UKIMET
✔
21.4K subscribers
16.7K photos
2.98K videos
10.4K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Aitu https://i2.app.link/ZeD
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
Download Telegram
UKIMET
ШОБ-ты қолдау және спорттық инфрақұрылымды дамыту: Премьер-министр елордадағы жобалармен танысты 📍 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары аясында шағын және орта бизнес саласындағы жобалармен, сондай-ақ…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Біз талантты кәсіпкерлерді мемлекеттің тірегі ретінде қолдауға тиіспіз — Премьер-министр Олжас Бектенов

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Қазақстанның тамақ өнімдерін өндіру бағытындағы жоғары әлеуетін атап өтті. Мысал ретінде жақында Премьер-министр Астана қаласы бойынша жұмыс сапары барысында барған отандық компания келтірілді.

💬Нәтижелер бар деп айтуға болады, бірақ осы тамақ өнімдерін өндіру бағытында әлеует өте жоғары. Біз әлі күнге дейін өз нарығымызды толығымен қамтамасыз ете алмай жүрміз. Сондықтан мүмкіндіктер бар. Мысалы мен кеше Астанадағы «Тәп-тәтті» компаниясына бардым. Ол кішігірім кондитерлік цехтан бастап, 4-5 жылдың ішінде үлкен зауытқа айналды. 1,5 мың адам жұмыс істеп жатыр.

Осындай кәсіпкерлерді насихаттап, қолдауымыз керек. Кәсіпкерлікпен айналысу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Осындай таланты бар адамдарға қолдау көрсету қажет. Мұндай кәсіпкерлер – әрбір мемлекеттің негізгі тірегі. Оны дұрыстап түсіне білу керек. Барлық Үкімет мүшелеріне, әкімдерге айтатыным, осындай кәсіпкерлер барлық өңірде бар. Оларға барынша қолдау көрсетіңіздер💬, — деді Олжас Бектенов.


➖

Мы должны поддерживать талантливых предпринимателей как опору государства — Премьер-министр Олжас Бектенов

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства отметил высокий потенциал Казахстана в направлении производства продуктов питания. В качестве примера была приведена отечественная компания, на днях посещенная руководителем Правительства в ходе рабочей поездки по Астане.

💬Результаты по производству продуктов питания у нас есть, но в этом направлении потенциал очень высок, внутренний рынок обеспечен не полностью. К примеру, я вчера посетил в Астане завод компании «Тәп-тәтті». Начинали с маленького кондитерского цеха и в течение 4-5 лет построили большой завод, где на сегодня работает 1,5 тыс. человек.

Мы должны поддерживать таких предпринимателей, говорить об их успехах. Заниматься бизнесом может не каждый. Именно талантливые предприниматели являются опорой любого государства. Это надо правильно понимать. Всем членам Правительства, акимам хочу сказать – такие бизнесмены есть в каждом регионе, оказывайте им необходимую поддержку💬, — подчеркнул Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025 жылы экономикалық өсімнің төрттен бірінен астамын сауда саласы қамтамасыз етті

📌 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын ашты. Жиында 2025 жылдың қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды.

📊 Өткен жылдың қорытындысы бойынша сауда саласы еліміздің жалпы экономикалық өсімінің 26%-ын қамтамасыз етіп, экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ішкі тауар айналымы 80 трлн теңгеге жетті. Салаға 1,3 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылды. Шикізаттық емес экспорт $41 млрд құрады. Қызметтер экспорты 3,7%-ға өсіп, $12,3 млрд-қа жетті.

💬 Серік Жұманғариннің айтуынша, сауда өндіріс, бизнес және тұтынушы арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етіп, экономиканың тұрақты дамуына берік негіз қалайды.

💬Біздің міндетіміз – қол жеткізілген қарқынды сақтап қана қоймай, сауда жүйесін тиімділік пен бәсекеге қабілеттіліктің жаңа сапалы деңгейіне көтеру. Министрлік реттеуші орган рөлінен белсенді даму драйверіне айналуы тиіс. Бұл үшін көтерме және бөлшек сауда айналымын ұлғайту, ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету, “өндірушіден – сөреге дейінгі” тізбекті қысқарту, экспорт көлемін арттыру және сауданы көлеңкелі айналымнан жүйелі түрде шығару қажет💬, — деп атап өтті вице-премьер.


▫️ Сонымен қатар елдің ұзақ мерзімді дамуына ықпал ететін құрылымдық өзгерістер мен ауқымды реформаларды түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы да айтылды. Алқа отырысына қатысушылар жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға белсенді қатысуға шақырылды.

▫️ Мемлекет басшысының инфляция деңгейін экономикалық тұрғыдан негізделген шекке дейін төмендету жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне қысқа мерзім ішінде ішкі нарықты отандық азық-түлік тауарларымен толық қамту бойынша нақты шаралар әзірлеу міндеті жүктелді.

💬Биыл экономиканың нақты секторындағы жобаларды қаржыландыру үшін “Бәйтерек” холдингін 1 трлн теңгеге капиталдандыру көзделіп отыр. Инвестициялық тапсырыс аясында қазіргі уақытта едәуір көлемде импортталатын тауарлар өндірісін кеңейтуге бағытталған шамамен 1,5 мың жобадан тұратын алдын ала тізім қалыптастырылды. Оның ішінде 500-ден астамы агроөнеркәсіптік кешенге, 400-ден астамы өңдеу өнеркәсібіне, қалғаны инфрақұрылым саласына тиесілі.

Сауда және интеграция министрлігінің негізгі міндеті – осы жобалар шеңберінде өндірілетін өнімнің кепілді сатылымын қамтамасыз ету. Бұл – ауқымды жұмыс, сондықтан оны жүзеге асыру тетіктерін қазірден бастап нақтылау қажет💬, — деп қорытындылады вице-премьер.


▫️ Сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау, биржалық сауданы дамыту, салалық үдерістерді цифрландыру және жоғары қосылған құны бар өнім экспортын арттыру бағытындағы міндеттер де айқындалды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
2025 жылы экономикалық өсімнің төрттен бірінен астамын сауда саласы қамтамасыз етті 📌 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын ашты. Жиында 2025 жылдың қорытындылары…
Более четверти экономического роста 2025 года обеспечила торговля

📌 Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин открыл коллегию Министерства торговли и интеграции, на которой подведены итоги работы за 2025 год и определены задачи на 2026 год.

📊 По итогам прошлого года торговля обеспечила 26% общего экономического роста страны, подтвердив статус одного из ключевых драйверов экономики. Внутренний товарооборот достиг 80 трлн тенге. В отрасль привлечено 1,3 трлн тенге инвестиций. Несырьевой экспорт составил $41 млрд. Экспорт услуг увеличился на 3,7% – до $12,3 млрд.

💬 Серик Жумангарин подчеркнул, что торговля объединяет производство, бизнес и потребителя, формируя устойчивую основу экономического роста.

💬Наша задача – не только сохранить достигнутые темпы, но и вывести систему торговли на качественно новый уровень эффективности и конкурентоспособности. Министерство должно перейти от роли регулятора к роли активного драйвера роста: обеспечить увеличение оборота оптовой и розничной торговли, насыщение рынка отечественными товарами, стабильность поставок социально значимой продукции, сокращение цепочки «производитель – полка», наращивание экспорта и системный вывод торговли из тени💬, — отметил вице-премьер.


▫️ Особое внимание уделено разъяснению проводимых структурных изменений и масштабных преобразований, оказывающих влияние на долгосрочное развитие страны. Участников коллегии призвали принять участие в референдуме по принятию новой Конституции.

▫️ В рамках реализации поручений Главы государства по снижению инфляции до экономически обоснованного уровня перед Министерством торговли и интеграции и Министерством сельского хозяйства поставлена задача в сжатые сроки выработать конкретные меры по насыщению внутреннего рынка отечественными продовольственными товарами.

💬В этом году предусмотрена капитализация холдинга «Байтерек» на 1 трлн тенге для финансирования проектов реального сектора экономики. В рамках Заказа на инвестиции сформирован предварительный пул из порядка 1,5 тыс. проектов, направленных на расширение производства товаров, которые сегодня в значительной степени импортируются. Из них более 500 проектов относятся к агропромышленному комплексу, свыше 400 – к обрабатывающей промышленности, остальные – к инфраструктуре.

Задача Министерства торговли и интеграции — обеспечить гарантированный сбыт продукции, которая будет произведена в рамках этих проектов. Это серьезный объем работы, и подходы к его реализации необходимо вырабатывать уже сейчас💬, — подвел итоги коллегии вице-премьер.


▫️ Кроме того, обозначены задачи по поддержке отечественных производителей, развитию биржевой торговли, цифровизации отраслевых процессов, а также по наращиванию экспорта продукции с высокой добавленной стоимостью.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөздер жүргізіп, India AI Impact Summit 2026 саммитіне қатысты

🇰🇿 🇮🇳 Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Нью-Делиге жұмыс сапары аясында Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Модимен екіжақты кездесу өткізіп, India AI Impact Summit 2026 халықаралық саммитіне қатысты.

▫️ Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министріне Қазақстан Президентінің атынан жылы лебіздерін жеткізді. Өз кезегінде Нарендра Моди Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жолдады және стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге шығару бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру ниетін білдірді.

📊 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $923,3 млн-ды құрады. Сауда және инвестициялар, энергетика, АӨК, цифрландыру және ЖИ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстан Үндістан нарығына 40 тауарлық позиция бойынша $150 млн-ға өнім жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын. Маңызды минералдар мен сирек жер элементтері, ғарыш, қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің елеулі әлеуеті атап өтілді.

⏩Премьер-министр әлемнің 50-ден астам елінен, соның ішінде мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ IT саласындағы сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдері жиналған India AI Impact Summit 2026 саммитіне қатысты.

▫️ Олжас Бектенов пленарлық сессияда сөйлеген сөзінде озық технологиялардың экономикалық әлеуетіне және олардың жаһандық өсу құрылымындағы әсеріне назар аударды.

💬Біз интеллектінің инклюзивті, дербес және ең бастысы экономиканың негізгі секторларын трансформациялайтын күшке ие болуы керек екеніне сенімдіміз. Бүгінде Қазақстан өңірлік цифрлық орталыққа айналуда. Сондай-ақ БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде 193 елдің ішінде 24-ші орында тұрмыз. Еліміз, сонымен қатар онлайн-қызметтердің сапасы бойынша әлемдегі ең үздік ондыққа кіреді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш жыл ішінде Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру мақсатын қойды. Жасанды интеллект біздің ұлттық дамуымыздың стратегиялық тірегі болып саналады💬, — деп атап өтті Олжас Бектенов.


▫️ Қазақстан Премьер-министрі әлемдік технологиялық компанияларды озық технологияларды дамыту саласындағы ынтымақтастыққа шақырды.

▫️ Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және ЖИ жылы аясында Қазақстанда цифрлық экономиканы дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Инновацияны реттеу мен ынталандыру арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды. Президент жанынан құрылған ЖИ-ді дамыту жөніндегі кеңес бір платформада жетекші әлемдік визионерлерді біріктірді. Орталық Азияда алғаш рет екі ірі суперкомпьютер кластері орналастырылды, NVIDIA-мен серіктестікте Дербес ЖИ хабын құру жобасы жүзеге асырылуда. Биыл әзербайжандық серіктестермен бірлесіп, Транскаспий талшықты-оптикалық желісінің құрылысын аяқтау жаһандық деректер трафигі үшін ең қысқа балама маршрутты қамтамасыз етеді, бұл Қазақстанға Шығыс пен Батыс арасындағы цифрлық көпір болуға жол ашады. Екібастұз қаласында жүзеге асырылып жатқан флагмандық «ДӨО-лар алқабы» жобасы да ірі деректер орталықтары үшін экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мемлекет инфрақұрылым, жобаларды сүйемелдеу және тағы да басқа қажетті қолдаудың барлық түрін ұсынатыны атап өтілді.

⏩Форум қорытындысы бойынша делегация басшылары India AI Impact Expo 2026 халықаралық көрмесіне барды, онда жасанды интеллект саласындағы практикалық шешімдер, технологиялар және қолданбалы әзірлемелер ұсынылды. Экспозиция өнеркәсіп, қаржы, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және тағы да басқа салалардың кең ауқымын қамтыды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөздер жүргізіп, India AI Impact Summit 2026 саммитіне қатысты 🇰🇿 🇮🇳 Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Нью-Делиге жұмыс сапары аясында Үндістан…
Олжас Бектенов провел переговоры с Премьер-министром Индии Нарендрой Моди и принял участие в India AI Impact Summit 2026

🇰🇿 🇮🇳 По поручению Президента Республики Казахстан Премьер-министр Олжас Бектенов в рамках рабочего визита в Нью-Дели провел двустороннюю встречу с Премьер-министром Республики Индия Нарендрой Моди и принял участие в работе международного саммита India AI Impact Summit 2026.

▫️ Олжас Бектенов передал Премьер-министру Индии теплые слова приветствия от имени Президента Казахстана. В свою очередь Нарендра Моди адресовал наилучшие пожелания Касым-Жомарту Токаеву и подтвердил намерение продолжить совместную работу по выводу стратегического партнерства на новый уровень.

📊 По итогам 2025 года товарооборот между двумя странами составил $923,3 млн. Обсуждены вопросы дальнейшего развития сотрудничества в области торговли и инвестиций, энергетики, АПК, цифровизации и ИИ. Казахстан готов нарастить поставки продукции по 40 товарным позициям на $150 млн. Отмечен значительный потенциал расширения взаимодействия в сферах критически важных минералов и редкоземельных элементов, космоса, оборонной промышленности.

⏩Премьер-министр принял участие в India AI Impact Summit 2026, собравшем делегации из более чем 50 стран мира, включая глав государств, правительств, представителей экспертного и научного сообщества в области IT.

▫️ Олжас Бектенов в своем выступлении на пленарной сессии акцентировал внимание на экономическом потенциале передовых технологий и их влиянии на структуру глобального роста.

💬Мы убеждены, что интеллект должен быть инклюзивным, суверенным и, что особенно важно, трансформирующим ключевые секторы экономики. Сегодня Казахстан превращается в региональный цифровой центр. В Индексе развития электронного правительства ООН мы занимаем 24-е место из 193 стран. Наша страна также входит в десятку лучших в мире по качеству онлайн-услуг.

Президент Касым-Жомарт Токаев поставил цель превратить Казахстан в полностью цифровую страну в течение трех лет. Искусственный интеллект является стратегической опорой нашего национального развития💬, — подчеркнул Олжас Бектенов.


▫️ Премьер-министр Казахстана пригласил мировые технологические компании к сотрудничеству в области развития передовых технологий.

▫️ В рамках объявленного Главой государства Года цифровизации и ИИ в Казахстане ведется работа по развитию цифровой экономики. Принят закон «Об искусственном интеллекте», который обеспечивает баланс между регулированием и стимулированием инноваций. Созданный Cовет по развитию ИИ при Президенте объединил на одной платформе ведущих мировых визионеров. Впервые в Центральной Азии развернуты два крупнейших суперкомпьютерных кластера, в партнерстве с NVIDIA реализуется проект по созданию Суверенного хаба ИИ. Завершение в текущем году строительства совместно с азербайджанскими партнерами Транскаспийской волоконно-оптической линии обеспечит кратчайший альтернативный маршрут для глобального трафика данных, что позволит РК стать цифровым мостом между Востоком и Западом. Реализуемый в городе Экибастуз флагманский проект «Долина ЦОДов» позволит сформировать экосистему для крупных центров обработки данных. Подчеркнуто, что государство предоставляет всю необходимую поддержку в виде инфраструктуры, сопровождения проектов и др.

⏩По итогам форума главы делегаций посетили международную выставку India AI Impact Expo 2026, где были представлены практические решения, технологии и прикладные разработки в сфере искусственного интеллекта. Экспозиция охватила широкий спектр отраслей, включая промышленность, финансы, здравоохранение, безопасность и др.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы «С5+1» форматы шеңберінде мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Кеңес жұмысына дипломатиялық корпустың, оның ішінде жаңадан тағайындалған АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффт, сондай-ақ халықаралық компаниялар мен іскер қоғамдастықтың өкілдері және ҚР мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.

▫️ Отырысқа қатысушыларға арнаған сөзінде Премьер-министр Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның маңыздылығын атап өтті.

💬Қазақстан маңызды саяси кезеңнен өтуде. 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумда азаматтар жаңа Конституцияның жобасы бойынша дауыс береді. Жаңа Конституция Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құруға бағытталған ауқымды саяси реформаларын айқын көрсетеді.

Үкіметтің негізгі міндеті – еліміздің орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың табысын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту. Осы мақсатқа жету үшін жаңа инвестициялық циклді толыққанды іске қосуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда💬, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы «С5+1» форматы шеңберінде мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды…
Олжас Бектенов провел заседание Совета по улучшению инвестклимата

📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел заседание Совета по улучшению инвестиционного климата по вопросам реализации достигнутых главами государств договоренностей в рамках формата «С5+1» между странами Центральной Азии и США. Участие в работе Совета приняли представители дипломатического корпуса, в том числе вновь назначенная посол США в РК Джули М. Стаффт, а также международных компаний, делового сообщества и руководства госорганов РК.

▫️ Обращаясь к участникам заседания, Премьер-министр подчеркнул важность проводимой в Казахстане конституционной реформы.

💬Казахстан проходит важный политический этап. 15 марта на общенародном референдуме граждане проголосуют по проекту новой Конституции. Фундаментальный документ в полной мере отражает масштабные политические реформы, инициированные Президентом Касым-Жомартом Токаевым и направленные на построение Справедливого и Сильного Казахстана.

Ключевым приоритетом для нас является повышение доходов граждан и улучшение качества жизни за счет обеспечения устойчивого экономического роста. Для достижения этой цели мы реализуем комплекс мер, направленных на полномасштабный запуск нового инвестиционного цикла💬, — отметил Олжас Бектенов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▫️ Сонымен қатар 19 ақпанда Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысының ерекшелігіне назар аударылды.

💬Кеше Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің бірінші отырысына қатысып, АҚШ Президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бастамасына қолдау білдірді. Қазақстан Газаны қалпына келтіру үдерістеріне қатысуға мүдделі. Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынастардың орнықты дамуы Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді💬, — деп атап өтті Премьер-министр.


💬Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонда жаһандық аренада сөйлеген сөзі әсерлі болды. Біз бүгінгі таңда жоғары деңгейде орныққан екіжақты қарым-қатынастарымыздың одан әрі кеңеюін күтеміз. Коммерциялық ынтымақтастығымыз 2025 жылы рекордтық көрсеткішке жетті. Тек 2025 жылдың 4-тоқсанының өзінде қазақстандық және америкалық компаниялар арасындағы мәмілелер көлемі $17 млрд-қа жетті. Бұл нәтижелер біздің көзқарасымыздың бір екенін және екі елдің экономикалық өсімін көрсетеді, оның игілігін халқымыз көрмек, сонымен бірге өзара қарым-қатынасымыз нығая түседі💬, — деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффт.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM