Махаббат өлкесі...
1.02K subscribers
9 photos
2 videos
1 file
32 links
Тек махаббат туралы...

Ұсыныс пен пікірлер бойынша @nurlandos
Download Telegram
Сағындым сені

Жас тамды жанардан,
Басталды сан арман,
Кеп жетті көктемім,
Тербетті өкпе-мұң,
Сағындым сені!

Аймалап аспанды Ай,
Қайғы азап басқандай.
Көзімде шық-тамшы,
Сезімді ұқсаңшы,
Сағындым сені!

Көп күттім хаттарың келмеді,
Ұмытып кеттің бе сен мені?
Өзің боп арайлы таңдарым,
Аңсаумен жүрегім шөлдеді!
Сағындым сені!

Ерке едің, көгілдір,
Ерке мұң көңіл бір.
Іздеуде жүрегім,
Сыз кеуде, жүдедім.
Сағындым сені!

Арманым тербетті,
Шарладым жер-көкті.
Аңсадым өзіңді,
Қанша мұң көз ілді.
Сағындым сені!

Ақ кептер кеп қонды бағыма,
Күттім мен өзіңді сағына.
Біз жаққа көктемдер келгенде,
Мен сені іздедім тағы да.
Сағындым сені...

Авторы: Ержан Жаубай
ІЗДЕЙМІН НЕГЕ МЕН СЕНІ?

Сермелген сайын 
уакыттың сенсіз семсері. 
Сарнайды көңіл, басады бір мұң еңсені.
Сұп-суық күннен, селт етпес сонау қаладан, 
Іздеймін неге мен сені?

Қол бұлғап көктем, 
жаз болып айлар жылыстап, 
Қоштасып күзбен, қырауға тұнды күміс бақ. 
Қаңтарын күткен қаперсіз мына көшелер, 
Шашады қарды уыстап. 

Сұп-суық көше, 
Келемін сенсіз тыныстап, 
Сезімсіз, сенсіз халім бар қыспен ұғыспақ. 
Құлатпай келем - тым асқақ мендік арманмен, 
Сағыныш туын тік ұстап, 

Сап-сары күзде 
жоғалтсам-дағы мен сені, 
Жадымда жүрген елесің неткен еңселі? 
Жыр жанарына мөлтілдеп тұнған ғұмырдың, 
Сенбісің әлде өлшемі? 

Сағынып келем, 
сағына берем мен сені. 
Сүю дегеннің болмайды ау мекен, мөлшері. 
Жеті қат жер мен аспанның кезген арасын. 
Өлең деп ұғам мен сені.

Авторы: Толқын Қабылша
Қызықтырып, қызғандырып сен мені,
Жүрген кезің, маған тыным бермеді.
Арамызды қаншама уақыт бөлседе,
Махаббатым..күшінде әлі мендегі.

Баяғыдай ұялы үні..соққылап,
Хабарласу, қазір бізде, жоқ бірақ.
Өзгергенбе.. терген кезде нөмірді,
Телефоның сөндірулі боп тұрад(ы).

Есіме алар..таңым менің, жиі атты,
Сағыныштан жылау енді...ұятты.
Сені сүйген, мендік жүрек сол шақта,
Мәңгі бақи, қалып қойған сияқты.

Қиын бірақ, оралуым өткенге,
Бақытпа еді, сол бір кездер көктембе.
Осы шағым онда менің күз болар,
Өзгерсе екен, келер шағым жеткенде.

Бәлкім жетем, бақыттың да қонарын,
Армандайын..жаман ойға жолар кім.
Болашағым болып маған бұйырсаң,
Адал жарым, жан жолдасым боларсың..

Авторы: Медет Асқар
👍2❤1
Сүйістік біз...
Сезінгесін құмарды.
Тәтті әлемнің тұнығына сүңгідік!
Қысылу мен жатырқау да жоғалды,
Ай мақұлдап…
Тұрды әзәзіл-Түн күліп…

Сүйістік біз… Құмар текке жата ма?
Сүйісуге дайын қыз бен сай ұлы…
Мен несіне қысыламын, о тоба!
Бұл алғашқы сүйісу ме, тәйірі…

Сүюді аңсап ентігеді қос ерін,
Шөліркеген сезімге олар…
Бұл — анық!!!
Жұлдыз жайып Айға мамық төсегін,
Арым тұрды жанарынан Түн ағып…

Ескертеді Түн саусағын мың кезеп,
Арғы жағы… Ол құпия әңгіме!
Сүйістік біз… Сездің бе екен сол мезет,
Құшағыңда балқып кеткем мәңгіге.

Авторы: Индира Керей
Күнде сізге

Жанарыма қадалғанда жанарың,
Бұзып өтем шектігімнің қамалын.
Күнде сізді алғаш көріп тұрғандай,
Күнде сізге ғашық болып қаламын...

Сосын сізді қызғанамын қыздардан,
Бәрі түгел ететіндей сізді арман.
Тек қиялда сүйіп тұрам, құшақтап,
Үміт күтіп ізгі алдан.

Өз өзіммен отқа түсіп күйемін,
Сізге іштей өзім ғана иемін.
Бір болуға бұйырмаған бақытым,
Сізді қатты сүйемін!

Білем сізде қанша ауыр жүк барын,
Сізден алыс жібермейді тіпті арым.
Менің сізден үміт күткім келеді,
Бірақ, сізді ұқпадым...

Жанарыма қадалғанда жанарың,
Бұзып өтем шектігімнің қамалын.
Күнде сізді алғаш көріп тұрғандай,
Күнде сізге ғашық болып қаламын...

Авторы: Құрбангүл Ағабек
👍2
Пері көңіл

Көз алдыма келтіріп қаз баласын, 
Қырық түрлі қылықпен назданасың. 
Қырын бару әттең-ай, қиын екен 
Тағдыр жолы о баста жазбағасын.

Назданасың, сонда да назданасың, 
Білген жандай жанының өз бағасын. 
Отпен ойнау қауіпті, Сылқым сезім, 
Қоламтасын көңілдің қозғамасын.

Бекін делік, әйтсе де, бекін делік, 
Сәби сезім қалғандай кекілденіп. 
Пері көңіл тұрады кей сәттерде 
Пердесі жоқ терезе секілденіп.

Қызғалдақтың қырмызы қызылындай, 
Қиғаш қасты қарайды сызылып Ай. 
Сабырыңның салсаң да сандығына 
Үзе көрме үкілі қызығымды-ай!

Үзіп кетсең үкілі қызығымды, 
Қалай басам шоқ болған қызуымды. 
Серік қылып сырғаңның сыңғырына 
Саусағыңа салайын жүзігімді

Авторы: Әлібек Шегебай
Сұлулық

Аяулы қыз, бояулы қыз, арман қыз, 
Сол бір кеште тәтті әуенге салғансыз. 
Дәл сондағы сұлулықтың алдында 
Жаз да жалған, жалған көктем, жалған күз.

Жалғыз ғана жалт-жұлт еткен сырғасын, 
Жырлай алса ақын біткен жырласын.
Әл дәрменсіз күйге салып сол кеште 
Мың сан басты қатырды ғой бір басың.

Ал, сен болсаң, қылық қосып қылыққа, 
Әуелеттің отырып та тұрып та. 
Кей жігіттер әйелінен қысылған, 
Амалсыздан кетті жүзін бұрып та.

О, сұлулық, сен не деген сүйікті ең, 
Біреулерден шығып жатты күйік дем. 
Жарты жігіт ішіп жатса желігіп, 
Қалғандары ішіп жатты күйіктен.

Ал, сен болсаң, одан сайын қағынып, 
Ән саласың, оянады тағы үміт. 
Әйел біткен әрең отыр тіл жұтып, 
Еркек біткен қол соғады жабылып.

Енді бірі әнге салды күйіне, 
Енді бірі тартты сені биіне.
Қиялында басқа әлемде жүргенмен, 
Әйелімен қайтты бәрі үйіне.

Авторы: Әлібек Шегебай
Сізді ойласам жүрек неге сыздайды?
Жалғыздықтан жаным неге мұздайды.
Ешкім біліп қалмасын деп жүргенде,
Бəрі біліп болды-ау осы біз жайлы.

Сəл сілкісе саулап түскен дерегі
Сары алтындай күз болмысым себебі.
Мендік жырдың жүлдесінен дəметіп,
Көп оқырман "Сіз" болғысы келеді.

Мендік жырдан сағыныш пен наз ұққан,
Сізде ғажап құдірет бар, азық бар
Көшіріп ап Сізге арналған жырларды,
Бір-біріне хат жазып жүр ғашықтар!

Өлеңдегі өмір қандай əдемі,
Күллі ғашық сол өмірден дəмелі.
"Сіз" бола алмай дымы құрып жүргендер,
Мен сияқты сүю керек əуелі!

Авторы: Мергүл Асылханова
❤1
Қалай шебер жасаған көркіңді Аллам?
Тілді байлап, көзді арбап, еркіңді алған.
Сендік жүрек, білмеймін, қандай күйде,
Мендік жүрек шаршады солқылдаудан.
 
Көрмегендей боламын, көріп тұрып,
Келмегендей боламын, келіп тұрып.
Тағдыр маған не сабақ өтпек болды
Жолым түспес адаммен жолықтырып?
 
Саған да оңай тимеді-ау, бұл кідіріс.
Болмаса да, күнде дау, қырғын, ұрыс.
Сертті дос та сырт берсе, сен ғана емес,
Туғаны да басыма мұңды бір іс.
 
Үнсіз күндер өтуде, тылсым мұңмен.
Көкірегіме үнсіз бір дүрсіл кірген.
Түрсіз гүлдер секілді ыдыстағы
Терезеге телміріп, күрсіндім мен.
 
Үнсіз ауа, кірсіз көк, мінсіз қала,
Жүрегіме сыр айтар шын сыздаған.
Тарыдайын шашылған тағдырмыз ғой
Тоғысармыз бір күні үнсіз ғана.

Авторы: Мұрат Есжан
Келмеді бүгін тағы да ақталғым.
Азабын артып барады Ай...
Иесіз үйдей қаңырап қалдым,
Бір қоңырауыңа жарамай...

Көңілсіз атты бұл күздің таңы,
Көндіктім, соңы болар деп.
Бақытты жандар деседі бәрі.
(Біледі дейсің олар не???).

Мұңымның неге кермегі бөтен,
Сан қыздан неге қорыдым?
Ессіз күндердің ермегі ме екем,
Қадірсіз басы, соры мың.

Өзімді бүгін жек көрдім қатты.
Бар жақсым сен ең – сөзі де ем.
Дәл қазір, мүмкін, құшақтап жатты,
Отырсың сүйіп көзінен...

Өзімді - өзім өртесем бе екен,
Өкінтті мені нала қай?
Күзбенен бірге құлазып келем,
Бір қоңырауыңа жарамай...

Авторы: Бақытгүл Бабаш
👍3❤1
Білмеймін, бағым ба, сорым ба,
Шарқ ұрдым шаттанар шағымда.
Шарадай басым жүр шайқалып,
Беймаза бір әуен жанымда.

Тағы да құсалы мынау күн,
Мұң жапқан жанарын мұнармын.
Мен сірә тап осы кейпіммен,
Жынданып өлетін шығармын!

Күтемін. Көңілде мұң-шер көп,
Сәттерді сағынып тым сергек.
Түндерде, жалғыздық жылатқан,
Жанында жүрсем деп.

Бағым боп келмейді ол, (Бол-май-ды!).
О, бәлкім, көңілге сол қайғы?
Қырсығам телефон көтермей,
Сыңсыған үмітім сорлайды.

Санамда салқындық - аты мұң,
Өзге емес, өзіме жат үнім.
Мен оның жырымын жатқа оқыр,
Ол - менің ең ұлы ақыным!

Жалғыздық жұп болып жаныма,
Жаутаңдап қараймын арыма.
Жүк артқым келмейді жүрекке.
Жоғалтқым келмейді тағы да...

Авторы: Бақытгүл Бабаш
❤2
Қарақаттай қара манат,
Алтындаған ақ моншақ.
Саусағыңмен санамалап,
Сүйгеніңді тапқан шақ.

Жаратқанның сыйын ұға,
Сен өзің де сый едің.
Жұмсақ кештің иығына,
Басыңды әсем сүйедің.

Қоңыр мұңның жыры кейде,
Қаламымның ұшында.
Жылы киін, жылы сөйле,
Жақсылыққа қысылма.

Сонда сенің жолың болар,
Сонда сені бақ табар.
Тілегің де орындалар,
Жүрегің де шаттанар.

Мені ойлама, менің мұңым -
Мұз қарыған сөз еді.
Сеніміңе сенімдімін,
Сезіміңді сеземін.

Өзіме-өзім бойлағым кеп,
Өмір-жайды ойға алам.
Төзім жайлы ойлағым кеп,
Өзің жайлы ойланам.

Күңіреніп барады алап,
Бір бақытты қатты аңсап.
Қарақаттай қара манат,
Алтындаған ақ моншақ...

Авторы: Қайрат Сейтқазин
@Qalamgerportaly
Ұнаттым мен...
Кірпігіңді кіршіксіз шылап мұңмен,
Күн-түніңді өткіздің жылап-күлген.
Мүмкін.... "Əлсіздігің" деп кінəларсың,
Сенің жалғыздығыңды ұнаттым мен.

Ұнаттым мен....
Құлазып, көп күрсініп,
Кейде қанат біткендей көкке ұмсынып.
Жалғыздықтан жаныңды құтқара алмай,
Тұңғиыққа өзім де кеттім сіңіп.....

Дауа болмай дертіңе даңғаза түн,
Ауыр мұңнан арылып таңға жақын.
Айдай сұлу кейпіңде көз ілуші ең,
Жырға айналып бір сəтте мен жазатын.

Сен əлемді ұмытып, əлем-сені.
Көңіліңнің тарқайтын əрең шері,
Терезеңді түн қақса, беймаза мұң,
Үнсіздікпен басатын тағы еңсені.

Күздей болып күңіреніп, жазың жүдеп,
Кінəлама, айттың деп, назыңды көп.
Менің жалғыздығымның жалғыз ғана,
Жұбанышы - сендегі жалғыз жүрек!...

Кетердай-ақ құрдымға құлап мүлдем,
Түседі еске кей күндер жылап-күлген.
Менің əлсіздігім бе, кім біледі?!
Сенің жалғыздығыңды ұнаттым мен.....

Авторы: Қалқаман Сарин
Ерке өсіп, кең далада жүйіткен,
Елігім-ай ғажапсың сен, сүйікті ең,
Бір-біріміз қанша жақын болсақ та,
Ұнатамыз, ұнатпайтын кейіппен.

Ақ тілекпен жақсы жаққа үндеген,
Себеп көп қой, біз білетін, білмеген.
Бірақ біздер қарсы қарап өтеміз,
Көріп тұрып тұрып көрмегендей түрменен.

Ойлар бастап сағынышқа не түрлі,
Сендік көңіл мендік маза кетірді.
Екі жүрек қанша аңсап тұрса да,
Ғашықтармыз, ғашық емес секілді.

Екеуміздің дұрыс болса жобамыз,
"Махаббатсыз дүниеде жоқ аңыз!"
Бірақ, біздер қанша аңсап тұрсақ та,
Сүйіп тұрып сүймегендей боламыз.

Солай жаным, қарап жүрмей бекер біз.
Сәл талпынсақ бақытқа да жетерміз,
Кәне жаным, кел жаныма қорықпай,
Қол ұстасып қосылайық екеуміз.

Авторы: Нұрлан Досмағұлов
Қоштасу

Сен мені аңсамадың, іздемедің,
Қарсы алдыңнан шықты ма іздегенің?
Көктем болып жұтылып кеттің жазға,
Ал, жүрегім айналды күзге менің...

Телефон да шалмайсың, хабарың жоқ,
Шоққа айналып барады жанарымда от.
Қалтарыс пен бұлтарыс толған өмір,
Ұмытамын мен сені... Амалым жоқ.

Хат жазамын, сол ғана айла, күшім...
Жауабың жоқ...Әлсіз бе байланысың?
Сені сүйген шығармын кім біледі,
Өлеңдегі мұң менен ойлар үшін...

Таусылмастан төгілсе жарық қанша,
Мен өзіңді күтемін жалыққанша...
Келмейтінің белгілі... Олай болса,
Келесі бір өмірде жолыққанша!

Авторы: Ақберен Елгезек
👍3
Періште қыз.

Ғұмырымды кекетіп күлгенімде,
Түсінбепті тағдырым теріс мені,
Жұлдызымды санаумен жүргенімде,
Кезіктірдім сүйкімді періштені.

Есімді адастырған електенген,
Қылығы қылықтыдай күлкілі екен.
Жүз арудың ішінде бөлектенген,
Періштемнің мінезі біртүрлі екен.

Жаралама, жанымды бұлай дауалама,
Саған бақыт, керегі маған ауа.
Мінсіз қылып жаратылған сүйкімділік,
Бұл әлемде тән шығар саған ғана.

Саған ғана, берілдім, маған қара,
Ойымда сен, қолымда қалам ғана.
Кінәләмә, жазықсыз жанарыңды,
Сен сондай тәп-тәттісің, алаңдама.

Иреленген қастарың-ай бүлінбеген,
Көздеріңнен айналдым ғой күлімдеген.
Періштедей жаратылған тәтті ару,
Тәттілігің шектелмейді мұныменен.

Шыныменен, сені ойлаған түндерімді,
Жүрегімді сезсең деймін білгенімді,
Күлгеніңді көрген кезде ұмытамын,
Бұл әлемде өмір сүріп жүргенімді.

Маxаббаттың шарығына жеткендеймін,
Бәрібір мен бұныменен шектелмеймін.
Ойлай берем өзіңді қайта-қайта,
Есімнен адасыпта кеткендеймін.

Кетпе деймін, өтінемін өкпелеймін,
Нәзік жүрек шыдамайды көпке дейін.
Күткен кезде мені сені 4-5 сағат,
4-5 ғасыр өмірлікке өткендеймін.

Еркелеймін кейде өзіме, кейде саған,
Сен періште, сен аққу, мен есалаң.
Періште қыз айналайын мінезіңнен,
Қасыңды ирек қылып келе саған.

Нарымды да, барымды да бере салам,
Жанымды да ала бер сенем саған.
Ботадайым, сені қалай ұмытайын,
Қиялдағы періште қыз мен аңсаған.

Авторы: Ернат
@ironbek
Сен мені түсінбедің, түсінбедің.
Тағымнан қиын болды түсіргенің.
Сәулені сөндіріп ап жүректегі,
Адасар қалың тұман ішіндемін.

Сен менің естімедің жырларымды.
Өзіңе ақтарушы ем сырларымды.
Сен жаққа елеңдеген бір бейне боп,
Білмейсің үй алдында тұрғанымды.

Сен мені түсінбедің, түсінбедің,
Жаныма жарық беріп жүрсің менің.
Теңізде толқын ойнап, дауыл тұрса,
Ол менің өзіңді ойлап күрсінгенім!

Авторы: Олжас Отар
👍1
Айдан түскен жарығым,
Күннен жеткен шуағым,
Гүлден туған нәзігім,
Түннен мақпал құмарым.

Бұлттан жеңіл жұмсағым,
Шықтан мөлдір тұнығым.
Сәмбі талдай қуыршағым,
Сәлеміңнің құлымын.

Ерке еліктей үркегім,
Шат күлкіңнің шапағын.
Көзге әкеліп сүртемін,
Маңдайыма басамын.

Аққудан да аппағым,
Қарлығаштан жақыным.
Теңеуге сөз таппадым,
Жетпегесін ақылым.

Авторы: Қуаныш Оспан
Сен несіне мені сонша әуре еттің?
Әлеміңе мас боп кіріп, сау кеттім...
Сені сүйген мына жүрек жау маған,
Мен өзіме өзім келген нәубетпін.

Бұлтыңменен будандасып ұшқанмын,
Қадалмашы кірпігіме құшқан мұң.
Құстардың да құштарлығы қасірет,
Мен өзіме сенен де өткен дұшпанмын.

Ұшу үшін жаратылған құс едім,
Шырғаңызға өзім келіп түсемін.
Құса емін таба алмадым сондықтан,
Өзіңізді у секілді ішемін...

Мұңды желді босатайын еркіне,
Мұңды жырды босатайын еркіне.
Аз ғана сәт аялдай гөр дертіме,
Аялдашы өзің қойған өртіңе...

Авторы: Танакөз Толқынқызы
👍1
Сол бір есім...

Жүрегім өз бақытын таңдайды ма,
Әуенін ғашықтардың салмайды ма?
Ертегіге еліткен періштедей,
Тірлік біткен керемет қандай мына?!

Күн көрдім көкжиектен нұрын шашқан,
Түндердің тылсымдары, сырың дастан...
Сезімім саған қарай құстай ұшты
Артына бір айналып бұрылмастан.

О, Махаббат!
мәңгілік баста мұңға,
Бақты қалай қиярмын қас қағымға?
Ғашықтардың әуені елжіретіп,
Қалықтасын аққулар аспанымда.

Сезімдердің киесі...
түс, аңыз ба?
Бір көруге зар болған құсамыз ба?
Ғашық әні жанымды тербеп тұрып
Қол ұстасып зәу көкке ұшамыз ба?

Махаббат, өртесе де өртің мейлі,
Сол бір өрт мені ешқашан өлтірмейді.
Ақ қағазға төгілген мөлдір өлең
Жанардағы жастай боп мөлтілдейді.

Мөлтілдесін жас болып, мөлдіресін,
Мендік нәзік сезімді сен білесің.
Шырағымдай алдымда жанып тұрған
Тұмарымдай қастерлі сол бір есім...

Авторы: Мақпал Мыса
👍1