UKIMET
✔
21.4K subscribers
16.7K photos
2.98K videos
10.4K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Aitu https://i2.app.link/ZeD
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
Download Telegram
Экономиканың нақты секторын қолдауға 8 трлн теңге бағытталады

📌 Импортқа тәуелділікті төмендету және ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз ету үшін Үкімет қаржылық қолдаудың жаңа құралдарын қолданады. «Инвестицияға тапсырыс» тетігін енгізу және «Бәйтерек» холдингін 1 трлн теңгеге дейін капиталдандыру жөніндегі жоспарлар туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин хабарлады.

Оның айтуынша, экономиканың нақты секторы шамамен 8 трлн теңге көлемінде қолдау шараларымен қамтылады.

Инфляцияның себептерінің бірі болып саналатын базалық тауарлар тапшылығын жоюға баса назар аударылады. Қазіргі уақытта азық-түлік секторында 12 бағыт және азық-түлікке жатпайтын секторда 24 бағыт айқындалды. 2030 жылға дейін «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары арқылы шамамен $100-120 млрд сомаға өнеркәсіптік жобаларды қаржыландыру жоспарлануда.

💬Ішкі нарықты отандық тауарлармен жүйелі түрде қамтамасыз ету үшін «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгінде инфляциялық қысымның негізгі себептерінің бірі – тұтыну және тұтыну емес сегменттерде отандық өндірістегі бірқатар базалық тауарлардың тапшылығы. Біздің мақсат – ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті төмендету. Экономикалық өсудің проактивті саясаты Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттердің орындалуын қамтамасыз ете отырып, экономиканы индустрияландыру мен әртараптандырудың негізгі құралына айналады💬, — деді Серік Жұманғарин.


➖

8 трлн тенге направят на поддержку реального сектора экономики

📌 Для снижения импортозависимости и насыщения рынка отечественными товарами Правительство применяет новые инструменты финансовой поддержки. О деталях внедрения механизма «Заказ на инвестиции» и планах по капитализации холдинга «Байтерек» до 1 трлн тенге сообщил заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин.

По его словам, совокупный объем мер для развития реального сектора экономики будет доведен до 8 трлн тенге.

Основной упор делается на устранение дефицита базовых товаров, который является одной из причин инфляции. В частности, определено 12 ключевых направлений в продовольственном секторе (от переработки мяса и молока до сахара и плодоовощной продукции) и 24 – в непродовольственном (бытовая техника, стройматериалы, химия). До 2030 года через структуры холдинга «Байтерек» планируется профинансировать промышленные проекты на сумму порядка $100-120 млрд.

💬Суть механизма «Заказ на инвестиции» – в системном насыщении внутреннего рынка отечественными товарами. Сегодня одной из ключевых причин инфляционного давления является дефицит ряда базовых товаров. Наша цель – обеспечить рынок своей продукцией и снизить импортозависимость. Проактивная политика станет ключевым инструментом индустриализации и диверсификации экономики, обеспечивая выполнение стратегических задач, поставленных Главой государства💬, — сообщил Серик Жумангарин.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда автокомпоненттер өндірісін локализациялау орталығы құрылады

📌 ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында республикадағы автомобиль өнеркәсібінің дамуы туралы баяндады.

Ол автомобиль өндірісі өткен жылы рекордтық өсім көрсетіп, машина жасау секторының 41,7%-ын құрағанын атап өтті. 171 мыңнан астам көлік шығарылды, оның 159 мыңы – жеңіл автомобильдер.

Екі жаңа жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды, олар – Chery, Haval, Changan брендтері бар Алматыдағы мультибренд зауыты және Қостанайдағы Kia Qazaqstan зауыты.

💬Осындай зауыттардың іске қосылуы автокомпоненттер өндірісін локализациялауға серпін беріп отыр. Мысалы, өткен жылы Алматы индустриялық аймағында автокомпоненттер технопаркі іске қосылды. Онда автокөліктерге арналған мультимедиа жүйелері мен орындықтар өндіріледі💬, — деді Ерсайын Нағаспаев.


Саран қаласында «Tengri Tyres» зауытында автомобиль шиналары шығарылуда. Қостанайдағы «KamLitKZ» зауытында шойын құятын заманауи технологиялар мен автоматтандырылған жүйелерді пайдаланатын шойын құю өндірісі іске қосылды.

Сонымен қатар «Allur» компаниясы автокомпоненттер өндірісін локализациялау орталығының құрылысына кірісті.

Одан бөлек алдағы үш жылда ­– жылыту және кондиционерлеу жүйелері, тежегіш, салон мен еденге арналған пластикалық бөлшектер сияқты автокомпоненттерді локализациялау бойынша жаңа жобаларды іске қосу жоспарлануда.

➖

Центр по локализации производства автокомпонентов создадут в Казахстане


📌 Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства доложил о развитии автомобильной промышленности в республике.

Он отметил, что в прошлом году автомобильная промышленность показала рекордный рост, обеспечив долю более 41,7 % в структуре машиностроительного сектора. Выпущено более 171 тыс. транспортных средств, из которых 159 тыс. – легковые автомобили.

Запущены два новых высокотехнологичных производства – мультибрендовый завод в Алматы с брендами Chery, Haval, Changan и завод Kia Qazaqstan в Костанае.

💬Запуск таких заводов дает дополнительный импульс для локализации производства автокомпонентов. Так, в прошлом году в Индустриальной зоне Алматы запущен технопарк автокомпонентов, где организовано производство мультимедийных систем для автомобилей и автосидений💬, — добавил Ерсайын Нагаспаев.


В частности, в г. Сарань на заводе «Tengri Tyres» налажено производство автомобильных шин. В г. Костанай на «KamLitKZ» организовано производство чугунного литья с использованием современных технологий и автоматизированных систем для точного литья.

Также компания «Allur» приступила к строительству центра по локализации производства автокомпонентов.

Кроме того, в ближайшие три года планируется запуск новых проектов по локализации автокомпонентов, таких как системы обогрева и кондиционирования, тормозные и топливные трубки, а также пластиковые детали салона и напольных покрытий.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сирек металдар өндірісінің қазақстандық желісі жаңа өнімдермен толықтырылды

📌 ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында республикадағы сирек металдар секторының әлеуеті туралы баяндады.

Министр сирек металдар секторының экономиканы әртараптандыру және жоғары технологиялық өндірістерді құру үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтті.

Қазірде отандық өнім экспортқа шығарылады және әлемдік ірі өндірушілердің авиация, теңіз техникасы, электроника және электр көліктері өндірісінде қолданылады.

Соңғы екі жылда отандық өндіріс ассортименті жаңа өнімдермен толықты. Мысалы, техникалық селен және жоғары таза марганец сульфатының моногидраты альтернативті энергетика саласында қолданылады.

💬Биыл галлий шығаратын өндіріс іске қосылады. Өткен жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысының Жапонияға сапары кезінде ERG мен Mitsubishi Corporation арасында аталған металлды жеткізу бойынша офтейк-келісімшартқа қол қойылды. Сонымен қатар жылына 2,4 мың тонна тазартылған сурьма өндірісін іске қосу жоспарлануда. Осылайша, еліміз металлургияның midstream сегментіндегі негізгі елдер қатарына кірді💬, — деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.


➖

Линейка казахстанского производства редких металлов дополнилась новой продукцией


📌 Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства доложил о потенциале сектора редких металлов в республике.

Министр подчеркнул, что сектор редких металлов обладает огромным потенциалом для диверсификации экономики и создания высокотехнологичных производств.

На сегодня отечественная продукция ориентирована на экспорт и потребляется ведущими мировыми производителями авиационной и морской техники, электроники, электромобилей.

За последние 2 года линейка казахстанского производства дополнилась новыми продукциями, такими как технический селен и высокочистый моногидрат сульфата марганца, которые используются в альтернативной энергетике.

💬В текущем году будет введена в эксплуатацию линия по выпуску галлия. В рамках визита Главы Государства в Японию в декабре прошлого года между ERG и Mitsubishi Corporation подписан офтейк-контракт на поставку данного металла. Также, планируется запуск производства рафинированной сурьмы мощностью 2,4 тыс тонн. Таким образом, Казахстан представляется одной из основных стран в Midstream-сегменте ГМК💬, — добавил Ерсайын Нагаспаев.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінде жаңа жобаларды іске қосу жоспарлануда, бұл өндіріс көлемін $7,3 млрд-қа жеткізеді

📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңдеу өнеркәсібінің одан әрі дамуын айқындайтын 17 ірі жоба таңдалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

Ол министрлік 9 жоба бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Олардың екеуі өткен жылы іске қосылды. Қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда.

💬Барлық 9 жоба толық қуатқа шыққанда өндіріс көлемі $7,3 млрд-қа дейін жетеді деп күтілуде. Бұл импортқа тәуелділікті азайтуға және экспорт әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді💬, — деді Ерсайын Нағаспаев.


➖

В Казахстане планируют запустить новые проекты в обрабатывающей промышленности, что обеспечит объем производства в $ 7,3 млрд

📌 В рамках поручения Главы государства отобраны 17 ключевых проектов, определяющих дальнейшее развитие обрабатывающей промышленности. Об этом на заседании Правительства сообщил министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев.

Он отметил, что министерством ведется работа по 9 проектам. Два из них запущены в прошлом году. Работа по остальным продолжается.

💬Полный запуск всех 9 проектов обеспечит объем производства в $7,3 млрд, что позволит снизить импортозависимость и расширить экспортный потенциал страны💬, — добавил Ерсайын Нагаспаев.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтты

📌 ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді кеңейту және тереңдету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Ол қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы тұрақты және серпінді дамып келе жатқанын атап өтті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 3,9 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 8,1%-ға жоғары; негізгі капиталға салынған инвестициялар 2 есе өсіп, 389,4 млрд теңгеге жетті; 2025 жылғы 11 айда өңделген өнімнің экспорты $3,2 млрд болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 33,8%-ға артық.

💬Бұдан басқа, АӨК экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 52%-ды құрайды. Мұның бәрі өндірісті әртараптандыруға және қосылған құны жоғары өнім үлесін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі💬, — деді Айдарбек Сапаров.


➖

Казахстан увеличил экспорт переработанной сельхозпродукции


📌 Министр сельского хозяйства РК Айдарбек Сапаров на заседании Правительства доложил о принимаемых мерах по расширению и углублению переработки сельхозпродукции.

Он отметил, что в настоящее время отрасль переработки сельскохозяйственной продукции демонстрирует устойчивую и динамичную траекторию развития.

По итогам 2025 года объем производства продуктов питания составил 3,9 трлн тенге, что на 8,1% выше уровня 2024 года; инвестиции в основной капитал выросли в 2 раза и достигли 389,4 млрд тенге; за 11 месяцев 2025 года экспорт переработанной продукции составил $3,2 млрд, что на 33,8% выше аналогичного периода прошлого года.

💬Кроме того, доля переработанной продукции в общем объеме экспорта АПК составляет 52%. Все это результат системной работы, направленной на диверсификацию производства и увеличение доли продукции с высокой добавленной стоимостью💬, — добавил Айдарбек Сапаров.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда тері мен жүнді қайта өңдеу бойынша өндірістік қуаттарды қалпына келтіру жоспарлануда

📌 Қазақстанда тері мен жүнді қайта өңдеу бойынша өндірістік қуаттарды кезең-кезеңімен қалпына келтіру және жаңғырту жүзеге асуда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Министр 2025 жылы ірі нысандар пайдалануға берілгенін атап өтті. Олар:
🟦Ақтөбе қаласындағы қуаты 2,2 мың тонна «Қазфельтек» жүнін қайта өңдеу жобасы;
🟦Ақмола облысындағы қуаты 2,4 мың тонна «Агро Протеин» жемшөп қоспаларын өндіру жобасы.

💬Саланы одан әрі дамыту мақсатында 9,9 млрд теңгеге 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олар қосымша 1,3 млн тонна өңдеу қуатын іске қосады💬, — деді Айдарбек Сапаров.


➖

В Казахстане планируют восстановить производственные мощности по переработке шкуры и шерсти


📌 В Казахстане ведется поэтапное восстановление и модернизация производственных мощностей по переработке шкуры и шерсти. Об этом на заседании Правительства сообщил министр сельского хозяйства РК Айдарбек Сапаров.

Министр отметил, что в 2025 году введены в эксплуатацию крупные объекты:
🟦в городе Актобе проект по переработке
2,2 тыс. тонн шерсти «Казфелтек»;
🟦в Акмолинской области - проект по производству кормовых добавок мощностью 2,4 тыс. тонн «Агро Протеин».

💬В целях дальнейшего развития отрасли реализуются 8 инвестиционных проектов на 9,9 млрд тенге. Они дополнительно введут 1,3 млн тонн перерабатывающих мощностей💬, — добавил Айдарбек Сапаров.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның мұнай өңдеу қуаты 2033 жылға қарай жылына 40 млн тоннаға дейін өседі

📌 Энергетикалық секторды нығайту үшін Үкімет мұнай өңдеу қуатын ағымдағы 18,4 тоннадан жылына 40 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруда. Жұмыс істеп тұрған МӨЗ-ді жаңғырту барысы және қуаты 10 млн тонна жаңа зауыт салуға дайындық туралы энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев баяндады.

Атап айтқанда, ол жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын жоспарлы түрде кеңейту 2030 жылға қарай дизель отынының тапшылығын жоюға мүмкіндік беретінін, ал 2033 жылы төртінші зауытты іске қосу авиакеросинге деген қажеттілікті толық өтейтінін және К5 стандартындағы жоғары сапалы мұнай өнімдерін экспортқа шығаруды қамтамасыз ететінін хабарлады.

Сонымен қатар Қашаған кен орнында газ өңдеу қуаттарын арттыру жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылдың соңында ГӨЗ-1-дің іске қосылуы жылына 2,5 млрд текше метр тауарлық газ өндіруді қамтамасыз етеді. Мұнай-газ химиясы секторында басты назар терең өңдеуге бағытталған: полиэтилен, бутадиен және карбамид шығару жөніндегі жобаларды жүзеге асыру шикізатпен салыстырғанда өнім құнын 20 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. 2026 жылы Павлодар облысындағы алкилат өндіретін зауыттың құрылысы одан әрі қарқынды түрде жалғасады, бұл еліміздің ішкі қажеттіліктерін 100% қамтамасыз етеді.

💬Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2026-2033 жылдары елімізде қуаты жылына 10 млн тонна болатын жаңа МӨЗ-дің техникалық-экономикалық негіздерін әзірлеу, жобалау, салу және іске қосу бойынша жұмыстарын жүзеге асыра отырып, қайта өңдеу қуатын жылына 40 млн тоннаға дейін жеткізу көзделген.

Кеңейту жобалары мұнай өнімдерінің тапшылығын кезең-кезеңімен азайтуға мүмкіндік береді. 2033 жылы төртінші зауыт есебінен авиакеросин тапшылығы жойылып, көрші елдерге ЖЖМ экспорты басталады. Жұмыс істеп тұрған зауыттарда қайта өңдеу үлесі 94%-ға дейін өседі, ал отын сапасы К5 стандартына дейін артады💬, — деді Қайырхан Тұтқышбаев.


➖

Мощности нефтепереработки Казахстана вырастут до 40 млн тонн в год к 2033 году


📌 Для укрепления энергетической сектора Правительство реализует комплексный план по увеличению мощностей нефтепереработки с текущих 18,4 до 40 млн тонн нефти в год. О ходе модернизации действующих НПЗ и подготовке к строительству нового завода мощностью 10 млн тонн доложил вице-министр энергетики Кайырхан Туткышбаев.

В частности, он сообщил, что планомерное расширение действующих нефтеперерабатывающих заводов к 2030 году позволит исключить дефицит дизельного топлива, а ввод в эксплуатацию четвертого завода в 2033 году обеспечит полное закрытие потребностей в авиакеросине и выход на экспорт высококачественных нефтепродуктов стандарта К5.

Параллельно ведется работа по наращиванию газоперерабатывающих мощностей на месторождении Кашаган. Запуск ГПЗ-1 в конце 2026 года обеспечит производство 2,5 млрд м³ товарного газа в год. В секторе нефтегазохимии фокус смещен на глубокую переработку: реализация проектов по выпуску полиэтилена, бутадиена и карбамида позволит увеличить стоимость продукции до 20 раз по сравнению с сырьем. В 2026 году также продолжится активное строительство завода по производству алкилата в Павлодарской области, что обеспечит 100% покрытие внутренних потребностей страны.

💬В рамках исполнения поручения Главы государства в 2026-2033 гг. предусмотрены работы по технико-экономическому обоснованию, проектированию, строительству и пуску нового НПЗ мощностью 10 млн. тонн в год, с доведением перерабатывающих мощностей в стране до 40 млн тонн нефти год.

Реализация проектов расширения позволит поэтапно снизить нехватку нефтепродуктов. В 2033 году за счет четвертого завода будет исключен дефицит авиакеросина и начнется экспорт ГСМ в соседние страны. Глубина переработки на действующих заводах вырастет до 94%, а качество топлива повысится до стандарта К5💬, — сообщил Кайырхан Туткышбаев.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда импорттық ауыл шаруашылығы өнімдерін алмастыру үшін 200 ден астам жоба іске қосылады

📌 Президенттің экономикалық өсімнің жаңа моделіне көшу жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Үкімет ішкі нарықты отандық тауарлармен толық қамтуға назар аударып отыр. Үкімет отырысында «терең қайта өңдеу» жобаларын іріктеу тетіктері туралы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин баяндады.

Оның айтуынша, даму институттары ресурстарды 15-20 негізгі индустриялық алпауыттарды іске қосуға жұмылдырмақ, ал шағын бизнесті қолдау 7 млрд теңгеге дейінгі мемлекеттік кепілдікпен екінші деңгейдегі банктерге өтеді. Бұл мемлекетке металлургия, химия және АӨК импорттарын алмастыра алатын зауыттар жобасын тезірек қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге басты назар аударылуда. Салалық министрлікпен бірлесіп ет комбинаттары мен сүт зауыттарынан бастап тері мен жүнді қайта өңдеу цехтарына дейін 2,3 трлн теңге сомасына 208 жоба іріктелді.

Индустриялық блок бойынша металлургияда 3,9 трлн теңгеге 23 жоба жөніндегі жұмыстар жалғасуда, оның ішінде кальцийленген және каустикалық сода шығаруды қоса алғандағы, химия өнеркәсібін дамыту жобалары бар.

💬Қазіргі уақытта 3,4 трлн теңге сомасына 449 инвестициялық жобаның тізбесі қалыптастырылды. Негізгі басымдық – қосылған құны жоғары өнімді шығаруға көшу. Атап айтқанда, Қазақстан Даму банкі шикізаттық емес экспортты қолдауға 2 трлн теңге бағыттайды, ал Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы тамақ өнеркәсібі жобаларын 1 трлн теңгеге қаржыландыруды қамтамасыз етеді💬, — деді Рустам Қарағойшин.


➖

В Казахстане запустят более 200 проектов для замещения импортной сельхозпродукции


📌 В рамках поручений Президента по переходу к новой модели экономического роста Правительство сфокусируется на полном насыщении внутреннего рынка отечественными товарами. О механизмах отбора проектов «глубокого передела» на заседании Правительства доложил председатель Правления холдинга «Байтерек» Рустам Карагойшин.

По его словам, институты развития сосредоточат ресурсы на запуске 15-20 ключевых индустриальных гигантов, тогда как поддержка малого бизнеса до 7 млрд тенге перейдет в банки второго уровня под госгарантии. Это позволит государству быстрее финансировать заводы, способные заменить импорт в металлургии, химии и АПК.

В рамках обеспечения продовольственной безопасности основной упор сделан на глубокую переработку сельхозсырья. Совместно с профильным министерством уже отобрано 208 проектов на сумму 2,3 трлн тенге: от мясокомбинатов и молочных заводов до цехов по переработке кожи и шерсти.

В индустриальном блоке продолжается работа над 23 проектами в металлургии на 3,9 трлн тенге и развитием химической промышленности, включая выпуск кальцинированной и каустической соды.

💬В настоящее время сформирован перечень из 449 инвестиционных проектов на сумму 3,4 трлн тенге. Приоритетом является переход к выпуску продукции с высокой добавленной стоимостью. В частности, Банк развития Казахстана направит 2 трлн тенге на поддержку несырьевого экспорта, а Аграрная кредитная корпорация и КазАгроФинанс обеспечат финансирование проектов пищевой промышленности на 1 трлн тенге💬, — сообщил Рустам Карагойшин.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда экологиялық автомобиль және авиациялық отын өндіретін зауыт салынады

📌 KazFoodProduckts бас директоры Әлихан Талғатбек Үкімет отырысында компанияның агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті әртараптандыру бойынша табысты тәжірибесі туралы айтып берді.

KazFoodProduckts компаниясы 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында жұмыс істемейтін «Биохим» зауытын сатып алған. Қысқа мерзім ішінде ауқымды жаңғырту жүргізіліп, технологиялық процестер қалпына келтіріліп, кәсіпорынның іске қосылған.

💬Қазір біз жыл сайын 300 мың тонна астықты жоғары өңделген өнімдерге – крахмал, бидай глютені және биоэтанолға бөліп өңдейміз. Осының арқасында жай астық экспортымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары қосылған құн қалыптасады. Нәтижесінде өндірілген биоэтанол Еуропа елдеріне экспортталады, ал глютен бізге алыс шетелдердің, соның ішінде АҚШ пен Жапонияның нарықтарын ашты. Өз кезегінде крахмалды ТМД және Азия елдеріне негізгі жеткізуші болып отырмыз💬, — деді Әлихан Талғатбек.


Ол сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен және америкалық серіктестермен ынтымақтастықта ТМД-да экологиялық таза автомобиль және авиациялық отын (SAF) өндіретін алғашқы зауыт салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру басталғанын айтты. Зауыттың қуаттылығы – 50 мың тонна, ал инвестициялар шамамен $200 млн.

➖

Завод по производству экологичного автомобильного и авиационного топлива построят в Казахстане

📌 Генеральный директор KazFoodProduckts Алихан Талгатбек на заседании Правительства рассказал об успешном опыте компании по диверсификации производства в агропромышленном комплексе.

Компанией «KazFoodProducts» в 2017 году был приобретен неработающий завод «Биохим» в Тайыншинском районе Северо-Казахстанской области. За короткий период была проведена масштабная модернизация, восстановлены технологические процессы, обеспечен запуск предприятия.

💬Теперь мы ежегодно перерабатываем 300 тыс. тонн зерна в продукцию высокого передела – крахмала, пшеничного глютена и биоэтанола. Благодаря этому формируется значительно более высокая добавленная стоимость по сравнению с экспортом просто зерна. В результате производимый биоэтанол экспортируется в страны Европы, а глютен открыл для нас рынки стран дальнего зарубежья, в том числе в США и Японии. В свою очередь по крахмалу мы стали основными поставщиками в страны СНГ и Азии💬, — сообщил Алихан Талгатбек.


Он также добавил, что в сотрудничестве с АО НК «КазМунайГаз» и американскими партнерами начата реализация проекта по строительству первого в СНГ завода по производству экологичного автомобильного и авиационного топлива (SAF). Мощность завода составит 50 тыс. тонн топлива, а инвестиции порядка $200 млн.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream finished (1 hour)
Қазақстанда табақ шыны импортын алмастыру үлесі 50%-дан асты

📌 Өңдеу өнеркәсібін дамыту шеңберінде табақ шыны импортын алмастыру үлесі 50,2%-ға дейін ұлғайды. Бұл туралы Үкімет отырысында OrdaGlass компаниясының өкілі Ғалымжан Қуатов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл газ бағасын жеңілдікпен пайдаланғанның және инженерлік инфрақұрылымды дамыту нәтижесінде мүмкін болды.

China Glass Holdings Limited" халықаралық Холдингімен бірлесіп іске қосылған кәсіпорын жылына 197,1 мың тонна өнім шығарады. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі – 42 млрд теңге. Өндірісте 347 адам жұмыспен қамтылды, оның 292-сі жергілікті тұрғындар. Отандық кварц құмын пайдалану және жүйелі қолдау нәтижесінде зауыт жыл сайын өнім шығару көлемін ұлғайтуда.

Қазіргі уақытта кәсіпорын ішкі қажеттіліктерді қамтып қана қоймай (70%), сонымен қатар өнімдерді (30%) ТМД елдеріне, сондай-ақ Польша, Эстония, Латвия және Швейцария нарықтарына экспорттап отыр.

💬Бізге мамандарды тарту мәселелерін шешуді және газ құнын төмендетуді қоса алғанда, тұрақты жұмысты қамтамасыз ету үшін елеулі көмек көрсетілді. Бұл соңғы үш жылда шамамен 500 мың тонна шыны өндіруге мүмкіндік берді, бұл ретте көрсеткіш 12,9%-ға, 2023 жылғы 155 мың тоннадан 2025 жылы 175 мың тоннаға дейін өсті. Нәтижесінде 2025 жылы экспорт көлемі 95 мың тоннаға жетті, бұл 2023 жылғы деңгейден 30,5%-ға жоғары💬, — деді Ғалымжан Қуатов.


➖

Доля импортозамещения листового стекла в Казахстане превысила 50%


📌 В рамках развития обрабатывающей промышленности доля замещения импорта листового стекла увеличилась до 50,2%. Об этом на заседании Правительства сообщил представитель ТОО «OrdaGlass LTD» Галымжан Куатов. По его словам, это стало возможным благодаря внедрению инструментов льготной стоимости газа и развитию инженерной инфраструктуры.

Предприятие, запущенное совместно с международным холдингом «China Glass Holdings Limited», вышло на годовую мощность в 197,1 тыс. тонн продукции. Общий объем инвестиций в проект составил 42 млрд тенге. На производстве обеспечена занятость 347 человек, из которых 292 являются местными жителями. Благодаря использованию отечественного кварцевого песка и получению системной поддержки, завод ежегодно наращивает объемы выпуска продукции.

В настоящее время предприятие закрывает не только внутренние потребности (70%), но и экспортирует продукцию (30%) в страны СНГ, а также на рынки Польши, Эстонии, Латвии и Швейцарии.

💬Нам была оказана значимая помощь для обеспечения стабильной работы, включая решение вопросов привлечения специалистов и снижение стоимости газа. Это позволило за последние три года произвести порядка 500 тыс. тонн стекла, при этом показатель вырос на 12,9% – со 155 тыс. тонн в 2023 году до 175 тыс. тонн в 2025 году. В результате объем экспорта в 2025 году достиг 95 тыс. тонн, что на 30,5% выше уровня 2023 года💬, — сообщил Галымжан Куатов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ЖІӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі өндіруші сектордан асып түсті: ҚР Премьер-министрі серпінді арттыруды тапсырды

📌 Үкіметте Президенттің тапсырмаларын орындау шаралары қаралды. Өнімділікті арттырудың негізгі тәсілдері туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев, «Бәйтерек» ҰИХ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, KazFoodProduckts компаниясының бас директоры Әлихан Талғатбек, шыны өндіретін OrdaGlass компаниясының өкілі Ғалымжан Қуатов баяндады.

💬 Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында заманауи өнеркәсіптің негізін қалыптастыру және өңдеу өнеркәсібін дамыту қажеттігін атап көрсетті. Жалпы ішкі өнім құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі кен өндіруші сектордан асып түсті. Осы қарқынды сақтап қана қоймай, одан әрі еселей түсу керек. Жаңа кластерлерді құру өнімді жоғары деңгейде өңдеу жүйесіне көшуге мүмкіндік береді💬, — деп атап өтті Олжас Бектенов.


Биыл өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,4%-ға артты. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама жоғары көрсеткіш (2025 жылдың қаңтар айында – 3,7%).

💬Экономиканы әртараптандыру және өсім жоспарларын орындау үшін өндірістік қуаттарды арттырып, шикізаттық емес секторда терең өңдеуді дамытатын нақты іс-шаралар қажет. Ең перспективті бағыттарды айқындап, мол өнім беретін әрі экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажет. Аталған шаралар сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан экономиканың тұрақтылығын күшейтіп, экспорттық әлеуетті арттырады. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға және ұзақмерзімді ұлттық мүдделерге сай келетін заманауи индустриялық базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді💬, — деп атап өтті Премьер-министр.


➖

В структуре ВВП доля обрабатывающей промышленности превышает добывающий сектор: Премьер-министр РК поручил наращивать динамику

📌 В Правительстве рассмотрели меры по исполнению поручений Президента. Об основных подходах по повышению производительности доложили заместитель Премьер-министра РК – министр национальной экономики Серик Жумангарин, министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев, министр сельского хозяйства РК Айдарбек Сапаров, вице-министр энергетики Кайырхан Туткышбаев, председатель правления НИХ «Байтерек» Рустам Карагойшин, генеральный директор компании KazFoodProduckts Алихан Талгатбек, представитель компании по производству стекла OrdaGlass Галымжан Куатов.

💬Как вы знаете, на расширенном заседании Правительства Глава государства подчеркнул необходимость формирования современного промышленного каркаса и развития обрабатывающей промышленности. В структуре ВВП страны доля обрабатывающей промышленности уже превышает добывающий сектор. Эту динамику необходимо не только сохранить, но и наращивать. Создание новых кластеров позволит перераспределить производство с низкого передела на более высокий💬, — отметил Олжас Бектенов.


В текущем году прирост объема производства обрабатывающей промышленности увеличился на 4,4%. Это выше показателя аналогичного периода прошлого года (в январе 2025 года – 3,7%).

💬Для достижения планов по диверсификации и росту экономики нужны практические меры по расширению производственных мощностей и углублению переработки в несырьевых отраслях. Необходимо определить наиболее перспективные ниши в отраслях и реализовать в них высокопроизводительные и экспортоориентированные инвестиционные проекты. Это обеспечит повышение устойчивости экономики к внешним шокам, рост экспортного потенциала, создание новых рабочих мест и формирование современной индустриальной базы, соответствующей долгосрочным национальным интересам💬, — подчеркнул Премьер-министр.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жоғары деңгейде өңделген әрі технологиялық жағынан озық өнімдер шығару ісін жолға қою: Олжас Бектенов қайта өңдеу саласындағы жаңа жобалардың тізбесін ұсынуды тапсырды

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы нақты өндірісті қолдау, инвесторларды тарту және озық цифрлық технологияларды іске қосу бағытында шаралар қабылдау қажеттігін айтқанын атап өтті.

💬Өңдеу өнеркәсібінің құрылымын өзгерту қажет. Кейбір бағыттар бойынша әлі де болса төмен деңгейде өңделген өнімдердің үлесі басым. Яғни, бұл қосылған құнның негізгі бөлігі экономикамыздың аясынан тыс қалыптасып жатқанын білдіреді.

Біздің мақсатымыз – жоғары деңгейде өңделген әрі технологиялық жағынан озық өнімдер шығару ісін жолға қою. Бұл орайда жинақтаушы бөлшектер шығару, локализация деңгейін арттыру, заманауи технологияларды қолдану, өндірісті автоматтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру мәселесіне баса назар аудару керек💬, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.


Премьер-министр Өнеркәсіп, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктері мен «Бәйтерек» холдингіне бір ай мерзімде қайта өңдеу саласында қосылған құны және экспорттық әлеуеті жоғары өнімдер шығаратын жаңа өнеркәсіптік жобалардың нақты тізбесін ұсынуды тапсырды.

Іске қосылатын әр жоба өз алдына бөлек емес, экономикаға мультипликативті әсері тұрғысынан кешенді түрде қарастырылуы тиіс екені атап өтілді.

💬Іске қосылатын әр жоба өз алдына бөлек емес, экономикаға мультипликативті әсері тұрғысынан кешенді түрде қарастырылуға тиіс. Салалық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер перспективті инвестициялық жобаларды қажетті инфрақұрылымиен, ресурстармен, мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етсін💬, — деді Премьер-министр.


➖

Переход к выпуску сложной и технологичной продукции: Олжас Бектенов поручил представить перечень новых проектов в сфере переработки


📌 Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что на расширенном заседании Правительства Глава государства подчеркнул необходимость принятия мер по поддержке реального производства, привлечению инвесторов и внедрению передовых цифровых технологий.

💬Нам необходимо изменить структуру обрабатывающей промышленности. По ряду направлений по-прежнему сохраняется большая доля продукции низкого передела. Это означает, что основная добавленная стоимость формируется вне нашей экономики.

Наша цель – обеспечить устойчивый переход к выпуску более сложной и технологичной продукции. Речь идет о развитии производства комплектующих, повышении уровня локализации, внедрении современных технологий, автоматизации производств и росте производительности труда💬, — подчеркнул Олжас Бектенов на заседании Правительства.


Премьер-министр поручил министерствам промышленности, энергетики, сельского хозяйства, национальной экономики и холдингу «Байтерек» в месячный срок представить конкретный перечень новых промышленных проектов в сфере переработки, которые обеспечат создание продукции с высокой добавленной стоимостью и экспортным потенциалом.

Отмечено, что каждый вводимый проект должен рассматриваться не изолированно, а с точки зрения его мультипликативного эффекта на экономику.

💬Каждый вводимый проект должен рассматриваться не изолированно, а с точки зрения его мультипликативного эффекта на экономику. Отраслевые госорганы и акиматы должны обеспечивать перспективные инвестпроекты соответствующей инфраструктурой, ресурсами, мерами господдержки💬, — отметил руководитель Правительства.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream started
Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа: 1 сәуірге дейін қолдау шараларының ашықтығы үшін жобалардың өзекті пулы қалыптастырылады

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында KAZAKH INVEST компаниясына мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, «Самұрық-Қазына» қорымен және «Бәйтерек» холдингімен бірге осы жылдың 1-ші сәуіріне дейін ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ете отырып, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада жобалардың өзекті пулын қалыптастыруды тапсырды. Бұл қолданыстағы жобаларға қолдау шараларын көрсету барысында жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшиннің деректері бойынша қазіргі уақытта Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа базасында шамамен 80 трлн теңге сомаға 1 319 әлеуетті жобаның пулы бар. Алайда, бұл жобалар бойынша олардың дайындық деңгейі туралы ақпарат жоқ, жобалардың 30%-ы бірін-бірі қайталайды. Әкімдіктер тікелей ұсынған жобалар Платформада көрсетілмеген.

➖

Национальная цифровая инвестиционная платформа: до 1 апреля будет сформирован актуальный пул проектов для прозрачности мер поддержки


📌 Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства поручил компании KAZAKH INVEST совместно с госорганами, акиматами, Фондом «Самрук-Қазына» и холдингом «Байтерек» до 1 апреля т.г. сформировать актуальный пул проектов в Национальной цифровой инвестиционной платформе, обеспечив полноту и достоверность информации. Отмечено, что это позволит принимать оперативные решения при оказании мер поддержки действующим проектам.

По данным председателя правления НИХ «Байтерек» Рустама Карагойшина, в настоящее время имеется пул из 1 319 потенциальных проектов на сумму порядка 80 трлн тенге в базе НЦИП. При этом отмечено, что данный пул проектов не имеет информации об уровне их проработанности, до 30 % проектов дублируются между собой. Отдельно представленные проекты акиматами не отражены в НЦИП.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов қолжетімді полимер шикізатын жеткізудің ашық әрі тұрақты шарттарын қамтамасыз етуді тапсырды

Мұнай-газ химиясы – өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа бағыттарды дамытуға негіз болуға тиіс

💬Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізде мұнай-газ химиясы өнімдерін өңдеу деңгейі төмен екенін атап өтті. Аталған сала өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа бағыттарды дамытуға негіз болуға тиіс💬, — деді Премьер-министр Үкімет отырысында.


Олжас Бектенов:
🟦Энергетика және Өнеркәсіп министрліктеріне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, кейін отандық компаниялардың өңдеуіне қажетті ішкі нарыққа қолжетімді полимер шикізатын жеткізудің ашық әрі тұрақты шарттарын қамтамасыз етуді;
🟦Өнеркәсіп министрлігіне полимер өнімдерін одан әрі өңдеуге арналған жобалардың нақты пулын ұсынуды тапсырды.

➖

Олжас Бектенов поручил обеспечить прозрачные и стабильные условия поставки доступной полимерной продукции

Нефтегазохимия – основа для развития новых направлений в обрабатывающей промышленности

💬На расширенном заседании Правительства Глава государства справедливо отметил, что в стране недостаточный уровень переработки продукции нефтегазохимии. Отрасль должна рассматриваться как основа для развития новых направлений в обрабатывающей промышленности💬, — подчеркнул Премьер-министр на заседании Правительства.


Олжас Бектенов поручил:
🟦министерствам энергетики, промышленности совместно с Фондом «Самрук-Қазына» обеспечить прозрачные и стабильные условия поставки доступного полимерного сырья на внутренний рынок для последующей переработки отечественными компаниями.
🟦Министерству промышленности – представить конкретный пул проектов по дальнейшей переработке полимерной продукции.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Премьер-министр Өнеркәсіп министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп ірі нысандарды салу кезінде отандық материалдардың үлесін тұрақты түрде қадағалап отыру тапсырды

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында құрылыс саласы дәстүрлі түрде өнеркәсіптің дамуына айтарлықтай үлес қосып келетінін, алайда, бұл салада, әсіресе нысандарды жеке қаржы көздерінің есебінен салу кезінде импорттық құрылыс материалдарының үлесі жоғары болып отырғанын атап өтті.

💬Өнеркәсіп министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, ірі нысандарды, соның ішінде жеке инвестициялар есебінен жүргізілетін құрылыс жұмыстарында отандық материалдардың үлесін тұрақты түрде қадағалап отыруды тапсырамын💬, — деді Олжас Бектенов.


➖

Премьер-министр поручил Минпрому и акиматам обеспечить постоянный мониторинг доли отечественных материалов при строительстве крупных объектов


📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что традиционно строительная отрасль вносит значительный вклад в развитие промышленности, но на сегодня при строительстве объектов, особенно с частным финансированием, остается высоким уровень применения импортных стройматериалов.

💬Поручаю Министерству промышленности совместно с акиматами регионов обеспечить постоянный мониторинг доли отечественных материалов при строительстве крупных объектов, включая финансируемые за счет частных инвестиций💬, — подчеркнул Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов агроөнеркәсіп кешеніндегі жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын бизнесті қолдау құралдарын кеңейтуді тапсырды

Айналым қаражатын несиелеу мерзімі екі жылға дейін ұзартылады

📌 Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең қайта өңдеуді дамыту және импортқа тәуелділікті төмендету жөніндегі шаралар қаралды.

💬Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты құрылымында әлі күнге дейін астық пен ет сияқты шикізат түрлері басым. Мемлекет басшысы бұл мәселеге бірнеше рет назар аударды. Сондықтан терең өңделген өнімдер шығаруға күш салу қажет. Қазірдің өзінде мұндай жобалар бар және олар тиімділігін көрсетіп отыр💬, — деп атап өтті Премьер-министр.


Олжас Бектенов:
🟦Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын бизнесті қолдау құралдарын кеңейтуді;
🟦Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне айналым қаражатын несиелеу мерзімін екі жылға дейін ұзарту мәселесін шешуді тапсырды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін биыл 70%-ға дейін жеткізу тиістігі атап өтілді.

Қазіргі уақытта Үкімет мемлекеттік қолдаудың арнайы шараларын жүзеге асыруда. Атап айтқанда, астықты терең өңдеу жобалары бойынша инвестициялық субсидиялар 50%-ға дейін ұлғайтылды, жабдықтар импорты мен негізгі қызметті кейбір салықтардан босату көзделген.

Қабылданған шаралар кешені шикізат экспортына тәуелділікті төмендетуге ықпал етеді деп күтілуде, ал өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыру экономиканың ұзақ мерзімді орнықты дамуы үшін негіз болады.

➖

Олжас Бектенов поручил расширить инструменты поддержки бизнеса по выпуску продукции высокого передела в АПК


Срок кредитования оборотных средств будет увеличен до двух лет

📌 На заседании Правительства рассмотрены меры по развитию глубокой переработки сельхозпродукции и снижению зависимости от импортозависимости.

💬 До сих пор в структуре экспорта агропродукции преобладает сырье в виде зерна и мяса. Указанная проблема неоднократно отмечалась Главой государства. Необходимо сконцентрироваться на производстве продукции глубокой переработки. Такие проекты уже есть и показывают высокую рентабельность💬, — подчеркнул Премьер-министр.


Олжас Бектенов поручил:
🟦Министерству сельского хозяйства совместно с акиматами и холдингом «Байтерек» расширить инструменты поддержки бизнеса по выпуску продукции высокого передела.
🟦Министерствам финансов и сельского хозяйства решить вопрос увеличения срока кредитования оборотных средств до двух лет.

Отмечено, что доля переработки сельхозпродукции должна быть доведена в текущем году до 70%.

В настоящее время Правительством уже реализуются специальные меры господдержки. В частности, по проектам глубокой переработки зерна инвестиционные субсидии увеличены до 50 %, предусмотрено освобождение от основных налогов на импорт оборудования и основную деятельность.

Ожидается, что комплекс принимаемых мер будет способствовать снижению зависимости от экспорта сырья, а формирование новых точек роста послужат базой для долгосрочного устойчивого развития экономики.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Экономиканың нақты секторын қолдауға 8 трлн теңге бағытталады 📌 Импортқа тәуелділікті төмендету және ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз ету үшін Үкімет қаржылық қолдаудың жаңа құралдарын қолданады. «Инвестицияға тапсырыс» тетігін енгізу және «Бәйтерек»…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әлемдік тәжірибеге сәйкес экономикалық өсімді ынталандыру бойынша жұмыс жүргізу қажет — Олжас Бектенов

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында экономикалық өсімді ынталандырудың әлемдік тәжірибесін атап өтіп, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге тиісті тапсырмалар берді.

💬Қазір көптеген мемлекеттер экономикалық өсімді ынталандыруға қыруар қаржы бөлуде. Серік Мақашұлы, мен сізге тиісті ақпаратты жібердім. Мысалы, қазір Германия және басқа елдер осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуде.

Бізге де аталған бағытта жұмыс істеу керек. Қарқынды әрі сапалы экономикалық өсім қажет. Сондықтан жұмысты жалғастырыңыздар💬, — деп атап өтті Олжас Бектенов.


➖

Необходимо проводить работу по стимулированию роста экономики согласно мировой практике — Олжас Бектенов


📌 Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства отметил мировую практику поддержки роста экономики и дал соответствующие поручения заместителю Премьер-министра – министру национальной экономики Серику Жумангарину.

💬Сейчас многие государства для стимулирования роста экономики выделяют внушительные финансовые средства. Серик Макашевич, я вам направлял соответствующую информацию. К примеру, активную работу сейчас проводит Германия и другие страны.

Необходимо проводить такую же работу. Нам нужен интенсивный рост экономики. Безусловно, рост должен быть качественным, но и динамика очень важна💬, — подчеркнул Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
ШОБ-ты қолдау және спорттық инфрақұрылымды дамыту: Премьер-министр елордадағы жобалармен танысты 📍 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары аясында шағын және орта бизнес саласындағы жобалармен, сондай-ақ…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Біз талантты кәсіпкерлерді мемлекеттің тірегі ретінде қолдауға тиіспіз — Премьер-министр Олжас Бектенов

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Қазақстанның тамақ өнімдерін өндіру бағытындағы жоғары әлеуетін атап өтті. Мысал ретінде жақында Премьер-министр Астана қаласы бойынша жұмыс сапары барысында барған отандық компания келтірілді.

💬Нәтижелер бар деп айтуға болады, бірақ осы тамақ өнімдерін өндіру бағытында әлеует өте жоғары. Біз әлі күнге дейін өз нарығымызды толығымен қамтамасыз ете алмай жүрміз. Сондықтан мүмкіндіктер бар. Мысалы мен кеше Астанадағы «Тәп-тәтті» компаниясына бардым. Ол кішігірім кондитерлік цехтан бастап, 4-5 жылдың ішінде үлкен зауытқа айналды. 1,5 мың адам жұмыс істеп жатыр.

Осындай кәсіпкерлерді насихаттап, қолдауымыз керек. Кәсіпкерлікпен айналысу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Осындай таланты бар адамдарға қолдау көрсету қажет. Мұндай кәсіпкерлер – әрбір мемлекеттің негізгі тірегі. Оны дұрыстап түсіне білу керек. Барлық Үкімет мүшелеріне, әкімдерге айтатыным, осындай кәсіпкерлер барлық өңірде бар. Оларға барынша қолдау көрсетіңіздер💬, — деді Олжас Бектенов.


➖

Мы должны поддерживать талантливых предпринимателей как опору государства — Премьер-министр Олжас Бектенов

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства отметил высокий потенциал Казахстана в направлении производства продуктов питания. В качестве примера была приведена отечественная компания, на днях посещенная руководителем Правительства в ходе рабочей поездки по Астане.

💬Результаты по производству продуктов питания у нас есть, но в этом направлении потенциал очень высок, внутренний рынок обеспечен не полностью. К примеру, я вчера посетил в Астане завод компании «Тәп-тәтті». Начинали с маленького кондитерского цеха и в течение 4-5 лет построили большой завод, где на сегодня работает 1,5 тыс. человек.

Мы должны поддерживать таких предпринимателей, говорить об их успехах. Заниматься бизнесом может не каждый. Именно талантливые предприниматели являются опорой любого государства. Это надо правильно понимать. Всем членам Правительства, акимам хочу сказать – такие бизнесмены есть в каждом регионе, оказывайте им необходимую поддержку💬, — подчеркнул Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM