестікті жоғары бағалаймыз. Ұсынылған стратегия сараптама, қаржыландыру және бірлескен бастамалар арқылы біздің реформаларды қолдау үшін негіз жасайды💬, — деп атап өтті вице-премьер.


▫️ Көлік және цифрлық байланысты дамытуды, су және энергетика секторларында көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды, қаржы нарығын дамытуды, жеке инвестицияны ынталандыруды, климаттық саясатты күшейтуді және жаңартылатын энергия көзін пайдалануды арттыруды қосқанда, стратегия жобасында белгіленген басымдықтар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық құжаттары мен мақсаттарына сәйкес келеді.

▫️Банктің алты жыл ішінде жыл сайын $1 млрд-қа дейін қаржыландыруға дайындығы да атап өтілді. Вице-премьердің айтуынша, бұл жеке секторды нығайту, инфрақұрылымды дамыту мен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қосымша жағдай жасайды. Реформаларды талдамалық сүйемелдеу Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен Экономикалық зерттеу бағдарламасы шеңберінде жалғасады.

➖

Казахстан и Всемирный банк обсудили новую Рамочную стратегию партнерства на 2026-2031 годы

📌 Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин провел встречу с представителями Группы Всемирного банка по вопросам формирования новой Рамочной стратегии партнерства с Казахстаном на 2026–2031 годы.

💬Мы высоко ценим партнерство со Всемирным банком. Предлагаемая стратегия создает основу для поддержки наших реформ через экспертизу, финансирование и совместные инициативы💬 , — отметил вице-премьер.


▫️ Приоритеты, обозначенные в проекте стратегии, включая развитие транспортной и цифровой связанности, климатической повестки, повышение качества услуг в водном и энергетическом секторах, развитие финансовых рынков, стимулирование частных инвестиций, расширение использования возобновляемых источников энергии, соответствуют стратегическим документам и целям социально-экономического развития Казахстана.

▫️ Отмечена готовность Всемирного банка обеспечить финансирование в объеме до $1 млрд ежегодно в течение шести лет. По словам вице-премьера, это создаст дополнительные условия для укрепления частного сектора, развития инфраструктуры и повышения конкурентоспособности экономики. Аналитическое сопровождение реформ продолжится в рамках Программы совместных экономических исследований Правительства Казахстана и Всемирного банка.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің
2025 жылды қорытындылауға арналған Алқа отырысы өтті
 
📌 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен 2025 жылдың қорытындысы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Алқа отырысы өтті.
 
👥 Шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, мемлекеттік органдардың, өңірлер әкімдіктерінің, ұлттық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелері мен ведомствоға қарасты ұйымдардың өкілдері қатысты.
 
▪️ Отырыс барысында Министрліктің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жоспарлары қаралды.
 
💬 Алқа отырысын ашқан Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында және Үкіметтің кеңейтілген отырысында Министрлік алдына бірқатар нақты міндеттер қойылғанын атап өтті.
 
«2025 жылдың қорытындылары өнеркәсіп пен құрылыс саласының жаңа даму кезеңіне қадам басқанын дәлелдейді. Өндірістің өсуі, тұрғын үйдің рекордтық көлемде пайдалануға берілуі, жаңа инвестициялық жобалар және жер қойнауын пайдалану саласындағы реформалар – бұл әрі қарай сапалы серпіліс жасауға негіз болатын берік іргетас», — деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

 
🏭 Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім
 
📊 Өнеркәсіп және құрылыс министрінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсімі 6,4%-ға жетті.
 
▪️ Оң динамика металлургия (1,2%-ға), машина жасау (12,9%-ға), химия өнеркәсібі (9,8%-ға), құрылыс материалдары өндірісі (9,7%-ға), резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі (7,6%-ға) және басқа да салалардағы өсім есебінен қамтамасыз етілді.
 
▪️ Жалпы сомасы шамамен 1,5 трлн теңгені құрайтын 190 жоба пайдалануға беріліп, 22 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.
 
✅ Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі іске қосылып, жүйеде 800-ден астам компания тіркелді.
 
✅ Үш жаңа арнайы экономикалық аймақ («Ақтөбе», «Атырау» және «Қорқыт Ата» АЭА) құрылып, ірі жобалар бойынша 13 инвестициялық келісімге қол қойылды.
 

🏗 Құрылыстағы рекордтық көрсеткіштер
 
💬 Ерсайын Нағаспаев атап өткендей, құрылыс саласында да оң нәтижелерге қол жеткізілді.
 
📊 Жоспарланған 19,2 млн шаршы метрдің орнына 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 185 мыңнан астам тұрғын үйді құрайды (НКИ – 105,1%). Бұл көрсеткіш алдыңғы кезең деңгейінен асып, жаңа рекорд орнатылды.
 
✅ Сондай-ақ саланың тұрақты дамуына негіз болатын жаңа Құрылыс кодексі қабылданды.
 

🔹 Жер қойнауын пайдалану саласындағы реформалар
 
💬 Өнеркәсіп және құрылыс министрінің ақпаратына сәйкес, жер қойнауын пайдалану саласын реттейтін Жер қойнауы туралы кодекске өзгерістер енгізілді. Құжат аясында елдің минералдық-шикізат базасын толықтыруға және орнықты дамытуға бағытталған заңнамалық және институционалдық реформалар іске асырылды.
 
✅ Мемлекеттік есепке Көк-Жон, Алтын-Шоқы, Самомбет, Студенттік және Тақыр-Қалжырды қоса алғанда 17 жаңа кен орны қабылданды.
 
▪️ Ағымдағы жылы жаңа буынның 1:50 000 масштабтағы егжей-тегжейлі карталарын жасау шеңберінде ел аумағының 100 мың шаршы шақырымы зерттеледі, кейіннен бұл көлем жыл сайын 30 мың шаршы шақырымға ұлғайтылатын болады. Картаға түсіру жұмыстарын жүргізуге қойылатын жаңа талаптар бекітіліп, 20 жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
 

💻 Цифрландыру
 
💬 Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы жұмыс істейді. Онда 22 мемлекеттік қызмет қолжетімді, электрондық аукциондар және қол қою бонусын онлайн төлеу жүйесі іске асырылған. Жалпы 700-ден астам лицензия берілген. Шамамен 4,6 млн геологиялық есеп цифрландырылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️ 2025 жылдың соңында құрылыс мониторингіне компьютерлік көру және жасанды интеллект енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Жүйе бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын автоматты түрде салыстырып, құрылыс басталғанға дейін сәйкессіздіктерді анықтайды. Бұл бұрын тек кейіннен анықталатын байланыстыру, «қызыл сызықтар» және функционалдық аймақтардағы қателіктерді ерте кезеңде болдырмауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жасанды интеллект қала құрылысы бақылауын қолмен әрі субъективті форматтан жүйелі және болжамды деңгейге көшіреді. Бұл заңсыз құрылыс тәуекелдерін төмендетіп, аумақтық жоспарлау сапасын арттырады.
 
⚙️ Сонымен қатар өткен жылы энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаның жобаларын басқарудың жанама цифрлық платформасы іске қосылды. Ол бастамаларды іріктеуден бастап, іске асыруды мониторингтеуге дейінгі бүкіл циклді бір контурда біріктіреді: өтінімдерді қалыптастыру, EPC-модель бойынша мердігерді анықтау, жобалық құжаттаманы әзірлеу, оффтейк-келісімшарттар мүмкіндігі бар тауарларды сатып алу және орындалуды аналитикалық бақылау.
 

📌 2026 жылға арналған жоспарлар
 
💬 Жиын барысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері Олжас Сапарбеков, Қуандық Қажкенов, Иран Шархан және Жәннат Дүбірова 2025 жылғы нәтижелері жөнінде есеп беріп, Министрлік қызметінің негізгі бағыттары бойынша алдағы кезеңге арналған жоспарларды жан-жақты таныстырды.
 
⏩Атап айтқанда, 2026–2027 жылдары құрылыс саласында цифрлық реформаны іске асыру жоспарлануда. Цифрлық трансформация құрылыс үдерісінің барлық кезеңін – жобалаудан бастап «ақылды» пайдалануға дейін қамтитын болады.
⏩ТКШ саласында азаматтарға қызмет көрсетудің бірыңғай цифрлық моделіне көшу жүзеге асырылады. Smart Turmys платформасында 2026 жылы халыққа арналған электрондық коммуналдық қызметтер іске қосылады.
⏩2026–2028 жылдары коммуналдық ресурстарды есептегіш құралдарды жаппай орнату және есепке алу жүзеге асырылады. Бұл су, жылу және электр энергиясы бойынша ақылды есептегіштерді енгізуді және деректерді автоматтандырылған жинауды қамтиды.
⏩2026 жылы «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2,8 мың шақырым су бұру желілерін және 5 мың шақырым су құбыры желілерін жаңарту жоспарланған. Нәтижесінде 2030 жылға қарай олардың тозу деңгейі тиісінше 33% және 41%-ға дейін төмендетіледі.
⏩Өнеркәсіпте стандарттарды кезең-кезеңімен бекіте отырып, кең ауқымды цифрландыруға көшу күтілуде. 2026 жылы нормативтік база қалыптастырылып, ал 2027 жылдан бастап цифрлық егіздер өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін міндетті стандартқа айналады. Бұл негізгі өндірістік процестердің басқарылатын цифрлық контурға көшетінін білдіреді.
⏩Келесі кезең – геологиялық барлауда Big Data және жасанды интеллектті енгізу. Мақсат – геологиялық деректердің кемінде 90%-ын қамту, архивтерді машина оқитын форматқа көшіру және 3D-визуализациясы бар құрылымдалған ГАЖ-база құру. Бұл шашыраңқы деректерден интерактивті үш өлшемді жер қойнауы картасына көшуге және жасанды интеллект шешімдерін Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасымен толық интеграциялауға мүмкіндік береді.
⏩Министрлік тарапынан 2026–2030 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспарын және тоқыма өнеркәсібін дамыту жөніндегі жол картасын бекіту, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп тауарларын міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM